Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ 2013-2014 31.10.2013.каз.1.doc
Скачиваний:
275
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
4.06 Mб
Скачать

7.2. Құзыреттілікті бағалау – тәжірибелік дағды.

7.2.1. Геннің трансляция үдерісін сызу және түсіндіру

7.3. Бақылау сұрақтары:

  1. Трансляцияның биологиялық және генетикалық маңызы неде?

  2. Про- және эукариоттар трансляциясының ерекшеліктері.

  3. Трансляция процесінде рибосоманың, т-РНҚ-ның рөлі қандай?

  4. Трансляция қателерінің пайда болу механизмдерінің себебі неде және олардың медицинада маңызы қандай?

Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

трансляция -процесс биосинтеза белка, характеризующийся переводом наследственной информации, записанной в виде последовательности триплетов в и-РНК в аминокислотную последовательность полипептидной цепи(белка)

Трансляция-а-РНҚда триплеттер қатары түрінде жазылған тұқым қуалайтын ақпараттың амиқышқылдар қатарынан тұратын полипептидтік тізбекке аударылуымен сипатталатын нәруыз биосинтезі үдерісі

translation -the process of protein synthesis, characterized by transfer of genetic information recorded in the form of a sequence of triplets and RNA in amino acid sequence of a polypeptide chain (protein)

Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза – нәруыз биосинтезі үрдісінде аминқышқылды өзіне сәйкес тасымалдаушы РНҚ-мен байланыстыратын фермент

Аминоацил-т-РНК-синтетаза – фермент, связывающий аминокислоту с соответствующей ей транспортной РНК в процессе биосинтеза белка

Aminoacyl-t-RNA synthetase - an enzyme, amino acid, binding to its corresponding RNA transport during protein biosynthesis

Құрастырушы: М.Ж.Жұмағұл

20 сабақ

1. Тақырыбы: Прокариоттар гендері экспрессиясының реттелуі

2. Мақсаты:студенттерде гендер экспрессиясының мәні, прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмдері жайлы білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерде гендер белсенділігінің реттелуінің мәні жайлы түсінігін және білімін қалыптастыру;

- гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмін білу;

- прокариот гендер белсенділігінің ерекшелігін білу;

- оперон моделі түсінігін қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Гендер белсенділігінің реттелуі, анықтамасы, маңызы, тірі ағзалардың (жасуша) тіршілігіндегі мәні.

4.2. Прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің оперондық моделі.

4.3. Гендер белсенділігінің реттелуінің типтері (негативті және позитивті, репрессибелді.).

5. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кестелер толтыру, сызбалар сызу, есептер шығару).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1 Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2007.

6.2. Албертс и др. Молекулярная биология клетки. Т.2,М., 1986, 1994.

6.3 Генетика. Под ред. Иванова В. И..М.,2006.

6.4 Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2006.

6.5 Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л..Молекулярная биология. М., 2003.

6.6 Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006, б. 47-60.

6.7. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б. 71-82.

6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 62-67.

6.9 Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 44-54

Қосымша:

6.1. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005, с.243-295.

6.2. Қуандықов Е.Ө., НұралиеваҰ.Ә.Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2012.