Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RK.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
182.27 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы

Аралық бақылау

Пән Жалпы хирургия

Мамандық «051301 – Жалпы медицина» Курс 3

Тесттер

1. Антисептикаға кіріспедегі регионарлы

антисептиканың түсінігі: 3%

а. аяқ қолдардың жұмсақ ұлпасы;

b. буын қуысы;

c. асқазан ішек трактісі;

d. бұлшықетті;

е. ошақ аймағындағы қоректендіруші тамырлар.

2. Венаішілік жалпы анестезияның жеткіліксіздігі: 3%

а. наркозбен бақылаудың қиындығы

b. қаңқалық бұлшықет тонусы сақталған

c. құсықтан және тілдің тартылу әсерінен

асфиксияның қауіптілігі

d. рефлекс белсенділігінің сақталуы

е. наркоздың қысқа уақыттылығы

3. Қысып байлайтын байлам қан кету кезінде мына

жағдайда қолданылады: 3%

а. иық веналарынан қан кеткенде;

b. ұйқы артеиясы зөақымданғанда;

c. ішкі мүшелерден қан кеткенде;

d. тізе асты аймағында жарақат болса;

е. кеуде қабырғасынан қан кеткенде.

4. Қан құю алдында жинау керек: 3%

а. акушерлік анамнез

b. аллергиялық анамнез

c. өмір анамнез

d. гемотрансфузионды анамнез

е. тұқымқуалаушылық анамнез

5. Екіншілік инфекциялы жараның алдын

алу үшін: 3%

а. емдеу және көмек көрсетуде негізгі асептика

заңдарын қатаң ұстану;

b. жараға микроб түсу жолдарын білу;

c. дезинфекция және стерилизация әдістерін білу;

d. стерильділікті бақылау әдістерін білу;

е. кең спектрлі антибиотиктердің болуы.

6. Иықтың шығу симптомы: 3%

а. крепитация;

b. жалған қимыл;

c. аяқ қолдың абсолютті ұзындықтықтың өзгерісі ;

d. аяқ қодың салыстырмалы ұзындықтың өзгерісі;

е. иықтың супинациясының әлсіреуі.

7. Травмалық шокты емдеудегі алғашқы күрес: 3%

а. тынысалу жеткіліксіздігімен;

b. жүрек тамыр жеткіліксіздігімен;

c. эффективті жансыздандыру, ауырсыну факторын

жою

d. алмасу процестерінің бұзылысын қайта қалпына

келтіру;

е. әртүрлі асқынуларды емдеу және ескерту (бауырлық,

бүйрек жеткіліксіздігі, іріңді септикалық асқынулар,

т.б.)

8. Ағзада тоқ өткізетін негізгі орта: 3%

а. суйек тіні

b. тері

c. қан

d. дәнекер тіні

е. нерв

9. Үсу жарақатында дегенеративті өзгерістер мен

ұлпалардың өліеттенуінің негізгі себебі: 3%

а. плазманың жоғалуы

b. жүйкелік аяқтамалардың параличі

c. бұлшық еттердің дисфункциясы

d. қан ағымының бұзылуы

е. тері бөлінудің тоқтауы

10. Дәрігердің жүргізу қатесіне жататын дәрігерлік

қате: 3%

а. диагностикалық

b. ем- тактикалық

c. техникалық

d. организационды

е. деонтологиялық

Сұрақтар

1. Хирургиядағы физикалық антисептиканың тәсілдері. 15%

2. Аяқ сынған кездегі алғашқы көмек, иммобилизациялау түрлері. 15%

Жағдайлық есептер

Жас өспірім 14 жаста, гимнастикалық зеңбіректен құлап, басымен соғылды. Аз уақытқа есінен танды. Өзіне келгеннен кейін бір рет құсық болды. Не болғанын есіне ала алмады. Шүйде аймағында ісіну пайда болды, терісі сау, бозарған. Науқас әлсіз. Пульсі минутына 84 соққы. Артериялық қан қысымы 115/75 мм.с.б.б. Бас милық және менингиальдық симптомдар жоқ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз? Апат болған жерде науқасқа сіз қандай көмек көрсетесіз? 40%

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., доцент Шакеев К.Т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]