Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТП каз для КСК-2.doc
Скачиваний:
119
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
613.38 Кб
Скачать

1. Оқытушы туралы ақпарат:

Дәріс оқушы – Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Биманов Қайыржан Аманбекұлы.

Тілдерді білуі: Қазақ, орыс тілдері.

Кафедра туралы мәлімет: Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы, 221 каб.

2. Курстың пререквизиттері: Осы пәнді оқу үшін студенттер мамандықтың негізгі оқу жоспарында қарастырылған бірнеше пәндерді меңгеруі қажет: ҚР Конституциялық құқығы, Мемлекет және құқық теорясы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық, Салық құқығы.

3. Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң арнайы курстарды қарастыруға мүмкіндік береді.

4. Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы кеден құқығы тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдерді, салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

ҚР кеден құқығы курсының мақсаты:

  • Студенттерді кеден органдарының бірыңғай жүйесімен, кеден органдарының құрылымымен, кеден органдарында қызмет атқару жағдайларымен таныстыру.

  • Қазақстан Республикасы кеден құқығын салыстырмалы түрде зерттеу және кеден саласын жетілдірудегі халықаралық қатынастарды анықтау.

ҚР кеден құқығы курсының міндеттері:

  • Студенттерді кеден ісін ұйымдастырумен байланысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыру және оларды басшылыққа ала отырып жұмыс істеуге үйрету;

  • Осы арнайы курс бойынша теориялық білім беру.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

5. Оқу процесінің кестесі

Сабақ түрі

(сағат)

Блок және апта бойынша сағаттардың бөлінуі

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

1

Дәріс

1

1

2

1

2

1

1

1

1

2

1

1

1

2

2

20

2

2

Тәжірибелік (семинар сабағы)

-

-

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

-

-

-

10

3

СӨОЖ

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15