- •Глоссарий
- •6.Пәннің дәріс кешені
- •1. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі
- •3. Халықаралық экономика және оның құрылымы
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары
- •2.А.Смиттің халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі идеясы
- •3.Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасы.
- •1.Негізгі әдебиет
- •1. Өндіріс факторлары арақатынас теориясы
- •2.Хешкер-Олин моделі
- •3 Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысын реттеу
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •2. Халықаралық сауданың стандартты моделі
- •3. Сауда шарттары
- •2.Сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теория
- •3. Рыбчинский теоремасы
- •1.Негізгі әдебиет
- •3. Р. Вернердің тауардың өмірлік циклы теориясы
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •1. Протекционизм:мәні және формалары
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік реттеу әдістері.
- •1.Кедендік баж салықтарының жіктемесі.
- •3. Халықаралық сауданы бейтарифтік реттеу әдістері
- •1.Негізгі әдебиет
- •1. Әлемдік рыноктағы капиталдар қозғалысының қазіргі жайы
- •1.Негізгі әдебиет
- •3. Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік реттеу
- •4. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күші миграциясы мәселелері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •2. Технологияларды құқықтық қорғау формалары
- •3.Технологиялар қозғалысын халықаралық реттеу
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •1. Интеграциялық үдерістердің қалыптасуы
- •2. Интеграциялық бірлестіктер түрлері
- •3. Батыс Еуропалық экономикалық интеграция
- •1.Негізгі әдебиет
- •1.Жүйенің валюталық және қаржылық элементтері
- •2. Валюта жүйесінің эволюциясы
- •3. Еуропалық валюталық жүйе
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •1. Халықаралық валюталар рыногы
- •2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық рыногы
- •3. Қаржылық дериваттардың халықаралық рыногы
- •1.Негізгі әдебиет
- •2.Қосымша әдебиет
- •11.«Экономика және менеджмент» кафедрасы бойынша мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар тізімі
1.Негізгі әдебиет
1.Международные экономические отношения : учеб.\ Н.Н.Ливенцева .- 2-е изд., пераб.идоп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.
2. Международная микроэкономика: движения товаров и факторов производства. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2000.
3.Международная макроэкономика: открытая экономика и макроэкономическое программирования. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2003.
4.Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы /:-Алматы: Экономика. 2001.
5.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік: Оқу құралы /: - Алматы: Экономика, 2000.
2.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.
3.Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи. –М., 2000.
Лекция 14: Халықаралық қаржылық нарықтар
Лекция мақсаты: халықаралық валюталық рыноктың қызмет ету механизмін анықтау, халықаралық қарыздық міндеттемелер мен қаржылық дериваттардың қолданылу аясы жөнінде түсінік беру.
1. Халықаралық валюталар рыногы
2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық рыногы
3. Қаржылық дериваттардың халықаралық рыногы
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тікелей форвардтар, своптар, фьючерстер, опциондар, хеджирлеу, қаржылық дериваттар.
Лекция мәтіні
1. Халықаралық валюталар рыногы
1. Әлемдік валюта рыногы туралы толық деректер Халықаралық есеп айырысу Банкінде жинақталады. Валюталық рынок спот және валюталық дериваттар – тікелей форвардтар, своптар, фьючерстер және опциондар болып бөлінеді.
Валюта саудасының жаңа формаларының пайда болуына қарамастан, спот рыногы маңызды роль атқарып келеді. Рынок барлық елдердің валюталарының қатысуымен, жоғары стандартымен, келісімнің жеделдігімен және көлемінің кеңдігімен сипатталады.
Спот келісімдері – қарапайым стандартты келісім-шарт негізінде екі жұмыс күні мерзімі ішінде белгіленген валюта курсымен есеп айырысуды талап ететін келісім түрі.
Тікелей форвардтар – екі жұмыс күнінен астам уақытта есеп айырысуды талап ететін, құрылымы жағынан спот келісімдеріне ұқсас келісім түрі. Форвардтық келісімдер 1 апта, 3 айға дейін жасалады.
Своптар – келешек белгіленген мерзімде белгілі бір валюта көлемімен екі валютаның айырбасын қарастыратын келісім түрі.
Фьючерстер – биржаларда сауда жасалынатын валюталарға қатысты жасалатын форвардтық келісім-шарттар. Фьючерстік рынок әлем бойынша тек бірнеше қалаларда: Чикаго, Лондон, Нью-Йорк және Сингапурде орналасқан.
Опциондар – сатып алушыға белгілі бір төлем үшін белгілі бір күні арнайы баға бойынша валюта сатып алуға құқық беретін келісім-шарт түрі.
Географиялық жағынан валюта рыногы шоғырланған болып саналады. Лондон, Нью-Йорк, Токиода әлемдік валюта саудасының 55%-ы жүргізіледі. Оның 30%-ы Лондонның үлесінде.
Әлемдік рыноктағы валюталармен жүргізілетін коммерциялық сауданың негізгі мазмұны арбитражда, яғни валюта немесе басқа активті (тауар, бағалы қағаз) бір рыноктан сатып алып, тез арада 2-рынокта сату мен сатып алу бағасының қатынасы арқылы пайда табу.
Халықаралық келісімдерде бірнеше валютаның қолданылуына байланысты валюталық тәуекелдер пайда болады. Олар валюталық курстың келешек өзгеру мүмкіндігі мен есеп айырысу тәуекеліне байланысты болуы мүмкін. Валюталық курстың өзгеру тәуекелі сатып алушы мен сатушы валюталық рынокта жүргізетін келешекте валюталық курс өзгерісінен туындауы мүмкін қатерлерден сақтандыру үшін төленетін компенсациялық әрекеттер арқылы өтеледі. Бұл хеджирлеу деп аталады, яғни сақтандыру.
Есеп айырысу тәуекелдері әртүрлі сағат белдеуіне орналасқан валюталық орталықтардағы уақыт қозғалысына байланысты. Есеп айырысу мәселелерін шешудің бір жолы ғаламдық көпжақты есеп айырысу жүйесін құру. ХЕБ екі механизмді ұсынады: 1- көпжақты SWIFT жүйесі, 2- екі жақты FXNET жүйесі.