Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 1. Жалпы ережелер

      154. Байланыстық телефон құралдары кезінде аралықты поездың иеленуіне рұқсат болып локомотив машинисіне тапсырылатын осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанды бланктегі жол жазбасы қызмет етеді.       Станция бойынша кезекші жол жазбасын берер алдында: дара жолды аралықта көрші станциядан поезды қабылдауға келісім туралы поездық телефонограмма – қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма алуы тиіс.       155. Көрші станциялар арасындағы поездық телефонограммалармен станция бойынша жеке кезекшілер немесе олардың көрсеткіші бойынша операторлар алмасады.       156. Поездар қозғалысы туралы поездық телефонограммалар алмасу поездардың станция аралық байланысы бойынша немесе поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізілуі тиіс.       Ерекше жағдайда поездардың станцияаралық байланысы және поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы туралы келіссөздер станция бойынша кезекшінің тікелей иелігінде бар көрші станция бойынша кезекшімен тікелей байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.       157. Жол жүру жазбаларының бланкісін станция бойынша кезекшінің өзі немесе оператор толтырады.       Станция бойынша кезекші немесе орталық посттың операторы ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында тиісті жазбалар болған кезде ғана жол жүру жазбаларының бланкісін толтырады: дара жолды аралықта - көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма, қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма.       Оператор толтырған жол жүру жазбасының бланкісін, станция бойынша кезекші ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналындағы жазбамен тексереді және станция штемпелімен және өз қолымен растайды.       158. Жөнелту жолдары станция бойынша кезекші постысынан шалғай, ал қызметтік келіссөздер тіркеушімен белгіленеді парк бойынша кезекші, техникалық-өкімдік актісінде көрсетілетін станция бойынша кезекшінің және парк бойынша кезекшінің арнайы журналында тіркелетін жолдық жазба бланкісін толтырады. Бұл жағдайда жол жүру жазбасының бланкіне парк бойынша кезекші қол қояды және оны машинистке тапсырады.       159. Тыйым салынады:       1) аралықта басқа поезд тұрған кезде поезды жөнелту туралы сұрау салуға;       2) жол жүру жазбасының бланкісін көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма (дара жолды аралықтарда) немесе бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы поездық телефонограмманы (қос жолды аралықтарда) алғанға дейін;       3) шығу телефонограммаларын олардың ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында жазылған бұрын және станция бойынша кезекшінің қолынсыз жіберуге.       160. Жол жазбасы машинистке поездан көрші станцияның кіру сигналына, ал поезды дұрыс емес жөнелту кезінде және кіру сигналы болмағанда - «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін жүру құқығын береді.       Поездардың тоқтамай жүру жолы кезінде жол жазбасы локомотивке қолмен бергішке салынып және тәртіп бойынша станция бойынша кезекшінің жайы жағынан беріледі.       161. Шығу сигналы бар жолдан поезды жөнелту кезінде жол жазбасы болғанда жабық сигналға өтуге жазбаша рұқсат беру талап етілмейді.       Бұл жағдайда поездарды жөнелту осы Нұсқаулықтың 316-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.       162. Поездың қос тартқышпен немесе итергіш локомотивпен жүруі кезінде барлық аралықтың бойында жол жазбасы жетекші локомотив машинисіне беріледі.       Аралықтың бір бөлігінде поездың итергіш локомотивпен жүруі кезінде жол жазбасы итергіштің машинисіне беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]