Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОБЖ на каз.яз..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
6.62 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директорының м.а.

т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева

_____________________________

  1. «___» _________________ 2011 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»

Мамандық 5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030400 – Кеден ісі, 5В030300 – Құқыққорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп және аудит, 5В050600 -Экономика, 5В050300 - Психология, 5В050100 - Әлеуметтану, 5В050900 – Әлеуметтік жұмыс, 5В050200 – Туризм, 5В050207- Аударма ісі, 5B050507 – Менеджмент

Оқу түрі: күндізгі

Барлығы - 2 кредит

Курс - 1 Семестр –1, 2

Дәрістер - 20 сағат

Cеминар -10 сағат

СОӨЖ -30 сағат

СӨЖ - 30 сағат

Емтихан - 1, 2 семестрЖалпы көлемі –90 сағат

А С Т А Н А – 2011

Курс оқытушысы: Жалмаханбетова Роза Илемісқызы – химия ғылымдарының докторы, гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасының доценті, 413 каб.

Ғылыми қызығушылығы: адамның тіршілік қауіпсіздігі, табиғи қосылыстар химиясы және экология.

Пререквизиттер: студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: экология, химия, ядролық химия, физика, география, геология, генетика, медицина.

Постреквизиттер: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнаралық сипатқа ие. Пән бойынша алынған білімді физика, химия, биология, анатомия, физиология, медицина негіздерін оқығанда қолдануға болады.

Пәннің сипаттамасы:

Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, қоғамдық-өндірістік қызметтердің барлық саласында техниканың кең енгізілуі, механикаландырудың және автоматтандырудың жүйесі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы әр түрлі табиғи, техногенді, экологиялық және тағы басқа да қауіптердің пайда болуына және кең таралып кетуіне әкеледі. Олар әрбір адамнан халықтың денсаулығын және адамның ағзасын қолайсыз әсерлерден қорғаудың тиімді жиынтық шараларын икемді анықтауын және жүзеге асыруын талап етеді.

Тіршіліктің қауіпсіздік мәселелерін шешу адамдардың қызметтегі қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуден, адамды және оны қоршаған ортаны зиянды факторлардың әсерінен (өндірістік, табиғи, қалалық, тұрғылықты) қорғаудан тұрады.

Қызметтің оптимальды жағдайларын және адамның демалуын қолдау жоғары еңбекке қабілеттілік пен өнімділік үшін алғы шартты құрады. Еңбек қауіпсіздігін және демалуды қамтамасыз ету зақымдалудың және науқастың төмен болуы есебінен адамдардың өмірін және денсаулығын сақтауға мүмкіндік туғызады.

Сондықтанда тіршілік қауіпсіздігін оқу объектісі “адам-қорек ету ортасы” жүйесінде теріс әсер ететін құбылыстар мен процестердің жиынтығы болып табылады.

Сонымен тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнінің негізгі мақсатықауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау болып табылады.

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнін оқытудың міндеттері:

- өндірістік, табиғи және тұрғылықты ортаның зиянды және қауіпті факторларының сипаттамасын анықтау;

- зиянды факторлар әсерінің алдын алу шараларын, олардың адамға зиянды әсерін, технологиялық және тағы басқа процестердің экологиялық стандартқа сай болуын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын қарастыру.

- төтенше жағдай кезінде халықты қорғау мәселесі бойынша іс-әрекеттерді, ҚР-да өмірдің қауіпсіздігін басқару жүйесі құрылымын және механизмін талдау.