Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия силлабус.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.04 Mб
Скачать

§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:

  • сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

  • рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм (грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».

Сезімдік таным формалары:

  • түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;

  • қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

  • елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалдық формасы.

Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалдық таным формалары:

  • ұғым – заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.

  • Пікір дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);

  • Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.

M – P Барлық адам - өледі

S – M Гегель - адам

________ ___________________________ ;

S – P Гегель - өледі

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

  • гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

  • агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)

Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:

  • диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;

  • тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;

  • танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;

  • объективтікке негізделу;

  • шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;

  • ақиқаттың нақтылығын тірек ету;

  • практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.

Тақырып бойынша глоссарий: эпистемология, таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау, болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Онтология ол:

А. Құндылықтар ілімі

В. Өнегелік, этикалық теория

С. Болмыс туралы ілім

D. Таным теориясы

E. Діни ілім

2. Гносеология ол:

А. Болмыс туралы ілім

В. Даму ілім

С. Таным теориясы

D. Өнер философиясы

E. Адам жөніндегі ілім

3. Сезімдік таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пайымдау, ойқорытынды

4. Рационалдық таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пікір, тұжырым

5. Жалпы білімнен нақтылыққа өтуге негізделген әдіс:

А. Дедукция

В. Индукция

С. Анализ

D. Социометрия

Е.Синтез

6. Эмпирикалық таным формасы

А) Теория

В) Ойқорытынды

С) Гипотеза

D) Пайымдау

E) Ғылыми факты

7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

А) Физикалық және метафизикалық

В) Теориялық және эмпирикалық

С) Материалистік және идеалистік

D) Субъективтік және объективтік

E) Күнделікті және практикалық

8. Дүниені танудың мүмкіншілігін шектейтін философтар:

А) Нигилистер.

В) Иррационалистер.

С) Агностиктер.

D) Скептиктер.

Е) Рационалистер9.

9. Танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін бағыт:

А) Рационализм.

В) Сентиментализм.

С) Иррационализм.

D) Сенсуализм.

Е) Эмпиризм.

10.Материя болмысының формасы:

А) Рационализм.

В) Сентиментализм.

С) Иррационализм.

D) Кеңістік.

Е) Эмпиризм.

Дәріс№ 8.

Қоғам: анализдің философиялық негізі

Қоғам (лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениеті) барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым.

К.Маркс қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынып, оның дамуы – табиғи – тарихи процесс деп, қоғамның қозғаушы күштері, жалпылық заңдылықтары туралы біртұтастық ілім жасады.

Адамзат тарихында үш ірі қоғамдық еңбек бөлісі болды:

  • егін шаруашылығының мал шаруашылығынан бөлінуі;

  • қолөнер кәсібінің егін шаруашылығынан бөлінуі;

  • сауданың бөлініп, саудагерлердің пайда болуы.

  • қоғамдық болмыс – қоғами қатынас жүйесінде адам қызметі арқылы өңделетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол қорланып, жинақталып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.

  • қоғамдық сана – тарихтың рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, біртұтастық рухани құбылыс.

Қоғам өмірінің негізгі сфералары:

  • экономикалық;

  • әлеуметтік;

  • саяси;

  • рухани.

Экономикалық сфера – қоғам өмірін анықтайтын база. Оның құрылымы:

  • өндіріс;

  • үлестіру;

  • алмасу;

  • материалдық байлықты тұтыну.

Экономикалық сфера мына формаларда өмір сүреді:

  • экономикалық кеңістік – шаруашылық болмысы;

  • экономиканы басқару институттарының қызметі;

  • материалдық игілікті өндіру әдісі.

Өндіріс дегеніміз жалпылықты көрсететін абстракция. Өндіріс дегеніміз тұтыну, сонымен бірге өндіріс. Өндіріс дегеніміз өндіріс пен тұтынудың бірлігі, тұтыну өндірістің бір моменті, сәті. Адамзаттың өндірісті толық тоқтатуы, бірнеше күннен кейін оның сөзсіз құруына әкелер еді.

Жалпы еңбектің қарапайым моменттері:

  • еңбек – мақсатталған адам іс-әрекеті, қызметі;

  • еңбек заттары – табиғат (бөлігі), жер, су, ағаш, балық, шикізат, т.т.;

  • еңбек құралдары – адам мен еңбек заттарының арасындағы байланыстырушы элемент.

Өндіріс әдісі дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі.

К.Маркс: «... экономикалық дәуірлер не өндіретінімен емес, қалай өндіретінімен, қандай еңбек құралдарын пайдаланатынымен ерекшеленеді» (К.Маркс. «Капитал», т.23, 191-б.).

Өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі. Өндіріс құралдары (заттық элементтер):

  • еңбек құралдары;

  • шикізат пен материалдар;

  • ғимараттар мен құрылыстар;

  • транспорт және т.б.

Өндірістік қатынастар - өндіріс, үлестіру, алмасу және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар.

Өндірістік қатынастар негізінде қоғамдық және жекелік болып келетін өндіріс әдісінің меншіктік формасы жатады.

Материалдық өндірістің (қоғам өмірінің экономикалық сферасы) маңызы:

  • қоғам тіршілігінің материалдық базасын жасайды;

  • қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ықпал жасайды;

  • әлеуметтік құрылымға тікелей әсер етеді;

  • саяси процестерге ықпалы күшті;

  • рухани дүниеге де тікелей және жанама түрде әсер етеді.

Әлеуметтік сфера – еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

  • таптар;

  • страттар;

  • қауымдастықтар;

  • қала мен ауыл тұрғындары;

  • дене және ой еңбегі өкілдері;

  • әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

  • ұлттар.

Әлеуметтік институт – ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар – еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация (жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.

Питирим Сорокиннің страттары:

  • биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

  • мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

  • әлеуметтік мобильдік (жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

  • мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

  • мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

  • мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.

Азаматтық қоғам - әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

  • мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

  • саяси партиялар;

  • қоғамдық ұйымдар;

  • кәсіподақ;

  • өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

  • өкілеттілік;

  • реттегіштік;

  • қорғау;

  • сыртқы саясат;

  • интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері:

  • рухани қызмет;

  • рухани құндылықтар;

  • адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

  • рухани тұтыну;

  • жеке сана;

  • қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

  • әдеттегі және теориялық сана;

  • қоғамдық идеология және психология;

  • қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

  • саясат;

  • құқық;

  • мораль;

  • ғылым;

  • дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі (Ферсман, Плотников):

  • антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

  • социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

  • биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

  • антропогендік әсер;

  • техногендік әсер.

Табиғат – адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.

Табиғат– кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.

Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;

Табиғи табиғаттық орта - өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;

Жасанды табиғаттық орта – тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;

Жағрапиялық орта – адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;

«Жағрапиялық детерминизм» (XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;

Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайларыэкономикалықекі үлкен топқа бөлінеді:

- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және

  • еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).

Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.

Күн – орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 км\сек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.

Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105– 108жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.

Геологиялық дәуірлер:

  • катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);

  • архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);

  • протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);

  • палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);

  • мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);

  • кайнозой (67 млн – қазірге дейін).

Жердің құрамдас бөліктері:

  • литосфера(грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

  • атмосфера– Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

  • гидросфера– литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

  • биосфера(грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалымЭ.Зюссқолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.

Ноосфера (грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.

Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруаенгізді.

Пьер Тейяр де Шарден– ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.

В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский– ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.

§4. Экология (грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологыЭ.Геккельпайдаланды.

К.Маркс:«... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).

Ф.Энгельс:«... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).

Экологиялық мәселер:

  • ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

  • орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

  • хайуанат дүниесін қырып-жою;

  • ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

  • адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

  • «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;

  • озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.

  • экогуманизм – табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді.

  • «экологиялық пессимистер» (Дж. Форрестер, Д.Медоус, Р.Хейлбронер, П.Эрлих) – халық санының өсуін шектемей, адамзат алдындағы келелі мәселелерді шешу қиынға соғады, - дейді.

  • Экологиялық императив – «Зиян етпе!» - табиғатқа қатысы бар әрбір субъект өзінің жүріс-тұрыс, тәртібі нормасы ретінде жалпылық экологиялық заңдылықты ұғынуы керек.

  • Биотика – адамның өмір мен өлімге қатынасы.