Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ ПРАКТИКИ ОЗЕН.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
269.82 Кб
Скачать

4. Еңбекті қорғау, өртке қарсы және төтенше

ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ

4.1 СКВАЖИНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ТЕХНИКА

ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

Мұнай өндірудің сораптық әдісі кеңінен таралған.Осы әдіспен пайдаланатын скважиналарға қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің жарақттану қаупі негізінен теңселмелі станоктардың қозғалмалы бөліктердің болуымен және техникалық жағдайда тексеру, жұмыс режимінің өзгеруі мен жер асты жабдықтарын жөндеу бойынша әртүрлі операцияларды орындау қажеттілігімен байланысты. Мұндай операциялар санына, мысалы, сына түріндегі ременьді ауыстыру, канаттық ілмекті орнату және шешу,жүру ұзындығын және теңселмелі станокбалансирінің теңселу санын өзгерту, сонымен қатар теңселмелі станоктың балансирін, редукторын және тағы басқа бөлшектерін ауыстыру бойынша жұмыстар жатады.

Айтарлықтай қауіп – қатерлер сондай – ақ сағалық арматура қызмет көрсету, динамометрлеу және тағы басқа жұмыстар кезінде де туындайды. Қызмет көрсетуші адамардың жарақаттануы сонымен қатар теңселмелі станоктың электр жабықтарына қызмет көрсету кезінде де болуы мүмкін.

Сораптық скважиналардың сағалық арматурасы құбыраралық кеңістіктен газ алуы және скважинаға зерттеу жұмыстарынжүргізу үшін жабдықтарды түсірумен қамтамасыз етуі керек.

Сағалық арматураның сальнигін соғу кезінде оның қақпағын бекіту үшін полимерленген өзекте қысқыш қолданылады.

Теңселмелі станоктар өзінің конструкциясы бойынша жөндеумен және қызмет көрсетумен байланысқан операцияларды орындау қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Теңселмелі станоктын сенімді жұмысының негізгі шарттарының бірі – жоғары және төмен жүрісі кезінде қозғалтқышқа салмақтың бірдей таралуы үшін теңдестіружүйесінің болуы.

Балансирлі салмақтың жүктері әрбіреуі 40 кг аспауы тиіс. Жүктерді бекіту әдісі олардың балансирден құлау мүмкіншілігін қарастыруы қажет. Теңселмелі станок кривошиптерінің жанында роторлық салмақтың орналасуы механикаланған болуы керек.

Теңселмелі станокта балансир басының жағына түсіру мүмкіншілігін қамтамасыз ететін құрылғы болады.

Канат ілмегінің құрылысы сальниктік өзек үшін сораптық штанга тізбегін балансир басымен біріктіру және оны бастан ажырату бойынша операциялардың жеңіл және қауіпсіз орындалу мүмкіншілігімен қамтамасыз етуі қажет.

Әртүрлі операциялардың орындалуына қауіпсіз жағдай туғызуда теңселмелі станокта тежеуіш құрылғысының орналасу сенімділігінің аса маңызды мәні бар. Ол тежеуіш тұтқасына 1,5МПа қысым кезінде жеңіл және берік тежелуді қамтамасыз етуі керек.

Кривошипті - шатунды механизмнің және клиноременьді берілістердің берік қоршалуы, электр жетегі мен баспалдақтардың, сонымен қатар теңселмелі станокты майлау және жөндеу үшін алаңдар мен баспалдақтардың, түзулілігі - жер асты жабдықтарына қауіпсіз қызмет көрсетудің негізгі шарттарының бірі. Баспалдақтардың ені 60см, ал стремянкатеппелерінің арасындағы қашықтық 35см.

Теңселмелі станоктың жұмысы кезінде жөндеу және станоктың қандай да бір бөлшектерін бекітуді жүргізуге, қозғалыста тұрған бөлшектерді қолмен майлауға және тазалауға, сақтандыру қоршауларын алып тастауға, сондай - ақ ременьді берілістерді бағыттауға, босатуға және созуға болмайды.

Жөндеу жұмыстары басталмас брын теңселмелі станоктың жетегі сөндіріледі, ал жіберу құрылғысында «Қоспа! Адамдар жұмыс жасауда!» делінген плакат ілінеді.

Сораптық скважиналарда жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын теңселмелі станоктың балансир басы белгілі бір жаққа бұралуы тиіс.

Жіберілісі автоматты немесе дистанционды үздіксіз жұмыс жасап тұрған скважиналарда жетекті сөндіру және сақтандыру плакатын ілуді тек ғана жөндеу жұмыстарының алдында емес, сондай - ақ жабдықты тексеру алдында да жүзеге асырады.

Теңселмелі станоктың шатуны мен траверсін ауыстыру кезінде балансирді таяқшадан жасалған тірек арқылы бекітеді.

Бекітілген және жаңадан қабылданған траверсті түсіру кезінде траверстің құлау және онымен жұмысшылардың жарақаттануы қауіпті туады.Траверсті ауыстыру кезінде жылжымалы жүк көтергіш кранды қолдану осы жұмыстардың орындалу қауіпсіздігін жоғарылатады және айтарлықтай жеңілдетеді.

Теңселмелі станоктың жүру ұзындығының өзгеруі кривошиптен саусақтарды қайта қою қажеттілігімен байланысты.Бұл операцияны орындау кезінде жұмысшылардың биіктіктен құлау (егер теңселмелі станоктың фундаменті айтарлықтай жоғары биіктікте болса), төменде ажыратылған шатунмен, сонымен қатар аспаппен және металдың ұшып кеткен бөлігімен жарақаттану қаупі пайда болады.

Апатты жағдайларды болдырмау үшін жұмыс орнын белгілі бір операцияларды орындау кезінде қажеттіліктерді тумайтындай етіп дайындайды. Шатунды кривошиптен ажыратқанан кейін теңселмелі станоктың пирамидасына байлайды, ал саусақтарды теңселмелі станоктың жетегі мен тежеуішін қолданумен престейді.

Жөндеу жұмыстарын орындап болғанан кейін теңселмелі станокты жинайды, оны жіберуден бұрын станок редукторының тежелмегендігіне, қоршаулардың орынатылғандығына және қауіпті аймақта адамдардың жоқтығына көз жеткізу қажет.