Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

табигат

.pdf
Скачиваний:
63
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
651.67 Кб
Скачать

Атмосфера

Топырақ

су

Өсімдіктер

Өсімдіктер

мұхиттар мен

теңіздер үй-жануарлары

сүт

балдырлар

балық пен крабтар

адам ағзасы

Сауықтыру аспектілеріне нақты ауруларды емдеу сияқты организмдерді жалпы сауықтыру үшін қолданылатын емдік табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалануға қатысты проблемаларда қабысады. Оған үзілістік ресурстар: ауа, қылқанды ағаш орман массивтері, т.б. жатады. Қазіргі уақытта бар курорттар жеткіліксіз, оларда мүктеме көп, ластанған және белгілі бір дәрежеде өздерінің үзілістік ерекшеліктерін жоғалтты. Бұл проблема әсіресе, соңғы жылдары ресейліктердің көпшілігі днмалатын Ялта, Гагра, Сухуми және басқаларында ушыға бастады.

Қазіргі уақытта РФ 153курортқа ие. Олардың үштен бір Кавказ Минералды суларында ( Пятигорск, Ессентуки ) және Красногорск өлкесінің Қара теңіз жағалауында (Сочи, Акапа ) жинақталған.

Автотранспорт тасқыны мен өнеркәсіп кәсіпорындардың тазартқыш құралдармен жарақтандырылмауы салдарынан курортты қалалардың көпшілігінде ауаның жекелеген заттармен ластану деңгейі ПДК – дан бірнеше есе артады. Теңіз курортында жүзу маусымының нағыз шағында судың жол беруге болмайтын жоғары бактериалды ластануынан жағажайлардың жабылуы жиі кездесетін құбылысқа айналды. Емдік балшықтарда пестицидтер мен бактериялардың іздері байқалуда. Атақты Кисловодск курортының ауасының мөлдірлік көрсеткіші соңғы бірнеше жылда 11% - ке төменделді, ал Нарзан көзінен алынған судың 87% байқауы ластануы жөнінен стандартқа жауап бермейді.

Курорттық кешенде, ұйымдаспаған демалысты дұрыстау, канализацияны жөндеу ластайтын кәсіпорындарды реттеу және оларды тазартқыш құралдармен жарақтандыру, автотранспорт үшін айналма жол төсеу үшін жедел түрде қаржы болу қажет.

Әдебиеттер: 1 , 6 , 8 , 16 , 20 , 23 , 24

9 ТАҚЫРЫІІ. МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП КЕШЕНДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ.

Лекция жоспары:

9.1Минералдық ресурстарды кешенді пайдалану

9.2Кешенді экономикалық бағалау

9.3Минералдық ресурстарды игерудің экономикалық тиімділік есебі

9.1 Минералдық ресурстарды кешенді пайдалану

Халық шаруашылығы айналымына минералды ресурстарды тарту қаркыны ұлғайған жағдайда оларды кешенді пайдалануда үлкен мәнге ие болады. Бұл қазіргі ҒТП мүмкіндіктеріне сәйкес бастапқы шикізаттан мейлінше көп бағалы компоненттерді шығаруға және бұл элементтерді халық шаруашылығы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету міндеттерін шешу олардьң өндіріс обьектілері санын ұлғайту әдісінен гөрі бұл шикізатты тиімді қайта өңдеудің көмегімен мейлінше пайдалырақ. Бұл шикізатты өңдеуге арналған жаңа өндірісті құруға қажеттілікті тудырмайды, оларды тасымалдауға кететін көлік шығындарын азайтады.

Минерал шикізаттарын кешенді пайдалану өнеркәсіптің ішкі резервтерін пайдалануда және барлық қоғамдық өндірісті интенсификациялауда маңызды бағыт болып табылады. Оған кіретіндер: оны пайдалану кезеңінде минералдық шикізатты толығынан пайдалану, яғни жер байлығын кешенді игеру; қайта өңдеу кезеңінде оларды толық пайдалану. Минерал шикізатын кешенді пайдалану деңгейі оның дәрежесі мен және кешенді игеру; қайта өңдеу кезеңінде оларды толық пайдалану. Минерал шикізатын кешенді пайдалану деңгейі оның дәрежесімен және толықтығымен сипатталады. Шикізаттың дәрежесі одан алынатын компоненттердің ретімен және санымен анықталады. Толықтығы шикізаттан алынатын бағалы компоненттерінің процентімен сипатталады. Минералды шикізатты кешенді пайдалану экономикалық проблемалардың негізгілерінің бірі болып табылады, ал оның дәрежесі техникалық прогрестің маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Шикізат өндеудің жаңа техникасының құру, техниканы дамыту бастапқы шикізатты алынатын компонеттер аясын кеңейтуге, кешенді рудаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Табиғи ресурстар тығыз өзара байланыста болады. Сондай-ақ жердің, судың, ауаның жағдайы әртүрлі пайдалы қазбаларды пайдалану дәрежесіне тәуелді. Жалпы ресурстарды тиімсіз пайдалану басқалардың сапасының нашарлауына соқтырады. Тау-кен байыту кәсіпорындарының қалдықтары ауа және су бассейндерін ластайды, жердің бір бөлігін ауылшаруашылығы айналымынан шығарады. Осыған байланысты қоршаған ортаны қалдықтармен ластау адамға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің кері әсерін тигізеді. Осыменен бірге қалдықтардың құрамында алынуы халық

шаруашылығының қажеттіліктер оларды өңдеуге күрделі қаржы салмай-ақ қанағаттандыратын әртүрлі бағалы компоненттер болады. Осылайша минералдың шикізаттарды жеткіліксіз толық пайдалану екі есе шығындарға әкеледі: бір жағынан қалдықтардың құрамында бағалы компоненттер кетеді, екінші жағынан жаңа кен орындарын игеру мен пайдалануға күрделі қаржылар қажет.

Кешенді қайта өңдеулің оңды тәжірибесі Донбаста қалыптасқан. Онда темір бетон өнімдерін шығаратын көптеген заводтар қалдықпен жұмыс істейді.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану айрықша экономикалық тиімділік береді. Біздің көзқарасымызша, «экономикалық тиімділік» категориясына салалық және халық шаруашылығы деңгейіне бөлінеді. Салалық тиімділік қалдықтарды жинақтауға жұмсалатын шығындарды ықшамдау, шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, қор қайтарымын көбейту, өзіндік құнды төмендету есебінен қалдықтардан бірқатар элементтер өндіруде тікелей орын алады. Халық шаруашылығы тиімділігі ел бойынша шикізат тасымалдаудың көлік шығындарын үнемдеуде, ауылшаруашылығы жерлерінің өнімділігін көтеруде, технологиялық құрал-жабдықтардың коррозияға ұшыраған тозуын азайтуда, шикізат базасын дамытуға өндіргіштік емес күрделі қаржыны азайтуда т.б. көрінеді.

Қоршаған ортаға қалдықтардың әсерін азайту арқылы тұрғындардың денсаулығы мен тіршілік сапасын, еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту, үзіліп қалған ормандар мен су қоймаларын қалпына келтіруге ықпалы тиетін миниралды шикізатты кешенді пайдаланудан әлеуметтік тиімділік үлкен маңызға ие болады.

Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерінің өзара тығыз байланысын атап өтуге болады. Қалдықтарды үнемдеу тұрғысынан қарағанда ол қоршаған ортаны ластау деңгейн азайтуға әкеледі, оның өзі тұрғындардың денсаулығы жақсаруында көрінеді, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігіне оң әсерін тигізеді, табиғи ортаны ластауға байланысты аурулар бойынша жұмысқа шықпай қалу санын азайтады.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану табысты шешілуі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақты да қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

9.2 Кешенді экономикалық бағалау

Кәсіпорынның жұмысы пайдалылық пен рентабелъділік көрсеткіштері

бойынша

бағаланатын

жағдайда табиғи

ресурстардың тегіндігі

оған

бейберекет

қарауды туғызады. Кәсіпорын

пайдаланғаны үшін

төлем

жасайтын өндірістің басқа факторларымен бірдей деңгейде табиғи ресурстарды қою қажеттігі пісіп-жетілді. Табиғи ресурстарды бағалау өте қажет. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау жүйесі ретінде аталмыш

табиғи игіліктерді сақтауға жоғары шекте рұқсат етілетін шығындардың орталықтандырылған белгіленген нормативтері жүйесі ұғынылады. Оның басты мақсаты — пайдалы қазбаларды пайдалануды оңтайландыру базасында қоғамдық өндіріс тиімділігін көтеру.

Жоспарлы есептеуді шығару үшін жекелеген ресурстардың экономикалық бағасын ғана анықтап қоймай, пайдалы қазбалар кен орындарының да кешенді бағасын беру қажет. Мәселен, тау жұмыстарында жерді бағалау тауды өндеудегі шығындарды анықтауға мүмкіндік береді, ал руда кені мен орын алған пайдасыз жыныстарды кешенді бағалау оларды неғұрлым толық өңдеуге мүмкіндік береді.

Қадастрлық және жоспарлы-перспективалық бағалауды анықтау қажет. Кадастрлық бағалаудың обьектісі-пайдаланылатын немесе соған дайындалып жатқан табиғи ресурстар. Жоспарлы-перспективалық бағалау жеткілікті зерттелмеген табиғи ресурстар үшін, мысалы, жекелеген деңгейдегі пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу үшін жүргізілуі тиіс. Табиғи ресурстар үшін негізгі бағалау көрсеткіші оларды пайдалануда тиісті табиғи ресурстар әкелетін дифференциалдық рента көлемімен сипатталатын пайдалану құндылығы көрсеткіші болуы тиіс.

9.3 Минералды ресурстарды игерудің экономикалық тиімділігі есебі

Шикізатты кешенді пайдаланудың экономикалық тиімділінің анықтау есептік көрсеткіштерді салыстыру мен бірыңғай әдістемелік қадамды қамтамасыз eтe отырып, тиісті шараларда жобалауда, есептеуде, ыңталандырда пайдаланылып, техникалық-экономикалық негіздемелердің негізгі мазмұны болуы тиіс.

Минералдық шикізаттарды кешенді пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауда ілеспе салалардағы шығындарды есептеп, шығындардың жұмсалуы мен олардың толық қайтарымы, руда шикізатын кешенді пайдаланумен байланысты қоршаған ортаны жақсарту арасындағы уақыт алшақтығы ескеріліді.

Кешенді шикізатты қайта өндеудің технологиялық процесінің утымды вариантын таңдауда, жаңа техниканы енгізуде, құнды компоненттерді

тартудың толықтығы мен жоғары дәрежесіне бейімдеуде, жұмыс

істеп

тұрған

кәсіпорындардың қайта

салынуы мен

жаңа құрылысында

салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу қажет.

 

Таңдалған варианттардың абсолютті тиімділігінің шикізатты кешенді

пайдалануды шығындардың халық

шаруашылығы

нәтижелерін

бағалау

мақсаты мен жүргізіледі (халық шаруашылығы, сала, кәсіпорын деңгейінде):

Энх = Дк/К

Кешенді шикізаттың экономикалық бағалануы проблемаларымен кәсіпорын қызметінің шаруашылық есеп аспектілері байланысты. Минералды шикізаттарды кешенді пайдалануда кәсіпорын мүдделілігін

арттыратын экономикалық шараларды жасау керек. Шешіудің жолдарының бірі - кешенді шикізаттан алынатын өнімге негізделген бағаны белгілеу болуы мүмкін.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану мақсатында кәсіпорын қорларын пайдалану қажет. Ресурстарды кешенді пайдалану әдістерін зерттеу саласында тәжірибелі өндіріске ие кәсіпорындар өндіріс дамуы қорына пайдадан аударымның неғұрлым жоғары мөлшерін белгілеуді қажетсінеді.

Әдебиеттер: 11, 25

10 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЭКОЛОГИЯСЫ

Лекция жоспары:

10.1Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогресс

10.2Қалдықсыз өндіріс және қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану проблемалары

10.1 Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техниакалық прогресс

Табиғат рисурстарын тиімді пайдалану –халық шаруашылығының әлеуметтік –экономикалық тиімділігін көтерудің маңызды тұстарының бірі. Түпкі өнім шығарудың өсуі оның бірлігіне жұмсалатын ресурстар көлемінің азаюымен үндесу тиіс. Экономиканың мұндай жолы тиімді, өнім шығару шығындары салыстырмалы түрде азаяды.

Табиғи-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану үшін жүзеге асырылатын техникалык-экономикалық шаралар негізінде ғылымитехникалық прогресс жатады. FTП, ресурсты өндіруден оны дайын өнім күйінде тұтынуға дейіңгі бүкіл өндіріс циклының материалдық базасын құрайды. FTП қоғамның осы келе жатқан тұтынуы мен оның ұдайы өндірісі және қоры бойынша табиғаттың шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтарды шешу құралы ретінде әрекет етеді. Мұнда бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:

жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алудың дәрежесінің көтерілуі;

өндірілетін шикізаттың бардық компоненттерінің кешенді қайта өңделуі, өтілденуі;

ресурстарды дайын өнімге өндеуде және тұтынушыға дейін жеткізу процесінде шығынды қысқарту;

үнемдеу ресурсына, қандай да қажеттіліктерге ресурстар тұтыну құрылымын жетілдіру;

энергия мен материалдардың жаңа түрлерін қолдану.

Ірі резерв ретінде - пайдалы қазбалар кен орнын іске қосудан қайтарымның ұлғаюы. Осы кезге дейін, мәселен, өндіру барысында жер қойнауында 30 процент көмір, 20 процент темір рудасы, 30 процентке дейін фосфат қалды. Бұл ресурстарды шикізатты өңдеудің жаңа тәсілдерін пайдаланып немесе оның алғашқы өндеуімен шаруашылық айналымға тартуға болады. Мысалы, су, бу айдау, жер асты қыздыру жолымен мұнай көлемін реттеп алуға болады. Бұл әдістер «ескі» кен орнында да өнімді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҒТП скважина өтуін бірте-бірте арзандатып жеделдетеді, қойнаудан мұнай мен газ алуды көтереді. Газ құбырларының диаметрлерін ұлғайту және оларға қысымды көтеру есебінен тұтыну аудандарына газ жеткізуді жеделдетуге және оны пайдалануды арзандатуға болады.

Жаңа әдістер оны жасау мен қолдануға жаңа, өспелі шығындарды талап етеді.

Экономикалық мақсаттылық өлшемі болып өсу көлемі мен өндіруді ұлғайту жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыруға арналған шығындарды салыстыру табылады. Мұнда табиғи ресурстардың шектеулілігін де ескеру керек.

Өндіруге шығынның өсуі оны өтілдеуге көп мақсатты мүмкіндікке негізделген шикізатты кешенді пайдалану тиімділігі мен жабылуы мүмкін. Мейлінше толық өндіру және ресуртарды қайта өңдеу түпкі өнім бірлігіне үлесті шығынның сақтауына әкеледі. Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану терең, қайта өңдеу мен шығынның азаюын білдіреді.

Бар ресурстардан түпкі өнім шығуын ұлғайта отырып, халық шаруашылығы қажеттіліктеріне сәйкес техника жетістіктерін кеңінен таратып, қайта өңдеудін материалдық-техникалық базасын құру қажет.

10.2 Қалдықсыз өндіріс және қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану проблемалары

БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясы шешіміне және қоршаған ортаны қорғау саласында жалпы европалық ынтымақтастық бойынша мәжілісте 1979 жылы қабылданған аз қалдықты және қалдықсыз технология туралы деклорациясына сәйкес қалдықсыз технология қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ілімдер мен әдістердің, қаржыны практикалық қолданудың жайын білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, қалдықсыз технология - өндірісте немесе өнімді пайдалануда құралатын қалдықтар мен қоршаған ортаға тасталатын ластаушы заттардың көлемін азайту (жою) және шикізаттарды тиімді пайдалану сияқты екі бір мақсатың шешілуі аясына кіретін өнім өндірісі әдісі.

Көп қалдықтар агроөнеркәсіп кешенінде құралуда. Оларды қосымша өнімдер жасау үшін АӨК өндеуші салаларында пайдалануға болады. Мұндай түрдегі резерв мәселен, сүт өнеркәсібінде бар.

Сүтті қайта өңдеу (сарысу, май алу) процесінде құралатын шикізат қалдықтары аумағында шамамен 2/3 шығыс көлемі болады. Олар 50 процент белок, 75 процент көмірсу болады. Сүт сарысуын пайдалану неғұрлым кең таралды. Ол, негізінен, нан пісіру өндірісінде қолданылады. Мұнда 1 тонна сарысу 40 тонна ұнды сақтайды.

Азық қалдықтарын пайдаланудың келесі бағыты - олардың басқа салалар үшін шикізат есебінде қолданылуы (медицина өнеркәсібі, химия, құрылыс. т.б.). Мысалы, виноград қалдығында химия өнеркәсібінде қолданыс табатын виноград майының 45 проценті болады.

Азық өнеркәсібі қалдықтарын пайдаланудың негізгі бағыты - оларды жем ретінде өңдеу. Оны бұзауға беру үшін қаймағы алынбаған сүтке ауыстырушы негізінде шығара отырып, сүт қалдықтарынан жасауға болады (1 тонна ауыстыру 8 тонна сүтті ауыстырады). Тіпті күнбағыс қауызы қалдығынан жем дайындау мүмкіндігі анықталды, ол үшін технологиялық қондырғы да бар. Осыған ұқсас мақсаттарға қызылша сығындысы, мақта қауызы, томат тұқымы, дән, картоп қойыртпағы, (спирт өнеркәсібі қалдығы), картоп мезгісі. т .б жұмсалады.

Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализация шайындыларын тиісті өңдеуден кейн суландыру үшін алқапта пайдалануға болады.

Қалдықсыз технологияға өтудің үшінші дәрежесі өндіріс пен тұтынудың жабық жүйесін құру мен шешілуі тиіс. Әңгіме - өңделетін қалдық пен толық пайдаланылатын шикізат шығыны, өнім шығару және пайдаланудың тұйық циклі туралы. Қазір практикада мұндай өту әзірге жоқ. Тек жекеленген кәсіпорындар аясында ғана нақты жүзеге асырылу үшін экономикалық тиімділігі анықтамасы мен жаңа техникалық шешімдер талап етілетін өндіріс қалдықсыз болуы үшінші дәрежесі принциптерін сақтау туралы айтуға болады.

Негізінде қалдықсыз жұмыс істеудің үшінші дәрежесіне көшу перспективасы ғылыми-техникалық, ұйымдық-экономикалық шаралардың бірігуімен байланысты. Мұнда мұндай кешеннің ішінде кері байланыстар орнатылады - бір өндірістің қалдықтары екіншісі үшін ресурс ретінде қызмет етеді.

Әдебиеттер: 1,2,3,24,25.

11 ТАҚЫРЫП. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНЬІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ ҮШІН ТӨЛЕМ

Лекция жоспары:

11.1Ауыл шаруашылығы саласында жер үшін төлемнід негізгі мазмұны

11.2Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерге салық

11.3Елді мекендердегі жерге салық

11.1Ауыл шаруашылығы саласында жер үшін төлемнің негізгі мазмұны

Жер үшін төлем. ҚР Жер Заңына сәйкес республикада жерге иелік ету жерді пайдалану ақылы. Жерге төлем жер салығы немесе аренда төлемі ретінде алынады.

Салық салу объектісі болып жер учаскесі саналады. Салық салуға жататын жерлер:

ауыл шаруашылығы бағытындағы;

елді пунктер;

өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқалары;

ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жерлері;

орман қоры;

су қоры.

Жерге салық төлеушілер ҚР территориясында жер учаскісіне иелік еткен немесе пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады.

Салық салу принциптері:

1)Жер салығы мөлшері, жер учаскесінің сапасы, орналасқан жері және сумен қамтылу дәрежесімен анықталады.

2)Жер салығы жер учаскесінің алаң бірлігі үшін жыл сайынғы реттелетін төлемі түрінде белгіленеді.

3)Басқа мемлекеттерге берілген жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салық алу тәртібі мен шарттары бұл мемлекеттермен ҚР жасаған келісімшарттарға сәйкес анықталады.

4)Жер салығының базалық ставкасы есебінде ҚР Үкіметі жыл сайын белгілейтін коэффициент қолданылады. Мысалы, 1999 жылға 1,57 коэффициенты белгіленді, яғни салықтың базалық ставкасы 157 процентке ұлғаяды.

11.2Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерге салық

1)Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерге жер салығынын базалық ставкасы 1 гектар есебімен белгіленіп, топырақ құнарына сай бағаланады.

2)Кәдімгі және оңтүстік, күңгір-сарғылт және сарғылт топырақты қара топырақпен жазық территорияның далалық және құрғақ далалық аймағы жерлерінде, сондай-ақ сұр топырақты күңгірт, сарғылт және қара топырақты таулы аймақтарда бонитет балына пропорционалды жер салғының мынадай базалық ставкалары белгіленеді. Далалық, қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығы:

Бонитет балы

Салық ставкасы теңгемен

 

 

1-10

0,48-2,41

11-20

2,89-4,82

21-30

5,31-9,65

31-40

14,47-24,12

41-50

28,95-38,60

51-60

43,42-53,07

61-70

57,90-82,02

3) жеке тұлғаларға және қосалқы шаруашылығын, бау-бақша және жеке шаруашылық, қосалқы құрылыстарды қосқандағы жерлер салық ставкасы былай белгіленеді: 0,50га алаңға дейін 0,01га үшін 20 теңге, 0,50га асатын болса 0,01га 100 теңге.

Салық ставкасы анықтамасы. Жергілікті билік органдары өз құзіреті шегінде жер учаскесінің орналасу, сумен жабдықталу, өндірістік және шаруашылық жүргізудің басқа да жағдайларына қатысты жер салығының базалық ставкасын көтеруге не түсіруге құқылы, бірақ ол 20 проценттен аспауы тиіс.

11.3 Елді мекендер жеріне салық

Елді мекендер жеріне базалық салық 1шаршы метрге мынадай мөлшерде белгіленеді:

Елді мекен атауы

Жерге салық ставкасы,

Тұрғын

үй

қорымен,

 

 

теңгемен.

 

оған

 

қосымша

 

Тұрғын емес, құрылыспен,

кұрылыстар

мен

 

ғимаратпен,

учаскемен,

ғимараттарды

қосқанда

 

оны

 

жерге

салық

ставкасы,

 

ұстауға қажетті, сондай-ақ

теңгемен

 

 

санитарлық-қорғаныштық

 

 

 

 

объектілер

аймағымен,

 

 

 

 

техникалық

және басқа

 

 

 

 

зоналармен

 

 

 

Алматы

28,95

0,96

 

 

19,30

 

0,96

 

 

Астана

 

 

 

9,65

 

0,58

 

 

Ақтау

 

 

 

6,75

0,58

 

 

Ақтөбе

 

 

8,20

 

0,58

 

 

Атырау

 

 

 

9,71

 

0,58

 

 

 

 

 

 

Тараз

0,96

0,13

Поселкелер

0,48

0,09

Селолар

 

 

 

 

 

Астана, Алматы қалалары және облыстық мәндегі қалалар үшін құрылысы мен ғимараттарын қоса есептегендегі тұрғын үй қорына бөлінген жерлерді қоспағанда үй маңындағы жер учаскелері салық ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді:

1)1000 м2 дейінгі алаңдарға -1 м2 үшін 0,20теңге

2)1000 м2 жоғары дейін -1м2 үшін 6,0 теңге

ҚР базарларында тауар өткізу құқы, автотұрақ, май құю станциялары үшін алым алу құқымен қызметті жүзеге асыратын территория бойынша елді мекен жерлері тұрғын үй емес құрылыс. ғимараттар иемденген жерлерге ставка бойынша он есе салық салынады.

Мемлекет жеке мешнікке берген жер үшін төлем ставкасы (КР Үкіметінің №576 1996 жылғы 8 мамырдағы Қаулысына 1 қосымша):

1 ) Азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға құрылыс үшін

берілген елді мекендердің жері...

Алматы

1 шаршы метрүшін 4800 теңге

411 теңге

Астана

1436 теңге

Ақтау

147 теңге

Ақтөбе

1060 теңге

Атырау

114 теңге

Орал

18-30 теңге

Поселкелер

аймағына қатысыты 10-18 теңге

Селолар

орналасуы қатысты

Елді

 

мекендер

 

Азаматтарға және мемлекеттік емес занды тұлғаларға тұрақты жерді пайдалану мемлекет арқылы берілген ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу бағытындағы жер үшін төлем ставкасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]