Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ктп анатомия 2013-2014.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
201.64 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті анатомия кафедрасы

2013-2014 Оқу жылына і курс студенттері үшін (мамндығы: 5в130100 –

«Жалпы медицина») «Анатомия-1» пәні бойынша суденттердің аудиториядан тыс өз бетімен атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары

Реттік№№

Тақырыптың аталуы

Қысқаша мазмұны

Жүргізу түрі

Бақылау түрі

Сағаттық көлемі

1.

Халықаралық анатомиялық номенклатура. Латынша анатомиялық сөздіктер.

Халықаралық анатомиялық номенклатура, 2003ж. (А.Рақышев), анатомиялық жалпы терминдер.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

2.

Тірі адамнан анатомияны оқу әдістері: антропометрия. Дене құрылымдық типтер.

Рентгеноскопия, рентгенография және антропометрия. Адам денесінің бөлімдері: бас, мойын, тұлға және аяқ-қолдар, олардың аймақтарға бөлінуі. Дененің ұзындығын, көлдененің және салмағын өлшеу. Дене құрылысының түрлері: долихоморфты, брахиоморфты және мезоморфты, оларға тән ерекшеліктер.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

3.

Адам денесінің әр түрлі аймақтарын препаровкалау тәсілдерін меңгеру.

Дененің аймақтарында жалпы қабылдаңған теріні кесуді. Жүргізу және оқытушының алдын-ала берген кеңесі бойынша қабаттар бойынша кесіп-осу.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

4.

Сүйектер құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.

Адамның шығу тегі туралы еңбек теориясы, әртүрлі кәсіптегі адамдардың сүйектерінің құрылыстарының өзгерістері; спорт түрлерінің, әлеуметтік және биологиялық жағдайлардың сүйектердің құрылысына әсері.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

5.

Тірі адамнан, практикалық маңызды, қаңқаның шығыңқы бөліктерінің орнын сипап анықтау.

Қасусті доғалар, маңдай және төбелік төмпелер, сыртқы шүйделік төмпе, емізік тәрізді өсінділер, ҮП мойын омыртқасының қылқан өсіндісі,төс сүйегінің мойындырықтық ойығы, иыөсінуі-бұғаналық буын, жауырын бұрышы,қабырғалық доға, тоқпан жіліктің айдаршық үстілері, шынтақ жіліктің шынтақтық өсіндісі, шынтақ және асықты жіліктердің біз тәрізді өсінділері, мықын сүйегінің қыры және алдыңғы - жоғарғы қылқандары, ортан жіліктің үлкен ұршығы, тізе тобығы, асықты жіліктің бұдырмағы, латеральды және медиалды толарсақтар.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

6.

Анатомиялық препараттардан мойын, көкірек, бел сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының ерекшеліктерін оқу.

Мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріндегі тесіктер, І мойын омыртқасының (ауыз омыртқаның) денесінің болмауы, П омыртқада тіс тәрізді өсіндінің болуы, П-Ү мойын омыртқалары қылқан өсінділері ұштарының екіге бөлінуі, кеуде омыртқаларында қабырғалық шұңқыршақтардың болуы; бел омыртқаларының көлденең өсінділерінде тесіктің болмауы және денелерінде қабырғалық шұңқыршақтардың бірігіп сегізкөзге айналуы және құйымшақтық омыртқалардың рудементтер түрінде болуы.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

7.

Қаңқа сүйектерінің жастық ерекшеліктерін оқу.

Жаңа түған нәрестелердің бас қанқасындағы еңбектер; түтікше сүйектер мен жамбас сүйектеріндегі шеміршектік синатроздар; әр жастағы адамдар сүйектерінің рентгенограммаларындағы сүйектену нүктелері.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

8.

Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жақтығын ерекшеліктерін анықтау.

Жұп сүйектердегі анатомиялық құрылымдардың өзара орналасуын, олардың қаңқадағы орнын анықтау.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

9.

Бас сүйектерінің жастық ерекшеліктері.

Бас қаңқасы мен оның жекелеген сүйектерінің әртүрлі жас кезеңдеріндегі – жаңа туған нәрестелерде, балаларда және еркек адамдардағы құрылысы (бас қаңқасы сүйектерінің араларындағы еңбектер, жіктер, синдесмоздар, синхондроздар және синостоздар).

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

10.

Краниометрия. Ми және бет бөлігі индексін анықтау.

Бас немесе бас қаңқасының көрсеткіші мен бас қаңқасының пішіні:

Инд. = колденең диаметр

Үзынабой диаметр.х100%,

а) брахицефалдық > 80%,

б) мезоцефалдық 75- 80%,

в) долихоцефалдық < 75%.

Бас қаңқасының биіктік көрсеткіші мен пішіні:

Инд.= биіктігі___ х 100%,

ұзынабой диаметр

а) гипсицефалдық пішін >75%,

б) ортоцефалдық 70-75%,

в) платицефалдық < 70%;

беттік бұрыш:

а) опистогнатизм - > 90º;

б) ортогнатизм 80º-90º;

в) прогнатизм - < 80%.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

11

Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері.

Физиологиялық иілістер: мойын және белдік лорфоздар, кеуде және сегізкөздік кифоздар; патологиялық иілістер: әртүрлі сколиоздар.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

12.

Омыртқа жотасының иіліс саталарының анықтығына сәйкес дене түрлерін анықтау.

Тік, асқақ (лордтық) және еңкіш (кифоздық).

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

2 сағ.

13.

Көкірек клеткасының пішінін анықтау.

Кеуде қуысының конус, цилиндр тәрізді және жайпақ түрлері мен олардың сипаттамасы.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

3 сағ.

14.

Акушерлік және гинекологиялық маңызды, жамбас препараттарынан үлкен және кіші жамбасының мөлшерлерін анықтау.

Distantia spinarum – 25-27cм,

distantia cristarum-28-29cм,

distantia trоchanterica –

30-32 cм,

conjugatа vera {gynecolagica} – 11 cм,

conjugatа lateralis – 145-15 cм,

conjugatа tranaversa – (кіші жамбас астауына кіру) -3,5-15 см,

conjugate tranaversa (кіщші жамбас астауынан шығу) – 11 см, conjugatа recta (кіші жамбас астауынан шығу) – 9-11 см және олардың акушерство мен гинекологиядағы маңызы.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

3 сағ.

15.

Аяқ күмбезі механизмы, аяқ күмбезінің бекітушілері. Жалпақтабан.

Аяқбасының 3 ұзынабой және 1 көлденең кумбездері; оларды бекітуші бұлшықеттер мен жалғамалар (байламдар). Аяқбасы күмбездерінің маңызы. Майтабандылық

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Презентацияны дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

3 сағ.

16.

Буындағы қозғалысты моделдеу.

Әртүрлі буындардағы қозғалыстарды қаңқадан көрсету.

Тақырыпты оқулықтарды пайдаланып өз бетімен оқу

Моделдердің презентациясын дайындау

Пән бойынша

аралық және қортынды бақылау.

3 сағ.

Барлық сағаттар саны:

36

Анатомия кафедрасының

меңгерушісі, к.м.н.: Н.Н.Наурызов

«____» _____________ 2013ж

Ф КГМУ 4/3-10/02

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]