Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тураров Бактияр юк -201.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
334.34 Кб
Скачать

2.2 Көлiк экспедициясы шарты

Көлiк экспедициясы шарты өз алдына жеке жəне тек қана көлiктiк көмекшi шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзiнен туындайтын – expeditio – жөнелту1 деген атауы шығады. Əрекет етушi азаматтық кодексте көлiк экспедициясы шартының аталған рөлi ескерiлген жəне оны реттеуге жеке 15 тарау арналған (708-714баптар). Көлiк экспедициясы шарты тасымалдау қатынастарының ерекше аясындағы делдалдық қызмет арқылы қамтамасыз етпеу. Сондықтан көлiк заңнамасы нормаларын ескермей тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнiң мазмұнын толық көлемде анықтау мүмкiн емес. [5]

Бұл шарт мəнiсi жағынан өтелмелi қызмет көрсету туралы шарт болып табылады. Оның пəнi болып табылатын қызметтер көлiк экспедициясы шартының мазмұнды бөлiмiнде нақты анықталады. Көлiк экспедициясы қызметтерiн көрсетудiң құқықтық нысаны тапсырыс шартының не комиссия шартының элементтерiн пайдалану арқылы белгiленуi мүмкiн. Қазiргi жағдайларда көлiк экспедиторларының қызметтерiн кез келген субъектiлер, соның iшiнде кəсiпкерлiк қызмет үшiн көзделмеген жүктердi немесе теңдеме жүктi тасымалдаудың бiр жолғы шарттарын бекiтетiн тұлғалар да пайдалануы мүмкiн. Ол шаруашылық жүргiзудiң социалистiк жүйесi жағдайларында жоспарлы экономиканың ажырамас “бұрандасы” есептелетiн жəне бекiтiлетiн тасымалдау шарттарын қатаң байландырылатын. Сонымен

қатар бұл шарттың құқықтық табиғаты азаматтыққұқықтық заңнамада тиiстi түрде ескерiлмеген болатын. Соның салдарынан экспедиция тасымалдау шартына құқықтар мен мiндеттердiң бiр “толықтырушысы” ретiнде бағалануы мүмкiн едi. Көлiк экспедициясы шарты қайсыбiр тұлғаның атына жөнелтiлетiн немесе келiп жатқан жүктердiң саны едəуiр мөлшерге жеткенде жəне тасымалдауды рəсiмдеумен байланысты операцияларды өз бетiнше орындау жүк жөнелтушi (жүк алушы) үшiн қиындық келтiретiн жəне

экономикалық тұрғыдан ақталмайтын бола бастағанда ең қолайлы деп есептеледi. Көлiк экспедициясы туралы нормалар мамандандырылған делдалэкспедитор клиент үшiн орындауға мiндеттенетiн əрекеттердiң сипаты мен көлемiн кеңiнен түрлендiруге мүмкiндiк беретiндiгiн байқаған жөн. Көлiк экспедициясы шарты оны (клиенттi) тасымалдаушымен жəне сонымен байланысты мəселелерге тiкелей қатынасу қажеттiлiгiнен толығымен босата алады. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедиттер) сыйақы үшiн басқа тараптың (клиенттiң жүк жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға мiндеттендi. Көлiк экспедициясы шартының нысаны. Бұл шарт жазбаша нысанда бекiтiлуге тиiс. Заңнамада көлiк экспедициясы шартында, құжаттағыдай болуға тиiс, мiндеттi реквизиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етiлетiн жазбаша нысанды сақтамау салдары да арнайы көрсетiлмеген. Осыдан көлiктiкэкспедицялық қызмет көрсетуге, кейбiр жағдайларда, жазбаша шарттар бекiтiлмеуi де мүмкiн деген қорытынды жасауға болады. Бұл ҚР АКң 709бабының 2тармағына сəйкес жүк жөнелтушi (алушы) қажет болған жағдайларда экспедиторға сенiмхат берумен байланысты. Содан белгiлi бiр субъектiлер арасында шарттық қатынастардың болу фактiсi туындайды, бiрақ, əрине, сенiмхат толығымен шарттың жазбаша мəтiнiн алмастыра алмайды. Екiншi жағынан алғанда тəжiрибеде көлiктiкэкспедициялық ұйымдардың өзi тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн нақты реттеуге мүдделi болады. Бұл олардың кəсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiндегi iскерлiк атағын нығайтуға мүмкiндiк туғызады. Осыған сүйене отырып, кейбiр жағдайларда көлiк экспедициясы шартын қосылу шарты сияқты, жазбаша нысанда бекiтуге белгiлi бiр алғы шарттар бар екендiгiн атап өтуге болады. Көлiк экспедициясы шарты – консенсуалды, екi жақты жəне ақылы шарт. Көлiк экспедициясы шартының субъектiлерi (қатысушылары) болып бiр жағынан – экспедитор жəне екiншi жағынан – клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркiндiгi заңды жəне жеке тұлғаларға шарттың екi тарабынан да көрiнуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ клиенттер үшiн көлiк экспедициясы қатынастарына iс жүзiнде қатысу мүмкiндiгi оларда қайсыбiр тасымалдау шартын бекiтуге құзыреттiлiктiң болуына тəуелдi болады. Ол кейбiр жағдайларда болмауы мүмкiн. Мысалы, тауарларды алмастыруға (меншiк құқығын беру, мүлiкке деген басқа да құқықтарда беру) бағытталған сатып алусату немесе өзге шарттың шарттарымен борышқор (сатушы, лизинг берушi жəне т.б.), тауардың қымбаттауына алып келуi мүмкiн көлiк экспедициясының қызметтерiнсiз, тасымалдауды пайдаланумен жүктi жеткiзуге тиiс екендiгiкөзделуi мүмкiн. Егер мұндай жағдайларда борышқор көлiк экспедициясы шартын бекiтiп қойса, онда ол шарт бойынша өзiнiң бастапқы контрагентi алдында құқықбұзушы ретiнде танылады. Көлiк экспедициясы шарты бойынша тұлғаның клиент болу мүмкiндiгiн (қабiлеттiлiгiн) шектеудiң басқа бiр ықтимал жолы оның азаматтық құқықтық қатынастардың субъектiсi ретiндегi ерекше жағдайына негiзделетiн болады. Мысалы бұл жерге көлiк экспедициясының қызметтерiн пайдалану мүмкiндiгiнiнң тасымалдау шарттарын бекiтуге белгiлi бiр сметалық қаражаттар бөлiну мүмкiн болатын мемлекеттiк мекемелер туралы сөз болып отыр. Көлiк экспедициясы шартын клиент ретiнде бекiтуге басқа да объективтi жағдайлардың кедергi келтiруi мүмкiн екендiгi жоққа шығарылмайды.

Шартқа экспедиторлар ретiнде қатысу туралы айтқанда, бiз оларға кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң қатысатындығын есте ұстаймыз. Қазақстан Республикасының қызметтердi жүзеге асырған кезде тасымалдаушы лицензия алуға мiндеттi. Аталған заңда көлiктiк экспедициялық қызметтi лицензиялау туралы нақты тұжырымның жеткiлiксiз екендiгi туралы айта кеткен жөн. Өйткенi ол тек тасымалдаушылармен ғана емес, сонымен қатар басқа да мамандандырылған субъектiлермен жүзеге асырылуы мүмкiн емес пе. Аталған кемшiлiктi жою үшiн көлiктiк экспедициялық қызметтi лицензиялау туралы жекелеген ережелердi жасап шығарып заңнамаға енгiзу қажет деп ойлаймыз. Заң шығарушының қазiргi ұстанымы тасымалдау қатынастары мен көлiктiкэкспедициялық қатынастардың өзара тығыз байланыстылығын тағы да бiр рет айқын көрсететiнi сөзсiз. Заңнамада тек қана тасымалдаушымен қатар экспедитордың да көлiк қатынастарының бiр қатысушысы болып табылатындығын көрсеткен жөн.

Экспедитор қызмет көрсетуге жекелеген мамандандырылған ұйымдарды (мамандарды) қатыстыруы мүмкiн. Бiрақ одан олар көлiктiкэкспедициялық қатынастардың қатысушылары бола қоймайды, шарт бойынша мiндеттемелер экспедитордың өзiне жүктеледi. Қатыстырылған тұлғалар экспедитормен бекiтетiн өз алдына дербес шарттардың қатысушылары болып табылады. Көлiк экспедициясы шартының пəнi болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бiр уақытта, iс жүзiндегi жəне заңдық сипатқа ие болады. ҚР Акң 708 бабынан байқайтынымыз экспедитордың қызметтерi жүктi тасымалдауға құқықтық алғышарттар қалыптастыру үшiн клиенттiң пайдасына бiрқатар əрекеттер жүзеге асыруымен сипатталады. Осы айтылғанға сүйене отырып, экспедитор қабiлеттi тасымалдаушыны анықтап, оның қатысуымен алда болатын тасымалдауды клиентпен келiсiп шеше алады деген қорытынды жасауға болады. Экспедитор клиенттiң тапсырмасы бойынша əртүрлi тасымалдаушылардың қатысуымен тасымалдау шарттарының мүмкiн болатын жағдайлары туралы оның қызығушылығын тудыратын ақпаратты жəне өзге де соған ұқсас əрекеттердi жинай (бере) алады. Экспедитор өз қызметiн көрсету аясында жүктердi тасымалдау шартын (шарттарын) клиенттiң атынан немесе өз атынан бекiтуi мүмкiн. Тасымалдау шартын бекiтудiң өзi жоғарыда аталған құқықтық алғышарттарды қалыптастыруды бiлдiретiн болады. Көлiк экспедициясы шартының заңды анықтамасында айтылған қызметтердi негiзгi деп атауға болады, өйткенi ҚР АКң 708бабының 1 тармағының 2бөлiгiнде экспедитордың қосымша қызметтердi көрсету мүмкiндiгi туралы айтылған. Бiздiң ойымызша, қызметтердi осылайша (негiзгi жəне қосымша) бөлу тəжiрибелiк маңызға ие екенiн бiрден айта кеткен жөн. Бiз негiзгiге жатқызатын қызметтер көлiк экспедициясының мəнiсiн сипаттайды. Бұл негiзгiге жатқызатын қызметтер көлiк экспедициясының мəнiсiн сипаттайды. Сондықтан оларды жүзеге асыру мiндеттi болып табылады жəне олар көлiк экспедициялық пəнiнiң ажырамас құрамы болып табылады. Осыдан бұл шарттың мiндеттi жағдайлары туралы түсiнiк туындайтын болады. Қосымша қызметтер көрсету қажеттiлiгi қазiргi көлiк инфрақұрылымында ойда болмаған сəттерде пайда болатын олқылықтармен (кемшiлiктермен) мəжбүр етiлуi мүмкiн, мысалы белгiлi бiр тауарларды шығаруға рұқсат алу туралы талап енгiзу (карантиндiк редиациялық бақылаудан өту жəне т.б.). Шарт пəнiнде қосымша қызметтер көрсетудi бекiту клиенттiң өзiнен тасымалдау шартын iс жүзiнде жүзеге асырумен байланысты кез келген ауыртпалықтарды түсiру тiлегiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Қосымша қызметтер көрсету ретiнде көлiк экспедициясы шартымен экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк жəне өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жайкүйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, жөнелтушiге жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондайақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн. [60-65]

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Кез келген өзге шарттық мiндеттемеге сəйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор, экспедициялық қызмет көрсетулер бойынша өзiне жүктелген мiндеттемелердi тиiстi түрде орындауға мiндеттi. Клиент өзiне көрсетiлген

қызметтерге ақы төлеу жəне шартпен сондайақ, тiкелей заңнама нормаларымен көзделген өзге де мiндеттерге қатысты экспедитор алдында борышқор болып табылады. Құқықтар мен мiндеттердi қарастырғанда көлiк экспедициясына қатысты азаматтық кодексте сiлтемелiк реттеудiң қолданылатынына сүйене отырып, олардың кеңiнен талқылауы мүмкiн екенiн ескерген жөн. Мəселен, егер экспедитор тасымалдау шартын клиенттiң атынан бекiтетiн болса, онда 35тарау нормаларымен реттелмеген бөлiгiнде олардың арасында сенiм берушi мен сенiмдердi шоқты құқықтар мен мiндеттер туындайды. Ал, экспедитор тасымалдау шартын өз айынан бекiтетiн жағдайларда, оның клиентпен түсетi қатынастарына, 35тармақпен реттелмеген бөлiгiнде, комиссия шарты туралы нормалар қолданылады. Экспедитор тасымалдау шартын клиенттiк нұсқауларына сəйкес бекiтуге тиiс. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмiмен экспедитор жөнелтушiнiң мүддесiн, тарифтер деңгейiн жəне жеткiзу мерзiмдерiн ескере отырып, жөнелтушiнiң жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады. Экспедитор тасымалдау шартын тиiстi түрде бекiте алу үшiн жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондайақэкспедитордың өз мiндеттерiн орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.

Экспедитор жүк жөнелтушiге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшiлiктерi туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушiден (алушыдан) қажеттi қосымша деректердi сұрауға тиiс.

Егер жүк жөнелтушi (алушы) қажеттi ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқару мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды. Бiрқатар басқа азаматтыққұқықтық шарттардағы несие берушiлер сияқты экспедиторлар да ұстап қалу құқығын пайдаланады ол көлiк экспедициясы шарты бойынша шартпен жəне заңмен қамтамасыз етiлетiн экспедитордың жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалу құқығымен шектеледi (ҚР АК 712б.). Осы айтылған сөз – экспедитор клиенттi өзiнiң алдында мiндеттеменi орындауға мəжбүрлеу үшiн мүлiктi ұстап қалуға тиiстi (құқылы) емес дегендi бiлдiредi. Ұстап қалуды борышқор мүлкiне өндiрiп алумен шатастырмаған жөн. Көлiк экспедициясы шартының əрбiр тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, шарттан (оны орындаудан) бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тартқан тарап осы кезде екiншi тарапқа шарттық бұзылуынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.

Жауапкершiлiк. Көлiк экспедициясы шарты бойынша жауапкершiлiк мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн жауапкершiлiк туралы ҚР Акң 20тарауымен көзделген жалпы ережелерге негiзделедi. Азаматтық кодекстiң 713бабында тасымалдау жəне экспедиция қатынастарының өзара тығыз байланысы ескерiлген. Экспедитор кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылғандықтан тиiсiнше ол клиент алдында, бой алдырмайтын күш немесе форсмажорлық жағдайлар салдарынан өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатыла отырып, кiнəсiз жауапкершiлiкте болады. Эскпедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара байланыстылығын жауапкершiлiкке қатысты ескерудiң көрiнiсi, кейбiр жағдайларды экспедиция мiндеттемелерiн бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы əрекеттерiнiң салдарынан болу мүмкiн екендiгi де есепке алынатынмен сипатталады. Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi мұндай жағдайларда клиентке келтiрiлген шынайы залал мөлшерiнен, яғни, тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерiнен (АК 713бап 2 т) аспауға тиiс, бiрақ клиент алдында тiкелей жауапты болып бəрiбiр экспедитор қалады. Тасымалдаушының кiнəлi əрекеттерiнiң салдарынан жауапқа тартылған экспедитор оған керi талап қою құқығын иеленетiн болады. [5-8]

Қорытынды

Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заң қабылданды. Онда Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды орналастыру – басқа да көлiк-құқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ, бұл мұндай жағдайда қандай да бiр әкiмшiлiк-құқықтық дақтары бар шарт туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де болмайды. Көлiктiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету аясы табиғи монополияларға жатқызылған, сондықтан олардың қызметiне 9 шiлде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңы да қолданылады. Қазiргi таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерiн реттейтiн заңдар қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1) 8 жел-тоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Темiр жол көлiгi туралы Заңы; 2) желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы Заңы; 3) 17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың тұрғындар үшiн жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметiне Қазақстан Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 20 қыркүйек 1996 жылғы №9/7 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi қолданылады. Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесiмен бекiтiлген КСРО-ның iшкi су көлiгiнiң жарғысы (IСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы Қаз ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Қаз ССР-дiң автомобиль көлiгiнiң жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екi актiсi Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстiң 3-бабының 2-тармағында көзделген ережелердi ескере отырып, әрекет етедi.1 Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық байланыстар үшiн ашық жолдар, трассалар мен су жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалы жүзеге асырылуы мүмкiн. Олар Республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” заңы тасымалдаушы мен клиенттiң өзара қарымқатынасының жалпы негiздерiн анықтайды. Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүгiн тасымалдау кезiнде жəне көлiкэкспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын ғана қолдануға мiндеттi. Мұндай талап

тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi тиiстi түрде орындаудың маңызды алғышарттарының бiрi болып табылатыны сөзсiз клиент пен үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды, соның iшiнде ақшалай эквиваленттегi уақыт шығынын, өтеу көзделедi. Жолаушының өлiмiне немесе оның денсаулығын жарақаттауға алып келген зиянды өтеу ерекше орында тұрады. Жолаушы тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде жолаушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсетудiң қажеттi ыңғайлылығы мен жағдайларды қалыптастыру, ал жолаушы көтерме жүктi тапсырған жағдайда – оны уақытында тасымалдау мен сақтау талап етіледі. ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-бап өзгертілдi және толықтырылды 17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.

Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:

- жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;

- жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;

- құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс. Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы. Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi. Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi. Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы. Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.  ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 260-II Заңымен 17-1-бап өзгертілді 17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады. Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн. Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады. Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi. Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.