Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2010 Жаа жыл-11.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
60.42 Кб
Скачать

(Бәрі бірге қайталайды. Айсұлу сиқырлы таяқпен үрлейді.)

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Би

Жүргізуші: Балалар бәрі жақсы болды. бірақ уақыт тығыз. жаңа жылда келіп қалды. Әлі алда қаншама ертегілер елі бар. Қалай өтсек болды екен.

Айсұлу: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді менің уақытым болды. Кетуім керек. Сау болыңдар балалар.

(Әуен ойналады, Айсұлу кетеді)

Жүргізуші және балалар : Сау бол Айсұлу.

Жүргізуші: Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме-?. Қалай қолданамыз. Мына жерге бір нәрсе деп жазалып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. (шамды сүртеді.)

(Сахнаға әуенмен сиқырлы шамның ішіндегі Жын келеді.)

Жүргізуші: Сен кімсің ?

Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.

Жүргізуші:Мүмкін сиқыршы шығарсың ?

Жын: Мен сиқыршыданда мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Жүргізуші: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз- атасыз мерекеде басталмайды. Аяз- атаны табуға көмектесе аласыңба ?

Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдарма ?

(Ойын басталады.)

Жын: Ой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рахмет сендерге. Енді алғысымды білдіретін уақыт келді. Кәнекей менімен бірге қайталаңдар.

Бірлесіп біз шапалақ қағамыз

Бірлесіп біз аяқпен ойнаймыз

Айналамыз, отырамыз.

Бір- бірімізге қараймыз

Кәнекей бірге қайталаймыз 1-2-3

Кәне тірілші ертегіміз.

(Әуен ойналады жезтырнақ кіреді.)

Жезтырнақ: Болдыртпаспын. Ертегіге келтіртпеспін.(шамды ұрлайды).

Мен енді сиқырлы шамның егесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (кетеді.)

Жүргізуші: Міне қайғы. Енді не істейміз. Сиқырлы шамда, Жын да

көмектесетін ешкім жоқ.

(әуен ойналады, Алдар көсе есекпен ән айтып кіреді)

Жүргізуші: Балалар келе жатқан кім. Сендер танисыңдар ма ?

Алдар көсе:Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтрың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім. Қандай мереке болып жатыр.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ ымыз Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?

Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше Жезтырнақтың өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Бірақ мен сендердің Жезтырнаққа қарсы тұрып, қорықпай мықты болатындықтрыңа сенімді болуым керек.

Ойын

Алдар көсе: Ал балалар сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.

(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Жезтырнақ кіреді.)

Жезтырнақ: Бұл не сұмдық. Тоқтт жаныңның барында. менің билегім келмейді. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Жезтырнақ орындыққа құлайды.)

Алдар көсе: Құрметтім сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады. Кәне балаларға Аяз атаны қайтар.

Жезтырнақ:Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Кәзір қара күштерімді жіберсем.

Алдар көсе: Не дедің-? Қап бәлем қоя тұр!

(домбырасын ойнайды. Жезтырнақ билейді, Алдар көсеге жақындар домбыраны тартып алуға тырысды.)

Жезтырнақ: Жарайды, мен келістім.Аяз атаны қайтарам. әуенді тоқтадыңдар.

Түф, сүф,сүф, дарадай.

Күйген бақа қапшық ай

Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз

Сыбырлап, сиқырлаймын

Тұздаймын бұрыштаймын.

Айтқанымды орында

Айға апарып тастаймын

Алдар көсе: Не дейсің?

Жезтырнақ: Жәй әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.

(әуенмен жезтырнақ ғайып болады, Аяз ата келеді.)

Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!

Армысыңдар қадірлі қонақтар!

Жезтырнақты жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!

Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге

Береке бірлік әкел елімізге

Қар: Төрле, төрле құтты жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

Ән «Аяз ата»

Аяз ата: Ал енді балалардың көңілін көтеру үшін ойынымызды бастайық!