Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кр. 2.5 (1).doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-07/01

Пп кгму 4/01

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

№ 1 Балалар аурулары кафедрасы

Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысына

арналған әдістемелік нұсқау

Тақырып: Балалардағы бауыр және өт жолдарында кездесетін аурулар: даму себептері, клиникалық симптомдары, балаларда ағым ерекшеліктері, емінің және диагностикасы-ның принциптері. Тоқ ішектің аурулары, тоқ ішектің микрофлорасының рөлі және оның бұзылуы.

Пән SDP 3212 Педиатриядағы мейрбике ісі

Мамандық 051101 «Мейірбике ісі»

Курс: 3

Құрастырушы: доц. Жупенова Д.Е.

Қарағанды 2009 ж.

Кафедра мәжілісінде

талқыланды және бекітілді

Хаттама № _____ ____________200__ж.

Каф.меңг. профессор ____________ И. А. Скосарев

  • Тақырып: Балалардағы бауыр және өт жолдарында кездесетін аурулар: даму себептері, клиникалық симптомдары, балаларда ағым ерекшеліктері, емінің және диагностикасының принциптері. Тоқ ішектің аурулары, тоқ ішектің микрофлорасының рөлі және оның бұзылуы.

Мақсаты: Балалардағы бауыр, өт жолдарында кездесетін аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, әдіс диагностикасын, асқынуларын, емін, диспансерлік бақылауын және алдын-алуын ілімдеу.

  • Сабақты оқытудың міндеттері:

Студент білуге тиіс:

  • Балалардағы тоқ ішектің, бауыр және өт жолдарында кездесетін аурулардың жиілігін

  • Этиологиясы, патогенезі

  • Клиникалық көріністер

  • Ажыратуын, классификациясын

  • Емін

  • Алдын алуын

Студент істей білу керек:

  • бауыр және өт жолдарында кездесетін аурулардың даму себептері

  • клиникалық симптомдары

  • ағым ерекшеліктері

  • емінің және диагностикасының принциптері.

  • Анамнезді дұрыс жинақтай отырып, гатродуоденалдық патологияға себепші факторларды ажырата білу

  • Аурудың клиникалық белгілеріне патогенетикалық дәлелдеме бере білу

  • Негізгі және толықтырушы симптомдарды тауып сараптау

  • Клиникалық зерттеу тәсілдерін үйрену

  • Толықтырушы зерттеу нәтижелерін дұрыс қорытындылау

  • Клиникалық диагнозды топтасу бойынша уақытысында қою

  • Басқа аурулармен айырмалу диагнозын жүргізу

  • Дұрыс қолайлы ем тағайындау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыру

  • Диспансерлік бақылауды іске асыру.

  • Өткізу түрі:

Тәжірибелік сабақ

  • Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  • Балалардағы асқорыту және билиларлы жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

  • Асқорыту және билиларлы жүйесінің зерттеу әдістері

  • Балалардың асқорыту және билиларлы жүйесінің қосымша зерттеу әдістемесі

  • Асқазан секрециясы

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  • Балалардағы тоқ ішектің, бауыр және өт жолдарында кездесетін аурулардың жиілігін

  • клиникалық симптомдары

  • ағым ерекшеліктері

  • емінің және диагностикасының принциптері.

  • Гастрит және гастродуоденит этиологиясы

  • Гастриттің және гастродуоденит, асқазан және 12-елі ішектің ойық жарасының патогенезі

  • Жедел гастриттің клиникасы

  • Ажырату диагнозы

  • Жедел гастриттің емі

  • Емі

  • Диспансерлік бақылау.

  • Таратуға арналған материалдар

Өт жолдарының ауруларының этиопатогенезінен микрооргнизмдерді алып тастай алмаймыз, яғни созылмалы тонзиллит, іш сүзегі, вирусты гепатиттердің бұл аурулардың дамуына ықпалы тиіп отырады. Өтті бактериологиялық зерттеуден өткізгенде ішек таяқшалары, коккты флоралар, ішінара анаэробты флоралар да кездеседі.

Дегенмен анықталған микроорганизмдердің патогендегі жөнінде айтарлықтай сендіретін дәлелдер де жоқ, сондықтан өт жолдарының ауруларын аутоинфекциялар тобына жатқызуға мәжбүр болып отырмыз.

Гепатобилиарлы патологиялардың дамуы барысындағы лямблийдің маңызы жөніндегі көзқарастар әр түрлі, бірақ клиникалық және эксперименталдық жұмыстардың нәтижесінде олардың ұлтабардың зақымдалу генезіндегі орыны анықталды.

Гепатобилиарлы жүйенің ауруларының дамуында аллергиялық факторлардың ықпалы, алдын-ала сенсибилизацияланудың себебі ретінде қаралады. Қазіргі уақытта тамақтық аллергияға көп көңіл бөлінеді, /әсіресе белокқа/ өт жолдарының ауруларының аллергиялық түрлері организмнің жалпы аллергизациясының /аллергоздың/ көрінісі болуы да мүмкін.

Секрецияны реттеуге көп көңіл бөлінуде. Өттің ішекте түсуі толқын тәрізді жүреді және ол Одди сфинктері арқылы реттеліп отырады. Ішек тонусының өзгеруі өттің жүрісін бұзып, конкрементсіз өт қабының қабынуына әкеледі.

Өт пассажының бұзылуының түрлері /варианттары/:

  1. Интрадуоденальды қысым билиарлы жүйенің өзектеріндегі қысымнан жоғары болғандықтан, ұлтабардағы секрет жалы өт өзекшесіне түседі де, холедох кеңейіп дуоденальды секреттегі протеолитикалық ферменттердің әсерінен асептикалық холецистит дамиды.

  2. Жан-жағындағы ткандерді қабынуынан /папиллит/ немесе нефрогенді факторлардың әсерінен Одди сфинктері тарылады. Өт өзекшелері мен өт қабындағы жиналған өт бауырдағы өзектерге түсе бастайды да /рефлекс/, өт бауырдың VI. VII. VIII сегменттеріне барып, осы сегменттер үлкейе бастайды.

Сонымен қатар өт құрамы өзгеріп, билирубин, холестерит, кальций, өт қышқылдары мен басқа да оның қүрамындағы заттар тұнбаға түседі.

Билиарлы жүйедегі қысымның артуы өт қабы мен өт өзектеріндегі қанның ағымын өзгертеді және тотығу құбылыстары нашарлап, клеткалық мембраналардың өткізгіштігі және клеткалардағы биохимизм бұзылады. Бұндай жағдайда энзимдердің динамикалық тепе-теңдігі бұзылады.

Ұйқы безі мен оның ингибиторларында осы тәрілдес өзгерістер жүреді, яғни ингибиторлардың пайда болуы төмендегенде, протеазалар денатурацияланған белоктарға әсер ете бастайды. Демек, билиарлы патологиялардың патегенезінде ферментативті факторлардың алатын орны үлкен деп айтуға болады. Нейроэндокринді ауытқулардың, әсіресе жыныстық даму кезеңіндегі маңызы зор. Өт жолдарының патологиясы ауру балалардың қанында сомато-тиреотропты гормондардың концентрациялары жоғары болады, бұндай ауытқулар гипоталамо-гипофизарлы реттеудің бұзылуын көрсетеді.

Соңғы жылдары өт жолдарының дискинезиясының патогенезіндегі гуморалды факторлардың маңызы анықталды. Гуморалды факторларға адреналин мен т.б. симпатомиметиктер жататыны белгілі, олар өт жолының жиырылу, яғни белсенділігін күшейтіп отырады. Альфа адреномиметиктер бауырдан тыс өзектердің қозғалысын күшейтсе, бета- адреномиметиктер, керісінше босатады. Реттеуші полипептидтер де өт жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, мысалы холецистокинин – панкреозимин (ХКП) өт қабын жиырып, өттің шығуына ықпал етеді, ал көп мөлшерде ол керісінше өт қабының жиырылуын тежейді. Гастрин, секретин, глюкагон стимулдеуші әсер етсе, нейротенсин, панкреатикалық полипептид, энцефалин – тежейді.

Дискинезияның жүйкелік түрлері вегетативті дисфункцияда дамитын невроз кезінде пайда болады.

Билиарлы жолдың дискенизиясын тек жеке - дара ауру түрімде ғана қарауға болмайды, бұл ауру комплексті патологиялық құбылыс, яғни өт тасы ауруымеи бірге болуы да мүмкін.

Өт жолы ауруларының патогенезінің жобасы - дисхслия - дискинезия - қабыну – холелитиаз түрінде белгілі.