Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уакыт жане мезгил.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
79.87 Кб
Скачать

7.Төмендегі фразеологизмдермен сөйлем құраңыз.

Ет пісірім уақыт

Шай қайнатым уақыт

Бие сауым уақыт

Көзді ашып-жұмғанша

Қас қағым сәтте

8. Төмендегі шағын мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерін қойыңыз. Студент күнделігінен

Уақыт... Зымырап өте шығатын сағат, ..., секундтар-ай… Кеше ғана ... хабары жоқ, тек тезірек есеюді және армандарының ... көп болғандықтан, ҮЛКЕН болғысы ... бір бүлдіршін бар еді. Сол ... тілегі орындалып, жасы 20-ға да жетті.

Иә, 20 жастамын. Бала кездегі ... жанына мақсат пен міндеттердің тіркелген кезеңі басталды... Қамшының ... қысқа ғана өмірде уақыт деген қатал төреші бар. Айтқанына көніп, дегенімен ... керек. Алайда, сол ... қарсы тұрар қауқарымның жоқ екенін білсем де, өткен күндерімнің елесін құшып жүрмін. Әттең, бір ... болмайды-ау... Байлық бар ма өткен күндердің, 1 минутын ... алатын? Әрине жоқ! Алтыннан да ... уақытты бағалай білейік, достар!

Керекті сөздер: сабындай, қымбат, сатып, бүлдіршіннің, ештеңеден, төрешіге, келетін, жүруіміз, мүмкіндік, минут, тізімі, армандардың.

9. Тапсырма. «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

10. Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз

  • Уақыт тас екеш, тасты да тоздырады.

  • Елу жылда – ел жаңа.

  • Адамды заманы билейді.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай – заңы, тоғайына қарай – аңы.

  • Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені

11. Ән жаттайық. «Қайран уақыт»

Сөзі: Ш.Сариевтікі

Әні: Г. Дәукенова

Қайран уақыт, өзіңді жолдас еттім,

Өзіңмен бірге жүріп сапар шектім.

Тірлікте қиналғанда арқа сүйеп,

Өмірдің көпірінен қатар өттім.

Қайырмасы:

Қадірінді білдік пе, қайран уақыт,

Қоймайды екен бұл өмір сайрандатып.

Күздің ызғар салкыны соғады екен,

Жазын да жапырағын жайған бақыт.

Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт.

Қайран уақыт, өзіңмен қатар жүрдім,

Шұғыласын көп көрдім батар күннің.

Құпиялы өмірге қадам басқан,

Әр күнімді бақытты сапар білдім.

Қайырмасы:

Қайран уақыт, кел бері сырласалық,

Көңілден шер тарқатып мұңдасалық.

Бірге жүрген күндерді бағалайық,

Екі келмес дүние, бір жасалық

12. Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз

  • Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.

  • Ай шалқақ туса - өзіне жайлы, халыққа жайсыз,

Ай тігінен туса - өзіне жайсыз, халыққа жайлы.

  • Қыстағы суық – жаздағы ыстық.

  • Қыстағы қар – жер ырысы.

  • Сүмбіле туса, су суыр.

  • Қаңтар ауса, қар тұрмас.

  • Ертеңгі күн құлақтанса, Еліңді жау шапқандай күйін.

Кешкі күн құлақтанса, Келінің ұл тапқандай сүйін.

  • Наурыздан соң қыс болмас,

Мизамнан соң жаз болмас.

  • Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

  • Сәуір болмай, тәуір болмас.

13. А. Құнанбайұлының табиғат лирикасы Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап.

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.