Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Халыкты кошіру,коныстандыру

.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
14.88 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Төтенше жағдайларда (ТЖ) халықты және аумақты қорғау: халықты көшіру және, қоныстандыру.

Орындаған: Тағабаев А.С.

Қабылдаған: Хазимов М.Ж.

2015 ж

Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:қорғаныс ғимараттарына жасыру; халықты таратып қоныстандыру және көшіру; жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану;дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; азық түлікті, суды, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғану; радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлаумен дозиметрлік және лабороториялық бақылауды ұйымдастыру. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі тж сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды. Жүргізілетін шаралар: инженерлік шаралар, көшіру шаралары, медициналық шаралар. Төтенше жағдайларда халықты қорғау және дұрыс қоныстандыру маңыздылығы аса жоғары. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру шаралары болып табылады. Оған негізінен адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары пайдаланымда болуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында қалаларда істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Уақытша көшіру шаралары ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін өндірістік принцип бойынша және халықты көшіру-аумақтық принцип бойынша жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету-көшіру болып табылады. Ал соғыс кезінде қалалардағы ұйымдардың жұмысшыларын қала сыртындағы аймаққа ұйымшыл түрде орналастыру – қоныстандыру деп аталады.Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Оларды ауысым бойынша жұмысқа көлікпен жеткізеді. Ал халықты қорғау мақсатында жүргізілетін медициналық шараларда жеке қорғаныстың медициналық құралдары-медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезәндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескету мақсатында қолданылады. Бұл шаралардың жедел түрде жасалуының адамдар өмірінің қауіпсіздігіне деген маңыздылығы аса жоғары.

Егер адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп қатер төнсе, зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету(көшіру) мақсатында тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау тәсілі ретінде көшіру шаралары өткізіледі.Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын, бірақ бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы отан соғысы кезінде зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы ұлы отан соғысы кезінде халық жауға қарама қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін, қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді қарастырады. Көшіру халықтың тығыздығын көп есе төмендетеді, ал кейде оны тіпті жояды(Чернобыльде болған секілді), бұл айтарлықтай дәрежеде осы аумақтағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға ықпал етті. Оқиға орыныда АҚ құрамалары мен тұрғындардың бір бөлігі қалады, олар табиғи апаттардың, авариялардың және зілзалалардың зардаптарын жоюға кіріседі.Табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалар аумақтарынан көшіруді қалалар мен аудандар АҚ бастықтары және олардың АҚны басқару органдары ұйымдастырады. Тікелей көшіру шараларын жүргізу мен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда, аудандарда құрылатын көшіру комиссиялардың басшылығы айналысады.Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері(темір жол, автокөлік, су және авиациялық) сондай ақ жеке меншік көләктер пайдаланылады.Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.Автокөлік көшірілетіндерді көп жағдайда алыс емес қашықтыққа көшіру үшін қолданылады. Автокөлік 25-30машиналық коллонамен жүреді.Халықты теміржол және су көлігімен көшіру үшін жолаушы теміржол құрамымен және кемелерімен қатар әдетте қалыпты жағдайда адамдарды тасу үшін қолданылмайтын одан басқа да әртүрлі құралдар-тауар вагондары, жартылай вагондар, жүк кемелері мен баржалар, платформалар,т.б. пайдаланылады. Жаяу көшірілетіндердің коллоннары әдеттегідей жиналу-көшіру нүктелерінің қасында құрылады. Жаяу коллонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктікте өтетін арақашықтықта жоспарланады. Көшірілетіндер көшіру орынындағы елді мекендердің қоғамдық ғимараттарына, сондай ақ жергілікті халықтың елді мекендеріне, тұрғын үйлеріне орналастырылады. Жер сілкінісінен зардап шеккен халық республиканың зілзалаға, авария, апатқа ұшырамаған аудандарына, сондай ақ басқа республикалардың мекендеріне әкетіледі. Жалпы көшірудің сәттілігі көп жағдайда көшірілуге тиіс халықтың өзіне, осы шараларды іске асыру кезіндегі оның ұйымшылдығына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]