Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС Программалауа кіріспе.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
244.74 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Тақырыбы:

Программалауға кіріспе

Кафедра: Информатика модулі

Мамандығы: 051301«Жалпы медицина»

Курс: бірінші

Орындаған: Паренова Наргиз

Тобы: 005-1

Тексерген: Рахымбаева Гулбаршин Сабетовна

Алматы, 2013

Мазмұны

I. КІРІСПЕ________________________________________________________________________3

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________________________________________4-13

  1. Программалау тілдерінің буындары мен деңгейлері

  2. Жалпы қызметті программалау тілдері

  3. Алгоритм деген не?

  4. Алгоритмдердің негізгі қасиеттері

  5. Алгоритмдердің жазылу әдістері

  6. Графикалық әдістің түрлері

  7. Алгоритмдік тілдер

  8. Блок-схемаларда қолданылатын негізгі элементтер

  9. Сызықты алгоритм

  10. Арифметикалық өрнектерде амалдар тәртібі қалай анықталады?

  11. Тармақталған алгоритм

  12. Циклдық алгоритм

  13. Транслятор, компилятор, интерпретатор

14. Есептеудің негізгі программалық-эффектілі схемаларын атаңыз

III. ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________________14-15

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР________________________________________________16

Кіріспе

Программалаудың жаңа тілін құрастыратын автор әрқашанда программалауды барынша қарапайым және әртүрлі салада жұмыс істейтін адамдар үшін түсінікті етуге тырысқан.

Осындай мақсатты алдына қойған адам – Никлаус Вирт, Цюрихтегі (Швейцария) Жоғарғы техникалық училищесінің информатика профессоры, 1970 жылы сол талапқа сай тіл құрған.

Никлаус Вирт өзінің ұсынған алгоритмдік тіліне атақты француз ғалымы, ең бірінші дүние жүзінде есептеуіш техниканы ойлап тапқан адам Блэз Паскальдің (1623–1662 ж.) атын қойған.

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығымен және логикасына байланысты дүние жүзінде кеңінен орын алды. Қазір барлық есептеуіш техника осы тілде жұмыс істей алады. Программаның дұрыстығын өте жеңіл тексеруге болады. Себебі, оның мазмұны өте қарапайым және айқын. Сонымен қатар, Паскаль тілі жаңа бастаған программистерге программалаудың жақсы әдісітерін үйретуге ыңғайлы.

Тілдің әрі қарай даму тарихы, электронды есептеуіш техниканың даму мүмкіндіктерімен тікелей байланыста болды. Паскаль тілінің әр түрлі версиялары жаңа мүмкіндіктермен толықтырыла дамыды. Тілдің кейінгі версияларының бірін – Паскаль 7.0-ді, MS-DOS және Wіndows операциялық жүйелер орталарына үйлестіріп, 1992 жылы Borland және Mіcrosoft фирмалары шығарды. [1]

Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұскау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды бірізділікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдың ала жазылып кояды, мәтіндерді бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары бойынша мәтіндер мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес мағынасы жоқ әліпби таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты атаулары; мағынасы бұйрык түрінде емес атаулардың қосындысың білдіретін сөйлемшелер; белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағынасында) синтаксистік құрылымдардан тұратын операторлар тағы басқа. Бағдарламалық тілдердің өзіне тән сипаты — символдық, сөздік, сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің аражігі белгісіздігінде мәтіндерді жазып, ЭЕМ-ге енгізуде ондағы жетімсіздік баска символдармен толықтырылады. Мысалы, (СОТО сөйлемшесі бір символ, бір сөз немесе бір сөйлем болып есептелуі мүмкін. Бағдарламалық тілдер қолданылу тұрғысынан екіге бөлінеді: алгоритмдік әр түрлі типтерді алдын ала жазуға болатын универсалдык бағдарламалық тілдер және неғұрлым шағын мақсатты жүмыстарға (модель жасау, мәтінді автомат өңдеу, белгілі бір процесті басқару) арналған мамандандырылған бағдарламалық тілдер. Бұлардын ішінде ЭЕМ-мен пайдаланушының қарым-қатынасын дамытуда диалогтік бағдарламалық тілдер манызды орын алады. Бағдарламалық тілдердің дамуы олардың деңгейін көтеру, адам мен машинаның қарым-қатынас процесін женілдету, бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы іске асырылып отырады. 20 ғасыр 70 жылдары бағдарламалық тілдердің жалпы саны 1 мыңға жақындады. Ең жиі қолданылатын, деңгейі жоғары тілдік бағдарламалар: фортран, кобол, ПЛ/1, алгол, бейсик, паскаль, лого тілі.

Бағдарламалау тілі, программалау тілі — мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды (жасанды) тіл. Бағдармалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы Бағдармалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі. Қазіргі Бағдармалау тілі машиналық-бағдарланған, процедуралық-бағдарланған және проблемалық-бағдарланған тілдер болып ажыратылады. Машиналық-бағдарланған бағдармалау тілі өзінің мәліметтерінің түрі мен алгоритмінің құрылуы бойынша белгілі бір ЭЕМ-нің (не ЭЕМ класының) құрылымын бейнелейді. Мұның үстіне оның бағдарламалау процесін жеңілдету және автоматтандыру сияқты ерекшеліктері бар. Ол машиналық тілге жақын тіл. Машиналық-бағдарланған бағдармалау тіліне автокод, алмо, эпсилон, т.б. тілдер жатады. [2]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]