Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лазер, инфракызыл саулелер

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
18.32 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Лазер сәулелерінен, ультра және инфрадыбыстан қорғану.

Орындаған: Тағабаев А.С.

Қабылдаған: Хазимов М.Ж.

2015 ж

Лазер дегеніміз- жылулық, химиялық, электр энергиясын, электро магниттік өріс энергиясына айналдыратын құрылғы. Шу, вибрация және т.б.техногендік сипаттағы ТЖ туғызатын факторлар қатарына лазер жатады. Лазер бұл тіршілік ортасына қауіп төндіруші факторлардың бірі. Лазерлік қоспаларды дайындауда эксплуатациялауда және сынақ жүргізу барысында адам физикалық, химиялық және психофизиологиялық қауіпті және зиянды факторларға тап болуы мүмкін. Физикалық факторлар: лазерлік сәулелену, лазерлік құрылғылардың жұмысына ауырлық күші түскенде, импульс әсерінен жарық түсуінің жоғарылауынан, лазерлік жұмыстар әсерінен шудың көтерілуі негізінде және вибрация болғанда, лазерлік жұмыс алаңында инфрақызыл радиациясының көбеюінде лазерлердің қатты қозғалу барысында құрылғылардың бұзылуы.

Химиялық факторлар: жұмыс алаңының лазерлік құрылғы арқылы бүлінуі, ауа бүлінуі, иісті газдар мен лазерлік құрылғылардың буы.

Психофизиологиялық факторлар: монотопия, гипокинезия, психофизиологиялық дискомфорт; анализаторлық функцияларға яғни көру, есту мүшелері жұмысына әсер етеді.

Лазерлік сәулеленудің негізгі ерекшеліктері: жоғарғы дәрежедегі когренттілік, монохроматты, шоқтың қатаң бағытталуы, сәулелердің аса қуаттылығы.

Лазер түрлері: Рубин лазері, Газ лазері, Жартылай өткізгішті.

Лазерді қолданылуы: Байланыс үшін ғарыш кеңістігінде, Зор қуаты вакуумдегі материалдарды кептіру, пісіру үшін,,Радио локатор ретінде,,Зергерлік салада,,Фотолитографияда,,Машина жасау, құрылыс саласында,,Медицинада,,Әскери істе,,Металл бетіне өте әдемі және дәл суреттер, логотиптер, вензелдер салуда, Косметалогияда, Термоядролық реакцияны басқару үшін.

Лазерлік сәулелерден қорғанудың арнайы тәсілдері қалыптасқан. Оларға мыналар жатады:

  • лазердің қолдану аясындағы жұмыстарда ұйымдасқан тексеру жұмыстарының жүргізілуі;

  • тұлғаның лазерлік құрылғыларды пайдаланбас бұрын оны жақсы танып білетін білімділігі өте жоғары деңгейде болуы;

  • медициналық бақылау ұйымдарының болуы;

  • қорғанатын құрылғыларды, приборларды пайдалану;

  • құрылғыларды дұрыс алмастыру, жұмыстан тыс кезде блокка қою қажеттілігі.

қорғану жолдарының негізгі шараларына мыналар жатады:қорғаныс экрандарын пайдалану, жеке қорғаныс үшін арнай киімдер кию қажет, көзді қорғау үшін арнайы көзілдірік тағу қажеттілігі бар.

Ультракүлгін сәулесінен қорғану

Көпшілігіміз бос уақытымызды таза ауада өткізгенді жақсы көреміз. Бірақ қыздырынған уақытта қаншалықты ультрафиолет сәулесін сіңіріп жатқанымызға мән бермейміз. Ал денеге сіңген ультракүлгін сәуле артқан сайын зияны да соншалықты көбейе түседі екен. Мамандардың айтуынша, ультракүлгін сәулелер терінің қатерлі дертке ұшырауына себепші болатын көрінеді. Тұтастай алғанда, күн сәулесінің тері мен ағзаға пайдасы зор. Құрамындағы Д дәрумені тіс, тырнақ, шашқа ең қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Қыс мезгілдерінде тері ауруларының көбеюі де ультракүлгін сәулесі жетіспегендіктен. Жағажайда байқаусызда ұзақ уақыт жатқанда тері күйіп кетуі әбден мүмкін. Терінің қызаруы екі-үш күннен кейін пайда болады да, дененің қызуы көтеріліп, әлсізденеді. Ультракүлгін сәулесінен теріні қорғайтын пигмент-меланин. Ол сәулені бойына сіңіріп алып ультракүлгін-фильтр секілді теріні сақтайды. Қартайған тері зиянды сәулелерді көп тартады. Сонымен, күн төбеден түсіп тұрғанда ультракүлгін сәулесінен қалай қорғанамыз? Осы сауалға жауап беру үшін мына мәселелерді ұмытпаған жөн: 1. Жаңбырлы күні қолшатыр немесе су жібермейтін плащсыз далаға шықпасақ, жаздыгүні де күннен сақтану үшін етек-жеңі ұзын киіммен жүру керек. Әрі матасы да теріге жабыспайтын жеңіл болғаны жөн. 2. Қолшатырыңыз болмаса, міндетті түрде қалпақ киіп жүріңіз. 3. Тікелей күн сәулесінен гөрі көлеңкеде тұруға жұмыстаныңыз. Терлегенде ағзадағы қажетті тұздар да жоғалады. Сол себептен жиірек минералды, қайнаған су ішіңіз. 4. Күннен қорғайтын кремді үйден шығардан 30 минут бұрын жағыңыз. Терлесеңіз немесе суға түссеңіз қайталап жағып алыңыз. Қай фирманың күн сәулесінен қорғайтын кремі болмасын, екі сағаттан кейін қорғаныш қуаты азаяды. 5. Ультракүлгін сәулелері көзге де кері әсерін тигізеді, сондықтан көзілдірік киіп жүруді естен шығармаңыз. 6. Жағажайда құмның үстінде көп отыруға әуес болмаңыз. Ал жалпы ультра күлгін сәулелермен жұмыс жасайтын адамдар, яғни қызметшілердің қорғану жолдарының негізгі шараларына мыналар жатады: қорғаныс экрандарын пайдалану, жеке қорғаныс үшін арнай киімдер кию қажет, көзді қорғау үшін арнайы көзілдірік тағу қажеттілігі бар.

Қорытындылай кететін болсақ, адамдар ультракүлгін және басқа да сәулелену ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің болуына алып келетін өзгерістер өтеді.