Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кр. 2.5 (1).doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

Өт тасы ауруы

Өт тасы ауруы (холелитиаз) - өт қабында, кейде өт жолдарында тастың пайда болуы.

Өт тасы ауруы /ӨТА/ үлкен кісілерде жиі кездеседі. Балалар арасында, тіпті жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі сәбилерде де кездеседі /Запруднов А.М. және т.б./

Этиологиясы: өт тастарының пайда болуының бірыңғай себебі жоқ. Холелитиаз - өт жолдарының патологиясының эволюциялық түрі. Тастың пайда болуына холестериннің өт алмасуының бұзылуы мен қабыну құбылыстары әсер етеді. Сонымен қатар, тұқым қуалаушылыққа бейімділік, бауыр аурулары /Бот-кин ауруы, цирроз /, өт жолдарының ақаулары мек гемолиздің күшеюі де ықпал етеді.

Патогенезі әр түрлі өт қышқылдарының фосфолипидтерінің қарым -қатынасының өзгеруінің маңызы зор немесе керісінше, оттегі холестериннің концентрациясының артуы белок - липид комплексінің тұрақтылығын бұзып, холестериннің коллоидты ертіндіден ажырап келуіне ықпал етеді. Холестерин тастарының пайда болуы 3 сатыдан өтеді: өттің холестеринге қанығуы, кристалдануы, тастың өсуі. Нейроэндокринді, бактериалды, химиялық және т.б. әсерлер арқылы жергілікті қабыну, аллергиялық өт қабы мен өзектерінің өзгеруінің де патогенетикалық маңызы үлкен. Нәтижесінде өт қабының дискинезиясы қалыптасып, өт патологиясы пайда болады да, өт жолдарының қабыр-ғаларына тиеді. Бұндай өттер "құм" тәрізді тұнбалар шегіп, тастар пайда бола бастайды. Бұл құбылысты 4 сатығв бөледі: 1/ қалыпты, 2/ өте қаныққан өт 3/ "мылқау" тастар /асимптомды/, 4/ өт тасмы ауруы және оның клиникалық білінуі. Өттің холестеринмен шамадан тыс қанығуының себептеріне - өт қышқылының аз бөлінуі, өт қабының кілегей қабатының кілегейді көп бөлуі, холестериннің шамадан тыс көп бөлінуі, өттің тотығуы жатады және бұл аталған факторлар өт қабының қозғалысын тежейді, ол гипомоторлы дискинезияда байқалады. Эхографияда өт қабының ішіндегі ұсақ түйіршіктер мен оның қабатының қатайып, қалыптағаны байқалады. Ұсақ түйіршіктер "слайдж" түрінде белгіленеді.

"Слайдж" - муцинмен байланысқан, онымен оралған лецитин - холестериннің сұйық кристалдары. Сондықтан қазіргі уақытта эхографияда өт қабында анықталған тұнба билиарлы патологияның негізгі бір клиникалық құрал- жабдықтар арқылы білінетін белгісі болып саналады. Слайдж бар балаларды өт тасы ауруы бойынша қауіпті топқа жатқызу керек.

Патологиялық анатомиясы 3 сатыға бөлінеді:

I сатысында - тас болмайды, липоидтар өт қабының қабатына шөгеді /өт қабының холестерозы/.

II саты - микролитиаз.

III саты - тастар пайда болып, асқынулар байқалады /дивертикул, ойылу, тесілу/.

Өт тастарының көбі химиялық құрамына байланысты таза холестиринді, пигментті-известі холестерин, пигмент, известь араласқан тас болуы мүмкін.

Клиникалық көрініс: Авторлардың көбі ауруды айтарлықтай білінбей, белгісіз өтетінін дәлелдейді. Балалар өт тасы ауруы, негізінен, холециститтің асқынуы болып саналады және ол тек рентген сәулесі, жалпы рентгенография, холецистография арқылы зерттеген кезде ғана анықталады. Кейбір балаларда өт, яғни іш шаншуының ұстамасы байқалады. Қапыл ұстамалы қатты шаншып ауырады, көбіне ауру оң жақ қабырға астынан басталып, оң жақ жауырынға, оң қолға, белге таралады. Ұзақтығы бірнеше минуттан 2-3 сағатқа дейін созылуы мүмкін және жылына 1-2 рет, айына 1-2 рет дейінгі жиілікпен қайталап отырады. Басы ауырып, лоқсу, құсу, талықсу пайда болады. Егер тастар өт өзегіне өтіп, оны бітеп тұрып қалса, терісінің түсі сарғйып, сасық иісті, ақшыл, құрамында май көп болады. Несебінде өт пигменттері мен қышқылдары пайда болады. Ересек кісілерден айырмашылығы – бұндай асқынулар балаларда өте сирек кездеседі.

  • Әдебиет:

  1. Балалар аурулары. Б.Х.Хабижанов. Алматы, 1998.

  2. Детские болезни. Н.П.Шабалов. С.-Петербург, 2001.

  3. Детские болезни. /под ред. Л.А.Исаевой. М: Медицина: 2002.

  4. Лукьянов Н.Е. Балалар гастроэнтерологиясы, 1978 жыл.

  5. Гользанд М.В. Бауыр және өт жолдарының аурулар, 1966 жыл.

  6. Чамокова Е.В. Балалар ангиохолециститтері, 1966 жыл.