Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Р К 2013-14 о.ж..doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Дәріс тақырыптары

Тақырып 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы түсінігі және негізгі институттары.

1. Қазақстан республикасының конституциялық құқығының түсінігі, оның пәні және жүйесі. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің басты саласы және негізгі звеносы болып табылады. Ол конституциялық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен айқындалады. Конституциялық құқықтың нормалары мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде мемлекет, қоғам және тұлғаның арасында қалыптасатын маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекет пен қоғамның барлық: экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани аялары конституциялық-құқықтық реттеудің объектісі болып табылады. Ал құқықтың өзге салалары қоғамның бір аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарға әсер етеді. Мысалы: еңбек құқығының нормалары жұмыс беруші мен жұмысшының арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарға, яғни еңбектік құқықтық қатынастарға әсер етеді; азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде– мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және аумақтық құрылысының негізгі қағидаларын, оның азаматтық қоғамның институттарымен қатынас тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және мемлекеттік билік органдарының жүйесін бекітетін және реттейтін конституциялық нормалардың жиынтығы.

Конституциялық құқық – конституциялық құқық саласын зерттейтін құқықтық теория саласы. Конституциялық құқық ғылымының түсінігі сала ретіндегі түсінігінен кең. Конституциялық құқық ғылымы құқық саласымен қатысына байланысты өзінің мақсаттарына ие болады.

Конституциялық құқық ғылымының мақсаты ұғымдар мен категорияларды әзірлеумен қалыптасады; сәйкестелген саланың институттары бойынша ғылыми түсініктерді қалыптастыру; ғылымның дамуын зерттеу және жалпылау әрі оны іс жүзінде пайдалану; осы саладағы институтты зерттеу мен оны жетілдіруге бағытталған ұғымдарды даярлау.

Конституциялық құқық – оқу пәні ретінде – конституциялық құқық туралы, сала және ғылым ретіндегі білімдердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды келесі топтарға саралайды:

1 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері;

2 Қазақстан Республикасының адам және азаматының құқықтық мәртебесі;

3 мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі.

Конституциялық құрылыстың негіздері - мемлекет пен қоғамның құрылысын анықтайтын негізгі қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттік құрылыс негіздерін реттейтін нормалардың басымдылығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бөлімі Жалпы ережелерде бекітілген.

1.2. Конституциялық-құқықтық реттеу әдістері.

Конституциялық-құқықтық реттеу анықталған қоғамдық қатынастарға нормативтік-ұйымдастырушылық әсер ету мақсатында оларды реттеу, қорғау және дамыту болып табылады. Ол нақты бағыттық сипатқа ие болады және анықталған құралдардың конституциялық-құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар көмегімен, құқықтық реттеу әдістерімен жүзеге асырылады. Құқықтық реттеу әдісі – ол қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілдері. Конституциялық-құқықтық реттеудің негізгі әдістері болып рұқсат ету, міндеттеу және тыйым салу әдістері табылады.

Рұқсат ету әдісі – конституциялық-құқықтық қатынастың субъектісінің әрекет ету мүмкіндігі. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың конституциялық өкілеттіктерімен, сонымен қатар Конституцияда кепілдендірілген құқықтар және бостандықтармен анықталады.

Конституциялық-құқықтық реттеу биліктік-императивтік бастама негізінде заңды әсер ету, яғни міндеттеу және тыйым салу әдістерімен жүзеге асырылады.

Міндеттеу әдісі – конституциялық-құқықтық қатынас субъектісінің әрекет ету міндеттілігі. Міндеттеу әдісі мемлекет пен қоғамда тұлғаның бекітілген конституциялық міндеттерін жүзеге асырумен анықталады. Мысалы, ҚР-ның Конституциясының 34-бабының 1-ші тармағында әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылықтарын сақтауға, өзге де тұлғалардың құқықтары, бостандықтры мен қадір-қасиетін сыйлауға міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар міндеттеу әдісі мемлекеттік органдардың да конституциялық міндеттерін бекітеді.

Тыйым салу әдісі субъектінің қандай да бір әрекет жасауына тыйым салады. Ол тыйым салынады, ешқашан, ешкім және т.б. сөздермен конституциялық негізде бекітіледі.

1.3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері. Конституциялық құқық теориясында конституциялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігіне конституциялық-құқықтық нормалар заңдық күшке ие болатын құқықтық актілер кіреді. Құқықтың қайнар көздері әрекет етіп отырған нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық жүйесі бойынша анықталады, әр акт өзінің заңдық әрекеттеріне ие болады.

Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Біріншіден, Конституцияның нормалары халық еркімен жүзеге асырылады; екіншіден, олар мемлекет пен қоғамның барлық салаларын реттейді; үшіншіден, Конституцияның нормалары жоғары заң күшіне ие болады және Республиканың барлық аумағына тікелей әрекет етеді; төртіншіден, олар құрылтайшылық сипатта болады және қолданымдағы заңдылықтарға негіз болып табылады; конституциялық құқық саласының өзге де қайнар көздері анықталады яғни, нормативтік құқықтық актілердің аталуы, заңдылық күштері, қабылдану тәртібі, тоқтатылуы және жариялануы.