Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 1. Жалпы ережелер

      542. Жарылғыш материалдар тиелген вагондармен поездық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру үшін тасымалдау құжаттарында бар ақпарат пайдаланылады.       Жарылғыш материалдар бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарында «Жүк атауы» бағанында бұл жүктің атауы немесе оның шартты нөмірі көрсетіледі.       Жарылғыш материалдар бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарына штемпельдер қояды, соның ішінде:       1) шартты нөмірлері 119, 126, 137, 141, 179, 182 жарылғыш материалдар тасымалдау кезінде – қызыл түсті «Айрықша қауіпті, ВМ №......», «Паналандыру» штемпелі, сондай-ақ «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі қойылады. «Айрықша қауіпті, ВМ №......» штемпелінің негізінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасының 2-бағанына сәйкес паналандыру нормасы белгіленеді;       2) қалған жарылғыш материалдарды тасымалдау кезінде - қызыл түсті «ВМ», «Паналандыру» штемпелі, сондай-ақ Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында бұл талап болған кезде «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі қойылады.       Бұдан басқа, қосымша: "Секция. Ағытылмасын"; "Улы"; "Маманның ілесуімен"; "Пештік жылытумен"; "Т.Ж. күзеті." және басқа штемпельдер қойылуы мүмкін.       "ВМ" штемпелі тасымалданатын жүктің қолмен жазылған шартты нөмірімен толықтырылуы, ал «Паналандыру» штемпелі соның негізінде паналандыру нормасы белгіленетін "3.6.6-тармағы бойынша, схема А" немесе "3.6.6-тармағы бойынша, схема Б", белгісімен (осы Нұсқаулыққа 88-қосымшаның тиісінше 2 және 3-бағандары) толықтырылуы тиіс.       543. ГУ-38 вагон парағында "Паналандыру коды" бағанында жарылғыш материалдар бар вагондар үшін 115, 119, 121, 136, 128, 130, 134, 137, 141, 143, 148, 154, 155, 156, 167, 168, 176, 179, 182, 199 шартты нөмірлерімен 9 коды көрсетіледі, қалған жарылғыш материалдармен 3 коды көрсетіледі.       Бұл ретте 9 коды бар жарылғыш материалдар тиелген вагондар үшін «Габаритсіздік, жануарлар, ДБ, НГ» бағанында 7 коды көрсетіледі (вагондар дөңестен таратуға жатпайды).       544. Барлық сұрыптау және учаскелік станцияларда, вагондарды тиеу, түсіру, қайта тиеу, бір жолтабанынан екіншісіне ауыстыру станцияларында, сондай-ақ қажет жағдайларда басқа станцияларда да станциялардың техникалық-өкімдік актілерінде қосымша ретінде жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесінің» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық әзірленеді.       Жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулық Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс.       Жарылғыш материалдар тиелген вагондары бар поездар және жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондар туралы мәліметтерді мұндай поездар мен вагондарға қызмет көрсетуге қатыспайтын адамдарға беруге тыйым салынады.       Темір жол станцияларының парктік байланысын жарылғыш материалдар бар вагондармен жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлау үшін пайдалануға тек басқа байланыс құралдары болмағанда ғана жол беріледі.       545. Жарылғыш материалдар бар вагондар, сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуда тұрған вагондардан басқалары, поездардан тысқары станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген, олардың тұруы неғұрлым қауіпсіз ерекше жолдарда орналастырылуы тиіс. Мұндай вагондар тіркелген, жүріп кетуден сенімді бекітілген және тоқтаудың алып жүретін сигналдарымен қоршалған болуы тиіс. Мұндай вагондардың тұру жолдарына апаратын бағыттамалар бұл жолдарға бару мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға орнатылады және құлыпталады. Бұл бағыттамаларды құлыптау және кілттерін сақтау тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.       Күзет нарядтары немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары бар вагондар олар ілесіп келе жатқан жарылғыш материалдар бар вагондар тұрған жолға немесе аралас жолға 50 метрден артық емес қашықтыққа қойылады. Жарылғыш материалдар тиелген вагондарды бекіту станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша жүргізіледі.       546. Жарылғыш материалдар бар вагондар поездарда және маневрлер кезінде, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың кірме жолдарына беру (алу) кезінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасында көзделген нормаларға сәйкес паналауы болуы тиіс.       Оларда жарылғыш материалдар бар вагондары жүріп келе жатқан поездарға жабу ретінде бос вагондар немесе қауіпсіз жүктер тиелген вагондар қойылуы тиіс.       Бос вагондар жүктердің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған, есіктері мен люктері жабық болуы тиіс. Бос цистерналар жүктің қалдықтарынан тазартылған, люктерінің қақпақтары жабылған болуы тиіс. Паналату ретінде арнайы цистерналарды, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға мамандандырылған цистерналарды пайдалануға жол берілмейді. Бос және жүк тиелген платформалар (соның ішінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасының 10-тармағында көрсетілгендер де), сондай-ақ транспортерлер жарылғыш материалдар бар вагонға тікелей тіркелетін бірінші вагоннан басқаға паналату ретінде қойылады.       547. Вагондарды жарылғыш материалдар тиеуге беру алдында станция бойынша кезекші (маневрлік диспетчер) немесе маневрлерді басқаратын басқа қызметкер станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен ВУ-14 нысанды журнал бойынша вагондардың тексеріп қаралғандығына және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасының талаптарына сәйкес техникалық тұрғыдан жарылғыш материалдар тасымалдауға жарамды деп танылғандығына көз жеткізеді.       548. Жарылғыш материалдар бар вагондарды түсіруге қабылдайтын немесе жөнелтуші кірме жолдарға қызмет көрсету жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда мұндай вагондарды беру және алу маршруттары, маневрлік құрамдардың олармен орын ауыстыру жылдамдығы, өтпелер арқылы жүру тәртібі мен маршрутты күзету, сондай-ақ жергілікті жағдайларға қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті басқа шаралар анықталуы тиіс. Жарылғыш материалдар бар вагондарды арсеналдардың, базалар мен қоймалардың кірме жолдарына беру, алу негізінен тепловоздар жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]