Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОБЖ на каз.яз..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
6.62 Mб
Скачать

Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.

Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады.

11-12 Дәріс. Күшті әсер етуші улы заттар.

Мақсаты мен міндеттері: Күшті әсер етуші улы заттардың адамға әсерін анықтау. Зиянды заттардың жүйеленуін, агрегаттық күйін, адам ағзасына түсу жолдарын қарастыру.

Жоспар:

1.Химиялық қауіптер.

2.Зиянды заттар. Зиянды заттардың жүйеленуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары.

3.Қауіпсіздік шаралары.

        Өнеркәсіп орындарында, ауыл-шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялық заттар пайдаланылады.

        Олар авария себебінен төгілген немесе далаға атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардануға, ал адамдарды зақымдауға әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе сақтайтын көсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына мынандайлары жатады: химиялық, дәрі-дәрмек өндіретін, қағаз шығару комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі-түсті металлургия зауттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай-ақ, азық-түлік, ет-сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй-жай тұрмысы шаруашылықтары.

        Кейбір жиі кездесетін күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) атап өтсек, бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (Н28), фосген (СОСІ2), күкіртті ангидриды (8О2), бензол (С6Н6), акрилонитрил (СН2=СН-СМ), метиламиндер (СН3КН2, (СН3)2КН т.б.), көгерткіш қышқылы (НСМ), тұз қышқылы (НСІ), бром сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (НМО3), күкірт қышқылы (Н24). Көбінесе бұлар газ немесе сұйық түрінде болады, әдетте сақтау немесе тасымадцау үшін қысым әрекетімен сұйықтық түрге айналдырылады. Тұрғындардың өздерінің мекен жайы маңайындағы орналасқан объектілерден келетін қауіпін білгені жөн. Мысалы үшін, қағаз өндіретін комбинатта, су жүргізетін бекеттерде көп мөлшерде хлор сақталынады; тоңазытқыш немесе ет комбинатында, мұнай өңдеу зауттарда, азот қышқылы, сода; тыңайқыштарды өндіретін жерде аммиак болуға тиісті; көгерткіш қышқылы пластмасс шығаратын кәсіпорында, ал күкіртті сутегі мұнаймен айналысатын және күкірт пен оның қоспалары бар заттарды дайындайтын зауттарда аса мол мөлшерде кездеседі.

Соңғы жылдары күшті әсер етуші улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнай газ өңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады. Бұл заттардың көбі ауадан ауырырақ болады да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған бұлт орнынан қозғалып жаңа жерлерді уландыруы мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады, ал жаңбыр удың жерге сіңуіне ықпал етеді.

Күшті әсер етуші улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану мүмкіндік шегі асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.

КӘУЗ және УЗ-мен зақымданған адамдарға алғашқы көмек көрсету.

       КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.

 

 

       Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

       -біріншіден, олар газ, сұйық, аәрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

       -екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

       -үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

        -төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді;          кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

 

 

          Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-әпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

          Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

          -көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

          -терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

          -тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

          -бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

          -жалпы   дененің  температурасы   қан   қысымдылығы   өзгеру, әлсіздену, естен тану.

         Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

         Улы заттардың организмге сіңіуін тоқтату. Ол үшін антихимиялық пакетті қолданып адамның бетінен улы заттарды сүртіп тастау керек, противогаз кигізіп, дененің ашық жерлерің сүртіп, киімнің жағасын, жеңдерін тазалап қауіпті аймақтан алып шығу.

        Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

       Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды.

       Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.

        Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әр-түрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

        Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -дық ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.

        Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды.

       Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды.

 

 

       Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мынау жәйттерді есте сақтаған жөн:

       -антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

       -фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

       -алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;

       -әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.

        Хлор – тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді.

Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар.

Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.

Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау.

Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммияк асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммияк көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.

Күкірт сутегі.

Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.

Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.

Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.

Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.

200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.

750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.

1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.

Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.

Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).

Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.

Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.

Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.

Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек.

Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.

Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.

Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.

Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.

Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).

Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс алу жасау керек. Жүрек соғысы сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша жүректің сыртынан массаж жасалады. Көмек әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.

13-14 Дәріс. Әлеуметтік қауіптердің сипаттамасы.

Мақсаты мен міндеттері: Лаңкестікпен, секталармен, жәбірлеумен, тонаумен, өзін-өзі қорғаумен байланысты жағдайларды қарастыру.

Жоспар:

1.Лаңкестік әрекеттер.

2.Діни секталар.

3.Криминогенді сипаттағы экстремалдық жағдайлар.

Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.

Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін.

VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ.с.)  мен  Оспанға (ғ.с.) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған.

Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан).

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы  91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне  жатады.

Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.

Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да  білген абзал.

Лаңкестікке қарсы iс-қимыл туралы.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы. Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.

Саяси лаңкестік - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқынышпен үркіту тудыру мақсатындабұзақылықәрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату.Лаңкестікмемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады.Лаңкестікқарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды.Лаңкестікке күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін.Лаңкестіктің психологиялық негізі -радикализм,экстремизм.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр.

Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді.

Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды.

Терроризмнің орталық элементінақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейдесимволдықмақсаттарды көздейтінтеррористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарғаШешенстандыРесейденбөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту,хаостытуындату.

Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстыққұбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тізімінде осы ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының аумағында қызметі заңсыз деп табылған 34 экстремистік, террористік бағыттағы ұйым бар.

Қазақ жерінде қазір қанша секта бар? – Елімізде 40-қа жуық конфессиялар, оның ішінде 3855 діни ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 3855 – Исламдық, 278 – православтық, 82 – католиктік, 1161 – протестанттық, 27 – яһудейлік, 4 – буддистік, және тағы 46 дәстүрлі емес діни ұйымдар қызмет етіп жатыр.

15-16 Дәріс. ТЖ кезіндегі халық пен аумақты қорғау.

Мақсаты мен міндеттері: халықты қорғау бойынша іс-шараларды өткізу кезеңдері. Қорғаныс құралдары. Ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары.

Жоспар:

1.Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды (ҚжБКЖ) ұйымдастыру мен жүргізу негіздері.

2. Халықты көшіру.

3.Радиациялық және химиялық барлау.

4.Медициналық іс-шаралар.

Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адамдарды құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша ТЖ-ны оқшаулау, сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет - адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару - ТЖ жою үрдісінің бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;

  • арнаулы (жедел);

  • қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру;

  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

  • өрт сөндіру;

- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

  • осал құрылыстарды күшейту.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарының алаңына және жұмыс орындарының инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • алаңдарды тазалау;

- техника орнату.

Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері..

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, түрғындарды, жүмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

  • көшіру - төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістін жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

  • қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардан, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ - бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз ету үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

  • көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

  • көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшыл- дықты сақтау;

- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс тәртібін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орна- ластыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағындағы өндірісте қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немеесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп - интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халык, өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жерглікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырғаы үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жүмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр үйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейлінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады. Тізімдер үйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдер үш данада жасалады біреуі ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі көшіру шараларды жүргізуге үкім алысымен жиналатын көшіру пунктіне (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимараттарына жасыру;

  • халықты таратып және көшіру қоныстандыру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

  • радиациялық, химиялық, бактериялогиялық барлау мен дозиметрлік және зертханалық бақылауды ұйымдастрыру;

  • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы үйымдарда жүмыс пен халықтың өзін-өзі үстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әр түрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалардың халқын, яғни жау шабуы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар - ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

Радиациялық барлау.

Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның әлектр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны әлектрөткізгіштік теп атайды.

 

 

 

Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді тоқты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолданылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.

 

        Автомобильдерге, және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен 500 р/сағ. шектеледі.

Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқарлары. Пайдалануға ыңғайлы,киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.

 

Радиация әсершен қорғану тәртіптері. Ядролық жарылыс параметрлерін болжау.

  Радиация әсерінен қорғану белгілі бір тәртібінің мақсаты - халықты, жұмысшыларды, АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамындағы қызметкерлерді радиация қауіпі бар жағдайда сақтандыру, радиацияның шарпу мөлшерінің белгіленген шамадан аспауын қадағалау болып табылады. Осыған орай әр түрлі қимылдарға реттемелеу салынады.

        Бұл тәртіптер нақты жағдайларға байланысты болғандықтан алдын ала есептеліп дайындалады. Қазіргі кезде сегіз типтік (үлгі) қорғану тәртіп әзірленіп ұсынылады:

        1-3 - жұмыс істемейтін тұрғындар үшін;

        4-7 - шаруашылық объекті жұмысшылары мен қызметкерлері үшін;

        8 - АҚ- тың әскери емес жасақтарының құрамдары үшін. Бейбіт кезінде негізгі қорғау тәртібі - халықты көшіру іске қосылады (мысалы Чернобыль АЭС апаты болғанда пайдаланды).

Жоғарыдағы аталмыш тәртіптердің әрқайсысы үш кезеңге бөлінеді:

      1 - радиациядан қорғайтын паналарда (РҚП) болу уақыты;

2 - қорғаныс паналар мен кәдімгі ғимараттарда болудың алмасу кезеңі;

        3 –тәулігіне бір-екі сағатқа ашық ауаға шығуы мен кәдімгі ғимараттарда   болуы   мен   үйлестіру   кезеңі   (қорғаныс   паналарда үзіліссіз, ұзақ уақыт болуын адамдар ауырсынады, сондықтан оларға қысқа мерзімге ашық аулаға шығуға рұқсат беріледі).

        Қорғаныс паналардың және басқа ғимараттардың өздеріне тән радиацияны әлсірету коәффициенті (Кәлс) болады. Ол ғимараттардың ішінде ашық даламен салыстырғанда радиация деңгейі неше есе төмендейтінін көрсетеді.

Қорғану тәртіптерін түсіндіріп көрсетуі:

       №1 - ауыл тұрғындары үшін, ағаш тамдардың Кәлс=2, РҚП-дың Кәлс = 50 (жабылған жыралар, жертөлелер);

   №2 - бір қабатты жер тамдардағы тұрғындар үшін кірпіш, тастан соғылған үйлердің Колс=10, РҚП=50;

        №3 - қала тұрғындары үшін, көп қабатты үйлердің Кәлс =20-30, РҚП-дың Кәлс =200-300 (көп қабатты үйлердің төлесі);

       №4 - ағаш құрылыстарда Кәлс =2 орналасқан Шаруашылық объектіде (ШО) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Кәлс =20-50;

         №5 - бір қабатты, кірпіштен жасалған ғимараттарда орналасқан ІНО-де (Кәлс=10) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Колс=50-100;

        №6 - бұл тәртіп № 5- ге ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кзлс =100-200;

        № 7 - бұл тәртіп № 5 - ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кәлс 1000;

         № 8 -АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамы үшін; құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстары барысында бұл қорғану тәртібі еңгізілуінде келесі ережелер көзделеді;

       -радиация деңгейі биік жерде адамдардың болу уақыты қатал қадағаланады;

         -жұмыстар алмасу тәртібімен (смена ретімен) жүргізіледі; адамдар   қабылдаған   радиация   шарпу   мөлшерін   бақылап отырады;

        -жеке қорғаныс құралдарың, медициналық қорғаныс құралдарын және техниканың, ғимараттардың қорғаныс қасиеттерін пайдаланады.

        Қорытып айтқанда аумақтың радиобелсенді заттар арқылы ластануы халықтын жүріп-тұруына, құтқару және кезекті күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге едәуір қиыншылықтарды туындатады.

        Қорғану тәртіптерін орнымен пайдалану, төтенше жағдайларда жетекшілер уақтылы шешім қабылдау үшін алдын ала арнайы жасалынған кестелер және графиктер қолданылады. Мұндай кестелерде ғимараттардың радиациядан қорғайтын қасиеттері, аумақтағы радиация деңгейі, белгіленген, рұқсат етілген дозалар, т.б. мәліметтер есепке алынады.

        Қорғану тәртіп Азаматтық қорғаныстың бастығы бұйрығымен еңгізіледі, сондай-ақ тоқталады: алдымен ТЖ туралы хабар берісімен жұмысшылар РҚП-ға жасырынады, ТЖ барысында объектідегі радиациялық жағдай барлау әдістерімен анықталады, осыдан кейін радиация деңгейіне байланысты қорғану тәртіптің нөмірі белгіленеді.

        Адам, техника, жабдықтар, киімдер және басқа заттарға радиометриялық бақылау жасау үшін арнайы приборлар көмегімен (үлгісі, ДП-5 аспабы) олардың сыртындағы радиация деңгейін өлшейді (мр/сағ.). Азық-түлік өнімдері, су, малға беретін жем-шөп қаншалықты ластанғанын білу үшін, оларды радиометриялық лабораторияларда тексеріп, радионуклидтердің меншікті белсенділігін өлшейді (Ки/кг,Ки/л).

Радионуклидтердің белсенділігі Кюри (Ки) және Беккерель (Бк) бірлік өлшемдерімен көрсетіледі - СИ: 1 Бк=1 ыдырау/секундта, 1 Ки=3,7 1010 Бк. Осыдан, заттардың бетіндегі белсенділігі - Бк/м2, көлемді белсенділігі - Бк/м3, меншікті белсенділігі - Бк/л бірліктермен өлшенеді.

         Тұрғындардың қалыптасқан жағдай күндерінде жыл сайын қабылдап отырған радиация шарпу мөлшері шамалап есептегенде төменде көрсетілгендей болады екен:

         -ғарыш кеңістіктен келетін радиация - 0,03 бәр - 13,9%; жердің табиғи радиация көздері - 0,04 бәр - 18,6%; радон ыдырауының өнімдерінен:

         -көбінесе жабық үй-жайларда болған кезде - 0,06 бәр-27,2%; үй-жайлардан тыс жерде - 0,02 бәр - 10%; азық-түлік өнімдерінің өздігінен болатын радиобелсенділігінен (ішкі радиация шарпуы) - 0,037 бәр - 17,2%;

         -медицинада       қолданылатын       радиодиагностика       және радиотерапия әдістерінен - 0,025 бәр - 11,6%;

         -қосымша радиация көздері (теледидардан, ұшақтарда жүру т.б.) - 0,00Ібәр-0,5%.

         Осының бәрін қосқанда адам жылына 0,213 бәр радиация шарпу мөлшерін алады; басқа мәліметтерге қарағанда орташа шарпу мөлшері 0,5 рентген құрайды.

         Барлау кезінде радиация деңгейі 0,5 р/саг. көп болғаны байқалса (жер бетінен 0,7-1 м биіктікте өлшенеді), бұл маңайда жер радиация жағынан зақымдалған болып есептеледі.

         Үй ішінде радиация деңгейі 90 мр/сағ аспауға тиіс.

         Соғыс кезеңінде рұқсат етілген радиация шарпу мөлшерін сәл көтеріп белгілейді: алғашқы 4 тәулікте - 50р, 30 тәулікте - 100 р, 3 ай арасында - 200р, бір жыл уақыт мерзімінде - 300 р.

         Ядролық жарылыстан туындаған радиациялық жағдайды болжау үшін келесі мәліметтерді білу қажет: ядролық жарылыстың қуаты (q, кт), болған уақыты, координаттары, желдін бағыты мен жылдамығы.

         Желдің параметрлерін метеостанциялар біліп хабарлап отыруға тиіс. Желдің бығыты мен жылдамдығын жер бетінен 0-2, 0-4, 0-6, 0-8, 0-10 км биіктікке дейін, яғни радиобелсенді бұлттың көрерілуіне байланысты анықтау керек.

        Жарылыстың параметрлерін қарапайым тәсілдермен зерттеуге де болады. Мысалы: жарылыстың дыбыс толқыны  1   км қашықтықты  3  секунд аралығында өтеді;

-егер саңырауқүлақтың шаң бағанасы (аяқшасы) шатырымен қосылып тұрса, бұл жер үсті жарылысы болғаны;

-аяқшасы шатырды қуып жететін жағдайда жарылыс биіктігі Н 20 м;

-егер аяқшасы шатырды қуғанымен оны жетпесе, онда - Н 20 м.

Осы екі соңғы жарылыстар - әуе жарылыстары деп саналады, бұлар жердің радиобелсенді ластануына көп ықпал етпейді.

Радиобелсенді бұлт өз биіктігіне 8-9 минут аралығында көтеріледі және бұл уақыт жарылыстың қуатына байланысты емес. Жарылыстың қуатын анықтау үшін ћ/<1 қатынасты шамалап өлшеу керек. Бұл жерде ћ - жерден алғанда бұлттың жоғарғы шетінің биіктігі; <1 - өз биіктігінде тұрған бұлттын көлденең диаметрі. ћ және d параметрлерді линейка арқылы анықтауға болады (қолды созып ұстағанда).

Радиобелсенді ластану зоналардың өлшемдері анықтамалар арқылы табылады, оларды "Азаматтық қорғаныс " штабтарда нақтылайды.

Радиация шарпуының басым дозасы бірінші тәулікке келеді (50%), алғашқы бес тәулік арасында ол 60% жетеді, ал бір айда - 70%.

Химиялық барлау аспаптары.

           Химиялық қару қолданылған аймақта барлау жүргізіледі. Улағыш заттардың бары-жоғын, бар болса олар қандай мөлшерде ауада, жер қабатында, техниканың бетінде тағы басқа жерде шоғырлануын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Солардың бірімен, әскери химиялық барлау аспабы (ӘХБА) аталған (орысша ВПХР - войсковой прибор химической разведки) Азаматтық қорғаныс құрамдары қамданады. Бұл аспап зарин, зоман, иприт, фосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан атты улағыш заттарды айықтауға көзделген. ӘХБА бір қорапта мынадай бұйымдардан жинақталған: үрлегіш, үрлегіштің саптамасы қорғағыш қалпақшаларымен қоса, кассеталарға орналастырылған индикаторлық 67 түтікшелер жылытқыш патрондарымен қоса, түтінге қарсы сүзгіштер, әлектр шамы, күрекше, патронды тескіш бігіз. Шыныдан жасалған индикаторлық түтікшелердің (ИТ) ішінде реактивпен толтырылған ампулалар және толтырғыш зат бар, ал сыртында белгісі көрсетілген. Қызыл белгісі бар ИТ зарин, зоман, ВИ-әкс-тің, жасыл-фосген, көгерткіш қышқыл, хлорцианның, ал сарысы - иприттің барысын анықтауға арналған. ИТ он данадан үш кассетаға салынған. Жылытқыш салқын ауа-райы кезеңінде ИТ-ді жылытуға бейімделген.

        Жұмыс алдында аспаптың түгелдігін, бұйымдарының іске жарамдылығын тексеріп алу керек.

        Фофсорорганикалық заттардың (ФОЗ) барысын зерттеу үшін қызыл белгісі бар екі ИТ-ні алып, әрқайсысының екі ұшын сындырады. Бұл іске арналған үрлегіштің бас жағында арнайы кескіш пен кішкене шұңқырша ескерілген. Сонан соң түтікшенің жоғарғы ампуласын үрлегіштің сабында орналасқан бігізбен жарады да ИТ-лердің екеуін де 2-3 рет сілтиді; біреуін (тәжірибе түтікшесі) белгіленген ұшымен үрлегішке кіргізіп өзегінен 5-6 рет ауа өткізеді, екіншісінен (сынақ түтікшесі) ауа өткізілмейді; ИТ-лердің екеуінің де төменгі апмулаларын жарады, түтекшелерді сілтиді.

 

 

        Сынақ түтікшенің толтырғыш аз уақытта қызыл түсін сарыға айналдырады. Егер осы уақыт бойынша тәжірибе түтікшенің толтырғышы қызыл түсті болып қала берсе - ол ФОЗ барын, ал түсін сарыға айналдырса жоғын білдіреді.

        Жасыл және сары белгіленген ИТ-лерді іске қосқанда да осы сықылды тәртіп ұсталады, тек толтырғыштарының өзгерген түсін кассетаның қабында көрсетілген әталонмен салыстырады, және түтікшелердің өзегінен ауа өткізу жиылығында да айырмашылығы болады.

        ӘХБА-мен жұмыс істеу тәртібі қорапшасының ішіндегі құжатында қысқаша берілген. Мысалы, үрлегіштің саптамасы техниканың, қару жарақтың улағыш заттармен ластанғанын, қорғаушы қалпақшалар - топырақты, түтінге қарсы сүзгіштер -улағыш заттардың түтінмен қосылғаның зерттегенде пайдаланылады. Химиялық барлау құрамдар ӘХБА-тан басқа да аспаптарымен қамтылады. Олардың арасында жартылай автоматтандырылған химиялық барлау аспабы (ЖАХБА) және автоматтандырылған газталдауыш (газосигнализатор) ГСП-11. Соңғысы УЗ-дың буларының ауада барысын үзіліссіз бақылау үшін химиялық барлау машиналарында орналастырылады.

 

 

          Халық шаруашылығында КӘУЗ-дың ауада барысын зерттеуге әмбебап газталдауыш УГ-2 пайдаланылады.

         УГ-2 және ӘХБА-ның жұмыс істеу принциптері бір.

        Өнеркәсіптік химиялық аспаптарға мыналары жатады:

"Колион-701" атты хлор газталдауыш; "Колион-1" атты аммиак, күкірт көміртегі тағы басқа органикалық және бейорганикалық қоспаларды айыруға арналған газталдауыш; ӘССА-1, ӘССА-2, ОК-101, МТ-121 газталдауыштар реті бойынша алғанда аммиакты, хлорды, оттегіні, метанды айықтайды. Осылардан басқа Германияның "Дрегер" компаниясы шығаратын сапалы газталдауыштар бар.

Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның әлектр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны әлектрөткізгіштік теп атайды.

 

 

 

Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді токты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолдаыылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.

 

       

Автомобильдерге, және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. Өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен 500 р/сағ. шектеледі.

        Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқарлары. Пайдалануға ыңғайлы,киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.

 

17-18 Дәріс. Алғашқы медициналық көмек.

Мақсаты мен міндеттері: Жедел жағдайдағы алғашқы көмектерді қарастыру.

Жоспар:

1.Жарақаттардың түрлері.

2.Жарақаттанғандарды және ауруларды тасымалдау.

3. Жедел жағдайдағы алғашқы көмек.

4. Жасанды дем алдыру.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдардың зақымдануы, сыртқы себептердің – аяқ қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсірінен ұлпалардың және органдардың тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Әсер механикалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы) психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көбі механикалық әсерлерден болады (сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің) буын мен сүйектің зақымдануы жатады.

Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Ағза ұлпасында қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, ал аз күштің көп рет және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Естен тану – ортылық жүйке жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай. Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған, жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, жұқпалы ауруларда, сәулеге ұшырағанда жиі кездеседі.

Естен тану 2 кезеңнен тұрады:

  1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән. Сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгеріп ерні көгереді, тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жылдам 2-ші сатыға көшеді.

  2. Екінші кезең. Орталық жүйке жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бұл кезең ауырлығы бойынша үш түрлі дәрежеге бөлінеді.

1-дәреже – жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, бірақта әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркенбейді. Тамырдың соғысы бір қалыпты жиілігі минутына 100-110 соққы. Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді.

2-дәреже – қатты естен тану. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Тері сұрғылт түске еніп бозарады. Дене температурасы төмендейді. Тамыр соғысы жиі болады (Р 70/40).

3-дәреже – өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық тер шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы мүлдем анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.

Естен тануға қарсы шаралар.

Ауыртпайтын дәрі-дәрмек: промедол, морфин, аналгин 5% 2 мл ерітіндісі, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1 г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Сүйек сынған, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек.

Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.

Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.

Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.

Жарақаттанушыны тасымалдау.

Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.

  • Зембілмен тасымалдау;

  • Екі футболкадан немесе пальтодан жасалған тасымалдағыштар. Түймелерін қадап, жеңін теріс қаратып қадаға таңылады.

Жарақаттанушы үстіне жатқызылады.

  • Шанамен, шаңғымен тасымалдау;

  • Отырғызып, тасымалдағыштармен тасу;

  • Жіппен таңып тасу;

  • Кесілген қолдорбамен тасу;

  • Ағаштан жасалған сүргілермен мата, терімен тасымалдау;

  • Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған жағдайда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа жауырыны сынғанда – ішімен жатқызу;

  • жамбас сүйектері сынып, ішкі құрсақ ашық жарақаттанғанда, буын тізелері қисайғанда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда – басты төмен және аяқтығоғары көтеріп арқамен жатқызу;

  • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда бір жанымен жатқызу;

дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай отырғызып, аяғын алдына созу.

Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау.

Жазатайым оқиға болған кезде зардап шегушіге дереу алғашқы көмек көрсетумен қатар, оны тез арада және дұрыс жақын орналасқан емдік мекемеге жеткізу қажет.Зардап шеккенді көтеріп апару мен тасымалдау ережелерін бұзу оның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін.

Зардап шегушіні көтеру, көтеріп апару және тасымалдау кезінде оның ыңғайлы қалыпта болуын және оны селкілдетпеуді бақылау қажет. Қолмен көтеріп апару кезінде көмек көрсетушілер адымдап жүрмейді. Зардап шегушіні зембілге көтеріп салуды келісе отырып, команда бойынша жүргізеді. Зардап шегушіні оның ауырмайтын жағынан көтеріп, көмек көрсетушілер бір тізелерінде тұрып, қолдарын басының, арқасының, аяғының және бөксесінің астына салу кезінде қолдары зардап шегушінің екінші жағынан көрінетіндей болады. Зардап шегушіні зембілге салу кезінде оны орнынан көтермей, оны жерден сәл көтеріп, екінші біреу зембілді астына салған дұрыс болады. Бұл әсіресе сынған жағдайда маңызды болып табылады. Мұндай жағдайларда біреу сынған жерді ұстап тұрады.

Омыртқасы зақымдалған зардап шегушіні тасымалдау үшін зембіл төсемінің үстіне тақтай, ал оның үстіне киім қойылуы және зардап шегуші арқасымен жатады. Тақтай болмаған кезде зардап шегушіні зембілге ішімен жатқызады.

Төменгі жақ сынған кезде зардап шегуші тұншығып жатса, оның бетін төмен қаратып тасымалдайды.

Іші зақымдаған кезде зардап шегушіні арқасына жатқызып, аяғының тізесін бүгу қажет. Тізесінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қойылады.

Кеуде төсі зақымданған зардап шегушіні жартылай отырған қалпында, арқасына киім қойып тасымалданады.

Тегіс жерде зардап шегушіні аяғын алдыға қаратып, ал төбеге немесе баспалдақ бойынша көтерілу кезінде басын алдына қаратып тасымалдау қажет. Зембілге еңістік қалып бермеу үшін төмендегі көмек көрсетуші зембілді көтеріңкіреп ұстайды.

Соққыларды болдырмау және зембілді солқылдатпау үшін, зардап шегушілер бірдей аяқпен, тізелерін бүге, аяқтарын қатты көтермей жүрулері керек. Зембілде тасымалдау кезінде зардап шегушіні, таңғыш пен таңғыш қалақтың салынуын бақылау қажет. Ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде зардап шегушінің жатқан қалпын ауыстыру, оның басының астына салынған киімді дұрыстау, (іші ауырған кезден басқа жағдайларда) шөлін басу, ауа-райының қолайсыздықтары мен суықтан қорғайды.

Зардап шегушіні зембілден түсіру кезінде оны оған салу кезіндегідей іс-әрекеттер жасау керек. Зардап шегуші салынған зембілді ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде көмек көрсетуші оны зембілдің сабына байланған бауды мойынына салу арқылы да тасуы қажет.

Ауыр халдегі зардап шегушіні тасымалдау кезінде оны ауыстырып жатқызбай, сол зембілмен бірге астына шөп төсеп арбаға немесе машинаға салады. Зардап шегушіні тасымалдау кезінде абайлап, оның селкілдеуіне жол бермейді.

Алғашқы жәрдем (егер адам дем алмаса).

Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут қана бар, өйткені адамның миы үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамның тамыр соғысын тексеріңіз, егер адам дем алмаса тамыр соғысы жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.

  2. Адамның дем алу жолын тазартыңыз. Адамның аузы құсығына немесе сілекейіне толып, тілі тамағына түсіп сол себептен адам дем аламай жатуы мүмкін.

Сондықтан:

  1. Адамның басын шалқайтыңыз, жаурынның астына бас төмен ал кеуде жоғары тұру үшін оралған киімді кою керек, жақты көтеріп аузын ашыңыз.

  2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.

  3. Адамның басын солға не оңға бұрып, оның аузын сілейкеден және құсығынан босатыныз.

  4. Егер адамның аузы қатты тістелініп жатса, онда төменгі жақтың бұрыштарын алға тартып, иекті төмен түсіріп ауызды ашыныз.

  5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны кеудесіне жатқызып басын солға не оңға шалқайтыңыз.

  6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беруді бастаңыз (ауыздан-ауызға немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру).

  7. Егер адамның жүрегі соқпаса және тамыр соғысы жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажын жасау қажет.

«Ауыздан ауызға» әдісі.

  1. Өз қолының ортанғы саусақпен зардап шеккен адамның тілді дұрыстап қою үшін ауызды теқсеріңіз.

  2. Зардап шеккен адамды арқаға жатқызып, аузын ашып, жақты бір қолымен ұстай тұрыңыз.

  3. Зардап шеккен адамның мұрнын жауып, өз ауызыңызбен оның аузын қосып, кеуде көтергенше ауаны қатты үрлеңіз. Мұны басталғанда еркін қолыңызды адамның кіндіктен сәл жоғары қойып асқазанына ауа кірмеу үшін кішкене итеріп тұрыңыз.

  4. Өкпе ауаға толғаннан кейін зардап шеккен адамның, ауа енді сыртқа шығу үшін аузы мен мұрынын босатыңыз.

  5. Осындай қимылдарды минутына 20 рет жылдамдықпен адам өзі демалғанша қайталау керек.

Егер адамның ауызы бұзылып қолдан дем беруді жасай алмасаңыз, онда зардап шеккен адамның аузын жауып, ауаны мұрыннан беруге болады.

Егер адам өзі демалуды бастаса, онда оны демалуға қауіпсіз кеудесіне жатқызу керек. Зардап шеккен адамнан алысқа кетпеңіз - өйткені адамның дем алу тағы да тоқтауы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам кішкентай бала болса, онда оның аузы мен мұрынын өз аузыңызбен бірақ жауып, қолдан дем беруге болады. Сонымен бірге кішкентай балаға үлкен адаммен салыстырғанда демді жиі беру керек.

Жүрекке массаж жасау.

Егер адамның жүрегі соқпаса, онда миға қан бармай адам тез өліп қалады. Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге, өкпеге ауыздан ауызға тәсілімен ауаны беріп тұрсаңыз. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтатып тастауы мүмкін.

Алақандарды бір біріне қосып, кеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

Егер массажды сіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажды екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек.

Егер адамда тамыр соғысы пайда болса, онда жүрекке, массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

Егер жүрекке массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

Егер жүрекке массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.

Суға батқандағыларға және асфиксия кезінде көрсететін көмек.

  1. Зардап шеккен адамның бас жағына тізелеп отырып, екі қолыңызбен шынтақ жағынан ұстау керек.

  2. Сосын оларды біркелкі басына қарай көтеріп, осындай қалпында 1-2 секундтай ұстай тұру керек.

  3. Содан кейін біркелкі, бірақ жылдамырақ қолдарын кеудеге қарай түсіру керек.

  4. Осы қимылдың аяғында қолды кеудесіне кішкене қысу керек.

  5. Осындай қозғалыстарды минутына 16-18 рет адам демалумен бірдей жылдамдықпен жасау керек.

Алғашқы жәрдем / қанды қалай тоқтатады.

Кішкене алған жарақаттан қан өзінен өзі тоқталады. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен қатты байлап қою керек.

Қатты қысып байлау:

  1. Адамды жатқызыныз. Жарақат алған жерді киімнен босатып дұрыстап қарап шығыныз.

  2. Егер жарақатта бөтен зат болмаса, оған қанды жақсы сінетін материалды (салфетка, орамал, шүберектің бір бөлігі) қойыңыз. Жарақат жерді жоғары көтеріңіз, бұл қан ағымына қан айналымына байланысты азаюға апарады. Жарақаттағы салфеткаға, орамалға мақтаны немесе матаны қойып бинтпен қатты байлап тастаңыз.

  3. Егер қан ағымы тоқтамаса, яғни қан байланған жерінен шығып жатса, бұрынғы байланған бинтті алмай оның үстіне екінші қабатпен тағы да бинтпен қатты байлап тастаңыз.

4. Егер сізде бинт жоқ болса, онда оның орына кез келген шүбіректі қолдануға болады.

Егер жарақат жерінде бөтен зат болса.

Егер жарақат жерінде бөтен зат болса, мысалы шынының бір бөлігі, онда оны алмаңыз. Олай сіз жарақат алған адамға зиян келтіресіз. Мүмкін бұл зат қан ағымын ұстап тұруы мүмкін.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Жараның айналасын он минуттай қатты қысып, қанды тоқтатыңыз.

  2. Сақиналық таңғышпен жарақат жерінің айналасын ораңыз.

  3. Бинт жарақат жеріндегі таңғышты жоғары және төмен жағынан қатты ұстап тұру керек.

  4. Жедел жәрдемді шақырыңыз.

Артерияны басу және бұрау (жгут) салу.

Егер қысып ұстап тұрған байлам көмектеспесе, онда жарақатқа қанды апаратын артерияны басып көріңіз.

Ең алдымен артерияны қолмен басып көріңіз. Егер бұл көмектеспесе, онда адамға бұрау салуға тура келеді.

Ол үшін шүбірекпен, шлангпен немесе жұқа арқанмен жарақат жерінен жоғары жағын байлаңыз. Сосын бұрамның астына жұқа таяқшаны, қарындаш немесе қаламды кіргізіп қатты бұра бастаңыз. Содан кейін қарапайым қысатын таңғышты байлаңыз.

Артерияны 10 минуттан артық қысып ұстауға болмайды. Әйтпесе ұлпаларда қан бармағаннан өзгермейтін құбылыстар пайда болады да, оны кесіп тастауға тура келеді.

Бұрау салғаннан кейін адамға су ішкізу керек.

Варикоз тамырлардың жарақатталуы.

Аяқтағы варикоз тамырлардың кеңейуі қауіпті, себебі бұл тамырлар жарылып, қатты қан ағымы басталуы мүмкін.

Мұндай жағдайда қан ағымын тезірек тоқтатып, зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.

  1. Адамды жатқызып, аяғын биікке көтеру.

  2. Жарақат жерін бинтпен немесе шүберекпен орап тастаңыз.

  3. Егер бинтке қан сіңіп кетсе, оның үстіне жаңа таңғышты байлаңыз.

  4. Жедел жәрдемді шақырып, зардап шеткен адамды тыныштандыруға ұмтылыңыз.

Мұрыннан, ауыздан немесе құлақтан қан ағу.

Мұндай қан ағымдар адамның бас немесе кеуде жарақатын алғанның белгілері. Ауыздан қан ағу кеуде жарақатын алу белгілері, құлақтан және мұрыннан қан ағымы бас сүйек – ми зақымының белгілері.

Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыңыз. Жарақат алған адамды шынтақтап жатқызып, басын қан аққан жағына шалқайту керек. Егер қан мұрыннан немесе құлақтан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза салфеткамен, орамалмен, мақтамен жабу керек. Бірақ бұл жерін қыспаңыз.

Егер адам есінен айрылса, онда оны жатқызып, басын аяғынан жоғары қою керек.

Алғашқы жәрдем / жарақат жерін қалай орау керек.

Орайтын заттар:

  • Бинттер (стерильді және стерильді емес).

  • Дым жұтқыш және қарапайым мақта. Дым жұтқыш мақта ылғалды және іріңді тарту қабілетіне ие.

  • Таза орамалмен, кесілген матамен, салфеткалардың көмегімен қан тоқтатуға және жарақат жеріне кір кірмеуге жағдайын жасауға болады.

Жарақат жерін қалай дұрыс байлау керек:

  1. Бинттін шетін жарақат жеріне қойып, бір толық айналым жасаңыз, қаптаманың сыртқы жағын жараға қарай ұстаңыз, солай орауға ыңғайлы болады. Жарақат жерінен төмен 2-3 рет толық айналым жасап, 2-3 рет жарақаттан жоғары байлаңыз.

  2. Сосын бинттің шетін екіге кесіп, содан екі жіпті жасап, байлап қойыңыз (тек жарақаттың астында емес).

Дұрыс емес жасалған таңғыш қатты қысып тастап және қан айналымына кедергі жасауы мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтарын қозғата ала ма, саусақ ұштарының түсі өзгерген жоқ па және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па таңғаннан кейін тексеру керек.

19-20 Дәріс. Медициналық-биологиялық қауiптер және салауатты өмір салты.

Мақсаты мен міндеттері: ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың, зиянды әдеттердің

адам ағзасына әсерін қарастыру.

Жоспар:

1.XXI-ғасырдың қауiптi аурулары.

2. Нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну.

3. ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС.

4.Туберкулез, қатерлi iсiк және т.б.

Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.

Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар. Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.

Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр.

Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек. Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді.

Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:

1. Ерін тіл және өңеш қатерлі ісігіне жол ашады.

2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

4. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшыратады.

5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).

6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, жасушалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.

7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.

8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.

10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.

11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес.

12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды. 

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді.

Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.

Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.

Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.

Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус — клетка кешені" деген синоним қолданылады.

2.  Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі.

Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді. істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді. Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді.

Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?

Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.

Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды.

Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?

Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).

Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.

Әсіресе олардың ең қауіптілері: ЖИТС, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.

Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:

1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.

2.Мүшеқаптарды қолдану.

3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.

4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.

5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.

6.Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.

Соз (гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады

Мерез (сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.

Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.

Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.

Оба (чума).

Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру.

Yersinia pestis бактериясының пайда болуының нақты уақыты белгісіз. Кейбір тарихшылардың болжауынша, оба 1500-2000 жыл бұрын псевдотуберкулез мутациясының нәтижесінде болған. Сондай-ақ, оба алғашқы бүргелермен бірге адам пайда болғанға дейін пайда болған деген де пікір бар.  

Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан, 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.

Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар.Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы дамиды.

Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады.

Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде (сайгак), мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Жануарларға бүргелер арқылы беріледі.

Алғашқы белгілері.

Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, дененің қатты дірілдеуі, дене қызуы 39-40оС-қа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы. Психикасы өзгере бастайды. Мастар секілді сөйлеу алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы бұзылады. Бауыры, тілі ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.

Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

Ауру асқынған жағдайда науқас өледі.

Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.

Обаны емдеу.

Алғаш рет обаға қарсы вакцинаны XX ғасырдың басында Владимир Хавкин жасады. 1896 жылы аумағы жағынан Үндістандағы екінші үлкен қала Бомбей оба дертіне оранды. Сол кезде тырысқаққа қарсы тиімді вакцина жасаған Лозанн университетінің приват-доценті биліктің өтініші бойынша Бомбей қаласына келеді. Аз ғана уақыттың ішінде обаға қарсы алғашқы тиімді вакцинаны жасап, ол оның қауіпсіздігін алдымен өзіне салып көрсетіп, кейіннен бірнеше жылдар бойы халықты вакцинациялауға тікелей қатысып отырды. Бомбей қаласында Хавкин құрған обаға қарсы шағын лаборатория кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бактериология және эпидемиология бойынша ең ірі зерттеу орталығына айналды және 1925 жылдан бастап Хавкин атындағы Институт атымен аталады.

Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау.

Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

Тырысқақ (холера).

Тырысқақжедел жұқпалы, клиникалық жағдайына байланысты әр түрлі дәрежедегі диариямен, интоксикациямен (дененің кебуі, су жоғалтуы) сипатталатын ішек ауруы.

Қоздырғыш ашылуына Р. Кох, Ф. Готилехс еңбектері зор. Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, кей жерлерде 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды. Күн сәулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі.

Тырысқақ қоздырғышы

Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтала бастаған.

Ауру көзі - науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Сонан соң шыбындармен, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады. Жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді.

Тырысқақтан сақтануға вакциналарды, антибиотиктерді, басқа да дәрілерді қолданады. Тырысқақ шыққан жерге төтенше комиссия карантин жариялайды.

Жұқтыру түрлері: қарым-қатынас, су. Су-ең қауіпті жұқтыру түрткісі. Тырысқақ пен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айларында бас көтереді.

Сау адамдарға қоздырғыш залалданған суды қолданған кезде не ашық су қоймаларында суға түсукезінде жұғуы мүмкін.

Емдеу: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсаттаорганізмдегі су-электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.

1. Регидратация, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру. 2. Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғни дәреті қалпына келгенше

су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру.

1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды.

Пандемия (грек тілінен аударғанда тұтас халық) – жұқпалы аурудың бүкіл ел аумағына таралуымен сипатталатын эпидемия.

Алдын-алу шаралары.

Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында көрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпидемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі:

1. Жедел түрде госпитализациялау, оқшаулау, тексеру және емдеу.

2. Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру.

3. Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялық тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау).

4. Ошақта эпидемиологиялық тексеру

5. Күнделікті және ақырғы дизенфекция.

6. Санитарлық- гигиеналық шаралары.

Көбіне Үнді, Индонезия, Пакистан елдерінде жиі байқалады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ақпаратына сәйкес 2010 жылы тырысқақпен 863547 адам ауырған, оның 115587 қайтыс болған. Ауру Африка (217288/8643), Азия (524658/153), Орталық Америка (121600/2761),  Европа (Германия1/1) елдерінде тіркелген. 2011 жылдың өткен мезгілінде дүние жүзінде 253045 ауырған адам тіркелген, оның 4663 қайтыс болған, бұл Африка (20899/105), Азия (382/6),  Америка (231763/4552),  Европа (Испания 1/0) елдерінде.

Қазақстан Республикасында адамдар арасында тырысқақ ауруы тіркелмеген.  Бірақ Қазақстанды Азия және Еуропа елдерімен байланыстыратын көлік инфрақұрылымының  дамуымен тырысқақ ауруының тасымалдану қаупі зор. Санитарлық қызмет осы аурудың тасымалдануы мен тарауының алдын-алу үшін аумақта барлық алдын-алу іс-шараларын жасап, тырысқақпен басқа қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.          Бүгінгі күнге эпидемиолог, инфекционист, аудандық бас санитарлық дәрігерлер мен карантиндік және аса қауіпті аурулардың  алдын-алу, оның ішінде тырысқақтың алдын алу туралы шаралар өткізіліп тұрады (семинарлар, қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі).

АИТВ (ВИЧ), ЖИТС (СПИД).

АИТВ (ВИЧ) – адамның иммунды тапшылық вирусы.

ЖИТС (СПИД)-жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы.

АИТВ (ВИЧ) — иммунды жауаптың арнайы құрамдарының жоғалуы. Иммунды тапшылық белгілері Т-және В-торшаларының қызметінің бұзылуынан туады. Осының салдарынан организмнің антидене түзу қабілеті бұзылады.

Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС (СПИД)- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі.

АИТВ – жұқпасының жұғу жолдары және жұқтыру:

  • Жыныстық қатынаста;

  • Қан құюда;

  • Баланың құрсақта зақымдалуы (ауру анадан баланың жолдасы арқылы);

  • Стерилді емес медициналық құралдарды қолданғанда;

  • Есірткілерді ортақ шприцпен қолданғанда.

АИТВ жұқпасы жұқпайды:

  • Тұрмыстық жолмен (ортақ ыдыс-аяқтарды, бет орамалдарды қолданғанда);

  • Контактылы-тұрмыстық жолмен (қол алысу, құшақтасу арқылы);

  • Ауа-тамшылы жолмен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде);

  • Трансмиссивті жолмен (қан сорғыш жәндіктердің шағуы арқылы зақымдалу қаупі жоқ).

Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді.

ЖИТС – науқасын шақыратын вирусты 1983 ж. француз ғалымы Л. Монтанье тапты. Ал 1984 ж. американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.

ЖИТС-тің байқалуы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:

1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі.

2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.

3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар.

4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы.

Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды АИТВ - инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек.

Осы уақытқа дейін ЖИТС пен АИТВ-ға қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз. Қазақстан Республикасында АИТВ-мен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды.

ЖИТС-тің соңғы сатысы-өлім. ЖИТС-ке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек.

Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Ол әр түрлі органдарға жайылуы мүмкін.

Туберкулездің қоздырғыштары.

Туберкулездің жұқпалылығы туралы дәрігерлер сонау көне заманда-ақ білген, олар туберкулезге шалдыққан ауру төңірегіндегі ауада қандай да бір жұқпалы микробтардың бар екендігін болжаған. Алайда бұл аурудың жұқпалылық табиғаты туралы тек ХIX ғасырдың ортасында ғана нақтырақ айта бастады. 1882 ж. неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелдеген. Туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе кох бацилласы (КБ) деп атала бастаған. Сүтте, май мен ірімшікте КБ ұзақ сақталады.

Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада зақымдалған органнан – өкпе туберкулезі кезінде қақырықтан, бүйрек немесе несеп бүршігі кезінде кіші дәреттен бөлінеді.

Туберкулез жұқпасының негізгі таралу көзі аурудың қақырығы болып табылады. Шыққан қақырық аурудың төсек орнына, тұрмыстық заттарға, тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттың еденіне, қабырғасына шашырайды. Шаңмен бірге құрғаған қақырық шашырандысы сау адамның тыныс жолына өтеді. Туберкулез тек шаң арқылы емес, сондай-ақ қақырық тамшысының өкпеге бірден түсуі арқылы жұғуы мүмкін. Жөтелген кезде қақырықтың ұсақ тамшылары 2 метрге, ал түшкірген кезде 9 м жетеді.

Кейбір жағдайда ол тамақ ішкен кезде (су, ет) ас қорыту жолдары арқылы жұғады.

Жұғу көздері:

Адам т. қоздырғышының негізгі көздері ауру адам б.т.

Туберкулезбен ауырған кезде әр түрлі сипаттағы белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, уайымға салыну, тәбеттің нашарлауы, арықтау, түнде тердің шығуы, дене температурасының жиі көтерілуі.

Туберкулез ашық және жабық түрге бөлінеді. Ашық түрінде қақырықта т. таяқшасы байқалады. Туберкулездің жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшасы болмайды. Туберкулез қоздырғышы ең алдымен өкпені жалайды. Туберкулез микобактериясы енген ұлпаларда ұсақ бұдыр немесе ірі ошақтар түрінде қабыну учаскелері пайда болады.

Емдеу. Негізінен амбулаторлық тұрғыда өткізіледі. Химиопрепараттарды қабылдауміндетті, онсыз туберкулезбен ауырған адамжды емдеу мүмкін емес.

Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс. Санитарлық сақтандыру, яғни туберкулез ошағында дезинфекция жүргізіледі, аурдың жеке заттары арнайы тазартылады. Арнайы сақтандыру БЦЖ вакцинасымен жүргізеді.

Бруцеллез.

Бруцеллез – бруцелл тобы қоздырғыштары туғызатын жұқпалы ауру. Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы арқылы қоздырғыштың өту кезінде ауруға шалдығады. Тері немесе кілегейлі қабық арқылы бруцеллдер өтіп қанға түседі. Қаннан қоздырғыш бүйрекке, көкбауырға, сүйек майына өтеді. Нәтижесінде тірек-қозғалыс, жүйке, жыныс жүйелерінде асқыну дамиды. Аурулар еңбек қабілетін сақтайды. Шаршағандық, тітіркенушілік, бастың сырқауы байқалады. Тәулігіне бірнеше рет қара тер қатты бөлініп, қалтыраушылық туғызады. Бүйрек пен көкбауыр үлкейеді.

Бруцеллезден сақтандыру жануарларды бруцеллезге шалдығуын төмендетуге бағытталған тиісті санитарлық-ветеринарлық шараларды жүргізу болып табылады. Азық-түлік сапасына бақылау жасалады, бруцеллезбен ауырған жануарлардың сүт тағамдарын пайдалануға тыйым салынады.

Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;

• Аса тоя тамақ жемеу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, ас-қазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан ары арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу;

• Шектен тыс шаршамау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;

• Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.

Ісікке қарсы тұра алатын А, С және Е дәрумендерін, селена, фолий қышқылын, ет мөлшерін қыс-қартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пайдалану әрбір адамның саулығының кепілі.