Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТП каз для КСК-2.doc
Скачиваний:
119
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
613.38 Кб
Скачать

Қр кеден құқығы (дәріс)

Тақырып 1. Кеден құқығы құқық саласы ретінде (2 сағат)

1. Кеден құқығының түсінігі және пәні

2. Кеден құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы

3. Кеден құқығы пәнінің жүйесі

4. Кеден құқығының құқықтық реттеу әдістері

5. Кеден құқығының қайнар көздері

1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

М. А. Сәрсембаев кеден құқығын жеке саласы ретінде ала отырып, оған төмендегідей анықтама береді: “Кеден құқығы дегеніміз – кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы”. Жалпы алғанда осы анықтамамен келісе отырып және құқықтық жалпы теориясын негізге алып, кеден құқығын өзіне тиесілі қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы және арнайы институттар мен құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын Қазақстан құқығының және кешенді саласы деп бөліп айтуға болады. Кеден құқығының түсінігін оның басқа құқық салаларымен арақатынасын ашқанда ғана толық түсінуге болады. Ең алдымен, конституциялық құқықпен арақатынасынан бастайық. Конституциялық (мемлекеттік), құқықтық құқық жүйесіндегі басымдылығы заң әдебиеттерінде әрқашанда ерекше атап көрсетіледі.

Конституцияның құқық мәселелеріне И. Е. Фарбер, А. И. Лепешкин, С. Ф. Кечекьян, М. С. Пиголкин, С. З. Зиманов, В. А. Ким, М. Т. Баймаханов, Г. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, К. Ф. Котов В. В. Мамонов және т.б. еңбектері арналған. Конституциялық құқық Қазақстан құқық салаларының соның ішінде кеден құқығының да қағидаларын анықтайды.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады:

– атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты;

– басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар;

– әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар.

Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының құқық жүйесі туралы айта келе, әкімшілік құқықтық ерекшеліктерін көрсете отырып, оқулық авторлары мына мәселеге де көңіл бөледі: “Дуалистіліктің де позитивті жағы бар, өйткені ол құқық жүйесін ыдыратпайды, тек қана оның жаңа салаларын айқынырақ қалыптасуына ыңғайлайды”. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек.

Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын.

1995 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.

Біздің ойымызша, соңғы уақытта заң шығарушы ұйымдар кодификациялық актілер жасау бағытында жұмыс істеуде. Олар біркелкі құқықтық материалдарды біріктірмегенімен, негізінен бүгінгі күннің талаптарына сай келеді. Мысал ретінде негізгі құқық саласы ретінде әкімшілік құқықтан әкімшілік іс жүргізу құқығын бөліп шығару қажеттілігі туындауын айтуға болады, өйткені құқықтық реттеу пәні өте үлкен және сапалы түрде өзгеруді талап етеді.

Қылмыстық құқық қылмыстың болуымен байланысты қатынастарды реттейді, осы жерде кеден аясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттің ерекше мүдделерінің бірі екенін атап өткен жөн. Және бұл салада қылмыстық жауапкершілік көзделетін әрекеттердің орын алуы анықталады. Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық тәртіптің нормаларын анықтап, нақты қылмыс құралдары үшін жауапкершілікті белгілейтін тек осы кодекс нормаларының ғана қолданылатынын белгіледі. Осы жерде Қылмыстық кодекс пен Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Жарлығы арасындағы сәйкессіздік туралы айта кету керек, соған қарамастан Қылмыстық кодекс нормаларының басымдылығы танылады. Президент Жарлығында да кеден ісі аясындағы болатын қылмыс (құрамдары 33-5) туралы бөлім бар, дәлірек айтсақ, мемлекеттік мүдделерге жататын мәселелер көтерілген. Өкінішке орай, бұл мәселелер жаңа қылмыстық кодексте толығымен көрініс таба алмады және де мәселе бұл нормаларды сәйкестендіруде ғана емес, кеден ісі қажеттіліктерін толығырақ ескеруде болып отыр.

Қылмыстық іс жүргізу құқығына келсек, ол өз кезегінде анықтама, жедел іздестіру қызметі, белгілі бір процессуалдық әрекеттерді жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі кеден органдарын қылмыстық кодекстің 209, 214, 250-баптарының белгілі бөліктері бойынша анықтама органдары қатарына жатқызады. Ал жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығына кеден органдары 1994 жылы 15 қыркүйекте қабылданған “Жедел іздестіру қызметі туралы” Заңға 25 желтоқсан 1995 жылы енгізілген толықтырулар негізінде ие болды.

Қаржы құқығы мен салық құқығы жалпы алғанда, бюджет кірістері мен салық түсімдеріне байланысты қатынастарды реттейді. Кеден органдарынан түсетін бюджеттік кірістер оларға жүктелген фискалдық өкілеттіктердің дұрыс орындалуына тәуелді болады. Кеден құқығына кеден төлемдері институты да кіреді, сонымен бірге кеденді төлемдер мен салықтарды есептеу, кедендік құнды анықтау әдістемесінде жасауды біріктіреді.

Кеден құқығы еңбек құқығымен де тікелей байланыста болады. “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Президент Жарлығының қабылдануы да және 1996 жылы 19 қыркүйекте Үкімет қаулысымен бекітілген № 1119 “Кеден органдарында қызмет ету тәртібі туралы” ереженің және Акт мәтінінің қабылдануы да еңбек заңдарының жалпы ережелерін толығымен алмастыра алмайды. Осыларға қоса Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік қызмет туралы” Заң күші бар Жарлығы да белгілі бір деңгейде қосымша болады.

2. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, кағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды. Өз кезегінде кеден құқығының заңдық нормалары құқықтық категорияларға, институттарға біріктіріліп, кеден ісінде қолданылатын түсініктер ретінде берілуі мүмкін. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған. Оның себебін құқықтық нормалардың жалпы және арнайы немесе процессуалдық және материалдық сипатымен түсіндіруге болады. Процессуалдық нормалар мазмұны бойынша құқықтарын жүзеге асыру және міндеттер атқару процедурасын, тәртібін бекітетін болады, материалдық нормалар өз кезегінде кедендік қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтап береді. Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады.

Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттің кедендік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады (процессуалдық бөлім). Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмдері мен кағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды, жауапкершілікті, осылармен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру секілді процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалармен анықталған ұғымдарды қамтиды (материалдық бөлім). Осы жерде атап айтатын мәселе ерекше бөлімде процессуалды нормалар да кездеседі және осы критерий бойынша бөлу шартта болып келеді.

Кеден құқығының қайнар көздері Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдар, Президент Жарлықтары мен Қаулылары, Үкімет актілері, Кеден комитетінің актілері, кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттар мен келісімдер.

Тақырып 2. Кедендік құқықтық қатынастар және нормалар (1 сағат)

1. Кедендік құқықтық қатынастардың пайда болуы және тоқтатылуы.

2. Кедендік құқықтық норманың түсінігі, құрылымы және түрлері.

3. Кедендік-құқықтық норманың уақытта және субъектілерге қатысты қолданылуы.

Кедендік құқықтық нормалар – кеден шекарасы арқылы туаурлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Кедендік құқықтық нормалардың белгілері:

1) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына қолданылады;

2) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына міндетті;

3) заңды жауаптылық.

Кедендік құқықтық нормалардың құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция

Кедендік құқықтық нормалардың түрлері: материалдық және процессуалдық

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:

1) ҚР-сы кеден ісі кодексінен;

2) қабылдануы ҚР-сы кеден ісі кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР-сы кеден ісі кодексіндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Егер ҚР-сы кеден ісі кодексінде өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер ҚР-сы кеден ісі кодексінде өзгеше белгіленбесе, тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Егер кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Тақырып 3. Кеден құқығының субьектілері (2 сағат)

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі, міндеттері

2. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым қатынасы

3. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым қатынасы

4. Уәкілетті экономикалық оператор

           1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерінен;

5) кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.

Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.

Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

Кеден ісі саласында тікелей басшылық жасауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;

5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;

6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;

7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;

8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;

9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

10) кедендік статистиканы жүргізеді;

11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кеден органдары қызметінің принциптері:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдігі;

4) жариялылық принциптерінде құрылады.

Тақырып 4. Көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізуді құқықтық реттеу (2 сағат)

1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тәртібі

2. Кедендік рәсімдер түрлері

3. Тауарларды кедендік декларациялау

4. Тауарларды шығару

5. Тауарларды және көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар және тауарларды кедендік тазарту кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда жасалады.       Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кедендік тазарту деп түсініледі.

Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобиль, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалары), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдары атынан жүргізген кезде өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кедендік органдардың лауазымды адамдары жасайды.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізген кезде кеден органдары қоятын талаптар негізделген болуға және кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен шектелуге тиіс.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтуші және тағайындалған еліне қарамастан бірдей қолданылады.

      Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттарды берген кезден басталады.

Ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да мемлекеттік бақылау түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылау жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылуы мүмкін.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс уақытында жасалады.

Декларанттың не кеден өкілінің дәлелді сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде осы Кодексте айқындалған тұлғалар кеден органдарына тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті және табыс етілуі кеден одағының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ғана табыс етуді талап етуге құқылы.

Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну мерзімі осы Кодекспен белгіленеді.

Кеден органының тауарлардың шығарылуы туралы шешім қабылдауына әсер ететін, құжаттарда бар деректерді өзгертпейтін жаңылыс жазудың, техникалық немесе грамматикалық қателердің болуынан кеден органдары құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар нысанында ұсынылуы мүмкін.

Кеден құжаттарының нысандары Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Кеден құжаттары, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және кеден одағына мүше мемлекеттердің шет мемлекеттермен халықаралық шарттарына сәйкес, тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа мемлекеттердің кеден құжаттары қолданылуы мүмкін.

Мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде қатысуға құқылы.

Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына оларды жасауға жәрдем көрсету үшін қатысуға міндетті.

Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарлар, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнім, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық почта жөнелтімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдықтар мен құралдар және осындай басқа да тауарлар кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылады.

2. Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырған кезде не осы Кодекске сәйкес белгіленген өзге де жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.

Тауарларды кедендік декларациялауды декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі жүргізеді.

Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргізіледі.

Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мына түрлері қолданылады:

1) тауарларға арналған декларация;

2) транзиттік декларация;

3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;

4) көлік құралына арналған декларация.

Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

Тауарларға арналған кедендік декларацияда және транзиттік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер кедендік рәсімдерге, тауарлардың санаттарына, оларды өткізетін тұлғаларға, көлік түріне қарай Кеден одағы комиссиясының шешімімен не, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қысқартылуы мүмкін.

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарларды кедендік рәсімге сәйкес шығару үшін қажетті мәліметтер бар өзге де құжаттар осы Кодексте немесе Кеден одағы комиссиясының шешімінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.

Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.

Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделген жағдайларда, егер Кеден одағының кеден кодексінде, Кеден одағы комиссиясының шешімінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етілген электронды көшірмесімен бірге жүруі тиіс.

Кедендік декларацияның электронды көшірмесінің құрылымы және форматы, сондай-ақ оны табыс ету және пайдалану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Тақырып 5. Кедендік бақылау (2 сағат)

1. Кедендік бақылаудың түсінігі және жүргізу тәртібі

2. Кедендік бақылау аймағы

3. Кедендік бақылаудың нысандары

1. Кедендік бақылау – кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.

Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.

Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.

Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын құрады. Сонымен қатар уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары кедендік бақылау аймақтары болып табылады.

Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткізу пункттерінің аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.

Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және:       1) кедендік рәсімдер өткізу орындарында – өлшемдері: биіктігі – 50 сантиметр, ені – 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендік бақылау аймағы» деген жазу жазылады;

2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.

Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:

1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін қаулы;

3) лауазымдық міндеттерін орындау тікелей кедендік бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.       Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді.

4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.

Рұқсат қағаздарын ресімдемей, кедендік бақылау аймағына жіберу:

1) қызметтік куәлікті ұсынған кезде - кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;

2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.

Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді.

Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді.

Кедендік бақылаудың нысандары:

1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

2) ауызша сауалнама;

3) түсіндірмелер алу;

4) кедендік қадағалау;

5) кедендік қарау;

6) кедендік тексеріп қарау;

7) жеке кедендік тексеріп қарау;

8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;

9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;

10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;

11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру;

12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.

Тақырып 6. Кедендік төлемдерді алу және кедендік-тарифтік реттеу (3 сағат)

1. Кедендік төлемдер мен салықтар түсінігі, түрлері

2. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер

3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету

5. Кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу

1. Кедендік баж – кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету – кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі; Кедендік төлемдер мен салықтарға:

1) кедендік әкелу бажы;

2) кедендік әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;

4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.

Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.

Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.

      Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген – адвалорлық;       2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;

3) көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.

      Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.       Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.       Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.

Кедендік алымдарға:

1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар – төлеушіге қайтаруға жатпайды;

2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар – бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді;

3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы – тауарларды сыныптау жөнінде және тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады.

           Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешекті заңда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.

Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.

3. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін мынадай:

1) төлеушіге хабарлау;

2) кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:

берешек сомасына өсімпұл есептеу;

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;

4) мынадай тәртіппен:

төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;

төлеуші дебиторларының шоттарынан;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеуді қоспағанда, бірінен кейін бірі қолданылады.

Жеке кәсіпкерден және заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешек пен өсімпұл өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Тақырып 7. СЭҚ ТН және сыртқы сауданы, кедендік статистиканы жүргізудің құқықтық негіздері. Кедендік жеңілдіктер. (2 сағат)

1. Сыртқы саудаға кедендік статистиканы жүргізу мақсаты және әдістемесі

2. СЭҚТН жүргізу тәртібі

3. Кедендік жеңілдіктер

Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендік статистиканы жүргізу үшін қолданылады.

 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.

 Тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша сыныпталуға жатады.

Кеден декларациясында мәлімделген тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді, бақылау-өткізу пункттерінің және мамандандырылған кедендік мекемелердің лауазымды адамдарын қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Тауарлардың дұрыс жіктелмеуі анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды сыныптауды дербес жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.

Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға және кіші субпозицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.

Тауарларды сыныптау мына негізгі критерийлердің:

1) тауар орындайтын функция;

2) тауар жасалған материал негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесін ескере отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі ережелерін және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, субпозицияларға ескертпелерді), сондай-ақ ерекше сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық субпозицияларға бірдей жатқызу принципі сақталады.

Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, декларанттар немесе кеден өкілдері түсініктеме берудің негізгі ережелерін; бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді; Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктемені; Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйесі жөніндегі комитетінің Сыныптау бойынша пікірлер компендиумін; кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімдерінің электрондық базасын; Кеден одағы комиссиясының және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсініктемесін қолданады.

Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары декларант табыс еткен жөнелтуші елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін, егер декларант мұны табыс ете алатын жағдайда, тәуелсіз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын, анықтамаларын, сондай-ақ тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерді назарға алады.

Кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде декларант Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптайды және кедендік декларацияда тауардың кодын мәлімдейді.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант кедендік декларацияда тауарлардың кодын дұрыс мәлімдеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы қосымша құжаттарды табыс етуді сұрамай, тауарлардың сыныпталуы бойынша мәліметтерді тексеруді аяқтайды.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант кедендік декларацияда тауарлардың кодын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша дұрыс мәлімдемеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы декларанттан тауарларды сыныптау үшін қажетті қосымша құжаттарды бір жұмыс күні ішінде жазбаша сұрайды. Кеден органы күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады.

Тауарларды сыныптау үшін қосымша құжаттар сұралған жағдайда, кеден органы декларанттың жазбаша өтініші бойынша:

кедендік баждар мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген кезде - кедендік баждар мен салықтар салынатын;

кеден органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды беру бойынша декларанттың міндеттемесі болған кезде кедендік баждар мен салықтар салынбайтын тауарлардың шартты шығарылуын жүзеге асырады.

Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының мөлшері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі мәлімделген кезде төлеуге жататын кедендік баждар мен салықтардың сомасынан аз болмауға тиіс.

Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауарлар шартты шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем болмауға тиіс.

Декларант кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімімен келіскен жағдайда, декларант кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға тиіс.

Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімі екі дана етіп ресімделеді және оған тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.

Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің орындалуы міндетті болып табылады.

Кеден органы қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешіммен келіспеген жағдайда, декларант немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға не олардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органының немесе кеден органы лауазымды адамының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

Тауарларды сыныптау жөніндегі шешімге шағым жасалған кезде шағым жасаған тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, тауарлардың сынамасын және үлгілерін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және тауарларды бірдей сыныптауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.

Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерінің бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады, олардың типографиялық тәсілмен орындалған, кеден органының кодын қамтитын есептік сериясы және нөмірі болады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы тарауға сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер қабылдайды және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірулер береді.

Тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында декларациялау кезінде міндетті болып табылады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдердің деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады.

Тақырып 8. Кеден ісі аясындағы заңды жауаптылық (2 сағат)

1. Жауаптылық түсінігі және түрлері

2. Қылмыстық жауаптылық

3. Әкімшілік жауаптылық

4. Тәртіптік жауаптылық

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізуде, Қазақстан азаматтарының бар-жоғына тәуелсіз, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) басшылыққа алуы тиіс кеден заңдары бекіткен ережелерді құрайды. Бұл ережелерге сәйкесінше кедендік режимдерді анықтау, кеден бақылауынан өту, кедендік рәсімдеуді жүргізу, кеден төлемдері (баж, алым, төлем) мен салықтарын іске асыру, кеден жеңілдіктерін пайдалану және басқа да ережелер кіреді. Қазақстанның әкімшілік заңдарына арнайы сілтемесіз “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” кодексіне сәйкес бұл ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл жерде ескерте кетуге тиіс жайт, “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңында реттелмеген жеке іс жүргізу әрекеттері әкімшілік заңда жалпы бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі өндірісті кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен сот арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдар мен халықаралық шарттар бекіткен, орындалуы бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін, кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткізудің, кеден төлемдері мен салықтарын салудың және төлеудің, кеден жеңілдіктерін берудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғушы тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзу болып табылады, ол үшін “Кеден ісі туралы” заңда жауапкершілік қарастырылады. “Тұлға” ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды (отандық және шетелдік заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар), сондай-ақ лауазымды тұлғаларды жатқызады. Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне, онда орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы (тікелей бұзушылықтары үшін) лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауапкершіліктен босатпайды. Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен теңдей жауапкершілікке тартылады.

Кеден ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, бірақ автор оларды жеке топтарға бөлген және кеден құқық бұзушылықтары деп аталған. Кеден заңын қабылдағанға дейін кеден ережелерін бұзу белгіленген басқару тәртібіне қол сұғушылық деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық тобына жататын ( Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, 15-тарау). “Кеден ісі туралы” заңда белгіленген кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартатын 40 ереже қарастырылған. Айыппұл мөлшері бұрынғымен салыстырғанда көбейген. Сонымен қатар, кеден органдарының қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, барлық істер бойынша іс-жүргізу және оларды қарау 30 бапты қамтиды.

Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан кейін – ҚК) 209-бабына сәйкес экономикалық контрабанда дегеніміз – кеден шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде көп мөлшерде тауарлар мен басқа заттарды, не кеден сәйкестендіру құралдары мен құжаттарды алдап қолданумен, некеден шекарасы арқылы алып өтілуіне арнайы ережелер бекітілген, кеден шекарасынан өткізуге тыйым салынған немесе декларациялануы күмәнді тауарларды, заттар мен құндылықтарды алып өту. Айналымнан алынып тасталған немесе айналымға түсуі шектелген (ҚК-тің 250-бабы) заттардың контрабандасы дегеніміз – кеден сәйкестендіру құралдарын немесе құжаттарды алдап қолданумен декларациядан өтпеген немесе декларациялануы күмәнді есірткі құралдарын; жүйке уландырғыш; күшті әсер ететін, улы уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды; қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш қондырғылар, оқатар қару, оқ-дәрілерді; ядролық, химиялық, биологиялық,жаппай жою қаруларын жасауда пайдалануы мүмкін материалдар мен құрал-жабдықтардың басқа түрлерін мемлекеттік кеден шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде жасалған өткізу болып табылады. Контрабанда дегеніміз – кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде не кедендік және басқа да құжаттарды алдап қолданумен тауарлар мен басқа да құжаттарды

ҚК “Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару” 214-бабы өзіне тиісті мағынаны аша алмаған. Автор жалтару мағыналардан тұруы мүмкін деп есептейді:

- кеден төлемдерін, кеден баждарын, салықтарын, алымдарын төлемеуге әкелетін жалған мәліметтерді ұсынуы;

- кеден төлемдері төленгендігін дәлелдейтін не кеден төлемдерін төлеуді қамтамасыздандыру болып табылатын жалған қаржылық құжаттарды ұсыну;

- кеден органдарының есеп-шотына банктен аударылатын ақшалай қордың төлем құжаттарын төлеушінің қайтарып алуы;

- кеден төлемдерін төлеудің мерзімін бұзу.

Тақырып 9. Кеден органы анықтау органы ретінде (2 сағат)

1. Қылмыстық іс жүргізудегі анықтау органының түсінігі

2. КР Кеден органдарының анықтау органы ретінде құзыреті

3. Қылмыстық істі қозғау және кеден органдарымен жүргізілетін тергеу әрекеттері

Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.

Тақырып 10. ҚР-ның кеден ісі аясындағы халықаралық – құқықтық ынтымақтастығы (2 сағат)

1. ТМД шеңберіндегі кеден ісі аясындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. ҚР-ның халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастық

2. Кедендік ынтымақтастық кеңесі және оның қызметіне ҚР-ның қатысуы

3. СЭҚТН халықаралық негізін қалыптастыратын құқықтық құжат

1. Қазақстанның кеден құқығының қалыптасуы халықаралық кеден құқығының дамуымен үйлесімді келе жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қыркүйектегі шешімі бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халықаралық құқықтың онжылдығы деп аталып, халықаралық құқық келісімдерінің барлық мемлекеттер үшін міндетті екендігі аталып өтті. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиіс деген сөз, халықаралық құқық келісімдерінің сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиіс.

Халықаралық кеден құқығына Н. С. Барчуков, Ф. Мартенс, Б. М. Угаров, К. Г. Борисов өздерінің еңбектерін арнаған. Осыған орай, М. А. Сарсембаев “Кеден ісі тек мемлекеттің ішкі құзыретінде ғана қалып қоймайды, ол халықаралық мемлекеттің халықаралық арена да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледі. Халықаралық құқықтық жүйесінің ішінде халықаралық кеден құқығы атты жеке сала бар”.

Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негізделеді. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсіздікті және егемендікті құрметтеу, ішкі іске араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық, ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзі шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т.б. Қазақстанның егемендігі экономикалық егемендік, өзіндік ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауіпсіздіктің бағыты төмендегі шаралармен байланысты:

- экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жүйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу;

- еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту;

- геосаяси ортаның әсерінен пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтіруінің деңгейін азайту;

- отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау;

- мемлекеттік бюджеттің табыс көзін нығайту;

- сыртқа қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетілген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтік-экономикалық дамуының дисбалансын болдырмау;

- бәсекелестікті қолдай отырып, монополияны шектеп, экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, экономикада отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру.

Ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықаралық келісім-шарттарды бекітуге жол берілмеуі керек. Халықаралық келісім-шарттар, құқық нормасы ретінде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендік ынтымақ пен өзара көмекке байланысты халықаралық ұйымдардың шешімдері; халықаралық сот пен арбитраждың шешімдері халықаралық кеден құқығының қайнар көздері болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тікелей әсер етеді.

Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде, халықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиіс. Қазақстан интеграцияны қолдап, тіптен Еуразиялық Кеден Одағының құрылуының бастамашысы болды. Бірақ кейбір мемлекеттерді интеграция бізге не береді және біз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырды. Алғашқысына баса назар аударылғандықтан, ол орындалуға тиіс. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасы құрған Кеден Одағына екі апта өткен соң, 1995 жылғы 20 қаңтарда кірді.

1996 жылғы 29 наурызда кеден келісім-шартына Қырғызстан кірді. 1998 жылдан Тәжікстан бақылаушы ретінде кірді. Уақыт өте Кеден одағының тағдырына баға бере жатармыз. Бұл одақтың қызмет етуі ТМД жағдайларға, сондай-ақ экономикалық одақпен, өтем одағымен және статистиканың басқа органдарымен байланысты.

Сонымен, Кеден Одағын ғаламдық мақсаттардың, оның ішінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырамыз.

Қазақстанның ТМД және Кеден Одағынан тыс қабылдаған шарттары мен міндеттемелері әрқашан да тиімді нәтижелерге әкеле бермейді немесе оларды шешу белгілі бір міндеттемелер жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бастамаға негізделген. Олардың қатарына:

1. Еуропа экономикалық қоғамдастығының құрушы трактат 25 наурыз 1957 ж. және 1987 жылғы біртұтас Еуропа актісімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Рим трактаты.

2. 1951 ж. сәуірдегі Еуропалық көмір және болат ұйымын құрушы трактаты – “Париж келісім-шарты”.

3. 1957 ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы комиссиясының құрушы келісім-шарты – Еуроатом келісім-шарты.

4. Қоғамдастық органдарының актілері.

5. Халықаралық келісім-шарттар.

6. Жалпы құқық қағидалары (теңдік, бостандық, бірлік, сенім әділеттік қағидалары) жатады.

Бұл Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негізі болып табылады және ол оның барлық тауарға қатысты күші бар. Бұл келісім-шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тауарларға қатысты қолданатын, іс жүзінде жүзеге асыруды көздейтін мақсаты мен принциптерін, айқын ережелерді құрағандықтан “қоғамдастық конституциясы” болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актілер құқықтың қайнар көзі ретінде келісім-шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады.

Рим трактатын қабылдаудың мақсаты Экономикалық Одақ болғандықтан, барлық территориялар бірігуге бағытталған.

Кеден Одағында экономикалық одақтар 1967 жылғы, 1865 ж. Француз – Монака келісімінде, 1921 ж. Бельгия – Люксембург келісімінде және Швейцария – Лихтенштейн мемлекетінің арасында 1928 жылғы келісімінде құрылған. Сонымен бірге, қоғамдастықта жеке конвенциялардың ережелері әрекет етеді. Мәселен, Азаматтық авиация туралы Конвенция (Чикаго, 1994 ж. желтоқсан), Аумақтық су мен оған жалғас жатқан аймақтары туралы Конвенция (1958 ж. 28 сәуір, Женева), Теңіз туралы Конвенция (1982 ж. 10 желтоқсан, Монтего-Бей).

Кедендік реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамдастықтың кеден құқығының қайнар көзінің қатарына халықаралық келісім-шарттар кіреді және қоғамдастықтың субъектілері қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан, келісім-шарт ережелерін орындауға міндетті. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшін және келісім-шарттардан туындайтын даулар үшін Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етеді. Халықаралық кеден құқығында “Кеден Одағына” бір кеден аумағының орнына екі немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп Сауда және тариф туралы басты келісім берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кіретін аумақтарының арасында, әсіресе, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кіретін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бірыңғай баж қолданады. Ішкі нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез-келген бөгетті болдырмауға тырысады, ережелер келісіледі, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтіледі, т.б. Сонымен, ішкі нарық “тауар, адам, қызмет және капиталдың еркін айналымын қамтамасыз ететін ішкі шекара болмайтын кеңестік” сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негізделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсіз юрисдикция кепіл болатын қоғамдастық органдарының шешімімен жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердің аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды, Греция, Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, еркін аймақтарын қосады.

ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерінде тап осындай проблемалар туындаған. ЕЭҚ кеден тарифтері ставкалар жинағы ретінде қоғамдастық аумағына импортталған барлық тауарлар түріне қатысты. Бірақ, бұл кезде даму деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігі, экономика салаларының сезімталдығы ескерілуі тиіс. ТМД мемлекеттерінің интеграциясы бүгінгі күні көбінесе саяси сипатқа да тәуелді болып отыр. 1995 ж. 10 ақпандағы ТМД мемлекеттерінің басшыларының кеден заңдылықтары Негіздерін қабылдауы Кеден Одағында белгілі бір үйлесілімділік пен реттілік әкелді.

Қазақстан кеден саласында едәуір алға жылжып, 1995 жылы 6 шілдеде осы негіздер ратификацияланып “ҚР Кеден ісі туралы” Президенттің Заң күші бар Жарлығы қабылданды. Құқықтық жағынан алып қарасақ, кеден заңдылықтары негіздерін ратификациялау туралы Президент жарлығының қызықты тұстары көп-ақ.

Бұл жағдайда оған заң шығарушы өкілет берілген сияқты онымен қатар, оның халықаралық – құқықтық қайнар көзі ретінде мәртебесі сақталған. Бұл құжаттың ұлттық заң актісінің болмаған жағдайында немесе ережелердің бұзылуы барысында Қазақстан территориясында жүзеге асуы әзірше қарастырылмаған. Бірақ бүгінгі күні Қазақстан “Негіздер туралы” шешімді күшіне енгізу мақсатымен, ратификациямен қатар ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асырған жалғыз ғана мемлекет болып отыр. 1997 ж. сәуірдегі Белорусия мен Ресейдің жаңа одағын көбісі қолайлы қадам деп үн қосып жатты, бірақ келісім-шарт бойынша олар алдын-ала одақ мүшелеріне хабарлауы тиіс болатын. Бұл одақтың ТМД мемлекеттері интеграциясына өз ықпалын тигізу, тигізбеуін арнайы заңдардың деңгейінен көрінуінен күтеміз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше: “аймақтық интеграциялар кең ауқымды көлемдегі интеграция тұрақтылығын жақсы қалыптастыратын құрамдас бөлік болады. Интеграциялық глобалды көлемі, ол Еуразия жобасы, ол менің күн тәртібімнен түсе қойған жоқ және түспейді”.

ТМД мемлекеттері көп жақты бірлестіктер құруға даяр ма? Саяси жағынан алып қарасақ – иә, ал экономикалық мәселелер жағынан бұны айтуға болмайды, себебі қабылданған келісімдер жүзеге аспай қалуда. ТМД бес жылдығы көптеген шешімдердің өз міндетін орындай алмайтындығын көрсетті (интеграция комитеті мәліметі бойынша олар 300-ден астам) көбінесе екі жақты келісімдердің бағыты айқын көрінуде. Сол себепті Қазақстанға Еуразия Одағы сұрақтарын жеке шешіп, кейбір ТМД мемлекеттерімен өзара

келісуі қажет. Қандай жағдайда болмасын кеден саласын айналып өту мүмкін емес. Сондықтан, Еуразия кеңістігінде кеден ұйымын құру да көзделіп отыр. Еуразия Одағы негізінде кеден ұйымына жатуы тиіс.

Интеграциялық комитет ТМД ұйымына баға бере келіп, ондағы қаржылай көмектің әлсіздігінен интеграцияға үлкен бөгет болып отырғандығын, төлем төлейтін ұйымдар қаржылай аспектіні құрастырғанымен, қаржылық шешімдер жүзеге аспайтындығын көрсетті.

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына өткенде ондағы міндеттемелерді орындауы талап етіледі, тауар және қызметтің халықаралық саудасында тарифтік және тарифтік емес барьерді алу, сауда ережелерін үйлестіру керек. Шынына келгенде, бұл ұйымға кіруге басқа да ТМД мемлекеттердің және Кеден Одағына кіретін мемлекеттерінің ойы бар, сол себепті осындай мәселелер бірлесіп шешілуі керек. Кірген күннің өзінде жаңадан міндеттемелер жүктелетіндігін де ескеру керек. Мәселен, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру

Қазақстанның басқа ұйым, не болмаса Одақтардан шығуына немесе кейбір жарғылар мен құжаттардың өзгеруіне әкелуі мүмкін. Қазақстан интеграцияға кедергі келтіріп отырған ТМД органдарына реформа жасаудың қажеттілігін қолдаған.

1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы, Беларус және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы келісімінде, бірыңғай Атқарушы орган құру көзделген, бірақ ол әлі күнге дейін іске аспады. Бұл орган функциясын Интеграция комитеті өз мойнына алды. Кеден саласын халықаралық байланыста экономика факторы ретінде пайдалану экономиканың саяси мақсаттарда басымдығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттердің интеграцияға саяси дайындығы тек экономикалық және құқықтың алғышарттардан кейін орын алады.

1995 жылдың 6–20 қаңтар аралығында Кеден Одағы жөніндегі келісімдердің кейін бірқатар құжаттар қабылданды. Олар: 1997 жылғы 3 шілдедегі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына өту кезіндегі Кеден Одағына мүше мемлекеттердің халықаралық сауда келіссөздері туралы хаттамасы. 1997 жылы қазанда қабылданған Кеден Одағын құру негіздегі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім, 1998 ж. 22 қаңтардағы Кеден Одағы мемлекеттері қатысушыларының аумағынан өткендегі транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісім, 22 қаңтар 1998 ж., № 2 және 28 сәуір 1998 ж. № 11 6 ай ішіндегі Кеден Одағын Кеден баждарының келісілген мөлшеріне міндетті қою туралы қатысушы мемлекеттердің жалпы кеден тарифін белгілеу туралы Үкімет басшыларының шешімдері.

Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесінің 1998 ж. 24 қарашадағы қабылдаған шешімі, жоғарыдағы құжаттар, сондай-ақ Кеден Одағын құру мәселесі бойынша Үкімет басшылары кеңесінің және Мемлекетаралық кеңестің басқа да шешімдері “Кеден Одағы туралы шартқа және біртұтас экономикалық кеңестік туралы” шартқа қосылудың негізін құрайды.

Кеден Одағын құруға бағытталған бұл құжаттар және басқа да мемлекетаралық кеңес пен Үкімет басшылары кеңесінің шешімдері “Кеден Одағын құру туралы келісім мен бірыңғай экономика кеңестігін құруға қосылудың шарттарын” құрайды. Бұл шарт мемлекетаралық кеңес жанындағы Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Республикасы Үкімет басшылары кеңесінде 1998 жылғы 24 қарашада қабылданған.

Кеден Одағы мемлекеттерінің 1996 ж. 26 ақпандағы Кеден Одағы туралы және бірыңғай экономика кеңестігі туралы келісімі интеграцияның қарқынды жүруіне үлес қосты, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін экономикалық дамудағы алшақтықтарды жақындатуға мүмкіндік берді. Бұл келісімге қол қойған мемлекеттер (Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, және Тәжікстан Республикасы) Кеден Одағын құруды және оның негізіндегі бірыңғай экономика кеңестігін құруды аяқтауға міндеттеме алды. Бірыңғай экономикалық кеңестік құрудың мақсаты:

- тауар, қызмет, капитал, еңбек қарқының жалпы қызмет етудің жақсаруы үшін;

- тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында экономиканы құрылымдық қайта құруының тұрақты дамуы үшін жағдай туғызу;

- салық, ақша несие, валюта қаржылық, сауда, кеден және тариф келісімінде өзара үйлескен саясат жүргізу;

- бірыңғай көлік, энергетика және ақпарат жүйелерін дамыту;

- мемлекеттің экономикадағы басым салаларға, өндіріс және ғылыми – технологиялық кооперацияға көмек көрсету үшін жалпы шаралар жүйесін белгілеу.

Мақсат негізіне халықаралық қағидалар (өзара тиімділік, дискриминацияға жол бермеу) мен жалпы қағидалар (өзара көмек, еріктілік, тең құқылық, қабылданған міндеттемелерге жауапкершілік) алынған.

Интеграциялық басқару органдарына мемлекетаралық кеңес, Үкімет басшылары кеңесі, Интеграциялық комитет, Парламентарлық комитет жатады. Мемлекетаралық кеңес шешімімен басқа да органдар құрылуы мүмкін.

Сонымен қатар, келісімде сыртқы экономикалық қызметті реттеуді қамтамасыз ету үшін төмендегі шаралар көзделген:

- сыртқы экономикалық қызметті тарифтік реттеу;

- үшінші мемлекеттермен саудада тарифтік емес реттеуді жүргізу;

- үшінші мемлекеттерге қатысты сауда режимін белгілеу;

- үшінші мемлекет пен сыртқы сауда операцияларына жаңаша салық салу;

- сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеу.