Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ 2013-2014 31.10.2013.каз.1.doc
Скачиваний:
275
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
4.06 Mб
Скачать

1.8 Байланыс ақпараты:

Алматы қаласы, Масанчи көшесі 38, оқу корпусы № 7, 4 қабат.

Жұмыс тел: 292-64-23 (216 – ішкі)

E-mail: molbiology@mail.ru

Аудиториялық ғимаратты жөндеу жұмысына байланысты уақытша мекен-жайы: Мәуленов көшесі 71. Тел: 292-23-61

1.9 Пән политикасы:

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жоғарғы сапалы білім берудің жауапкершілігін түсінеді және әрбір студентке адамгершілік тұрғыда қарап, студентті объективті түрде бағалауға кепілдік береді.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кафедра оқытушылары Ар кодексінің барлық бөлімдерін орындауға кепілдік береді және әрбір студенттің Ар кодексін орындауын талап етеді:

  • сабаққа кешікпеу;

  • себепсіз сабақ жібермеу;

  • сабақтарға және дәрістерге студенттер тек ақ халатпен жіберіледі;

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және талапқа сай жазу;

  • жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау және көрсетілген өткізу мерзімінде тапсыру;

  • барлық СОЖӨЖ сабақтарына студенттер қатысуға міндетті;

  • барлық СОЖӨЖ сабақтары бағаланбайды, СОЖӨЖ кеңес түрінде өткізіледі;

  • сабаққа қатыспаған студентке – бж қойылады;

Оқытушы баллды (10-ға дейін) төмендетуге құқылы егер:

  • студент 15 минутқа кешіксе;

  • сабаққа халатсыз қатысса;

  • альбомы болмаған жағдайда.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен белоктардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың құрылысы мен қызметін оның органеллаларын, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу процесстерінің молекулалық негіздерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларды диагностикалау, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен матрицалдық синтездердің, сигнал берудің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік әрекеттерін және олардың бұзылуына байлынысты қалыптасатын ауруларды, соның ішінде гендік және хромосомалық мутациалардың себебінен туындайтын тұқым қуалайтын ауруларды түсініп білудің негізгі базасы- медициналық генетиканы құрайды.

Мұндай фундаментальдық даярлық бірінші курстан бастап студенттердің классикалық ойлау қабылетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқу барысында тіршілік процестерінің молекулалық және жасушалық құрылымы бұзылуының механизмдерін, патологлық, өзгерістердің қалыптасуы мен көрінуіндегі рөлін, сонымен қатар диагностикалау мен алдын алудың негіздерін түсінеді.

Сонымен молекулалық биология және медициналық генетика пәнін оқу арқылы білім алушылар биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекологияны оқып білу үшін теориялық базаны қалыптастырады.