Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

RK2teoria

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
35.55 Кб
Скачать

1-нұсқа

Антигендер-белгілі бір химиялық құрамы бар, жоғары молекулалық, арнайы иммундық реакцияларды қоздыратын зат.Антигендер қасиеті:1-антигендік-иммундық жауап қоздыратын қасиеті;2-иммуногендік-антигеннің иммунитет тудыру қабілеті;3-спецификалық-антигендердің бір-бірінен ерекшеленетін қасиеті.мол. Массасы 10000дальтоннан кем болмауы керек;Антигендер табиғаты-көмірсулар,пс,лпс байланысқан ақуыз текті биополимерлер. Антигендер бөлінеді:толымды,толымсыз. Толымды-иммунды жауапты тудырып,осы жауап өнімдерімен реакцияға түседі. Толымсыз-2ге бөлінеді:гаптендер,жартылай гаптендер.Гаптендер-иммундық жауап тудырмайды, тек қана иммунды реакцияға тусе алады.Жартылай гаптендер-қарапайым хим. Заттардың антиденелерімен әрекеттеседі.Орналасуына байланысты антигендер-2ге бөлінеді:1)жасушаішілік-бактерия жасаушасының құрамына кіретіндер(капсулалық, талшықты, соматикалық);2)жасушадан тыс-сыртқы ортаға бөлінетін бактериялар антигендері(экзогендер,патогендік ферменттер, протективті, гетерогенді). Иммуноглобулиндер-антигендерге жауап ретінде түзілетін,антигендермен спецификалық байланысқа түсетін,көп турлі иммунологиялық жауап қайтаруға қатысатын гаммаглобулиндер.Физико-хим құрылымы,биологиялық қасиеті,атқаратын қызметіне байланысты 5 классқа бөлінеді:Ig M;Ig G;Ig A; Ig D;Ig E.1. Ig M – молекулалық массасы 900 мың дальтон, 5 активті орталығы бар, валенттілігі 10, оның 5-уі ғана жұмыс істейді. 1 мг/мл концентрациясындағы сарысулы иммуноглобулиндердің 5-10% құрайды, плацента арқылы өтпейді. Иммунды жауап кезінде инфекцияланған сарысуда бірінші Ig M пайда болады. 2. Ig G – қан сарысуы антиденелерінің 70-80% құрайды, 4 түрге бөлінеді, мономер, 2 активті орталығы бар, жартылай ыдырау уақыты 23 тәулік, мол.массасы – 150 мың дальтон, белсенді өндірілуі 9-12 айлық жастан басталады, 34 мг/кг тәулік мөлшерінде синтезделеді, плацента арқылы өте алатын жалғыз ғана Ig, Ғс-фрагмент көмегімен макрофагтармен және лейкоциттермен байланысуға қабілетті, көкірек сүтінде де болады. 3. Ig A – сарысулық Ig A және секреторлы Ig A деп 2 класc астына бөлінеді. Мономерлер, мол.массасы – 170 мың дальтон, қан сарысуы антиденелерінің 15-20% құрайды, плацента арқылы өтпейді. Күніне организм 64 мг/кг осы класстағы иммуноглобулиндерді өндіреді. 4. Ig D – мономер, мол.массасы 180 мың дальтон, жартылай ыдырау уақыты 3 күн, плацента арқылы өтпейді, сау адамның сарысуында болмайды, бірақ оның концентрациясы аутоиммунды аурулар, миеломды аурулар, вирусты инфекциялар кезінде артады, қызметтері толық зерттелмеген. 5. Ig E немесе реагиндер – сау адамның сарысуында болмайды, аллергиялық аурулар кезінде пайда болады, мол.массасы 190 мың дальтон, мономер, плацента арқылы өтпейді, гомологты базофильдердің және нысана жасушалардың мембранасына талғамды бекінеді. Антиденелерді спецификалық антигендердің көмегімен қан сарысуында иммунологиялық реакциялар арқылы анықтайды. Бұл реакциялар серологиялық деп аталады. Оларды инфекциялық аурулардың диагностикасында қолданылады. Немесе антиген мен антидене қатысуымен өтетін реакциялар.2мақсаты бар: 1)Құрамында белгілі антиденесі бар, иммунизация жолымен немесе гибридомды әдіспен алынған диагностикалық сарысудың көмегі арқылы зерттелетін материалдан (фекалий, қақырық, қан, зәр және т.б.) күдіктенген антигенді анықтайды.2) Құрамында белгілі бір бактериалды антигені бар диагностикумның көмегімен науқастың сарысуынан соған сәйкес антиденені табады.

2-нұсқа

Антибиотиктер – қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар және өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары.

Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оныпенициллин деп атады.Антибиотиктердің жіктелуі-А.Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды систематизациялау болып табылады. Антибиотиктердің әр түрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты. Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 5 топқа ажыратады:

саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы: 1)Пенициллиум (пеницил, гризеофульвин), Цефалоспориум (цефалоспорин), Фузидиум (фузидин) және т.б.2)актиномициттерден алынатын антибиотктер, бұл топқа антибиотиктердің 80% енеді. Антибиотиктердің арасында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері.

3)Бактериялардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі қолданылатын Бациллиус және Pseudomonos өкілдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады.4)Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Балықтың майынан эктерицидті алады.5)Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан, сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көртеген микробтардың антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула.Алутәселдері:3 тәсілі бар.

Биологилық синтез.Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.

Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.

Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.Антибиотиктерг22це тұрақтылықтың 2түрі бар:табиғи төзімділік-микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығы жоқ;жүре п.б-микроб антибиот жанасқаннан кейін п.б. дамиды.

3-нұсқа

Иммунитет – организмнің ішкі ортасының антигендік құрамының тұрақтылығын сақтауға бағытталған реакциялар мен механизмдер жиынтығы.. Иммунды жүйенің “бөтен” антигендерді тану, яғни ”бөтен” антигенді “өз” антигенінен ажырату және залалсыздандыру қабілеті. Иммундық жауап – белгілі бір антигенге қарсы спецификалық қорғанышты қамтамасыз ететін реакциялар.Бұл реакциялар антигенді танып, организмнен шығарып тастауға бағытталады.Иммунды жауап формалары: антидененің түзілуі; иммундық фагоцитоз; комплементтің активтелуінің классикалық жолы;лимфоциттердің “киллерлік” қызметі;аллергиялықреакциялар;иммунологиялық толеранттылық.Иммунитет:1)туа п.б.(генетикалық шартталған,тұқым қуалайды)2)жүре п.б.(түрлік) 2 түрі бар:1)тиабиғи(белсенді,енжар);2)жасанды.Туа п.б.- түрге жататын қасиет,белгілі түр дараларында туғаннан болады;Жүре п.б.-жеке түр дараларында ғана болады.Табиғи – белгілі жұқпалы инфекциямен ауырып болғаннан кейін п.б.Жасанды-белсенді егуден кейін п.б.(бағытталады:антибактериялық,антитоксикалық,антивирустық,паразитке қарсы)Иммунды жүйе лимфоидты тіндерден тұрады.Бұл мамандаған, анатомиялық жеке тін әртүрлі лимфоидтық түзілістер түрінде барлық организмде таралған. Лимфоидты тіндерге жатады: тимус, сүйек кемігі, көкбауыр, лимфа түйіндері тағы басқалар жатады. Лимфоидты тіндер тіннің негізін құрайтын ретикулярлы (торлы) жасушалардан және осы жасушалар арасында орналасқан лимфоциттерден тұрады. Иммунды жүйенің негізгі қызмет ететін жасушалары Т- және В- лимфоциттерге бөлінетін лимфоциттер және олардың субпопуляциялары болып келеді.Адам организміндегі лимфоциттердің жалпы саны 10-ның он екінші дәрежесіне тең, ал лимфойдты тіндердің жалпы салмағы дене салмағынан 1-2%құрайды.,Иммундық жүйе-маманданған және жекеленген лимфоидтық тін. Ол әр түрлі лимфоидтық жасуша ретінде бүкіл организмге таралған.Атқаратын қызметіне сай орталық орган(жілік майы,айырша безі),шеткі орган(лимфа түйіні,бауыр,көк бауыр,қан,лимфа). Иммундық жүйенің іс атқаратын басты жасушасы-лимфоцит.Иммундық жүйенің қызметі:1организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;2организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;3организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;4ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;5басқа қызметтер атқарады.Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.Иммундық жүйенің жасушалары:1лимфоциттер,2фагоциттер,3базофилдер,4бағана жасушалар,5тромбоциттер,6басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.

4-нұсқа

“Инфекция” термині (латын сөзі infectio - жұғу) микроорганизмдердің макроорганизмдерге енуі және онда көбеюімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде жұқпалы процесс пайда болады, яғни жұқпалы процесс патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сезімтал организмге әсерінен дамиды. Жұқпалы процесс – макроорганизм мен патогенді микроорганизмдердің қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болған физиологиялық, патологиялық өзара бейімделген реакциялардың жиынтығы. Жұқпалы ауру – тіндер мен мүшелердің морфологиясының, қызметінің тұрақты өзгеруімен және клиникалық симптомдармен көрінетін жұқпалы процесс. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары – вирустар, приондар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер болып табылады. Олардың барлығы паразиттер болып саналады.Паразитизм - негізінде жұқпалы аурулар дамиды. Жұқпалы аурулардың пайда болуы 3 факторға байланысты: Қоздырғыштың патогендік, вируленттік факторларына, оның мөлшері, ену жолы мен тәсіліне байланысты;Инфекция көзіне немесе иесіне байланысты жұқпалы ауруларды келесі түрлерге бөледі: Зоонозды– тек қана жануарлар ауырады ( иттер обасы, құстар тырысқағы, ірі қара мал обасы);Антропозоонозды– адамдар және жануарлар ауырады (туберкулез, бруцеллез, сібір жарасы және т.б.);Эволюция барысында инфекциялардың берілу жолдары қалыптасқан: 1. Ауа-тамшы, ауа-шаң арқылы (тұмау, дифтерия, туберкулез);2. Фекальді-оральді жол – ластанған су, тамақ арқылы қоздырғыш зәр, нәжіс арқылы тарайды (коли инфекциялық дизентерия);3. Трансмиссивті – кенелер, буынаяқтылар, қан сорғыштар тістеу арқылы (кенелік энцефалит вирусы);4. Жанасу (контакт) арқылы;5. Жыныстық жол (соз, мерез);6. Тік (вертикальді) жол – анадан нәрестеге плацент арқылы туу кезінде (АИТВ);7. Парентеральді жол - стерильді емес медициналық құралдар арқылы, әсіресе шприц арқылы (АИТВ вирусы, гепатит С);

5нұсқа

Ішкі ортаның антигендік құрам тұрақтылығын сақтайтын 2 механизм бар.1)спацификалық емес факторлар(табиғи резистенттілік)2)иммундық жауап(иммундық шапшаңдық)Спецификалық емес факторлар: 1. Тері мен шырышты қабаттың тосқауылдық қызметі;2. Тері мен шырышты қабаттың бактериоцитті қасиеті;3. Лизоцим ферменті (Лизоцимді өндірушілер:қан моноциттері, тін монофагтары. Лизоцимнің кездеспейтін жері: несеп, тері сұйықтығы); Организмнің спецификалық емес резистентілігін анықтау үшін қан сарысуындағы лизоцимнің титрін анықтайды.4. Дене температурасының көтерілуі;5. Физиологиялық және патологиялық реакциялар;6. Қалыпты микрофлораның антагонистік қызметі;7. Спецификалық емес фагоцитоз.Фагоцитоз – организм ішіндегі бөгде заттарды, соның ішінде бактериялар мен жасуша қалдықтарын қоршап, жұту мен қорыту құбылысы.Фагоциттер: гранулоциттер, моноциттер.Микроорганизмдер тері мен шырышты қабаттарды бұзып, тіндерге енгенде фагоцитоз жұмыс істей бастайды.Қозғалмалы жасушаның қорғаныштық ролін алғаш рет 1883 ж. орыс ғалымы Мечников байқады. Фагоцитарлық процесс келесі кезеңдерден тұрады:Хемотаксис – фагоциттердің фагоцитарлық нысанға жақындауы;Фагоциттің бетіне бекіну;Жұту, жаулап алу (эндоцитоз), фагосома түзіледі;Қорыту. Фагосома + лизосома = фаголизосома. Микроорганизмдер ферменттер әсерінен 15 мин ішінде жойылады. Егер 4 кезең толығымен жүзеге асса, фагоцитоз аяқталған болып есептеледі.Аяқталмаған фагоцитоз кезінде соңғы кезең жузеге аспайды. Мысалы: өткір гонорея, бруцеллез, туберкулез, лепра.Фагоцитарлық көрсеткіш – бұл жұтылған микроорганизмдердің лейкоциттер санына бөлгенде шығатын көрсеткіш. Опсоникалық индекс – бұл иммундық сарысудың қатысуындағы фагоцитарлық көрсеткішті қалыпты сарысудың фагоцитарлық көрсеткішіне бөлуден шығатын сан 1-ден кем болмауы керек.Фагоциттердің негізгі функциялары: 1.Спецификалық емес фагоцитоз;Иммундық фагоцитоз;а) Гуморальдық иммунды жауапқа қатысу:фагоцит антигенді микробқа бекітіп, оны қорытып, лимофоциттерге тану үшін береді; б) Жасушалық иммунды жауапқа қатысу: трансплантациялық иммунитет, ісікке қарсы иммунитет.Комплемент жүйесі– қан сарысуындағы қорғаныштық ақуыздардың кешенді жүйесі. Комплементтің 9 компоненті бар, олар С1, С2, … С9 деп белгіленеді. Комплемент жүйесінің активтелуі 3 жолмен жүреді. Олар: Альтернативтік жол;2Классикалық жол.3Спецификалық жол.Классикалық жол-комплиментантиген+кешені әсерінен белсендіріледі.Антиген-антидене кешені п.б. үшін ИГм-нің молекуласы жеткілікті.Процесс антиген+антидене комплексіне комплементтің с1 бөлігінің қосылуынан басталады одан с1 түпбөлігіне ыдырайды. Альтернативті жол-бұл жол антидененің қатысуынсыз өтеді. Тәсіл адам денесін грамтеріс микробтардан қорғауға бағытталған. Сатылы реакция антигеннің В,Д ақуызы мен пропердин қосылуымен басталып с3 бөліктің белсендірілуімен жалғасады.Лектинді жол-механизм антиденесіз өтеді. Басталуына манноза ақуызы себепкер.Маннозамен байланысқаннан кейін комплементтің с4 белсендіреді.

6.НҰСҚА:

Дезинфекция , стерилизация , асептика, антисептика . Дезинфекция түрлері және тәсілдері . Дезинфекция және антисептикада қолданылатын ерітінділер. Стерилизация әдістері, Дезинфекция (зарарсыздандыру)– патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.Дезинфекцияның 2 түрін ажыратамыз: 1.профилактикалық 2.ошақты : Қорытынды; Күнделікті Күнделікті ауру аяқталғанға дейін күнделікті (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын дезинфекциялау) жасалады, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру керек. Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады. Оның мақсаты – жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы фактор ретінде қалған қоздырғыштарды жою.Дезинфекциялаудың физикалық заттары.Механикалық заттар – тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шаңсорғыштың көмегімен микробтардың 98% жойылады.

Термиялық және сәулелік – бұл жоғары және төмен температуралардың әсері, бактериоцитті шамдармен өңдеу, радиоактивті сәулелендіру.Стерилизация – физикалық және химиялық заттар көмегімен микроорганизмдердің барлық түрлерін (вегетативті және споралы) түрлерін жою. Стерилизацияда химиялық және физикалық әдістер қолданылады..Стерилизацияның физикалық әдісіне: жоғары температура, иондаушы сәулелер, фильтрлеу арқылы стерильдеу;Химиялық әдісіне: химиялық ерітінділермен, газбен стерильдеу жатады.Асептика – микроорганизмдердің ашық жараға, дәрілік препараттарға, қоректік орталарға және т.б. объектілерге түспеуіне бағытталған алдын алу шараларының жүйесі. Оған:1. материалдарды, құрал-жабдықтарды, приборларды стерильдеу;2. асептикалық жұмыс алдында қолды арнайы (антисептикалық) өңдеу;3. белгілі бір ережелерді сақтау (стерильді халат, маска, перчатка киу және т.б.);4. арнайы санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық шараларды орындау.

Антисептика – бұл жараға, дәрілік препараттарға және басқа да объектілерге түскен микробтарды жоюға бағытталған шаралар кешені. Антисептиканың бірнеше түрлерін ажыратады:1. механикалық;2. физикалық;3. химиялық;4. биологиялық.

7. НҰСҚА

.Патогенділік және вируленттілік анықтамалары. Микроорганизмдердің патогенді факторлары. (токсигенді және токсигенді емес). Ақуыз токсиндерінің жіктелуі . Эндотоксиндер. Патогендік– қоздырғыштың жұқпалы процесс туғызатын потенциалды қабілетін көрсететін полидетерминантты генотиптік түрлік белгісі.Патогенділіктің дәрежесіне байланысты микроорганизмдердің келесі жіктеулері бар: Шартсыз патогенді (оба, тырысқақ, соз, қарапайым шешек қоздырғышы); Шартты патогенді немесе оппортунисттік, яғни арнайы бір жағдай туғанда ауру туғызады. (иммунитет төмендегенде);Патогенді емес қалыпты жағдайда ауру туғызбайды, тек экстремальді жағдайда ғана ауру туығызуы мүмкін. (Мысалы: сәулелі ауру, иммунды тапшылық жағдайында).Вируленттік – патогендіктің дәрежесі немесе сандық өлшемі.Патогендік генотиптік түрлік белгі болса, вируленттік – фенотиптік, штаммдық қасиет.1.Вируленттіктің арнайы өлшем бірлігі дозамен өлшенедіLD50 – зақымдалған жануарлардың 50% жоятын мөлшері;2.DLM (лат. Dosis Letalis Minima) –сезімтал жануарлардың 95% өлімге апаратын микробтың минимальді мөлшер;3.DCL (Dosis Certa Letalis) – тәжірибеге алынған жануарлардың 100% өлімге апаратын микроорганизмдердің ең аз мөлшері.Вируленттілігіне байланысты микроорганизмдердің жіктелуіЖоғары вирулентті;Әлсіз вирулентті;Орташа вирулентті;Авирулентті.Бактериялардың вируленттік факторлары және оларға сипаттама

1. Адгезия және колонизация.Адгезиндер – жасуша қабырғасының ақуыздары, кірпікшелер, пили, капсула фимбриялар сезімтал макроорганизмге қоздырғыштың жабысуын, бекуін қамтамасыз етеді.Колонизация – микробтардың жабысқан жерде көбею процесі.

2. Пенетрация – қоздырғыштың лимфоциттердің, лейкоциттердің эпителиальды жасушалардың ішіне енуі нәтижесінде вируленттік қасиеттің көрінуі.3. Инвазия – патогенді микроорганизмдердің шырышты қабат және дәнекер тіндерге еніп, таралуы және көбею қабілеті.Инвазивтік қасиетті патогенді ферменттер түзумен байланыстырады.Мысалы, патогендіктің ферменттері гиалуронидаза, нейраминидаза, коллагеназа, лецитиназа, плазмокоагулаза, фибринолизин жоғары молекулалы тіндер байланысын ыдыратып бұзады.Метаболизмге қажетті ферменттерсонымен қатар кері әсер көрсететінуреаза, липаза, декорбоксилаза, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері.4. Агрессивтік фактор. Макроорганизмнің спецификалық емес және иммунды қорғаныш факторларын тежейтін заттар – агрессиндер деп аталады. Олар фагоцитозды тежейді. Агрессиндер:микроорганизмдердің жасуша қабырғасыныңполисахаридтері, капсула, липополисахарид, Vi-антиген.

5. Токсигендік. Патогенді микроорганизмдердің улы зат бөлу қабілеті. Токсиндердің екі түрін ажыратады: экзотоксиндер;эндотоксиндер;Экзотоксиндер – табиғаты ақуыз, қоршаған ортаға бөлінеді. Экзотоксиндердің синтезделуін tox гендер атқарады. Олар хромосомада немесе плазмидаларда орналасуы мүмкін.Экзотоксиндерді көбінесе грам(+) бактериялар бөледі(термолабильді, яғни жоғары температураға төзімсіз). Грам(-) бактериялардан тырысқақ вибрионы экзотоксиндер бөледі. Анатоксин – экзотоксинге 0,3-0,4% формалинмен әсер етіп дайындалады. Вакцина ретінде сақтандыру мақсатында қолданады. Мысалы: дифтериялық анатоксин, стафилококк анатоксині және т.б.Экзотоксиндердің әсер ету механизмі бойынша жіктелуі:

нейротоксиндер – жүйке жүйесіне әсер етеді (сіреспе, ботулизм);энтеротоксиндер (ішек бактериялары, тырысқақ вибрионы);

гемолизин – эритроцитті лизиске ұшырату (стафилококк, стрептококк (О-стрептолизин), тетанолизин (сіреспе));

лейкоцидин – лейкоциттерді бұзады (стафилококк, дифтерия, стрептококк, ботулизм, газды гангрена); цитотоксиндер (дифтерия, сібір жарасы); Эксфолиятиндер (стафилококк, стрептококк).Эритрогендер (скарлатинозды стрептококк, алтын сары түсті стафилококк).Токсигендіктің өлшем бірлігі – DLM және LD50►Эндотоксин – табиғаты липополисахарид (ЛПС). Термостабильді – жоғары t-ға төзімді. Иммуногендігі төмен жасуша қабырғасына енеді. Әсер ету механизмі спецификалық емес жалпы интоксикация туғызады. Тек грам(-) бактериялар түзеді (энтеробактериялар, тырысқақ вибрионы). Анатоксинге айналмайды. Кейбір бактериялар ішек таяқшасы, тырысқақ вибрионы экзо- және эндотоксин түзеді.Вируленттік және токсигендік факторларды генетикалық бақылау

Вируленттік факторлар – адгезия, колонизация, пенетрация, инвазия т.б. аталған белгілерді хромосомды және плазмидті гендер бақылайды.Адгезияға қатысатын кірпікшелерді (пилилерді) хромосомды гендер бақылайды. Сонымен қатар ішек таяқшасының адгезия, колонизация және кейбір антигендерін плазмидалар бақылайды. Инвазияғақатысатын гиалуронидаза, нейраминидаза ферменттерін – хромосомды гендер бақылайды. Бактериялардың R-плазмидаларында транспозондар орналасқан. Олар көптеген антибиотиктерге тұрақтылықты бақылаумен қатар токсигендікті де бақлайды.Токсин түзілудің генетикалық бақылауын хромосомды гендер немесе F, R, Col т.б.плазмидалар бақылайды.Тырысқақ вибрионын түзетін холерогенді, алтын түсті стафилококк түзетін эксфолиатинді, клостридиялар түзетін энтеротоксинді - хромосомды tox гендер бақылайды.

8.НҰСҚА .

Антибиотиктер. Антибиотиктердің шығу тегі бойынша жіктелуі. Әсер ету механизмі, спектр бойынша жіктелуі. Мысал келтіріңіз. Микроорганизмге және макроорганизмге антибиотиктер әсері.

Антибиотиктер – (грек сөзі – “anti bios” – өмірге қарсы) микроорганизмдер, жануар жасушалары, өсімдіктерден түзілетін химиотерапиялық заттар және олардың туындылары мен синтетикалық өнімдері.Антибиотиктер – қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар және өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары.Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оныпенициллин деп атады. Антибиотиктердің жіктелуі-А.Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды систематизациялау болып табылады. Антибиотиктердің әр түрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты. Антибиотиктерді жіктеу принциптері.•Алу тәсілі бойынша (табиғи, синтетикалық, жартылай синтетикалық);•Әсер ету бағыты бойынша (антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы, ісікке қарсы);

•Әсер ету спектрі бойынша (кең және тар спектрлі);•Шығу тегі бойынша.Шығу тегі бойынша жіктелуі. 1.Бактериалды – екі топқа бөлінеді: •топырақ бактерияларынан - бациллалардан, псевдомонадалардан – полимиксиндер, грамицидин;

•Актиномицеттерден алынған антибиотиктер – скотобактериялардың 80% актиномицеттерден алынады: стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және т.б;2. Саңыруқұлақтардан – пенициллиндер, цефалоспориндер;

3. Өсімдік текті антибиотиктер – бұларға фитонциттер жатады: пияз, сарымсақ т.б өсімдіктер бөледі. Олар таза түрінде алынбайды, өйткені өте тұрақсыз қосылыстар;4. Жануар текті – лизоцим тауық ақ уызынан, экмолин осетр балығынан, эктерицид балық майынан алынады;5. Синтетикалық антибиотиктер – хинолондар, ципрофлоксацин, сульфаниламидтер (сульфадиметоксин), имидазолдар (меронидазол), нитрофурандар (фуродонин, фурагин).Химиялық құрамы бойынша

I. β-лактамды – пенициллиндер цефалоспориндер;ІІ. Макролидтер – эритромицин, азитромицин т.б;ІІІ. Тетрациклиндер – окситетрациклин, доксициклин;IV. Ароматты қосылыстар – левомицетин, линкомицин және т.б;V. Аминогликозидтер – стрептомицин, канамицин;VI. Полипептидтер – полимиксиндер;VII. Полиендер – нистатин;VIII. Гликопептидтер – линкомицин, ристомицин.Алутәселдері:3 тәсілі бар.Биологилық синтез.Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.

Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.

Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.Антибиотиктерге тұрақтылықтың 2түрі бар:табиғи төзімділік-микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығы жоқ;жүре п.б-микроб антибиот жанасқаннан кейін п.б. дамиды.

9.НҰСҚА

.Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы .Биотоп бойынша қалыпты микрофлора құрамы. Қалыпты микрофлораның қызметі. Дисбактериоз оны коррекциялау .Биопленка туралы түсінік. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы.

Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды. Адам ағзасындағы микроорганизмдердің екі тобы:1.Тұрақты (резидентті) – микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;2.Транзиторлы (уақытша) – тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды

Қалыпты жағдайда дені сау адамның ішкі мүшелері мен тіндерінде микроорганизмдер болмайды. Оларға келесі мүшелер жатады: * ішкі мүшелер;бас миы мен арқа жұлыны;лимфа; өкпе альвеоласы;жатыр қуысы; бүйрек; * несеп жолы мен несеп қапшығы.

Терінің қалыпты микрофлораы. 1. Тұрақты (облигатты):аэробты және анаэробты дифтероидтар;ашытқы саңырауқұлақтары;2. Факультативті (транзиторлы): іріңді стафилококк пен стрептококк;фекальді стрептококк;ішек таяқшасы, т.б.тері стафилококы.Көздің қалыпты микрофлорасы (конъюнктивтер)1. Тұрақты (облигатты):патогенді емес коринобактериялар; нейссериялар; тері стафилококы;сарциналар.2. Транзиторлы (уақытша): патогенді стрептококк пен стафилококк;микоплазмалар;ішек бактериялары.

Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы : Ауыз қуысының бактериялары транзиторлы, яғни уақытша мекендеушілер болып есептелінеді. Олар:микрококктар; лактобактериялар;нейссериялар; дифтероидтар;микоплазмалар;коринебактериялар; фузиморфты бактериялар.Тыныс алу жолдарыныың қалыпты микрофлорасы 1. Облигатты:дифтериодтар;микрококктар;нейссериялар;тері стафилококы;2. Факультативті: пневмококктар;патогенді стафилококк;клебсиеллалар;гемолитикалық емес стрептококк. Құлақтың қалыпты микрофлорасы Ортаңғы құлақМұнда микробтар аз мөлшерде кездеседі, себебі күкірт бактерицидті қасиетке ие.;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]