Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

3.Технологиялар қозғалысын халықаралық реттеу

Техногиялардың халықаралық қозғалысы келесі негізгі формалар арқылы жүзеге асырылады.

  • патенттік келісімдер – патент иесі өз құқығын патентті сатып алушыға беретін халықаралық сауда келісімі;

  • лицензиялық келісімдер - жаңалық иесі өз жаңалығын басқа біреуге уақытша пайдалануға рұқсат ететін халықаралық сауда келісімі;

  • ноу-хау – техникалық тәжрибе мен өндіріс құпияларын (технологиялық, экономикалық, қаржылық) беру немесе сату.

  • техникалық ықпалдасу бағдарламалары – халықаралық ұйымдар тарапынан және екі жақты келісім негізінде жүргізіледі. Келесі түрлері жиі қолданылады:

  • технологиялық гранттар;

  • бірлесіп қаржыландыру.

Бағдарламалар дамушы елдерге дамыған елдер тарапынан тәжрибе алмасу, білім беру, кадрлар даярлау, технологияларды табыс ету сияқты жұмыстарды іске асырады.

Көптеген елдер технологияларды ұлттық шеңберде (мемлекеттік территорияларда) сақтап тұру үшін оларды экспорттауда шектеулер қолданылады. Сонымен бірге, мұндай шектеулер елдің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді. Технологиялар қозғалысына мемлекеттік реттеу еңгізу бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.

  • технологиялық жетекшілікті ұстап тұру;

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары;

  • халықаралық келісімдердің шарттары. (негізінен екі жақты тауарлар мен технологияларға байланысты қолданылады).

Лицензияларды экспорттауда АҚШ, Жапония, Германия, Италия алғашқы орындарда тұрады.Қазіргі заманғы технологиялардың әлемдік рыногында төмендегідей ерекшеліктер тіркелген:

  • ең жоғарғы технологиялық сыйымды өнімдер саудасы қатарында: 1-ші орында – аэрокосмостық құралдар саудасы. (22,7%); 2- ші орында – кеңсе құрал жабдықтары және компьютерлер – 17,5%; 3-ші орын электроника және оның компоненттері – 10,4%; 4-ші орын - дәрі-дәрмек – 8,7%; 5-ші орын- құралдар – 4,8%; электр құрал-жабдықтары – 4,4%.

  • орташа сыйымды өнімдер: автомобильдер саудасы – 2,7%; химия өнімдерінің лицензиялық саудасы – 2,3% және т.б.

  • төменгі технологиялық сыйымды өнімдер: кірпіш, шыны, мұнай, қара металдар және т.б.

Технологиялар қозғалысын тікелей мемлекеттік реттеу экспорттық бақылау органдары арқылы кедендік және шекаралық бақылау әдістерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Жанама мемлекеттік реттеу көптеген елдерде, патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы жүргізіледі. Кейбір жағдайларда технологияны экспорттауда арнайы үкімет рұқсат қажет. Технологиялар қозғалысын реттеуші заң талаптарын бұзу мемлекеттік қылмыс ретінде саналып, заң нормаларына сәйкес жазаланады.

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]