Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ силлабус ТФП 2014 каз.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
117.75 Кб
Скачать

2.9. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет:

  1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 1999.

  2. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 1998.

  3. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2002.

  4. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

  5. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

  6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

Қосымша әдебиет:

1. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Қ.Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 28 ақпан, Алматы, 2007ж. "Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясы" Қ.Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2006ж.

2. "Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында" Қ.Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жыл 2-ші наурыз.

3. "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қ.Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, Атамұра - 2005ж. 48-бет.

4. Елемесов Р.Е. Предмет, теория и методология экономической науки. Вестник КазНУ №5, 2006г.

5. Гутова Н.Н. Проблемы развития экономической теории в Казахстане.Вестник КазНУ №6, 2004г.

6. Жексембина. Экономика ілімдерінің даму эволюциясы. Экономика негіздері. №1-3, 2004ж.

7. Дүйсекова А.К. Экономикалық теорияның мектептеріндегі капитал теориясы туралы көзқарастар. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006ж. 136 бет. Садыраликов М. Қазақстандағы нарық мәселелері. Экономика.

2.10Сабақ беру мен оқыту әдістері

  • Тәжірибелік сабақ жүргізу(шағын топтар, пікір-талас, ситуациялық есептер, презентация, кейс-стади және т.б.)

Тақырып бойыншамәселелік сұрақтарды талқылау, шағын топтарда жұмыс істеу, пікірталас, ситуациялық есептер, іскерлік ойындар және т.б.

  • СОӨЖ:

пікірталас, жекелеген тапсымаларды өздігімен орындау, ситуациялық есептер шешу, тест тапсырмаларын шешу, шағын топтарда жұмыс, кестелермен және оқулықтармен жұмыс істеу, глоссарий және тест сұрақтарын құрастыру, кейстерді талқылау, жеке жобалар жасау.

  • СӨЖ:

өзіндік оқуға берілген сұрақтар бойынша әдебиетпен жұмыс істеу, тесттер құрастыру, тесттерді шешу, тақырыптар бойынша ғылыми рефераттар, баяндамалар мен эссе дайындау, статистикалық мәліметтерді талдау, презентациялар дайындау.

2.11Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: студенттердің білімін ағымдық бақылаутәжірибелік сабақтар, рубеждік бақылау барысында, өзіндік тапсырмаларды (реферат, эссе, презентация және т.б.) орындау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сабақтың қандай құзыретті қалыптастыруына қарай (құзыретті қамтуына сәйкес) әрбір қалыптасқан құзырет бағаланады.

Тәжірибелік сабақтар:

- ауызша сұрау (студент сабаққа әдістемелік нұсқау сұрақтары бойынша дайындалып келуі керек);

- тест тапсыру (жазбаша түрде жүргізіледі және оқытушыға тексеруге беріледі);

-типтік және ситуациялық есептерді шешу (дәптерге жазылады және әрбір сабақтың соңында оқытушыға тапсырылады);

- сабақ нәтижелерін, СӨЖ орындалуын тексеру (дәптерді оқытушы әрбір сабақтың соңында тексереді).

Реферат, баяндама, эссе, презентация қойылымы, тест тапсырмаларын орындауды бақылау, кесте-сұлбалар мен көрме материалдары әр тақырыпты оқыған аптадан кешіктірілмей тапсырылады. СӨЖ әр түрін орындау талаптары СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауларда беріледі.

Студент тәжірибелік жұмысының конспектісі болғанда, тест пен ситуациялық есептерді дұрыс шешкенде, оқу үрдісіне белсенді қатысқанда, СӨЖ тақырыптарын қорғағанда балл жинайды.