Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кр. 2.5 (1).doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
153.6 Кб
Скачать

Өт жолдарының ауруларының жұмыстық жіктемесі

(М.Я.Студеникин, 1965)

Туа болған ақаулар

Өт жолдарының ісіктері

Өт жолдарының дискинезиясы

Өт жолдарының қабынуы

Өт жолдарының паразитті аурулары

Өт қабының даму ақаулары.

Өт өзектерінің даму ақаулары

Холецистит.

Холангит.

Холецистохолангит.

Өт қабының.

Өт өзектерінің

Гипертониялық түрі.

Гипертониялық түрі

Жедел қайталама.

Зақымдалудың орналасуы бойынша.

Ағымы бойынша. Зақымдалудың сипаттамасы бойынша созылмалы жасырын.

Лямблиоз. Описторхоз. Фасциолез. Аскаридоз.

Катаралды.

Флегманозды.

Гангренозды.

Өт шығару жолының дискенизиясы

Бұл өт қабы мен өт өзектерінің қозғалысының бұзылуы. Дискинезияның клиникасында оң жақ қабырға асты ауырады және өт өзектері мен өт қабында органикалық өзгеріс болмайды.

Дискинезия алғашқы және екінші реттік болып екіге бөлінеді.

Алғашқы: жалпы аллергоз, эндокринді ауытқулар, невроз кезінде байқалатын нейрогуморальды механизмдердің бұзылуынан кейін дамитын өт бөлу жүйесіндегі функциональдық өзгерістер.

Екінші реттегі дискинезия: Өт қабы мен оның сфинктерініц ырғақты белсенділігі, өзектерінің жағдайы, олардың физиологиялық реттелуі вегетативті жүйеге, гормоналды және гидродинамикалық жағдайларға байланысты. Дискинезияның дамуы қарын мен ұлтабардың қозғалу қасиетімен тығыз байланысты тұрады. Өт өзегінен дистальды бөлігі арқылы өт әр түрлі ырғақпен өтеді және ол қарынның антральды бөлігінің, кейде ұлтабардың белсенділігіне байланысты болады.

Өт жолының дискинезиясы бар балаларға эндоскопиялық тексеру жүргізгенде ас қорыту жолының жоғарғы бөлігінің қозғалысының бұзылуы анықталады, яғни ұлтабар, қарын - өңеш рефлюксі, ұлтабардың дискинезиясы түрінде білінеді.

Интерстинальды гормондардың, яғни холецистокинин, гастрин, секретин, глюкагонның, сонымен қатар орталық және вегетативті жүйке жүйісі мен ішкі секреция бездерінің өт жолының қызметін реттеудегі маңызы зор. Холецистокинин, гастрин, секретин, гипофиздің гармондары өт қабының жиырылуын күшейтсе, глюкагон мен кальцитонин, ВИП (визоактивті интестинальды пептид) керісінше тежеп отырады.

Өт жолы дискинезиясы негізгі екі түрге бөлінеді:

1.Гипертониялық

А) Одди сфинктерінің

Б) Өт қабының мойынының және оның өзегінің

В) Қосылған немесе жайылған түрі

2.Гипотониялық

А) Одди сфинктерінің

Б) Өт қабының

В) Қосылған

Г) Билиарлы жүйенің барлық бөлігін қамтыған түрі

Клиникасы дискенизияның түрлеріне байланысты болады. Гипертониялық түрінде ұстамалы онша қатты емес ауырсыну пайда болады, ол өздігінен жойылып кетуі мүмкін немесе спазмолитиктер қабылдағаннан кейін басылады. Жиі басы ауырып, спастикалық түрінде толғақ тәрізді ұстамалы қатты шаншу байқалады. Бұл түр парасимпатикалық бөлігі басым келетін вегетативті жүйке жүйесі өзгергенде білінеді.

Гипотониялық түрінде оң жақ қабырға асты үнемі сыздап ауырады, ауық-ауық ауырсыну күшейіп отырады. Бауыр аймағы үсті кернеп ауырады, спастикалық іш қатуы, тәбеттің нашарлауы байқалады. Дискинезияның түрлерін дуоденальды фракциялық зондтау нәтижесінде алынған көрсеткіштерге сүйене отырып анықтайды. Ұлтабарды фракциялы зондтағаннан кейін, алынған құрамға химиялық, физикалық және бактериялық тексеріс жүргізеді.

Гипертониялық түрінде Одди сфинктерінің жабық кезеңі 6 минут және одан да көп уақытқа ұзарады (Одди сфинктерінің гипертониясы), өттің «А» бөлігі ақпайды (Люткенс-Мартынов сфинктерінің тарылуы). Өттің «В» бөлігінің мөлшері аз және баяу, үзік-үзік ағады.

Гиперкинетикалық түрінде өт қабы өте жылдам босайды. Өттің мөлшері баланың жасына сәйкес болады.

Гипотониялық дискинезияда өттің «В» бөлігі жай (25 минуттан артық), көп мөлшерде (60 мл-ден көп) бөлінеді. Өттің бояуы қанық болады. Одди сфинктерінің гипотониясы, ұлтабарға зонд енген күйде, өт бірден ағады, сондықтан «А», «В», «С» бөліктерін ажырата алмай қалуыңыз мүмкін.

Гипокинетикалық түрінде өт қабының босауы жүреді, яғни өттің «В» бөлігі жай, бірқалыпты бөлінедіү

Рентгенологиялық көріністері: Гипертониялық дискинезияда өт қабы жұмыртқа тәріздес болады және ол немесе баяу босайды (іркілген гипертониялық өт қабы).

Гипотониялық дискинезияда өт қабы үлкейеді және баяу босайды.

Өт жүйесінің қозғалу әрекетінің бұзылуын өт қабының қозғалу әрекетінің көрсеткішін (ӨҚӘК) есептеу арқылы анықтайды:

ӨҚӘК= d2 l2,

l2 d1, мұндағы d1 - өт айдайтын таңертеңгілік ас қабылдағанға дейінгі өт

қабының ең үлкен ені, d2 – астан кейінгі ені, l1 - өт айдайтын таңертеңгілік ас қабылдағынға дейінгі өт қабының ұзындығы, l2 – астан кейінгі ұзындығы

Балалардың өт жүйесінің әр түрлі дискинетикалық бұзылыстары кезіндегі ӨҚӘК өзгеруі

Босаудың бұзылу түрлері

Координация бұзылыстарының түрлері

Баяу босау (өт қабының енінің жиырылуы жартысына жетпейді)

Тез босауы (өт қабының ені)

Уақытында босау (өт қабының ені жартысына дейін жиырылады)

1.Сфинктердің тарылуы, ӨҚӘК 0,75-тен көп

2.Әлсіз жиырылуы, ӨҚӘК 0,75-тен аз.

1.Сфинктердің жарамсыздығы, ӨҚӘК 0,59-дан аз.

2.Өт қабының қатты жиырылуы, ӨҚӘК 0,59-дан артық.

1.Сфинктердің жарамсыздығындағы өт қабының әлсіз жиырылуы, ӨҚӘК 0,59-дан аз.

2.Сфинктер тарылуындағы өт қабының қатты жиырылуы, ӨҚӘК 0,75-тен көп.

ХОЛЕЦИСТИТТЕР, ХОЛАНГИТТЕР Өт қабы мен өт жолының қабынуының этиопатогенезіндегі 3 түрлі себептердің маңызды

орны бар: өттің ағуының бұзылуы, дисхолия, инфекция.

Өттің ағуы дискинезия, туа болған ақаулардың нәтижесінде бұзылады. Дискинезиялар өттің өт жолдарында іркіліп, инфекцияның кіруіне жағдай туғызады. Дискинезиялар зат алмасулар бұзылғанда /аминқышқылдарының, май өт қышқылдарының метаболизмі бұзылғанда/ пайда болады.

Гепатит пен ауырғаннан кейін де еттің құрамы өзгеріп, оның бактерицидтік қасиеті төмендейді де, микроорганизмдер өт жолында оңай, тез тарала бастайды. Коккты флоралардың /стафилококк/, теріс грамды /ішек таяқшалары мен протеилер/ бактериялардың алатын орны үлкен. Флоралардың қосылып кездесуі де мүмкін. Вирустардың да маңызы үлкен, вирусты гепатит пен холециститтің өзара қатынасы туралы түсінік бар. Өт қабына инфекция өрлеу, лимфогенді, гематогенді жолдар арқылы өтеді. Дискинетикалық өзгерістерде, сфинктердің әлсіздігінде микробтар өрлеу жолымен, яғни ішектен өт жолына түсу арқылы таралады. Лимфогенді жолмен тарағанда иифекция ішектен бастап, ұйқы безіне өтеді де, қайтадан бауырға түсуі мүмкін. Гематогенді жолмен тарағанда инфекциядар қанға ауыз қуысынан, мұрын мен жұтқыншақтан, өкпеден, бүйректен түседі. Микроорганизмдер өт қабынан ішке өтіп, қанға тараған жағдайда қақпа венасы арқылы бауырға, сосын өт қабына өтеді.

Сөйтіп билиарлы жүйедегі инфекция айналып, басқа мүшелерге тарай бастайды. Қабыну құбылыстарының дамуына паразиттер де көп ықпал етеді. Описторхоз, фасциолез, дикроцелиоз, эхинококкоз, аскаридоз холециститке әкеліп соқтырады. Лямблий ұлтабардың және аш ішектің жиегінде орналасады да, қабырғаларындағы ас қорытылуын, ас қорыту жолының қозғалысының реттелуін бұзып, аллергиялық әсер етеді.

Сау адамның өт қабына да лямблийлер өтеді, ал холециститпен ауру адамның өті бактерицидтк қасиетін жоғалтады да, паразиттер өт қабының кілегей қабатына орналасып алады. Лямблий өздігінен холециститті болдыра алмайды, бірақ дуодениттің, дискинезияның себебіне жатады.

Өт қабы мен жолдарындағы кабыну құбылысы катаральды, гангренозды, флегмонозды болып бөлінеді. Созылмалы құбылыстарда біртіндеп, өт қабының деформациясы, оның басқа мүшелермен бірігіп жабысуы, қорғалысының бұзылуы және склерозы пайда бола бастайды.

Жедел холецистит балаларда сирек, яғни тексерілген балалар арасында 0,5 – 18,4 жағдайда кездесіп отырады, оның негізгі белгісі ауруының ұстамасы болып келеді. Бұл кездегі баланың жағдайы ауыр болады. Бала мазасызданып, мәжбүр қалыпта отырады, дене қызуы көтеріліп, қалтырап тоңады, бетінде қиналыс пайда болады. Ауыз қуысының кілегей қабаты құрғап, тілінде жабынды байқалады. Ауырсыну оң жақ қабырға астына ауысып, арқаға, оң иыққа таралып берілуі мүмкін. Лоқсу, кейде өт аралас құсу /запыран/, ішек салының нәтижесінде нәжісінің болмауы сияқты диспепсиялық ауытқулар болады. Іштің қатты ауырған кезінде өт жолдары тарылады да, өттің ағуына механикалық кедергі туып, холестаз белгілері пайда болады. Ауруды қараған кезде іштің кеуіп кеткенін, алдыңғы бұлшық еттерінің тартылып тұрғанын анықтауға болады және Ортнер, Мерфи, Кера, кей кезде щеткин-блюмберг белгілері анықталады.

Жедел холециститті жедел аппендициттен, гастродуодениттен, жара ауруынан, вирусты гепатиттен, пиелонефриттен, несеп тасы ауруынан, жедел респираторлы вирусты инфекциядан, іштің жұқпалы ауруларынан, қыз балаларда да аналық бездің кистасынан ажырату керек, себебіне бұл аталған ауруларда да іштің ауруы кездеседі. Балаларда жедел холецистит қатерсіз, қауіпсіз өтеді, катаральды қабыну флегмонозды немесе гангренозды түріне өте сирек жағдайда ғана айналады. Көбіне жедел холецистит аурудың алғашқы көрінісі болып табылады да, ол созылмалы түріне айналады. Дегенмен созылмалы холецистит балаларда көбіне бірте-бірте дамиды және оның ұзақтығын анықтау өте қиынға түседі. Қабыну құбылыстары өт жолдарының туа болған ақаулары мен аномалияларында, дискинезия мен зат алмасулар бұзылған кезде дамиды. Созылмалы холецистохолангитке ауырсыну синдромы тән. Көбіне оң жақ қабырға асты ауырып, ол майлы тамақ, газды сусын ішкеннен кейін, күш-салмақ түскенде және эмоционалдық өзгерістерден кейін күшейіп кетеді және кез-келген уақытта байқалуы мүмкін. Бұндай патологиясы бар балаларда жалпы интоксикация белгілері, тітіркенгіштік, тез шаршау, әлсіздік, бас ауыруы, апатия, тершеңдік және тағы басқа да жүйке, жүрек, эндокрин жүйелері жағынан функционалдық өзгерістер байқалады. Дене қызуы субфебрильді деңгейде көтерілуі мүмкін. Тері түсі бозарып, құрғайды, бірақ созылмалы холециститте сарғаю болмайды. Диспепсиялық өзгерістерден - лоқсу, құсу, тұрақсыз нәжіс байқалады. Ішті пальпациялағанда өт қабының тұсы аздап ауырады. Ортнер, Кера, Лепине сияқты белгілердің диагностикалық маңызы шамалы, себебі бұл белгілер гастродуоденитте де, жара ауруында да, ұлтабар мен өт қабының анатомиялық жақын орналасқан кезінде де байқалуы мүмкін. Көбіне бауырдың оң бөлігі үлкейеді. Қазіргі кезде гепатобилиарлы жүйені тексеруде ультрадыбыстық зерттеу кеңінен қолданылады

Өт қабының қабырғасының 2 мм-ден артық қалыңдауы, қабырғасының екі қабаттануы - холециститтің бірден-бір белгісі.