Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие лат. Фарм.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
882.18 Кб
Скачать

§5. Тривиальды атаулардың жасалу моделі

Жұрнақталу

Menth + ol + um

түбір + жұрнақ+ жалғау

Atrop + in + um

түбір + жұрнақ+ жалғау

Ментол

Атропин

Қосымша арқылы

Аn + alg + in + um

приставка +түбір+жұрнақ + жалғау

Анальгин

Түбірлердің бірігуі арқылы

Арі + lас + um

түбір + түбір + жалғау

ара + сүт + жалғау

Апилак

Аббревация (қысқарған) сөз)

А. Т. Ф.

Аденазинтрифосфор кышқылы

§6. Сөз құрамында жиі кездесетін сөз бөлшектері

Дәрі-дәрмектерді тез еске түсіру және қасиеттерін жақсы түсіну үшін жиі кездесетін түбірлерді білу қажет. Дәрі-дәрмектердің аттарында бірнеше рет кездесетін түбірлерді жиі кездесетін түбірлер деп атаймыз. Мысалы: жүрек дәрінің атауында кездесетін түбірлер

лат. сor -/ жүрек/ - Corvalolum, i n

грек. cardi -/ жүрек/ - Cardiaminum, i n

Жаттығулар

I. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру. Мысалы: sulfacylum, i n

sulf- микробтарға қарсы дәрі-дәрмектер

уl- көмірсутек радикалы

  1. Methylsulfazinum, i n

  2. Barbaethylum, i n

  3. Anaesthalginum, i n

  4. Benzonaphtholum, i n

  5. Theophyllinum, i n

  6. Amycazolum, i n

  7. Antipyrinum, i n

  8. Hydroxydionum, i n

II. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру

Үлгі: анестезин- Аnaesthesinum, i n

aesthes- жансыздандырғыш дәрі-дәрмектер

  1. полициллин

  2. сульфаметоксипиразин

  3. метионин

  4. морфоциклин

  5. синестрол

  6. фенолфтален

  7. антиастмакрин

  8. ихтиосульфол

  9. пирафен 10.фтазин

III. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру

  1. Testosteronum, i n

  2. Phenoxymethylpenicillinum, i n

  3. Oxaphenamidum, i n

  4. Podophyllinum, i n

  5. Methyloestradiolum, i n

  6. Methicillinum, i n

  7. Methacyclinum, i n

  8. Benzonolum, i n

  9. Ribonucleasum, i n

  10. Phenobarbitalum, i n

  1. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру

  1. метилэстрадиол 11. полициллин

  2. кокарбоксилаза 12. метионин

  3. стрептомицин 13. синестрол

  4. сульфален 14. астматин

  5. тиреоидин 15. пирацетам

  6. тиамин 16. фтазин

  7. фенилин 17. синтомицин

  8. диафенилсульфон 18. лаксатол

  9. строфантин. 19. аллергол

  10. этимизол 20. эритромицин

2 Сабақ

§ 7. Етістік туралы жалпы түсінік

Латын тілінде етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді;

  1. Шақ категориясының 6 түрі бар: (Бірақ, біз бір түрін өтеміз – осы шақты –tempus praesens).

  2. Рай категориясы

modus infinitivus – тұйық рай

modus indicativus – ашық рай

modus conjunctivus – шартты рай

modus imperativus – бұйрық рай

  1. Екі түрі бар

numerus singularis – жекеше түрі

numerus pluralis - көпше түрі

  1. Жақ категориясы (personae)

Медициналық терминологияда үшінші жақтың жекеше және көпше түрлері қолданылады.

  1. Етіс категориясы:

genus activum – негізгі етіс

genus passivum – ырықсыз етіс

Негізгі етісте бастауыш жасайтын істі білдіреді (Мен кітап оқып отырмын). Ырықсыз етісте істі кім істегені белгісіз (Шөп шабылды).

Сабақты етістіктер негізгі және ырықсыз етістерде қолданылады.

Салт етістіктер тек негізгі етісте қолданылады.Aegrotus pneumonia laborat (act). Науқас өкпе қабынуымен ауырады.