Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уакыт жане мезгил.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
79.87 Кб
Скачать

Уақыт және мезгіл

1. Тақырыптық сөздік:

Қайрат-жігерін

Қалтықсыз еңбек ету

Игіліктер

Қадағалау

Жастық шақ

Азық

Зымырай шапқан

Асау

Арқан

Шұбатылу

Өткінші

Данышпан

Әдет

Қылық

Қыдырымпаз адам

Сенделу

Құмар ойнағыш

Тиімді пайдалану

Жетістік

Өлшем

Тосын шешім

Кеңістік

Жобалау

Төреші

  1. Мәтінді оқыңыз.

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт - дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта.

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.

Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

• Мәтіннен өзіңізге қандай ой түйдіңіз?

• Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

• Өз уақытыңызды тиімді өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба?

• Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

• «Уақыт – адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

• Уақытты бағалай білесіз бе?

  1. Мәтінмен жұмысты жалғастырамыз.

«Бұрыннан білемін»

Мұнда студенттер мәтінде кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді

«Жаңа ақпарат»

Бұл жерде студенттер осы мәтіннен жаңадан білгенін жазады

«Менің ойлағаныма қайшы, кереғар»

Мұнда студенттер мәтінде бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы келтірілген мәліметтерді келтіреді («мен бұрын басқаша ойлайтынмын, сөйтсем, олай болмай шықты...»)

«Келісе алмаймын, білгім келеді»

Бұл бағанда студенттер өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәтіннің тұстарын жазады.

 

  1. УАҚЫТТЫҢ ЖАУЛАРЫ

• Түсініксіз мақсаттар;

• Тыңдай білмеу;

• «Жоқ» деп айта алмау;

• Асығыс шешімдер;

• Бәрін бірден орындауға ұмтылу;

• ¥мытшақтық;

• Толық ақпараттың болмауы;

• Өзіндік тәртіптің жоқтығы;

• Жоспарлай білмеу;

• Тосын шешімдер;

• Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

6. Қайран уақыт... Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақыт - ұлы ұстаз деген пікірде. Қалай болғанда да, жер бетіндегі әркімнің тірлігі уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты. Осы орайда назарларыңызға әлем ойшылдарының уақыт туралы айтқан кейбір қанатты сөздерін ұсынамыз:

  • Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. Пифагор

  • Уақыт – жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі, ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз

  • Уақыт – біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева

  • Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт

  • Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Гете

Ал, біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада немесе біраз күннің ішінде бітіреміз деп жобалай саламыз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп жатып кеп ашуланған екен.