Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП АСЕЛЬ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.9 Кб
Скачать

2. Жалақы қорын жоспарлау

Дәріхана ұйымдарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты, еңбек бойынша жоспардың алдыңғы қатарлы көрсеткіші еңбекті төлеудің бірыңғай қоры болып табылады. Ол дәріхана ұйымының қызметкерлері жүзеге асыратын жұмыс пен қызмет түрлерінің сметасында қарастрылған еңбекті төлеу қоры мен еңбекті төлеудің құралдары ретінде қалыптасады. Еңбекті төлеудің бірыңғай қорының қаржылары смета бойынша жұмсалады.

3. Жалақы қоры

Бұл дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызмектінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Жалақыға жұмсалатын шығын дәріхананың барлық шығынында біраз меншікті үлесті алады.

Дәріхана ұйымының жалақы қорында келесі негізгі көрсеткіштер болады:

1. Тауарайналымына пайыздық қатырнастағы жалақы қоры.

2. Абсолюттік сомадағы жалақы қоры.

Алдыңғы қатардағы және анықтаушы көрсеткіш жалақы қорының тауарайналымының көлеміне пайыздық мәнде берілген қатынасы, яғни жалақы деңгейі келесі формуламен анықталады:

Уз =

Фз

= 100%, где

Т

Фз – сомадағы жалақы қоры;

Т – бөлшек бағадағы тауарайналымы.

Дәріхана ұйымдарында жалақы қорының тауарайналымына деңгейі орташа жалақының ауытқуына байланысты өзгереді, ол маманның біліміне және жұмыс өтіліне бпйланысты болады.

Жалақы қорын тауарайналымына пайыздық деңгейде жоспарлау келесіні білдіреді, жалақы қорының абсолютті сомасы тауарайналымының көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Жалақы қорының жоспарлы есептеулерінде келесілерді қамтамасыз етуін қарастыру керек:

1. Штаттық кесте бойынша барлық қызмсеткерлердің еңбегін төлеуді.

2. Орташа жалақының өсу қарқынымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуінің нәтижесінде қызметкерлерді материалдық жағдайын жүйелі түрде жоғарылатуды.

Шығын айналымындағы жалақыға жұмсалатын шығынды төмендетуге келесі жағдайда ғана қол жеткізуге болады, егер еңбек өнімділігінің өсу қарқыны орташа өсу қарқынының өсу қарқынынан жоғары болса.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – ТомI. – 2003. – 447 с.

3. Трудовой кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года № 251-III. – 168 с.

4. Приказ МЗ РК № 774 от 24 ноября 2009 года «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических работников».

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Нарықтық жағдайдағы еңбек пен жалақыны жоспарлаудың алдын ала сілтемелері.

2. Кәсіпорындардағы (фирмадағы) еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу.

3. Еңбек өнімділігін талдау.

4. Еңбек пен жалақы бойынша талдау міндеттері.

5. Еңбек пен жалақы бойынша талдау көздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]