Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОБЖ на каз.яз..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
6.62 Mб
Скачать
  1. 3.Азаматтық қорғаныстың күштері.

4. Жоғары оқу орындарындағы азаматтық қорғаныс.

Азаматтық қорғаныстың ұйымдасуы. өміршеңдік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір жағдайын бұзатын зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті қорғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, әлеуметтік елеулі науқастармен күрес, әкология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс және т.б. ірі блоктарды құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нің құрастырушы бөлігі және біртұтас мемлекеттік Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныстық іс-шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз.

        АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық жасауды жүзеге асыратын басқару органдары, күштер, қызметтер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйымның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған.

         АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.

        АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді.

       АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып берілген территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі.

       АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған.

  Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау.

Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жүмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы орган-дардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

АҚ-тың негізгі міндеттері:

  • басқару, хабарлау және байланыс жүйесін үйымдастыру, дамыту және түрақты әзірлікте ұстау;

  • АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау;

  • орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;

  • радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен зертханалық бақылау;

- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

  • қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

  • халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

  • құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.

АҚ-ты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.

АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы үйымдар басшыларына жүктеледі.

         АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әр түрлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.

          АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары

          а)  территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары;

          б)  республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.

          Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.

          Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

          АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді; адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

        АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді.

        Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған.

        АҚ-тың нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады.

            АҚ-тың арнайы іс-шараларын орындау үшін және осы мақсатпен күштердің және құралдардың дайындығы үшін республикалық, аудандық, қалалық, облыстық АҚ және ТЖ-лар қызмет орындары, сонымен қатар АҚ басшысына тікелей бағынатын қызметтер құрылады.

            АҚ-тың эвакуациялық іс-шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатымен әвакуациялық және әвакуация қабылдау комиссиялары құрылады.

Шаруашылық объектілері - өндірістік және тағы басқа кәсіпорындар, түрлі ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, ауыл-шаруашылық өндірістері - АҚ жүйесінің негізгі шаралары өткізілетін орындары болып табылады. Мұнда соғыс жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау, объектілердің жұмыс төзімділігін қамтамасыз ету, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарына күштерін дайындау сияқты негізгі іс-шаралар орындалады.

            Шаруашылық объектісінің басшысы объектілеріндегі АҚ басшысы болып саналады және объектілеріндегі АҚ жағдайына жауап береді. Оның бұйрықтары мен үкімі объектінің барлық жеке құрамына қатысты. АҚ басшысына көмек беретін объектілердің үлкенді -кішілігіне байланасты бір немесе бірнеше көмекші орынбасарлар тағайындалады. Мәселен, бытыратып тарату және әвакуациялау жөніндегі орынбасар, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар, инженерлік-техника бөлімі жөніндегі орынбасар т.б.

            АҚ бастығының бытыратып тарату жөніндегі орынбасары жұмысшылар мен қызметкерлерді, олардың жануяларын әвакуациялау жоспарын әзірлеуді басшылық етіп, қатерлі және соғыс жағдайда объектілерді орналастыру жерлерін дайындауды ұйымдастырып, жұмысшылар мен қызметкерлерді ауданға орналастыруды, оларды тасымалдауды, жалпы тәртіп күзетуді басқарады.

           АҚ бастығының инженерлік-техникалық бөлім жөніндегі орынбасары - объектінің басты инженері болып табылады. Ол объектілердің жұмыстарын ерекше күнтәртіпке көшіру жоспарын әзірлеуді басшылық етеді, объекті жұмысының тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар жүргізеді, авариялық-техникалық пен өртке қарсы қызметті, бүлінген орталықтарда жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарын, қорғаныс паналарының техникалық жағынан іске асыруды басшылық етеді.

           АҚ бастығының материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз ету женіндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз етудегі бастық орынбасары болып табылады және арнайы мүлікті сақтау мен жинақтауды қамтамасыз етеді. Оған техника, қүралдар, көліктер, қорғаныс қүралдары жатады. Оған мына материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүктеледі: қорғаныс паналарын салу жұмыстары, бытыратып тарату және әвакуациялау іс-шаралары, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізу. Қарсыластың шабуыл жасау қатері төнгенде ол шикізат қорын, азық-түлік пен аса құнды жабдықтарды топтау немесе бытыратып орналастыру жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етеді.

           Объектінің АҚ басшысы аудандық АҚ басшысына бағынады. АҚ басшысының тұсынан АҚ штабы құрылады. Ол - АҚ басшысының басқару ұйымы, объектілеріндегі АҚ-тың барлық іс-шаралар жөніндегі ұйымдастырушы.

           Объектінің үлкендігіне байланысты АҚ штабы штатты жұмысшылары және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазым иелерінің есебінен құрылады. Штаб объектінің басшысы шешімдерінің негізінде ұйымдастыру жұмыстарын өткізеді. АҚ штабының басшысы объектінің АҚ басшысының бірінші орынбасары болып табылады, оның объектіде АҚ сұрақтары жөнінде басшының атынан бұйрық пен өкім беруге толық құқығы бар.

Объектіде, оның өндіріс бөлімшелеріне байланысты, АҚ қызметтері құрылады. Оларды бөлім басшыларының бірі басшылыққа алады, яғни осы қызметтер құрылған базадағы цехтардың, бөлімшелердің басшыларының бірі болуы керек.

          Құлақтандыру және байланыс қызметі объектінің байланыс желісі базасында құрылады, дер кезінде қауіп туралы хабарлайды, үнемі байланыста болып, информацияны беруге дайын болады, байланыс желідегі аварияларды шектейді.

Медициналық қызмет объектінің медициналық-санитарлық бөлім базасында ұйымдастырылады. Қызмет басшысы-бас дәрігер. Қызмет медициналық қалыптастықты қолдауды ұйымдастырады: медициналық қорды жинактау және жеке медициналық қорды, заттарды сақтау; санитарлық-эпидемиялық бақылау және медициналық барлау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Емделу мекемелерінде зақымданған және әвакуацияланғандарға медициналық көмек көрсетеді, бір жерге топталған және әвакуацияланған орындарда медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет негізінде медициналық жасақтардың адам құрамын толықтырып, оларды оқытып, үйретіп, керекті заттармен қамтамасыз етіп, олардың әр-қашан дайындығы жөнінде жауапкершілік көтереді.

         Радиациялық зақымнан және химиялық зақымнан қорғау қызметі азық-түлікті, халықты, қоймаларды улы және радиоактивті заттардың әсерінен зақымданудан сақтайтын шараларды жүргізеді. Радиациялық зақымына қарсы (РЗҚ) және химиялық зақымына қарсы (ХЗҚ) қызмет РЗҚ және ХЗҚ арналған жасақтары, мекемелерді ұйымдастырады; жеке қорғаныс құралдары мен арнайы техника, приборлардың жағдайын қадағалайды; радиациялық және химиялық барлау өткізеді; адам құрамының сәулеленуге шалдығуын, химиялық зарардануын бақылайды; радиациялық және химиялық зақымдану ошақтарын жою мақсатында іс-шараларды жүргізеді.

Қоғамдық тәртіп күзетінің қызметі идаралық күзет және халық жасағының негізінде құрылады. Ол аймақты күзетіп, төтенше жағдайда тәртіп сақтап, апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізуіне, АҚ дабылдары бойынша жұмысшылардың дер кезінде жасыруына көмектеседі, жарық жасыру жұмысын бақылайды.

           Өрт сөндіру қызметі өрт күзетінің негізінде ұйымдастырылады. Бұл қызмет өртке қарсы іс-шараларды, алдын-ала бақылауды іске асырады, өртті сөндіреді және оқшаулайды, РЗҚ мен ХЗҚ қызметіне зарарданған аймақтарды газсыздандыруға және дезактивациялауға көмектеседі.

           Энергиямен қамтамасыз ету және жарық жасыру қызметі бас әнергетик бөлімінің негізінде құрылады. Объектінің бас энергетигі қызметтің басшысы болып табылады. Ол объектіні газбен, жылумен, электр жарығымен қамтамасыз етіп, энергия тараптарының әлсіз бөлімшелерін қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етеді; жарық жасыру және бірінші кезектегі іс-шараларды дайындап, қалпына келтіру, энергия жүйелерінде қайта өндеу жұмыстарын жүргізеді.

           Авариялық-техникалық қызметі техникалық немесе бас механик бөлімінің негізінде ұйымдастырылады. Ол бірегей құралдарды қорғау жөніндегі және негізгі құрылымның, арнайы инженерлі тораптардың, байланыс жолдарының төзімділігін арттыру, үйінділерді тазартудағы жедел жұмыстарды жүргізіп, объектінің құрылымындағы апатты жою және оқшаулау жөніндегі іс-шараларын жүргізеді.

          Қорғаныс паналарының және жасырыну орындарының қызметі негізгі құрылыс бөлімінің, тұрмыстық-коммуналдық бөлімінің немесе құрылыс цехтарының негізінде құрылады. Ол қорғаныс паналарының дайындығын және олардың әксплуатациялауын бақылап, қорғаныс ғимараттарды салуды қамтамасыз етеді. Қызметтің жеке құрылымына АҚ-тың құлақтандыру белгілерімен дер кезінде қорғаныс паналарын адамдармен толтыруды қамтамасыз ету жүктеледі. Бұдан басқа бүл қызмет қираған қорғаныс паналарын аршығанда құтқару жұмыстарымен айналысады.

           Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі объектіні материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бөлімі негізінде құрылады. Азық-түлік пен жабдықтардың барлық түрімен дер кезінде қамтамасыз етуді қалыптастыру, мүлік пен техниканы жөндеп, оларды жұмыс учаскелеріне жеткізу, сақтау және оларға есеп жүргізу, адамдарға бірінші қажеттіліктегі заттарды жеткізуді ұйымдастырады.

           Кішігірім объектілерде АҚ қызметтері құрылмайды. Олардың функцияларын, қажетті іс-шараларын сол объектіні құратын басқару органдары орындайды.

           Шаруашылық объектілерде жалпы мақсаттағы объектілік-жинақтық топ, механизациялық жұмыс топтары, барлаушы жасақтар ұйымдастырылады. Бұлар апаттан кейін құтқару, қайта өндеу жұмыстарын өзінше орындау үшін керек. Жалпы бағыттағы бөлімдерді күшейту және арнайы тапсырмаларды орындау үшін біраттас қызметтер жасақтары құрылады. Мысалы, құлақтандыру және байланыс, қоғамдық тәртіп жасақтары.

           Бөлімдерді жасақтау өндірістік қағидамен іске асыралады: кезектермен, цехтармен, өндірістік бөлімдермен, бригадалармен.

           Жалпы бағыттағы жасақтардың мысалы ретінде жинақталған топ, конмандирімен, оның орынбасарларымен қоса болып табылады. Жинақталған топ, құтқару командаларынан, ал олар бөлімдерден, бөлімдер құрамдас бөлімшелерден тұрады. Мұндай топта өзінің медициналық пункті және санитарлық жасақтары болады, соңғылары санитарлық бөлімшелерге бөлінеді. Мұндай топта өзінің штабы болып, оған тікелей басқару және байланыс бөлімдері бағынады. Осындай жүйе топты ұтқыр және өз алдына бөлім етеді.

           Жасақтардың құрылуымен қатар кейбір объектілерде жұмыс істеп тұрған химиялық және медициналық лабораторияларын, жуу және жуыну бөлімшелерін, киім және транспортты, адамдарды санитарлық зарарсыздандыру станцияларына бейімдендіреді. Радиациялық, улағыш және бактериялық заттарды нақты белгілеу үшін радиациялық және химиялық бақылау бекеттері құрылады.

           Ауыл-шаруашылық объектілерінде малды және өсімдіктерді қорғау, жау соққысына душар болған қалаларға көмек көрсету топтары құрылады. Ауыл-шаруашылық объектілерге қаладан кәсіп орындар көшіріліп, зарарданған аймақтардан көшірілген адамдарға көмек және емдеу көрсетуге тура келеді.

Оку орындарындағы АҚ шаруашылық объектілеріндегідей ұйымдастырылады, бірақ олардың техникалық мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері ескеріледі.

           ЖОО АҚ басшысы - ректор. Ол бұйрығымен жоғары оқу орнының АҚ штаб басшысын тағайындайды. ЖОО - да штатты жұмысшының біреуі (мысалы, алғашқы әскери дайындық мұғалімі) немесе АҚ жүйесінің штатты жұмысшысы АҚ штабының басшысы бола алады. Сонғы жағдайда оны ЖОО орналасқан аймақтын АҚ басшысы үсынады; бүл, әдетте, өте үлкен ЖОО-на қатысты.

           Оқу орындарында АҚ жоспары әзірленеді. Ол профессорлық-мұғалімдік құрылымға және студенттерге хабарланады.

           ЖОО-да, әдетте, қорғаныс паналарына арналған топтар бөлімшелер, құтқару топтары, санитарлық, авариялық-техникалық, қоғамдық тәртіпті сақтау жасақтар қалыптастырылады. Оқу орнының құрамындағы тұрақты тұлға командир болып тағайындалады. Студенттер АҚ-ты қалыптастыру құрамына кіреді және штаб өткізетін объектілі жаттығуға тартылады. ЖОО-да АҚ негізінде, өзінің объектісіндегі адамдарды құтқару үшін құрылады, алайда басқа да мақсаттарға қолдануы мүмкін, мысалы, қорғаныс паналарында қызмет жасау үшін. Оқу орнының практикалық тәжірибесіне байланысты аталмыш қызметтер мен жасақтар үйымдастырылады; медициналық, байланыс, РЗҚ мен ХЗҚ қорғаулары, т.б.; радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, УЗ-ды, РЗ-ды, БҚ-ды нақты белгілей үшін лабораториялар.

            Оқу орындары керекті құралдармен және ЖҚҚ, техника және басқа мүліктермен ауданның АҚ штабы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

            Табельдік қорғаныс заттары жетіспегенде әскери бөлімдерден немесе әскери оқу орындарынан артық шыққан мүлкін және қарапайым қорғаныс құралдарды қолдануға болады.

            ЖОО-ның АҚ-тың бастығы және оның штаб бастығы басқа да жақын орналасқан кәсіпорын және мекемелерінің АҚ штабтарымен, жалпы мақсаттағы жасақтармен және қалалық, аудандық, облыстық АҚ қызметілерімен өзара қатынаста болуы керек.

             Әр студент мыналарды үйреніп, өмірде керек кезінде қолдануға тиіс:

            -ТЖ қауіпіндегі іс - әрекеттерді;

            -Жеке дара және үжымдық қорғаныс құралдары мен тәсілдерін қолдану;

            -Тынысалу мүшелерін қорғайтын қарапайым құралдарды дайындау;

            -Ауа мен территория РЗ, УЗ, БҚ-мен зарарданғанда аяқ киімдерді және үй киімдерін қорғаныс құралдары ретінде пайдалана білу;

            -Азық-түлік пен ішілетін суды заладан сақтандыру;

Киім мен аяқ киімдерді, дененің ашық жерлерін ішінара санитарлық өндеуден өткізе білу;

             -Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдарымен жұмыс істеу;

             -Радиациялық, химиялық бақылау бекет құрамында және басқа да жасақтарда қызмет ете білу;

             -АҚ нормативтерін тез және толық орындау;

             -Жеке дәрі қобдишаны және басқа да медициналық құралдарды қолдана білу;

             -Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу;

             -АҚ туралы басқа да деректермен білімін толықтыру және осы білімді үйретіп, насихаттау;

             -АҚ-тың әскери емес жасақтарына басшылық ете білу.

 

4-5 Дәріс. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы және жүйеленуі.

Мақсаты мен міндеттері: ТЖ алдын алу жүйесін қарастыру, ТЖ белгілері бойынша жүйеленуінің кестесін анықтау. Табиғи қауіптерді қарастыру: жер сілкінісі, өрт, сел, қар көшкіні және т.б.

Жоспар:

1.Табиғи қауiптер. Зiлзала.

2. Табиғи сұрапыл апаттар.

3.Табиғи апаттар кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.

-  Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:

-   геологиялық (геофизикалық) құбылыстар - жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;

-   метеорологиялық   (ауа-райына   тән)   құбылыстар-дауылдар, борандар, құйындар;

-  гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;

- табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері;

- жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) - эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.

Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі кенеттен пайды болады. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің толқындарынан цунами пайда болады.

Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан.

Қалаларда ғимараттар, өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Жер сілкінісі кезінде бұзылуы экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды алдын-ала ойластыру қажет. 1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою; 2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар.

Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады.

Жер сілкінісі кезінде:

Егер бір қатарлы үйде немесе 1,2-ші қабатта болсаңыз үрей туғызбай 15-20 сек. ішінде ғимараттан шапшаң шығу керек.

Неғұрлым ашық, қашық жерге жету.

2-ші қабаттан жоғары тұратын болсаңыз үйдің ішінен қауіпсіздеу жерге басыңызды қолыңызбен жауып орналасасыз.

  • сылақтар, жарық беретін шынының құлап түсу қауіпі болатын болса столдың астына жасырыну;

  • терезеден қашық болу;

  • есіктен шығарда өзгелерді басып, таптап кетуден сақтану, лифтіні пайдаланбау;

  • дүмпу тоқтағанда, арқаны қабырғаға бере жүріп басқышпен түсіп, ғимаратты тастап шығу;

  • көршілердегі балалаларға, егде адамдарға көшеге шығуына көмектесу;

  • үзілген сымдардан сақ болу;

  • көлікте рольде болсаңыз, ашық жерге шапшаң тоқтау. Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпау.

Жер сілкінісіне дейін аса қажет заттарды алдын ала дайындап қою қажет:

  • Құжаттар;

  • Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер;

  • Қалта шам және запас батарейка;

  • Жылы киімдер мен аяқ-киім;

  • Су және қаптамадағы тамақ (2-3 күнге запас);

  • Май шамдар, сіріңке;

  • Сынбайтын ыдыс;

  • Тасымалданатын радиоқабылдағыш;

  • Осының барлығын рюкзакта немесе сөмкеде пәтерге кіре берісте сақтаңыз.

Табиғаттың қаhарлы құбылысы - жер сілкіну - жалпы (көбіне) геофизикалық себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процесстер орын алуда.

         Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар) құрайды-континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу) аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі - жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғары көтеріліп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін: ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі.

 

 

         Тереңдіктегі тектоникалық күштер әсерінен орасан зор қысым немесе жер астындағы жарылыс мантияда кернеулер туындатып, жер астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Қатты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жер қабаттарының формасы өзгереді, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бір қатар дүмпулер түрінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі.

          Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.

         Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы -ішінде көптен бері жиналған әнергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) әпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал әпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен үстінгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкініс кездерінде жер қабаттың (топырақ) тұтастығы бүлінеді, жер сілкініс жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қашықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді.

          Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті, бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. ұйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-әнергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және әлектр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар да болуы ықтимал.

          Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар - цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материактерде де, мұхиттарда да болып тұратынын бақылаулар көрсетеді.

         Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жер орта теңізі - азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Туркия, Иран, Солтүстік ұндістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер шарының сілкіністерінің 90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, Қызыл-Орда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.

         Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін, магнитудасын және жер бетіндегі қарқындылығын айтуға болады.

        Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр тереңдіктегі жер қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген километр тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады.

          Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен) алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер магнитуда бірлікке арттса топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы отыз есе артады.

           Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға - баллға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады (ірі сілкініс). Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар (алғашқылары, негізгілері) 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер - 2-5 км/с.

         Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық (күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда орын алады.

           Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 ғана рет болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-160 км-ге жетеді. 7-8 баллдық сілкінулер 10-30 секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни, жер сілкіну - бұл айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады.

           Жер сілкінісі басқа да стихиялық және техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларын қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға шашырататын атом электростанциялардағы апаттарға және тағы басқаларына. Күшті жер сілкіну ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске түсіреді.

          Ғылым және техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болуы мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік (көп ұштық) шарттарының көп болуының салдарынан сілкіністі дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, жер сілкіну жаршыларына мыналар жатуы мүмкін: әлсіз сілкіністерінің болуы, жатады. 10-30 км тереңдікте жердің кейбір орындарында әрқилы себептерден балқытылған магма жиналады; ал тектоникалық қимылдардан жер қыртысында жарықша сызаттар пайда болса, сол магма сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап жер бетіне төгіледі. Бұл процесс барысында су булары және әр түрлі газдар бөлініп едәуір қысыммен жолында кездесетін бөгеу нәрселерді айдап ұшыртады. Жердің бетіне шыға магманың бір бөлігі шлак болып, екіншісі лава түрінде ағады. Шлактар, пемза, күлі, тау жыныстары шыққан жердің айналасында қоқырап үйіледі де бара-бара өсетін тауды құрайды. Осындай тауды жанартау деп атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді.

Құрлықтың беті мен мұхиттардың түбінде осылай пішіні мен құрамы ерекше боп, тау жыныстары пайда болады.

         Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады, көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады. Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп, қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген километр қашықтыққа ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны қатып калған лаваның сынықтары құрайды. Сынықтардың ірілерін таужанардың бомбалары дейді, майдаларын -таужанар құмы, ал ең ұсақтары күлі деп саналады. Вулкан күлі әдеттегі отын жанғаннан кейін алынатын күлге ұқсамайды. Тефраның жерге түсуі мал, жануарлардың, өсімдіктердің жоюлуына, ал кей кезде адам құрбанына әкеліп соғады.

          Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен ағады. Едәуір тығыздығы бар бұл ағындар кездескен ірі тас кесектерін қозғалтып өзімен бірге тартып түсіреді де қауіптілікті одан әрі жоғарлатады. Құтқару жұмыстары және елді басқа жерге көшіру бұндай кезде ауырлана түседі.

            Жанартаудан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды түзейді, ол соққы толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге, температурасы 1000°С-дейін баратын жылжыған ыстық дуал сықылды келеді. Мұздақтар ерігенде аз уақыт арасында топан суға айналып кетеді. Лава ағынының температурасы да 900-1000°С-қа жетеді, бірақ оның жылдамдығы тау конусының еңісіне байланысты; көбіне олі км/сағ аспайды.

           Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады - күкірт тотықтары, күкірт сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін.

           Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы сөнді; бұл кезде оның биіктігі 2800 м бодды. Ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы- Камчатка түбегінде орналасқан. Әлденеше рет атқылаудың нәтижесінде 5 мың жыл ішінде оның биіктігі 4750 м-ге жеткен. 1975 жылы сол Камчаткада бірнеше айдың ішінде бірден жаңадан сегіз вулкан пайда болды. Күл бұлты 10-15 км биіктікке көтерілді, атқылаған жерден күл 200-250 км радиусты басты. Кавказ тауларының ең биік шыңы - Әльбрус- сөнген вулкандардың қатарына жатады Бір вулкандардан ұзақ уақыт бойы газ, бу бөлініп шығады, жарылыс болады, тас ұшып жатады, бірақ тұтқыр лава жер бетіне төгілмей, кратердің ішінде қатады. Басқаларында лава сұйық болып, газдар күшті жарылыссыз-ақ, оңай бөлініп шығады. Конусы аласа, беткейлері түйетайлы болып келетіндері де кездеседі. Сұйық лава кең кратердің жиегінен асып, беткейлерді бойлай құйылады да, толқындатып жатады. Мысалы Гавай аралдарындағы Килауза атты вулканның биіктігі 300 м, ал кратердің диаметрі 4-6 км. Оның ішін бұрқылдап қайнаған лава толтырып, лава көлін түзген.

        Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Жер сілкінетін және жанартаулар атқылайтын аудандар көбіне ұштасып жатады. Мұндай құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады. Жылу әнергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады. Оның себебі - жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер қыртысының арасы адыраяды. ұшінші-жер қыртысының едәуір омырылған аумақтарда өтеді. Төртінші - мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде "ыстық нүктелер" пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде бетке шығады.

          Әрекетіне байланысты жанартаулар белсенді, ұйқыға кеткен және сөнгендер бөлінеді. Белсенді вулкандардың саны 900-ге жақын болып саналады, бұларға адамзат тарихы басталған заманда атқылағандары жатады. Сөнгендерге осы уақытта атқыламағандары, ал ұйқыға кеткендерге - белсенділіктің белгілерін анда-санда көрсеткен, бірақ атқылауға бармағандары жатады.

Өрт – бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін жану процесі.

Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарының өрттері, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Өрт жану қарқындылығы бойынша ормандағы өрттер әлсіз, орташа және күшті болып бөлінеді. Жану сипаты бойынша аласа және биік өрттерге, ұзақтығы жөнінен тез жанатын және үзбей жанатын өрттерге бөлінеді.

Ерекше зиян келтіретін және адам құрбандарына себеп болатын өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері саналады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай, өрттің 90-97 % адамның кінәсынан басталады. Болған 100 өрттің тек 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен пайда болады. Көктемде негізгі себебі-ауылшаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл әлементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді. Саяхатшылар мен жидек, саңырау-құлақ терушілер алауды дұрыс пайдаланбайды, темекінің қалдықтарын тастайды - жалпы, адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұзып отырады. Орман және дала өрттері - ағаштар мен дақылды өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты өрттер жүздеген, мыңдаған және кейде миллиондаған гектар кеңістікті қамтиды.

Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлдерді шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жаздыкүндерінде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпасада түсінікті. өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ-дей болады.

Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп, өтқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады.

            Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай - әлсіз, орташа және күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған әрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден 16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі температура 900ºС-ға жетеді.

 

 

            Жоғарғы орман өрттері төмендегіден пайда болады және ағаштар төбесінің жануымен сипатталады. Жүгіртпе жоғарғы өрттерде жалын 8-25 км/сағ жылдамдықпен бір ағаштан екінші ағаш төбесіне, кейде өрт тимеген бүтін учаскелер тастап жылжиды. Тұрақты жоғарғы өрттерде от тек ағаш төбелерін ғана емес, ағашты діңгегіне дейін қамтиды. Жалын 5-8 км/сағ жылдамдықпен топырақ жамылғысынан ағаш төбелеріне дейін бүкіл орманға тарап жаппай қаулайды. өрттің досы жел, желге өрттің таралу жылдамдығы мен қарқындылығы байланысты.

           Жер асты өртенуінің бірден біріне шым тезек өрті жатады. Шым тезек (торф) - ылғалы көп, ауа жеткілікті болмағандықтан батпақтағы өсімдіктің құрып бітуінің салдарынан пайда болатын геологиялық жас қабат. Шым тезек кенінің орташа қалыңдығы 2 метрге шамалас. Алайда, қабатының қалыңдығы 8-13 метр шым тезекті саз кездесіп отырады.

          Температураның, төңіректің ылғалдығының, шым тезекке айналатын өсімдіктердің биологиялық құрылысының және басқа да бірқатар себептердің әсерімен шым тезек бірте-бірте шіри береді. Оның шіру дәрежесі неғүрлым жоғары болған сайын тұтанғыштығы да арта береді. Шым тезек орындарындағы жанудың жалпы санының 60%-ке жақыны өздігінен тұтануынан болғаны тіркелген. Қалған жағдайда өндіруге арналған машиналардан ұшқын түсуі, найзағай ойнауы және басқа себептер болады екен. Шым тезек әдетте түгел жанбайтын болғандықтан едәуір территорияны түтін басып кетеді. Ауасыз жанғандықтан жану процессі өте баяу, 0,1-0,5 м/мин жылдамдықпен жүреді, кей жерлерде білінбейді да және жанып біткен қуыстар да пайда болады. Сондықтан жер асты өрттің ошағына топырақты үнемі қадамен сынап, сырықпен байқау арқылы үлкен сақтықпен жақындау керек. Жану өте ұзақ уақыт, керек болса қыстың күні қар қабатының астында да жалғаса беруі мүмкін.

 

 

          Шым тезектің өртенуі мынадай зиян келтіреді: біріншіден, оның өзі отын ретінде пайдаланылады, яғни ол қажет материал; екіншіден, желдің бағытымен ұшып баратын жанған шым тезектің бөліктері едәуір қашықтыққа жетіп орманда жаңа өрт ошақтарын пайда етеді, үшіншіден, айналадағы температура көтеріледі, іргелес ауданды қалың түтін қаптауымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, шым тезек өртін сөндіру күрделі жұмысқа айналады, ол арнайы құралдарды қажет етеді.

Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады.

Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады.

Егер сел тасқынына тап болсаңыз онда жергілікті өкімет органдарының, полицияның берген нұсқауларына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада шығу керек. Қауіпсіз аймақтар айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретін болса, онда қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді қолға алу керек.

Адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді, бағалы заттарды құтқарып қалу үшін суға жүзу құралдары пайдалануы тиіс. Құралдар дер кезінде табылмаса, онда қолдан салдар жасау қажет.

Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып - жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни "сел бась”деп аталады.                             

Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.

Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр-түрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.

Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.

Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді.

Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады.

Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады. 50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай - 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ге жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалыңдығын 10-15 см төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер бола алады. өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°С) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босандығы жоғарлайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі.

         Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.

Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді ( жылдамдығы 25 м/с биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының күрт төмендеуін (қатқақ болған жағдай), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады.

          Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с ( 117,3 км/сағ) асатын, яғни 12баллды жел. Сондай-ақ дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды да айтады. Қиыр Шығыста, ұнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атап кеткен. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті.

         Егер дауылдан болған апат аумағындағы қиратуына салыстырмалы түрдегі кішігірім дауылды желдің территориясындағы қиратуды қоссақ, онда дауылдың ені жүздеген километрмен, кейде ІОООкм-мен өлшенеді. Тайфундардың қирату жолы әдетте 15-45 км құрайды. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн.

 

 

 

         Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдылығы 15-30 м/сек жетеді. Тасқынның ұзақтығы -бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында Зм/с-ден ЗОм/с дейін күрт көтеріледі.

         Кейбір дауылдар апаттың қуатты күштерінің бірі болып табылады және өзінің қирату әрекетінде жер сілкініске жол бермейді. Олар өзімен бірге орасан зор әнергия әкеледі. Орташа қуатты дауылдың бір сағатта жұмсайтын әнергия мөлшері 36 миллион тонналық ядролық жарылысқа тең! Дауылды жел өте берік құрылыстарды бүлдіріп, жеңіл құрылыстарды құлатады; егінді алқаптарды суырып, әлектр желілерінің сымдарын үзеді, бағаналарын жығады; көпірлерді, ағаштарды түбімен қопарып тастайды, кемелерді суға батырады, түрлі техногенді аварияларға себеп болады. Дауыл бөгендер мен бөгеттерді бұзып су тасқынға алып келген, поездарды рельстерінен лақтырып кеткен, фабрика құбырларын құлатқан, кемелерді құрлыққы шығарып тастаған оқиғалар болып жатты. Теңіздердегі тараған дауылды желдер биіктігі 10-12м немесе одан да биік толқындарды көтере алады.

 

 

         Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, әлектр-, су-, жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес - ондаған километр. Жаз күндері дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп болатыны түсінікті.

         Тозаңданған немесе құм дауылдары шөл және шөлейт далаларда бірнеше жүз мыңдаған шаршы километр аймақтарды көміп тастай отырып, топырақ пен құмның орасан массасын (миллиондаған тонналар) жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа апарып тасымалдайды. Далалық алқапта осындай жағдай әдетте жер жыртуы дұрыс жасалмаған кезде болып тұрады.

         Температураның кенет төмендеп кетуінен қар жауып, боран соғуы мұз тұруға - конструкциялар мен заттардың бетін мұз немесе ылғал қар басуына себепкер болады. Мұз тұру мынадай түрлерге: көк тайғақ, қатқақ, ылғал қар мен қатқан қардың қабаттануы болып бөлінеді. Әсіресе, мұз тұру әлектр қуатын беру желілері үшін қауіпті келеді - олар үзіледі, көбіне транспорт жұмысы да тоқталады.

        Ауа қозғалыс қатарына құйындар да жатады. Құйын -жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді. Ол тез айналатын дәу воронканы, бұлттан түскен піл тұмсығын елестетеді. Бұл әрекетте ауамен бірге су, құм, шаң бөлшектері суырылып аспанға көтеріледі.

         Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда. Олар су айдын үстінде, сондай-ақ, құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде де туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен ере жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен тұрақты жері ешқандай болжамға келмейді.

          Құйынның ішкі қуысы, әдетте бос болып келеді, шеңбері көлденеңінде ондаған метрден жүздеген метрге барады. Қабырғаларында ауа серіппе тәрізді айналады және жылдамдығы 200

м/с ( 700 км/сағ.) жетуі де жиі кездеседі. Тығыздау келген құйындардың қабырғаларының қалыңдығы ішкі қуысының енінен айтарлықтай аз, аздаған метрмен өлшенеді, бостауларында- керісінше. Құйынның өзі сорғыш сияқты бұлтқа қарай әр түрлі заттарды, адамдар мен жануарларды және тағы басқаны ішкі қуысымен емес, қабырғамен жылжытып тартып немесе көтеріп әкетеді. Ауаның қысымы ішкі қуыста перефериясындағына қарағанда қашанда төмен; физика тұрғысынан алғанда, қысымның осындай едәуір айрмашылығы заттарды сіңіру әффектісіне себеп болады. Жылжи отырып құйындар заттарды ондаған километр қашықтыққа алып кетеді. Құйынның өзінің біртұтас түрінде жылжу жылдамдығы шамада 50-60 км/сағ, ал орташа ені 350-400 м.

          Құйындарға төбелер, орман, теңіз, көл мен өзендер тосқауыл бола алмайды. Кішігірім көлді кесіп өткенде құйын оны толық құрғатып жіберуі мүмкін. Құйынның жылжуындағы ерекшеліктің бірі -оның секіруі. Жермен келе жатып ол уақытша ауаға көтеріліп, жерге тимей кетеді де қайта төмендейді.

         Қуатты құйындардың әрекеті таңқаларлық, ал психологиялық әффекті адамдарға әсер еткенде суреттеуге келмейді. Ауаға көтеріліп бірнеше шақырым жерге автомобильдер, кішігірім үйлер, түбірімен жұлынған ағаштар тасымалдануы мүмкін. Сондай-ақ өндіріс ғимараттары, коммуникация желілері де зақымдануы ғажап емес.  Теңіздерде көтерілген құйындар құрлыққа шыққанда күшін бәсеңдетпей қайта арттыра түседі.

 

6-7 Дәріс. Өрттер кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

Мақсаты мен міндеттері: өндiрiстегi және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстардың алдын алуды қарастыру. Күйіктердің түрлерімен танысу.

Жоспар:

1.Өрттер және жарылыстар.

2. Өндiрiстегi және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстардың алдын алу.

3. Өрт кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.

4. Күйіктердің түрлері.

Өрт туындайтын негізгі объектілер негізінен тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 75,2 %-ын құрайды, 13,6 %-ы көлік құралдарына тиесілі, 2,4 %-ды сауда объектілері, 2,8 %-ды өндірістік сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,8%-ды әкімшілік-қоғамдық ғимараттар құрайды.

Өрттің пайда болу себептері: отты ұқыпсыз пайдаланудан, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болады. Өрттің 90%-ы адам кінәсінен, 78%-ықұрғақ ағашқа найзағай түсуден, 2-3%-ы өзге себептерден болады. Әр түрлі электр сымдарының тұйықталуы, газ плитасын дұрыс пайдаланбау, электр приборын қараусыз қалдыру, электр жүйесіне көп күш түсу, тоқыма, ағаш өңдейтін, ұн тартатын өнеркәсіптер мен кәсіпорындардағы шаң-тозаңдар.

Өкінішке орай өрттің көпшілігі адамның ұқыпсыздығынан және жауапсыздығының нәтижесі.

Өрт кезіндегі іс-қимыл.

Өрт пайда болғанда ұстамдылық сақтау және дұрыс шешім қабылдау қажет. Сасқалақтауға болмайды, айналадағылардың үрейге жол бермеуі тиіс.

Өрт сөндіретін құралдар болғанда өрт кезінде қолдану қажет.

Өртпен күресте және зақымданғандарды құтқару кезінде қауіпті нәрсе ауаның қатты ысыу, тұншықтыратын түтін, оттегі қоспасының жинақталуы, ғимараттар мен құрылыстың құлау мүмкіндігі болатын болатын есте ұстаған жөн.

Есте ұста: егер 10 метрге дейінгі заттар көруге мүмкін болмаса, онда түтіннің жинақталуы өте қауіпті.

Өртті сөндіруде бәрінен бұрын жалынның таралуын тоқтату керек. Бұл жағдайда суды жалынға емес, жанған заттың жоғары жағына қарай бағыттау керек.

Егер үйде шағын өрт шықса, оған су құйыңыз, немесе ауыр, ылғал матамен жабыңыз.

Жанған киімді жапқышпен жауып, оны шешіп тастап және сумен сөндіруге болады. Жерге домалау арқылы да жалынды сөндіруге болады.

Жанар–жағар майды көбік тудыратын құрамалармен, топырақпен, құммен көму арқылы сөндірген жөн.

Егер электр сымның сырты жанса, бәрінен бұрын оны ағыту керек.

Егер телевизор жанса, онда оны жүйеден бірден ажырату керек. Сосын су құйып сөндіру қажет. Егер киноскоп жарылса, улы түтін өте қауіпті, дем алмауға тырысыңыз, балалар болса өзге жерге шығару қажет.

Өрт сөндіруге мынадай іс–қимыл талап етіледі (егер пәтерде болса):

  • 101–ге телефон шалу;

  • Балалар мен қарттарды шығару;

  • Содан соң барып өртті өз күшімен сөндіру.

Егер жанып жатқан бөлмеге адамдарды құтқару үшін кіретін болсаңыз сырт киіммен немесе басыңызға тығыз материалмен, ылғал одеяламен жауып алыңыз.

Улы газдан сақтану үшін ылғалданған мата арқылы демалыңыз. Күшті түтіндеген бөлмеде еңкейіп не жорғалап жүріңіз. Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз.

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тоғы, электромагниттік радиацияның немесе қышқылдар, сілтілер әсерінен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді: І деңгей – терінің қызаруы және ісік; ІІ деңгей – қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады; ІІІ деңгей – терінің өлуі; ІV деңгей  - терінің және тері асты жасушаларының, бұлшық еттерінің, сүйектердің өлуі, яғни терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі. 

І деңгейлі күйік ІІ деңгейлі күйік ІІІ деңгейлі күйік

ІV деңгейлі күйік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қызу, ыстық салдарынан пайда болған күйік ауруы барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұратын көрінеді.

Күйік деңгейіне қарай неміс ғалымы Крейбих 1921жылы барлық күштерді бес дәрежеге бөлді. Күйік тереңдігін дәрігер мөлшерлеп қана біле алады. Күйген жерді анықтау үшін қолданылатын әр түрлі әдіс бар. Соның бірі дермография әдісі. Компостер-биопсия әдісімен күйген жерден кесіліп ткань алынады да микроскоп арқылы зерттеледі. Күйіктің көлемі мен тереңдігіне бірдей көңіл бөліп, күйік ауруының ауыртпалық мөлшерін білу үшін медицинаға зақымдалудың ауыртпалық индексі атты түсінік енгізілген.

Науқастың келешегін бағалау үшін тағы бір ереже қолдануға болады. Ол-жүздік ережесі. Күйік процентіне науқастың жасы қосылады. Егерде осы екі санды қосқанда ол сан 60-тан аспаса, науқас адамның өмірі сақталады, 81-100 арасында болса, науқастың өмірі қолайсыз жағдайда,тіпті қауіпті болуы мүмкін деп пайымдалады.

Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен, ыстық металмен), электр және химиялық болып бөлінеді. 

Термиялық күйік – жоғары температураның әсер етуінен терінің, шырышты қабықшалардың және тереңірек орналасқан тіндердің зақымдануы.

Термиялық күйік

Жанып жатқан немесе түтінденген үй-жайдан көшіру кезінде жоғарғы тыныс алу жолдары ның күюін және улы өнімдермен улануды болдырмау мақсатында дымқыл таңғыш (қол орамал, дәке бөлігі, мақта-мата материалы және т.б.) арқылы дем алған жөн.

Өрт кезінде термиялық зақымдану механизмі төмендегідей сараланады:

жалыннан күю (тіндердің ауыр зақымдануы);

ыстық қабатпен тікелей байланыс (күйік дәрежесі байланыстың ұзақтығы мен қабаттың температурасына байланысты болады);

ұшқын (зақымдануы шамалы бір мезеттік күйік);

ыстық сұйықпен немесе газбен жидіту (әдетте, тері беті күйеді).

Күйіктің қауіптілігін бағалау үшін зақымданған қабаттың аумағын шамамен анықтай білу қажет. Ең қарапайым тәсіл – «алақан тәсілі». Оның аумағы адам денесі қабатының 1% құрайды. Күйген аймақ қанша алақан болса, дене қабатының жалпы аумағының сонша пайызын құрайды.

Күйген қабатты анықтаудың тағы да бір қарапайым тәсілі – «ондық ережесі», оған сәйкес дене қабатының тұтас аумағы анатомиялық бөліктерге бөлінген. Олардың әрқайсысы 9% немесе дененің жалпы аумағының оларға еселік мәні: бас пен мойын 9%, кеуденің алдыңғы және артқы қабаттары 18%, жоғарғы буындар - 9%, төменгі буындар 18%, бұтаралық және жыныс органдары 1%.

Күйіктен естен тану.

Терінің қайнап тұрған сумен күюдің салдары бірнеше тәулік немесе сағатта өлімге келтіруі мүмкін.

Күйіктен естен тану 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Күйіктен естен танудың клиникалық көрінісі екі фазадан тұрады – эректильді және торпидті.

Күйдіретін зат терідегі нерв жүйелерін қоздырғандықтан, теріде пайда болған ауру сезімі орталық миға қарай шабады. Орталық мидың қызметі нашарлағандықтан, қан айналымы бұзылып,тамырдағы қан көлемі азайп кетеді. Себебі қан бауыр, бұлшық еттер арасына жиналып, қан айналымына қатыспай тоқтап қалады.

Ағзаның улануы күйік түскен сағаттан басталады. Есеңгіреу жағдайы ұлғайа түседі. Терісі күйген адамның қан құрамында хлор иондары азайады, белоктар көлемі де төмендейді, зат алмасу процесі қалыптан шығады. Мұндай кезде адам шөлдгіш, қарны қампиып, басы айналып, лоқсу пайда болады. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендеп, жүректе миокардит, өкпеде пневмония және ісіну (отек) жағдайлары пайда болады. Күйген теріде пайда болған микробтар жараны іріңдетіп жібергендіктен, денеге сіңген іріңнің улы заттары науқас адамның жағдайын мүшкіл қылады. Ыстығы көтеріліп, денесін қара тер басады. Ол лоқсып құсады, бұлшық еттері сіресіп қалады. Тамыр соғуы әлсіз, бояу, қан қысымы төмен. Бауыр мен бүйрек қызметтері нашарлап, асқазан мен ішек қызметтері қалыптан шығарады.

Эректильді фаза бұл екі сағатқа созылатын қозғыштық фаза. Күйік алған адамның есі сау, қозғалу қабілеті бар, ол ауыр зардап шекпеген сияқты көрінуі мүмкін. Оның күретамыр қысымы, тамыр соғуы, тынысы қалыпты немесе шамалы жоғары. Сондықтан маман емес адамға бұндай адамның күйіктен естен танған жағдайына күдіктену қиын болады, сондықтан көмек көрсету уақыты өтіп кетуі мүмкін.

Торпидті фаза – бұл тежелу, естің шатасуы, тіпті оның мүлдем жоғалуы. Күретамыр қысымы тез түседі, тамыр соғысы мен тынысы жиі, ырғақсыз, қатты шөл мен лоқсу, тыныс жолдары күйгенде – тынысының қиналуы («ауаның жетіспеуі»).

Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Ашық жалыннан күйік алғанда алғашқы көмек көрсету кезінде жоғары температураның әсер етуін тоқтату қажет, одан соң терінің күйген бөлігін салқын сумен шаю қажет (10-15 минут). Күйген жерді абайлап кемінде 15 минут (15°С болғанда) салқындату қажет. Салқындату неғұрлым ертерек бастаған дұрыс. Оны дер кезінде қолдану күйіктің тереңдігін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ күйіктің одан әрі өршуіне жол бермеуге ықпал етеді.

Қатты күйген адамды ақжаймаға орайды, денесін жабады ауыруын жеңілдететін дәрі-дәрмек пен ыстық сусын береді.

Уытты жану өнімдерімен уланған және тыныс алу органдары зақымданған кезде ең алдымен зардап шегушіге таза ауаның келуін қамтамасыз ету қажет, тыныс алу тоқтаған жағдайда өкпені жасанды түрде желдету қажет.

беті, кеудесі, іші күйген жағдайда зардап шеккен адамды арқасына жатқызады, ал бөксе, арқа және т.б. күйгенде ішіне жатқызып, оған тыныштық қамтамасыз ету керек;

күйген жерді дымқыл матамен жабу керек (мысалы, үтіктелген салқын сумен суланған ақ жаймамен), матаның үстіне салқын қою керек. Дененің басқа (жарақаттанбаған) жерлерін көрпемен жабу керек;

ауырғанды сездірмейтін ету (дәрі беру: анальгин, баралгин М, парацетамол, пенталгин, седальгин және т.б.);

тыныштандыратын дәрілер ұсыну керек (шүйгіншөп, сасықшөп дәрісі мен тұнбасы);

жылы сусын беру – минералды су немесе сілтілі-тұзды ерітінді (бір литр жылы суға – бір шай қасық асқа салатын тұз және жарты шай қасық ас содасы);

Есте сақтау!Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға болмайды.

Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қаралу.

Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыру.

Күйік кезінде мыналарға тыйым салынады:

тіннің қосымша зақымдалуы мүмкін болғандықтан, күйген жерден киім қалдықтарын жұлып алуға (деген жабысқан бөлшектерге тиіспей, киімді қайшымен қиған жөн);

үлбіреулерді жаруға;

майлары бар таңғыштарды қолдануға, өйткені олар жарақаттану көлемі мен тереңдігін үлкейтіп, жылу беруді бәсеңдетеді және микро ағзаларға жағымды орта болады;

бояу заттарын (марганцовканың сулы ерітінділері) пайдалануға, өйткені олар дәрігер қараған кезде күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызады;

сондай-ақ күю тереңдігін анықтауға қиындық туғызатын йод, зеленка спирт ерітіндісін қолдануға. Жараға тигізген кезде қосымша химиялық күюге әкеледі;

жараға ұнтақ (сода, крахмал), сондай-ақ сабын, шикі жұмыртқа тигізуге; өйткені олардан күйген жерде қиын түсетін қабық пайда болады және микробтарға жағымды орта болады;

күйген жерге бұласыр (пластырь) жабыстыруға; өйткені ол жазылу үшін қажетті оттегі жетуіне қиындық туғызады.

Химиялық заттардан күю.

Денені күйдіріп жіберетін химиялық заттарға концентрациясы күшті қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұзды ерінділері және фосфор жатады.

Концентрациясы күшті қышқылдар мен ауыр металдардың тұзды ерітінділері тканьдарға бірдей әсер етеді. Бұл химиялық заттар тканьнің белогын бүрістіріп және құрғатып жіберетіндіктен, оны коагуляциялық өлі ткань (наркоз) дейді. Жансыз тканьдардан қалың қабыршық пайда болады да, жаңадан келген химиялық заттарды тканьның терең қабатына жібермей оған бөгет жасайды.

Химиялық заттың зардабынан күйген адамның жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, естен танып қалу кездеспейді. Улану белгілері де болмайды. Жансыз тканьдардан тазарған жара қатайып, тыртық болып жазылады. Жараның жазылу процесі ұзаққа созылады.

Емдеу әдістері. Химиялық затпен күйіп қалған жерді сол мезетінде суық сумен жуу қажет. Су химиялық заттың концентрациясын азайтады, химиялық заттардың қалдықтарынан тазартылады да, химиялық заттардың әрман қарайғы зиянды әсерін тоқтатады.

Электр тоғынан күю.

Электр қуаты біздің күнделікті тұрмыстағы қызметімізбен тағыз байланысты. Өндіріс мекемелерінде электр тоғымен жарақаттанғандардың көрсеткіші 2-2,5 процентке дейін жетіп отыр. Сондықтан электр қуаты соққанда ағзада байқалатын өзгерістер туралы хабардар болғанымыз – жарақаттанған адамға көмек көрсету, өлімнен сақтап қалу үшін қажет. Электр тоғы адамды алыста тұрғанның өзінде соғуы мүмкін. Айнымалы ток 120 вольт немесе одан жоғары болған жағдайда адам терісі дымқыл болса, ағзадан өткен электр тоғы адамды бірден мерт қылуы мүмкін.

Электр тоғы ағзаға тікелей әсер етуіне байланысты орталық нерв жүйесінің қызметі жүрек пен қан тамырына және тыныс жолдарына да залалын тигізбей қоймайды.

Электр тоғы аз мөлшерде соқса, ағзадағы өзгерістер аса жоғары болмайды. Мұндай адам тез шаршағыш, әлсіз ұмытшақ келеді, көңіл – күйі төмен және ашуланшақ келеді. Иіс сезуі төмендеп, саңырау сияқты ақырын, баяу айтқан сөздері естілмейді, көздері бұлдырап, анық көре алмайды. Мұндай жағдайлар бірден емес, тоқ соққан соң бірталай уақыт өткеннен кейін барып пайда болып, көп уақытқа дейін созылады. Науқастың қан құрамын зерттегенде лейкоциттер саны артып, өзгерген лейкоциттер мөлшері де көбейіп кететіндігі анықталған.

Электр тоғынан күйген адамды емдеу. Электр тогы соққан адамға көмек көрсету сол науқастың жатқан жерінен басталады. Бұл көмек кем дегенде үш сағат бойына тоқтамайды. Жағдайы өте нашар өлім қаліндегі адамға жедел жәрдем көрсету сол адамның өмірін сақтап қалады. Ең алғашқы әрекет тоқ ұрған адамды тоқ әсерінен құтқарудан басталауы (құрғақ резенке қолғаппен ұстап, тоқ сымын кесіп, электр жолдары тармақтарын бөліп тастау) керек. Алғашқы көмек жүрекке сылама (массаж ) жасап, танауға, өкпеге ауызбен жел үрлеу мен көрсетіледі. Сонымен қатар естен танып қалу жағдайына қарсы әрекет жасалуы керек. Ол үшін күре қан тамыры арқылы жүрек дәрілерін, лобелин, цититон дәрілерін құйып, науқастын аяқтарын ұқалап, жылытып, оттегін беріп, күре тамыр және артериялар арқылы қан құю керек. Тоқ соққан жердегі өзгерістерге онша көп көңіл бөлмесе де болады. Тек тоқтың белгілері бар жерді таза матамен орағанның өзі жеткілікті.

Науқас адамды аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жатқызып, ем беруді, бақылауды одан әрі жүргізген жөн. Тоқ ұрған адамды тұрғызбайды, жүргізбейді. Тоқ соққан жерді емдеудің күйген адамның емінен ешбір айырмашылығы жоқ.

8 Дәріс. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы және жүйеленуі.

Мақсаты мен міндеттері: қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуін қарастыру.Жоспар:

1.Техногенді қауіптер.

2.Қауіпті және зиянды өндiрiстiк факторлардың жүйеленуі.

3. Өндірістік шудан, дірілден қорғану.

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әр түрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әр түрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, зауыттар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.

Өндірістік қондырғылардан шығатын және адам өміріне қауіп тудыратын зиянды заттарға мыналарды жатқызуға болады: шаң, жылу шығару, ылғал бөлу және зиянды газдар. Шаң  қатты немесе сұйық заттардың майда бөліктері, ауа кеңістігінде орналысқан.

Тоқыма кәсіпорындарында шаң талшықты материалдарды: мақта, зығыр, кендір, кенап, жүн, жібек және басқада талшықтарды қопсыту, түту және тарау процесінде түзіледі. Сонымен қатар шаң әр түрлі материалдарды майдалауда және  ұрғылауда пайда болады. Тоқыма кәсіпорындарында шаң жалпы құрылымына қарай органикалық және минералды болып бөлінеді. Органикалық шаң  негізгі үш түрге бөлінеді:1) өсімдіктектес шаңдар-мақта, зығыр, кенап, кендір; 2)жануартектес шаңдар - жүн және жібек; 3)  жасанды және химиялық талшықтар шаңдары. Шаң құрамына  мыналар енеді: талшықтар үзінділері, шиттің қабығы, жапырақ қиықтары, ағаш  және т.б.

Минералды шаң талшықты жинаған және тасымалдағанда түсетін  майда топырақ бөліктерінен тұрады. Оларға асбестің талшық бөліктері, боялған мақтадан және иірім жіптен бөлінетін шаң түріндегі бояу бөліктері. Ең көп шаң бөлігі  алғашқы өңдеу машинасында бөлінеді.

Шаң өлшемі микрометрде (мкм) өлшенеді. Өндірістік жағдайда микрон бөлігінен 100 мкм дейінгі шаңдар кездеседі. Шаң майда болған сайын ол зиянды, оңай тыныс алу жолдарына түседі.

Өндірістік шу — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу. Өндірістік шу дыбыс жұтатын құрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.

Діріл (Вибрация) — скалярлық шамамен сипатталатын нүктенің немесе механикалық жүйенің қозғалысынан туындайтын тербеліс.

Діріл (лат. Vibratio-тербеліс, діріл). Діріл-механикалық тербеліс, сызықтағы кернеулер мен деформациялар таңбалары айнымалы болғанда басталады.

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі талдағыштары (түйсіну мүшелері) сау адамда көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айырылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен шығармашылық әрекеті талдағыштардың адам таңқаларлық жағдайда бір-бірімен байланысатындықтарын, әсіресе мұнда вибрациялық түйсіктердің маңыздылығын көрсетеді.

Вибрацияның жалпы және жергілікті түрлері болады. Жалпы вибрация түгел ағзаға әсер етеді, ал жергілікті ағзаның тек белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді.

Жалпы вибрацияның әсерінен жүрек қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, тамырлардың тарылуы, буын өзгерістері тарылып, қозғалысты шектейді.

Жұмысшылар қолдарына жергілікті вибрацияның әсерінен терінің сезімталдығы, жүйке талшықтарының сезімталдығы, қан тамырларының серпімділігі жоғалып, сіңірлерінің сүйектеніп кетуіне әкеліп соғады.

Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әр түрлі кәсіптік ауруға ұшырайды. Мысалы асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және жүйке жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше. Осы аурумен жиі ауыратын машина жасау, металлургия, құрылыс, тау- кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғандадіріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10-4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін.

Вибрациядан сақтанудың бір әдісі вибродемпфирлеу (виброжұту) деп аталады, ол механикалық энергияның жылу энергиясына айналуы. Ол үшін конструкторларда арнайы материалдардың вибрацияланатын агрегаттарын қолданады (мысалы: мыс-никель, никель-титан, титан-кобальт жүйелерінің қорытпасы). Жақсы вибродемпфирлі материалдарға пластмассалар, ағаш жатады.

Вибрациядан қорғанудың тиімді әдісі болып виброоқшаулану болып табылады. Виброоқшаулағыш ретінде пружиналарды, серпімді резеңке төсеніш, тығындар, т.б. қолданады.

Шығу тегіне байланысты вибрацияның 3категориясын ажыратады:

  • транспортты;

  • транспортты-технологиялық;

  • технологиялық.

9-10 Дәріс. Қазіргі заманғы жаппай қырып-жоятын қарулар.

Мақсаты мен міндеттері: ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулар туралы түсінік, олардың сипаттамасы және олардың зардаптарын қарастыру.

Жоспар:

1.Жаппай қырып-жоятын қарулар туралы түсінік.

2.Жаппай қырып-жоятын қарулардың түрлері.

3.Oлардың ерекшеліктері және оны қолданудың салдары.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20 т (1950 жылдар).

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Дүниеге    келгеннен    бастап-ақ    ядролық    өзіне    ие    болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады.  Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

 

 

         Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың, жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жырылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

         Осыған қарай мынадай сауалдар туындайды: егер сау қалған адамдар ядролық зақымдау ошағында көмек көрсету және тағы да басқа жұмыстарды жүргізіп өздерінің өмірлеріне қауіп төндіретін болса, онда бұндай жұмыстардың алып баратын мағнасы неде, жалпы ол әрекеттердің өздері шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін бе?

Жауап алу үшін, алдымен, ядролық қару және оның жарылыстарының салдары туралы бір қатар мәліметтерді білу керек.

           Атом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр әлементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) әлементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір әнергия босайды екен.

          Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг уранның барлық ядролары ыдыраса босалған әнергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын әнергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұңкыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил әквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.

           Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері әлектростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс. Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану әнергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны тремоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Сонда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; сонан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы әріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).

 

 

          Ең қарапайым бомбалардың құрылысы екі немесе одан көп уранның бөлшектерінен түзілген, оның әрқайсысының массасы ауыспалы массадан аз болу керек. Жарылыс айтылған бөлшектердің бірге қосылуынан басталады. Ауыспалы масса деген жарылғыш заттың (мысалы, уран) ең аз мөлшері, ол одан асса өздігінен бөліну реакциясы өрістейді. Уранның ауыспалы массасы ондаған, ал плутонийдікі бірнеше килограммға тең. Бірақ іске қосылатыны бұл заттардың тек 20%-ға дейін-ақ. Мысалы Жапонияға қарсы қолданылған атом бомбасында не бары зарядтың 3%-ы ойнады. Қалған масса атылуға үлгермей газ тектес жағдайға айналып ұшып кетті.

           Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар. Олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

           Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп, терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы әлектр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да реакциялар барысы тоқталады.

 

 

           Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.

           Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор әнергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. Сығымдалған ауаның алдынғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны екі зонадан құралған: тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді.

           Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсе,радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігінде нейтрондар әсерінен сінген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.

           Жалпы ядролық жарылыс әнергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

           Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, магний әлементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ұшықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.

Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.

          Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені әнергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, әлектр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.

          Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.

            Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Әуе соққы толқынның негізгі зақымдаушы әрекетінің көрсеткіштері: артық қысым ( Рш), ауа ағымының жылдамдылығына байланысты итеру күші (Рж) және артық қысымның әрекет ету уақыты болып табылады. Артық қысым деген термин толқын шебі қысымының атмосфераның кәдімгі қысымынан артықшылығынан шығады. Толқын мен аралас жылжыған ауа ағымы динамиқалық қысымды, яғни итеру қабілетін көресетеді. Рш және Рж Паскаль (Па) деген өлшем бірлігімен есептеледі.

           Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1) Толық қирау зонасы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана   үйінділер   қалады.   Жер астындағы   қорғаныс   ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау зонасы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін. Жасырынбаған  адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау зонасы - Рш=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, әлектр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді.   Ағаш  үйлер  бұзылады,  жеңіл от  алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

500 мыңдай тұрғындары бар орташа қаланы едәуір дәрежеде қирату үшін қуаты 500 кт бомбаның біреуі ғана қажет екен.

Жалпы ядролық жарылыс аяқ астынан ұйымдастырылып халық алдын ала дайындалмаған, хабарландырылмаған жағдайда үлкен қаланың тұрғындарының 1/3 бөлігі қазаға ұшырайды. Едәуір бөлігі жарақат алады, күйеді, уланады, сәуле ауруына шалдығады, психикалық ауру болады, жоғалады, т.б.

            Хиросима апатынан зардап шеккен адам санының 40% және қаза тапқандардың 20% жарылыстың соққы толқынның себебінен болыпты. Соққы толқының тағы ерекшелігі-ол герметикаланбаған (саңлаулары бар) қорғаныс паналарға өтіп кетеді. Сондықтан осы паналар толқын сөндіретін керек-жарақтармен жабдықталу керек. Адам денесі соққы толқынның әсерінен лезде сығылып одан кейін ұлғайтылады, алдымен бұдан дененің ауа және сұйықтық толған қуыстары органдарының (өкпе, бас миының қарыншалары) үлпалары жарылып, үзілуі мүмкін.

         20-30 кПа қысымдылықта зақымның жеңіл деңгейі, құлақтың дабыл жарғақтарының жарылуы, есту қабілеті бұзылады, 30-50 кПа -құлақтан, аңқадан қан ағу, қысқа мерзімге естен тану, орташа деңгейдегі жарақаттану, кейкезде сүйек сынуы, өліммен аяқталу да мүмкін. 50-80 кПа қысымдылықта ішкі ағзалардың жарылуы, ұлпалардың майда, нүкте тектес қан ағуы, өліммен аяқталу жағдайлардың саны күрт өсуі. Қорғаныс паналарда, жерттөлелерде соққы толқының әсері лезде емес, сәл созыңқырап келеді, сондықтан осы жерде орналасқан адамдар биігірек қысымдылықты басынан өткізе алады.

         Соққы толқынның шебінде ауа температурасы да жоғары болады. Мысалы, 100 кПа артық қысымда ауа температурасы 350°С дейін барады. Бұл фактор жарылысқа жақын орналасқан панахананың ішінде отырған адамның ашық мүшелерін, тыныс алу жолдарын күйдіруі ықтимал.

         Бұдан басқа ғимараттардың құлаған қабырғалары және басқа да заттары адамды басып қалып асфикция (түншығу), ұзақ жаншылу синдромы сияқты жағдайларға әкеледі.

         Ауа ағымымен ұшқан заттар да (үйдің бөлшектері, терезе әйнегінің сынықтары, т.б.) адамның жарақаттану себебі болады. Салыстыру үшін: 30 кПа артық қысымдалығында ауа жалдымдылығы 60 м/с дейін барып дауылдан екі есе асып түседі. Ауа ағымы адамды тек лақтыру мен тыйылмай, шаң-тозаң көтеріп көзін және тыныс жолдарын шаңмен бітеп тастайды.

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себенінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі -радиобелсенділі әлементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

        Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір әлементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

         Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену дозасы (шарпу мөлшері). Жіті сәуле ауруының дәрежелері шарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау қасиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының әнергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:

-    экспозициялық   мөлшері   әуедегі   радиацияны   сипаттайды. Халықаралық  бірліктер   жүйесінде   ол   кл/кг  мен   өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі.

-   жұтылған   мөлшері   иондатқыш   сәулеленудің   биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1  кг массасы  1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр=1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр=100 рад.

-   эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коэффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма   -   сәулелену   мен   нейтрондардың   биоұлпаға   ететін   әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

      Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

          Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс орталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн. тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

           Радиация          фотоматериалдарды          бүлдіреді,          кейбір радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,0015 Гр-мен шектеледі (0,15 рентген). 30 жылда қабылданған 0,05 Гр (5Р) мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі-барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек. Бұрынырақ айтылғандай алғашқы радиацияға (өткіш радиация) шалдығу қауіпі негізгі нейтрон қарудан және жер үстіндегі ядролық жарылыстан төнеді. Сәуле ауруы адамның инфекцияға қарсы тұратын қабілетін (иммунитетін) пәсеңдетеді.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 әлементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі,дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады.

          Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

          Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен). Осылардың 50%-ті 2-3 аптадан кейін емделу үшін емханаға жатқызылуы керек. Жарылыстың кезінде немесе РЗ-мен ластанған ауданнан радиацияны қабылдау себебінен туындаған сәуле ауруының клиникалық көрінісі бірдей. Ядролық жарылыс себебінен зарарданған жердің формасы әллипс тәрізді болуы міндетті емес. Егер жел бағыты жылдам өзгеріп тұрса, радиобелсенді бұлттың қимылы да бір қалыпты болмайды. Адамдар сыртқы гамма-сәулелену шарпуына түсуімен бірге РЗ-дың денеге жабысуға, тыныс алу жолдарымен ағзаға өтуге, тамақ, су арқылы ішек-қарынға түскенге байланысты сәулеленеді. Алайда бұл факторлар сыртқы гамма-сәулеленуге қарағанда шіли маңызды емес көрінеді. Тек сүтпен және сумен бірге өткен 131-йод изотопы қауіпті болып саналады. Өйткені ол қалқанша безде жиналады. Табиғат РЗ-мен ластануы атом әлектр станциялары талқандалып қалғанда да немесе өздігінен атылған кезде де болады. Ондай оқиға болды да. Ол белгілі Чернобыль АЭС-ның апаты (1986ж). АЭС-ның жұмысы да ядролық реакциялардан шығу энергиясын пайдалануға негізделген, алайда әнергия шығару әдісі жарылыс түрінде емес, керісінше баяу қалпында өтеді және авария себебінен таралған радионуклидтердің құрамы біраз өзгеше келеді. Чернобыль апаты жағдайында радионуклидтердің (РЗ-дың басқаша атаулысы) жан-жаққа таралуы ұзақ мерзімге созылды және осы уақыт арасында ауа райы құбылмалы болып зарарданған зоналардың формасы желпеуіш тәрізді қалыптасты. Радиация деңгейі РЗ-дың құрамына байланысты 7 есе ұзарған уақыт сайын 2 есе басылып отырды. Дегенмен бір жыл өткеннен кейін радиация деңгейі 55 есе азайды. ЧАЭС аймағындағы ел-мекендерден халық түгел көшірілді, ауыл-шаруашылық өндіріске жердің 2 млн. гектар көлемінде тыйым салынды, өйткені оның бәрі зарарданылды деп саналған. Орманның 400 га ауданы сарғайып шықты

          Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.

           Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жіті сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады. Ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.

         ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.

          ЖСА-ның 4 мерзімі болады:

-   бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;

- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға деін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;

-  үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы  түсуі   мүмкін;   қан  үйысуы  бұзылады,   жалпы  организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;

- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай ден-саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бүл түрлері тереңде   жасырын   түрде   дамып,   бұлшық   еттердің,   сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-ның 4 дәрежесі болады:

- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;

- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. өлім шығыны 20%;

- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. ұшінші дәрежеде қан денешектерінің (лейкоцит, әритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;

-         төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады. 

Сәулелену шарпуына түскен адамдарға көрсететін алғашқы көмек.

        Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қыиндыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.

         Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек толық көрсетіледі.

          Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аәрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген көмірдің 25-30 г, күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. '15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.

         Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организмге сусындар–сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.

         Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші - емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.

        Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күю, т.б.) да есепке алынады.

Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.

         Адам организміне басқа зақымдаушы факторларымен салыстырғанда электромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әр-түрлі электр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек,

         ЭМИ-бен бірге радиотолқындар тарайды, олар едәіур қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.

Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында әлектромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.

          Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.

        Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл төтығы және басқа да улы газдар басып кетеді.

       Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см2).

       Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежлі күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см2), тері күлдіреп, талауратады; 4-5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік өзін теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см2. Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің әр см210 минут аралығында төгілген энергиясымен тең.

      Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша көрмей қалу - бұл жарықтың ауытпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі.

        Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр түрлі дәрежелі күйіктерге шалдығады.

        Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар   ауыр   жағдайға  ұшырайды.  Аздап бұзылған   қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп күтілуде.

Химиялық қару — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36) химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

              1. Химиялық қарудан қорғану. Химиялық қарудан қорғану — әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық қару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарға алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.