Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы

      194. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде байланыс тоқтап қалған станцияларды шектейтін аралықта жазбаша хабарламалар бойынша поездар қозғалысын белгілегенге дейін дара жолды аралықтарда тек басым болып табылатын тақ бағыттағы поездар жөнелтілуі мүмкін. Мынадай ерекше жағдайлардан басқа басым бағытқа қарама қарсы поездардың ешқайсысы жазбаша хабарламалар бойынша қозғалысты белгілеуге дейін аралыққа жөнелтілмейді:       1) оған байланыстың үзілуіне дейін басым бағыттағы станциядан рұқсат алынған поезд (жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі келісім бұғат - сигналы, байланыстың телефон құралдары кезінде поездық телефонограммалар, электр жезлдық жүйе кезінде аралықтан алынған жезл). Бұл ерекшелік екі жақты автобұғаттау бар дара жолды аралықтарға таралмайды;       2) аралықтан алынған көмек жіберу туралы талап бойынша - қалпына келтіру, өрт поездары немесе қосалқы локомотивтер.       195. Басым бағыттағы және басымға қарама қарсы бағыттағы станция бойынша кезекші аралықтан көмек көрсету туралы талапты алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 7-тарауының талаптарына сәйкес машинистке қалпына келтіру, өрт поездарды немесе қосалқы локомотивтерді жөнелтуді екі жағынан қызыл жолақты ақ түсті бланкіге рұқсатты тапсыру арқылы ұйымдастырады.       196. Қос жолды аралықтарда, егер жолдардың бірі байланыс үзілгенге дейін жабық болса, жазбаша хабарлама бойынша қозғалысты белгілегенге дейін алдағы уақытта тек қос жолды қозғалыс кезінде дұрыс жолда жүретін бағыттағы поезд ғана жөнелтілуі мүмкін.       Басым бағыттағы бірінші поезды жөнелтуге, егер аралық қос жақты автобұғаттаумен жабдықталмаса, көрші станция бойынша кезекшіден рұқсат алу талап етілмейді.       197. Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған дара жолды аралықта, басым бағыттағы бірінші поезд станциядан тек станция бойынша кезекші аралықтың барлық ұзындығы бойынша бостығын заттай тексеруді көрші станция бойынша кезекшіге поездардың одан әрі қозғалысы туралы жазбаша хабарламаны бір мезгілде жеткізумен қамтамасыз еткен соң ғана жөнелтілуі мүмкін. Аралықтың бос болуын тексеру туралы ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазылады, тексеру тәсілі және тексеру жүргізген қызметкердің аты-жөні көрсетіледі.       198. Қалпына келтіру поезды (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам), өрт поезды немесе қосалқы локомотивті сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы, бірақ тек аралыққа тоқтаған поезд машинисінен немесе жол қызметінің қызметкерлерінен талаптарға сай келетін сигнал беру және байланыс, электр жабдықтау жүйесі алынғаннан кейін басым бағытта да қарама қарсы бағытта да тоқтату кезінде аралықта жөнелтуге рұқсат етіледі. Бұл ретте, егер аралық автоматты бұғаттаумен жабдықталған болса, станция бойынша кезекші көмек көрсету туралы талапты алған соң, қалпына келтіру поезы немесе локомотивті жөнелткенге дейін станция мен көмек жіберілетін жер арасында басқа поездардың болмауына көз жеткізуге міндетті.       199. Станциялар арасында жазбаша хабарламалар жіберу сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде аралықта жөнелтілетін ең бірінші поездан басталады.       Бұл ретте жетекші локомотив машинисіне аралықты иемдену құқығы диагональ бойынша екі қызыл жолағы бар түсі аппақ бланкіде рұқсат беріледі. Бұдан басқа, осы поездың машинисті арқылы көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 46-қосымшасына сәйкес ДУ-55 нысанында түсі ақ арнайы бланкіде осы Нұсқаулықтың 47-қосымшасына сәйкес нысандардың бірі бойынша толтырылған поездар қозғалысының одан әрі тәртібі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.       200. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы үзілуі кезінде байланысы тоқтап қалған станциялар арасында шектелген аралықта жөнелту үшін станцияда тақ поездар болмаса, онда бірінші поезды жөнелтуге құқығы бар станция бойынша кезекші, егер оған осы аралықта көрші станциядан жөнелтуге поездың болуы туралы белгілі болса, осы станцияға осы Нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес келесі нысандардың бірі бойынша толтырылған хабарлама жібереді.       Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталмаған аралықта В нысанды жазбаша хабарламаларды жөнелту үшін алынбайтын дрезиналар, дара локомотивтер, сонымен қатар басқа көлік құралдары пайдалануға рұқсат етіледі.       201. Станция бойынша кезекші А, Б немесе В нысандағы хабарламаларды алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 4748-қосымшаларына сәйкес жазбаша хабарламалар бойынша поездар қозғалысы орнатылды деп саналады.       202. Бір бағытта жүретін поездарды жөнелту станциялар арасындағы аралықта бұрын жөнелтілген поездардың жүруі үшін 3 минутты қосу арқылы қажетті уақыт аралығында жүргізілуі тиіс.       Байланыс үзілгенге дейін бөлек пункттер ретінде әрекет еткен жол посттары поездар қозғалысына қатыспайды.       Егер сигнал беру мен байланыстың барлық орнатылған құралдарының іс-қимылы үзілуіне дейін аралықтағы түйісуде басым бағыттағы поезд жөнелтілсе, ал посты бойынша кезекшінің поездың келуі мен түйісуде оны әкету туралы хабарламасы алынбаса, онда аралық қосалқы постыға дейін поездардың жүру және оны түйісуде жинау үшін 3 минут қосумен қажетті барлық уақытта бос емес деп саналады.       203. Қосалқы посты бойынша кезекші түйісуде поезд жиналған соң түйісу бағыттамасын орнатады бас жол бойынша және көрші станция бойынша кезекшімен байланысты қалпына келтіргенге дейін жылжымалы құрамның бас жолға шығуына жол бермейді.       204. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы үзілуі кезінде поездар диагональ бойынша екі қызыл жолақты түсі ақ бланкідегі рұқсаттар бойынша жөнелтіледі.       Бір бірімен байланысты үзбеу үшін станция бойынша кезекшілер құрылғылардың қалыпты әрекетін қалпына келтіргенге дейін алдын ала сол немесе басқа бағыттағы әрбір поездың жетекші локомотив машинисінен поездарды әрі қарай жөнелту туралы осы Нұсқаулықтың 46-Қосымшасына сәйкес А немесе Б нысандары бойынша жазбаша хабарламалар жібереді.       Екі станцияда да осы Нұсқаулықтың 47 және 48-қосымшаларына сәйкес А, Б және В нысандары бойынша хабарламалар ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазылады.       Поездар қозғалысының ауысуы жазбаша хабарламалар арқылы осы Нұсқаулықтың 49-қосымшасына сәйкес ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында жазбамен ресімделеді.        205. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін байланыстың үзілуімен поездарды жөнелтудің басым құқығын алатын станция бойынша кезекшілерге олардың арасында байланыс үзілген станциялармен шектелетін аралыққа басым емес (жұп) бағыттың поездарды жөнелтуге келісім берілсе, онда аралық бұл поезд келгенге дейін немесе көрші станциядан (постыдан) поезд жөнелтілмейді деген хабарлама алынғанға дейін бос емес деп саналады.       Егер түйісу посттында жұп поезды жөнелтуге келісім берілсе, постыдан поездың келуі мен оны түйісуге әкету туралы хабарлама алынғанға дейін аралық бос емес деп саналады.       206. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін қосалқы посты бойынша кезекшіге түйіспеден тақ бағыттағы поезды жөнелтуге рұқсат берілсе және посты бойынша кезекшіден осы поезды жөнелту туралы хабарлама алынса, онда байланыс үзілгеннен кейін аралықта басым бағыттағы поезды жөнелтуші станция бойынша кезекшіге постыдан станцияға дейінгі аралықта бұрын жөнелтілген поездардың жүруі үшін 3 минутты қосу арқылы қажетті уақыт аралығынан кейін осы бағыттағы бірінші поезды көрші станцияға жөнелтуге рұқсат етіледі.       207. Егер түйісу посттан жұп поезды жөнелту туралы хабарлама алынбаса, онда посты бойынша кезекшінің поездарды жөнелту және негізгі жол бойынша түйісі бағыттамасын орнату немесе поездарды жөнелтуді кідірту туралы хабарламаны алғанға дейін аралық бос емес деп саналады.       Посттан тиісті хабарламаны алғанға дейін аралықта поездарды жөнелтуге және байланыс үзілгенге дейін түйіспеден поезды түйіспеге қайтып келумен жөнелту келісілген жағдайларда тыйым салынады.       208. Егер байланыстың үзілуімен басым бағыттағы бірінші поезды жөнелту құқығын алатын станция бойынша кезекші поезды жөнелтуге рұқсат ету байланыс үзілгенге дейін алынған болса, онда поезды осы рұқсат етумен жөнелтумен бір уақытта көрші станция бойынша кезекшімен жазбаша байланыс орнатады.       209. Сигнал беру мен байланыстың тиісті құралдарының іс-қимылы қалпына келтіргеннен кейін осы байланыс түрлері бойынша поездар қозғалысы поезд диспетчерінің бұйрығымен жаңартылады, ол осы Нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аралықтың бос екендігін алдын ала тексереді.       210. Егер сигнал беру және байланыс құралдары диспетчерлік байланысқа қарағанда бұрын қалпына келтірілсе, онда станция бойынша кезекші басым бағыттағы поездарды жөнелту құқығын пайдалана отырып, көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма жібереді.       Көрші станция бойынша кезекші аралықтың бос екендігіне көз жеткізіп, осы Нұсқаулықтың 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді.       Екі станцияның кезекшілері осы телефонограммалар алмасудан кейін сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдары арқылы поездар қозғалысына басшылық жасауға ауысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]