Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2010 Жаа жыл-11.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
60.42 Кб
Скачать

«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертегінің сценарийі

Қатысушылар:

Жүргізуші. Аяз – ата, Ақшақар, Жын, Алдар көсе,Жезтырнақ, Түйе, Барыс.

(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)

Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде атасып кетеді. Ха ха –ха

Жақсылыққа келтіртпеймін

Жаңа жылға жеткізбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха –ха. Хи-хи-хи

(Фан - фар ойналады, жүргізуші шығады.)

Жүргізуші: Саламатсыңдарма балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз

Қазақ биі

Жүр: Ақша қарға малынып

Аппақ тоңын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

Ал балалар Аяз атаны шықырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып Ақшақар шығады)

Жүргізуші: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың-? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз та екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін

Жүргізуші: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал балалар Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба-? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.

( әуен ойналады, балалар кете бастағанда шыршаны айналып жезтырнақ жүгереді.)

Жезтырнақ:Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар! Қайда барасыңдар, Сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме ............

( Жарық өшеді, жезтырнақ ғайып болады)

Жүргізуші: Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың. Жезтырнақ . Біз бәрібір Аяз атаны табамыз.. Солай емеспе балалар! Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой, қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік.

(Әуен ойналады, Айсұлу шығады.)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе сұлу қыз. Атыңыз кім болады.

Айсұлу: Сәлеметсіздерме балалар! мен ертегілер әлеміндегі ханшайым Айсұлумын. Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер . Бірақ неге мұнсызсыңдар.

Жүргізуші: Айсұлу ханшайым бізде қиын жағдай болып тұр. Жезтырнақ меркемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбеймін деп қорқытты. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.

Айсұлу: Достар мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін.

(шапалақпен жарықты жандырады.)

Міне достарым біз енді ертегілер еліндеміз.

Жүргізуші: Айсұлу орманның іші қараңғы, көңілсіз адасып кетуіміз мүмкін ғой.

Айсұлу: Олай болса шыршадағы жарықты жандырып, жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтып үрлеуіміз керек.

Кәне шырша 1-2-3 жарығыңды жандыр