Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Р К 2013-14 о.ж..doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

1.4.Конституциялық-құқықтық нормалар және конституциялық-құқықтық қатынастар.

Конституциялық-құқықтық нормалардың құрылтайшылық сипаты ретінде қоғамдық қатынастардың құқықтық ресімделуінің құқықтық бастамасы болып табылады. Сондықтан оларды – норма-қағидалар, норма-мақсаттар деп те атайды. Конституциялық-құқықтық нормалардың құрылтайшылық сипаты ретінде оларды Қазақстан Республикасының ұлттық құқық салаларының нормаларын құру үшін міндетті тәртіп бекітіледі. Онда құқықтық актілердің нысаны, оларды қабылдау және жариялау тәртібі, қабылданатын құқықтық актілердің аталуы анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-шы бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша Республиканың барлық аумағына міндетті күшке ие болтын қаулылар шығарады деп көрсетілген.

Конституциялық-құқықтық нормалар өзге құқық салаларының нормаларынан құрылымдылық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Конституциялық-құқықтық нормалар көптеген жағдайда екі сатылы құрылымға ие болады: гипотеза және диспозиция. Тек кейбір жағдайда ғана санкцияға ие болады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды саралау көптеген негіздерге қатысты қарастырылады. Біріншіден, реттелетін қоғамдық қатынастардың шеңберіне қарай:

а) конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

б) адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін бекітетін нормалар;

в) басқару органдарының жүйесін бекітетін нормалар.

Екіншіден, заңды күші бойынша: Республиканың Конституциясында бекітілген нормалар, олар жоғары заңдылық күшке ие болады және ешқандай құқық нормасы қайшы келмеуге тиіс.

Үшіншіден, конституциялық-құқықтық нормаларында мазмұндалатын көрсетілу сипатына қарай:

а) құқық беруші, яғни субъектілердің онда бекітілген құқықтарды жүзеге асыру әрекеттері. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-ші бөлімінде бекітілген адам мен азаматтың мемлекетпен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтары; мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бекітетін конституциялық-құқықтық нормалар;

б) міндеттеуші нормалар – субъектілерге анықталған нақты нормаларға сәйкес жағымды әрекеттерді жасауға міндеттейді. Мысалы, азаматтардың конституциялық міндеттерін бекітетін, сонымен қатар өзге әрекет жасау жағдайын қарастырмайтын нормалар;

в) тыйым салатын нормалар – анықталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігін болдырмайтын нормалар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабының 3-ші тармағында мақсаты бойынша конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуіне тыйым салынады делінген;

г) көрсетілу нысанына қарай императивті және диспозитивті нормалар.

Императивті нормалар – олар биліктік сипатқа ие болады және субъектілердің өз қалауы бойынша өзге ережелерді қолдануына мүмкіндік берілмейді. Бұндай нормаларды заң әдебиеттерінде категориальды деп атайды, яғни нормадағы талаптан ауытқымау.

Диспозитивті норма – субъектіге нормада көрсетілген шарттар мен мән-жайларды өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік беріледі.

Конституциялық-құқықтық нормалар мақсатына қарай материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Материалдық нормалар қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі бойынша әрекеттерді қарастырады, яғни құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-ші “Адам және азамат” бөлімінде ол жан-жақты анықталған.

Процессуалдық нормалар өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру, заңдар мен өзге де актілерді қабылдаау кезінде материалдық нормаларды іске асырумен анықталады. Мысалы, Мәжіліс, Сенат, Парламенттің Регламенттері. Көптеген процедуралық нормалар депутаттарды сайлау, референдум өткізу туралы заңдылық актілерде анықталады.