Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП АСЕЛЬ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.9 Кб
Скачать

3. Еңбек пен жалақы бойынша жоспарды талдаудың міндеті

Негізгі міндеті – жоспардың орындалу көрсеткіштерін талдау, жоспардың орындалуына факторлардың әсерін және әсер ету дәрежесін анықтау, еңбек пен жалақыны ұйымдастыруды әрі қарай жақсарту жолдарын анықтау.

Еңбек бойынша көрсеткіштерді талдау кезінде дәріхана ұйымының қызметкерлерінің санын зерттейді, жоспарлы және нақты саны арасындағы қатынасты анықтайды, тауарайналымының сомасы бойынша еңбек өнімділігін талдайды, оның даму динамикасын белгілейді, еңбек өнімділігінің өсу қарқынының бір қызметкердің жалақысының өсу қарқынына сәйкестігін анықтайды және т.б.

Еңбек пен жалақы бойынша жоспар көррсеткіштерін талдау көздері болып табылады:

1. Бекітілген штаттық кестемен қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары, жалақы қоры және талданатын кезеңге еңбек өнімділігі.

2. Орынбасушыларсыз орташа тізімдегі қызметкерлер бойынша тоқсандағы оперативті есеп мәліметтері бойынша тоқсандық статистикалық есеп беру, жоспар бойынша және нақты және категориялар бойынша қызметкерлердің.

Еңбек бойынша жоспар халық шаруашылығы жоспарының негізгі бөлігі болып табылады және ол жоспардың барлық бөліктерімен байланысты.

Еңбек бойынша жоспарды жасау кезінде материалды, еңбек және қаржы көрсеткіштерінің тиімді қолданылуы қамтамасыз етілуі керек.

Еңбек бойынша жоспар дәріхана ұйымының даму жоспарының басқа бөлімдерімен байланысты болу керек. Сондықтан оны жасау кезінде ескеру керек:

1. Жалпы, бөлшек, көтерме, сыртқы және ішкі жүйелік тауарайналымының көлемі мен құрылымын.

2. Өндірістік қызметтің көлемі мен құрылымын.

3. Дәріхана ұйымының тауарайналымы динамикасы мен қызметкерлер санының арасындағы қалыптасқани қатынасты.

4. Еңбек өнімділігіне әсерін тигізетін факторларды труда.

5. Дәріхана ұйымының қызметкерлерінің бірқатар категорияларына арналған жұмыстың жеке түрлеріи бойынша қолданыстағы нормативтерді.

Дәріхана ұйымының еңбек бойынша жоспарына келесі бөлімдер кіреді:

1. Қызметкерлердің жалақы қоры.

2. Бір қызметкерге тауарайналымы (еңбек өнімділігі).

3. Қызметкерлердің орташа тізімдегі саны.

4. Бір қызметкердің орташа жалақысы.

5. Штаттан тыс құрамның жалақы қоры.

Дәріхана ұйымының кадрларын болжау ыңғайының әдістемелік принциптері

Еңбек пен жалақыны жоспарлаудағы бастапқы мәліметтер еңбек өнімділігінің өсуі, тауарайналымына пайыздық деңгейде белгіленген жалақы, тауарайналымы мен рецептураның жоспары мен құрылымы туралы мәліметтер болып табылады.

Дәріхана ұйымында еңбек бойынша жоспарды жасау қызметкерлер штатын жсопарлаудан басталады.

Дәріхана ұйымының штатын жоспарлаудың міндеті – қызмет бойынша жұмысшылардың қажетті санын есептеу, әрбір қызметкерді рационалды орналастыру және жұмыс уақытын тиімді пайдалану болып табылады.

Дәріхана ұйымының қызметкерлер санын жоспарлаудың бастапқы мәліметтері:

1. Ағымдағы кезеңге қызмет бойынша жұмысшылардың нақты санын талдау.

2. Алдымыздағы кезеңге тауарайналымының көлемі.

Еңбек шығынының негізгі өлшегіші жұмыс уақыты болып табылады, яғни қызметкердің өзіне берілген жұмысты орындау сағатының, күнінің ұзқтығы және олардың орындаған тауарайналымының көлемі. Қызметкерлер саны еңбек өлшегіштерімен өлшенеді – штаттық бірліктердің санымен.

Дәріхана ұйымының санын жоспарлауды үш этапқа бөлуге болады:

1. Болжау этапы

2. Жоспарлау алдындағы этап, дәріхана ұйымының негізгі көрсеткіштерінің даму жосрпарын ескере отырып есептеудің көптеген варианттары (тауарайналымының көлемі, еңбек өнімділігінің мүмкін болатын өсу қарқыны және т.б.).

3. Дәріхана ұйымының еңбек ресурстарын бөлудің оптималды соңғы вариантын таңдау.

Дәріхана ұйымының қызметкерлерінің санын тауарайналымын орташа еңбек өнімділігіне бөлу арқылы анықтауға болады.

Дәріхана ұйымындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші орташа тізімдегі бір қызметкерге келетін тауарайналымының сомасымен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]