Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 зертханалы жмыс.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
109.63 Кб
Скачать

Электролиттердің коагуляциялау әсері.

Барлық электролиттер коагуляцияға ұшыратады. Электролиттердің лиофобтық коллоидтарға әсерін былайша тұжырымдауға болады:

1. Коагуляция электролиттің белгілі бір критикалық концентрациясында Ск байқалады, оны коагуляция табалдырығы деп атайды;

2. Коллоидтық бөлшектің зарядына қарама-қарсы зарядталған иондар, яғни қарсы иондар коагуляцияға ұшыратады;

3. Иондардың валенттілігі артқан сайын олардың коагуляциялық қабілеттілігі күшейеді;

4. Бірдей зарядталған иондардың коагуляциялық қабілеттілігі олардың өлшемдері артқан сайын күшейеді.

Коагуляция табалдырығы қарсы иондардың валенттілігіне қатаң тәуелділік-те болады. 1 л коллоидтық ерітіндіге есептегенде бір валентті электролиттер үшін коагуляция табалдырығы 25 пен 100 миллимольдер аралығында, ал еківа-ленттілерде 0,5 –2 миллимоль, үшваленттілерде 0,01-0,1 миллимоль аралықтарында жататыны табылған. Бұл заңдылық Шульце-Гарди ережесі ретінде белгілі, ол иондар мен олардың коагуляциялық қабілеттіліктерінің арасындағы тура пропорционалдықты көрсетпейді. Коагуляциялық күш валенттілікке қарағанда әлдеқайда күштірек артады. Шульце As2S3 золь үшін бір, екі және үшвалентті катиондардың мынандай қатынастарын тапты: 1: 20 : 350. Басқа зерттеу-шілер басқа қатынастар тапты. Бұл бір зольді бірнеше рет алғанда сипаттамалық қасиеттері бірдей болмауымен түсіндіріледі. Валенттілігі бірдей иондардың коагуляциялық қабілеттіліктері бір-біріне жақын болуы тиіс, бірақ әртүрлі әсер етеді. Бір валентті иондар үшін мынандай лиотропты қатар жазуға болады:

Li+  Na+  K+ NH4+

Шульце-Гарди ережесіне сәйкес, электролиттердің әсері тек қана коагуля-ция табалдырығы үшін ғана анықталмаған, сонымен бірге қос электрлік қабат (ҚЭҚ) негізгі рольді атқаратын электркинетикалық құбылыстар және жалпы барлық құбылыстар үшін де анықталған. Электролит концентрациясы мен қарсы ион валенттілігі артқан сайын, - потенциал шамасы азаяды. Сондықтан, көптеген бұрынғы жұмыстарда коллоидтық жүйелердің тұрақтылығын -потенциал шамасымен байланыстырып, коагуляция табалдырығына  - потенциалдың кейбір критикалық mіn мәнінен (30 мВ) төмен мән сәйкес келеді деп есептеді. Бұдан төмен мәнде коагуляция басталады. Бірақ, көптеген жағдай-ларда коагуляцияның басталуына сәйкес келетін -потенциал мәні 30 мВ-тан өзгешелеу болды. Сонымен бірге, -потенциал шамасының азаюы, барлық уақытта коагуляцияны туғызбайды, керісінше дисперстік жүйенің тұрақтылығын арттырады. Бұл -потенциал мен тұрақтылық арасындағы қарапайым байланысқа күмән келтірді. Бірақ, тұрақтылыққа баға бергенде, соның ішінде дисперстік бөлшектер арасында әсер ететін электрстатикалық тебілу күшін анықтағанда ҚЭҚ параметрлері негізгі рольді атқарады. Тебілу күші тұрақтылық шекарасын анықтамайды, оны тартылу күшімен (вандерваальс күші) бірге қарастыру қажет. Ландаумен бірге Дерягиннің дамытқан және жалпы құптауға ие болған тұрақтылықтың қазіргі заманғы теориясы, коагуляция процесін бөлшектер арасындағы вандерваальс тартылу күші мен электрстатикалық тебілу күшінің біріге әсер ету нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл күштердің балансына тәуелді, жақын бөлшектердің арасындағы сұйықтықтың жұқа қабатшасында олардың бірігуіне қарсы не оң, не қабатша жұқарып, бөлшектер арасындағы жанасудың түзілуіне алып келетін теріс сыналық (ажыратушы) қысым пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]