Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istikmal_kaz.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.3 Mб
Скачать

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله رب العالمين! والصلاة والسلام على رسوله محمد وعلى آله و أصحابه أجمعين! أما بعد

1- §. Араб лингвистикасының салалары

Араб тілін жақсы білу үшін араб лингвистикасының барлық салаларын толық білу қажет. Бұл салаларды жақсы білмейтін кісі араб тілінде дұрыс сөйлей де алмайды, жаза да алмайды және мағынасын түсіне отырып оқи да алмайды. Араб тілінің ең маңызды бес саласы бар: 1) Луғат (сөздік); 2) Сарф (морфология); 3) Нахв (грамматика); 4) Китабат (жазу); 5) Маъаний, балаға (сөз мағыналары, түсіндірмелері, шешендік өнер, шешендік сөздер). Араб тілінің басқа да әдеби бөлімдері бар.

Сөздік

Араб лингвистикасының араб тіліндегі барлық сөздердің мағынасы мен қолданылуын қарастыратын саласы сөздік (қазақ тіл білімінде – лексикология – аудармашы ескертуі.) деп аталады. Сөздіктердің түрлері өте көп, олардың ең танымалдары мыналар:

1) لسان العرب؛ 2) المغرب؛ 3) اللباب؛ 4) الدستور؛ 5) صحاح الجوهرى؛ 6) القاموس المحيط؛ 7) قاموس عربى

Ескерту: Құрметті оқытушы бір-екі сөздікті алып, қажетті сөзді іздеп табуды іс жүзінде көрсетіп, оқушылар оны пайдалануды үйренулері үшін оларға сол сөздіктен бірнеше сөз табуларын сұрау керек.

Морфология (сарф)

Әріптердің өзгеруін және соған сәйкес сөз мағыналарының да өзгеруін қарастыратын тіл білімінің саласы морфология (сарф) деп атаалады. Мысалы, морфология бір түбірден бірнеше туыстас сөздердің жасалуын, туыстас сөздердің формасын (қалып, уәзн) және мағынасын түсіндіреді. Сондай-ақ сарф сөздердің идғамға (ассимиляция, дыбыстардың үндесуі) және эълалға («әлсіз» әріптерді қолдану) байланысты өзгерістерін де айқындап түсіндіреді. Нахв (грамматика) морфологиядан кейін оқылады.

Нахв (грамматика)

Сөздерден сөйлем жасалу жолдарын, сондай-ақ сөйлемдегі сөздердің қосымшаларын зерттеп түсіндіретін тіл білімінің саласы грамматика (нахв) деп аталады. Грамматиканың мақсаты дұрыс сөйлеуге және араб тіліндегі кітаптарды оқығанда, сөз мағынасын дұрыс түсінуге үйрету болып табылады. Араб тілінде сөздердің қосымшалары үнемі бірдей бола бермейді. Мысалы, رَأَى زَيْدٌ / Зәйд көрді; رأَيْتُ زَيْداً / мен Зәйдты көрдім және نَظَرْتُ إِلى زَيْدٍ мен Зәйдқа қарадым деген сөйлемдерде Зәйд сөзінің қосымшасы (соңғы әріптің қосымшасы – ауд.еск.) үш рет өзгерді. Сөздің қосымшасы өзгерсе, соған сәйкес, оның мағынасы да өзгереді. Айталық, رَأَى رَأَى زَيْدٌ بَكْرًا, деген сөйлемде Зәйдтың Бәкірді көргендігі сөз болып отыр. Бірақ رَأَى زَيْدًا بَكْرٌ деген сөйлемде Бәкірдің Зәйдты көргендігі айтылған.

Сөздерден сөйлем құраудың өзіндік ережелері бар. Сөйлемді ережесіз, қалай болса солай құрағанда, оның мағынасы түсініксіз болатыны сияқты ережесіз сөйлей салған адамның ойы да түсініксіз болып шығады. Мысалы, إِنَّ زَيْدًا جالِسٌ فِى الْحَدِيقَةِ деген сөйлемде Зәйдтың бақшада отырғандығы айтылып отыр. Алайда егер біз: زَيْدًا فِى جالِسٌ اَلْحَدِيقَةِ إِنَّ деп айтсақ, онда ештеңе түсініксіз болып шығар еді.

Сөйлем құрау ережелері және сөйлемдегі сөздердің қосымшаларының ережелері грамматикада қарастырылады.Грамматиканы оқуды бастаудан бұрын араб тілінде неше сөз табы бар екендігін және әр сөз табына арналған арнайы ережелерді біліп алу қажет. Соған байланысты бұл кітапта алдымен сөз таптары түсіндіріледі.

2-§. Лафз және кәлима

Лафз لَفْظٌ)) кез келген бір сөз деген мағынаны білдіреді. Ал кәлима (كَلِمَةٌ) мағынасы бар сөз дегенді білдіреді. Мағынасыз сөз кәлима деп аталмайды, жай сөз деп аталады. Араб тіліндегі мағыналы сөздер үш түрге бөлінеді: / اسم исм (есім сөздер: зат есім, сын есім, есімдік, есімше т.б.)*  فعل / феъл (етістік)*  ادات / адат (сөз алды шылауы (предлог), демеулік; грамматикаға қатысты көптеген кітаптарда бұл сөз табы хуруф деп те аталады.).

 Исм (есім сөз) – бір нәрсенің атауын білдіретін мағыналы сөз. Мысалы: زَيْدٌ ؛ رَجُلٌ ؛ إِنْسَانٌ ؛ فَرَسٌ ؛ حَيْوانٌ ؛ حَجَرٌ.

 Феъл (етістік) – өткен шақта жүзеге асқан, осы шақта жүзеге асып жатқан немесе келер шақта жүзеге асатын амал-әрекет, іс-қимылды білдіретін мағыналы сөз. Мысалы:

فَتَحَ / ашты* مَا فَتَحَ / ашпады; يَفْتَحُ / ашады; لاَ يَفْتَحُ / ашпайды; لِيَفْتَحْ / ашсын لاَ يَفْتَحْ / ашпасын اِفْتَحْ / аш; لاَ تَفْتَحْ / ашпа.

 Адат (сөз алды шылауы (предлог), демеулік) - өзіндік жеке мағынасы жоқ, тек басқа сөздермен тіркесіп қана жұмсалатын сөз. Мысалы: بِـِ ،لـِ ، كـَ ، مِنْ ، إِلى ، فِى.

Араб тілінде етістік пен сөз алды шылауынан басқа сөздердің барлығы исм болып саналады. Мысалы:فَتْحٌ ؛ فاتِحٌ ؛ مَفْتُوحٌ ؛ فَتَّاحٌ ؛ أَفْتَحُ ؛ مَفْتَحٌ ؛ أَنْتَ ؛ مِفْتاحٌ ؛ خَمْسَةٌ ؛ هُوَ ؛ هَذَا ؛ الَّذِى ؛ لَيْلٌ сөздерінің барлығы исм болып табылады.

3- §. Исмнің түрлері

Исм (есім сөз) – бір нәрсенің атауын білдіретін мағыналы сөз. Исмдер 8 түрлі болады:  اسم ذات - исми зат (зат есім);  اسم صفت - исми сифат (сын есім);  اسم وصف - исми васф (етістік негізді зат есім);  اسم ظرف - исми зарф (үстеу);  اسم عدد - исми адад (сан есім);  اسم ضَمِير - исми замир (жіктеу және тәуелдеу есімдіктері);  اسم اشارة - исми ишара (сілтеу есімдігі);  اسم مَوْصول - исми мавсул (қатыстық есімдік).

Исми зат (зат есім) – белгілі бір заттың атын білдіретін сөз. Мысалы, زَيْدٌ ؛ رَجُلٌ ؛ إِنْسانٌ ؛ فَرَسٌ ؛ حَجَرٌ ؛ بَغْدادٌ . Исми зат екі топқа бөлінеді:  اسم عام и اسم خاص . Исми хас (жалқы есім) – тек бір затқа ғана (немесе кісіге) тән зат есім. Мысалы: زَيْدٌ ؛ أَحْمَدُ ؛ زَيْنَبُ ؛ بَغْدادٌ ؛ دَجْلَةٌ.

Өз құрамында көптеген заттардың атауын қамтитын зат есімдер исми ом (жалпы есім) деп аталады. Мысалы: رَجُلٌ ؛ إِنْسانٌ ؛ فَرَسٌ ؛ حَيْوانٌ ؛ بَلْدَةٌ ؛ نَهْرٌ. Кейде жалқы есімдер алам (عَلَمٌ), деп, ал жалпы есімдер исми жинс (اِسْمِ جِنْس) деп аталады.

4- §. Исми хас عَلَمٌ))

Алам екі түрге бөлінеді:  عَلَمِ مُرْتَجَلْ и  عَلَمِ مَنْقُول.

О бастан белгілі бір нәрсені атау үшін арнайы жұмсалатын аламдар алами муртажал деп аталады. Мысалы, غظفان ؛ عِمْرانٌ ؛ فَقْعَسٌ.

Алғашқыда басқа мағынада қолданылып, кейінірек белгілі бір заттың атауы болған аламның түрі алами мәнқуль деп аталады. Мысалы,نَاصِرٌ ؛ غَالِبٌ ؛ طَاهِرٌ ؛ مُقِيمٌ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]