Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тураров Бактияр юк -201.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
334.34 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1.1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер................................................6

1. 2 Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi..................................................................................17

2. ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

2.1 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк.........................................24 2.2 Көлiк экспедициясы шарты............................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Кіріспе Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды. Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады. Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет. Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар – тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар. Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады. Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған: - көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға; - көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға; - меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға; - көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға; - көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға; - болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге; - Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға. Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекiту үшiн ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлiк инфрақұрылымын құратын болады және басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көлiктiк қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүрiс көпiрлерi мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектiлер құрылысын жүргiзу оны жеке кәсiпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет тасымалдауды жүзеге асыру үшiн айтарлықтай қосымша маңызға ие болады. Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т.б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады. Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi. Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс көптеген арнайы талаптар бар. Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi. Қазақстан Республикасының көлiгi – бұл оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де Көлiктiң аталған түрлерi Қазақстан Республикасының көлiк жүйесiн құрайды. Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шектерi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.