Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 2. Поездарды қабылдау

      294. Станцияда поездарды қабылдау станцияның техникалық - өкімдік актісінде тағайындалған еркін жолдарда, тек ашық кіру сигналы кезінде, ал жолаушылар поезы автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған жолдарда жүргізілуі тиіс. Осы құрылғылармен жабдықталмаған жолдарда қабылдау кезінде жолаушылар поезының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгілейді.       Станция бойынша кезекші поездарды дер кезінде қабылдау үшін еркін жолдардың бар екендігін қамтамасыз етеді. Жабық кіру сигналында поездарды кідірту қажеттілігі үшін станция бойынша кезекші жауапты болмайды.       Поездарды қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз ету үшін станция бойынша кезекші:       1) поездарды жылжымалы құрамнан бос жолдарда станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленген мамандануға сәйкес қабылдайды;       2) келетін поездардан жолдардың бос болмайтын бірізділігін ертерек жоспарлауға және осыған сәйкес әрбір поезды қабылдау үшін жолды әзірлейді;       3) жолдарды қабылдау-жөнелту жағдайының (бостығы немесе бос еместігі) есебін жүргізеді (басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша орындалған қозғалыс кестесінде және басқа тәсілдермен).       295. Орталықтандырылмаған бағыттамасы бар станцияларда станция бойынша кезекші, бағыттама постыларының аға кезекшілері, бағыттама посттарының кезекшілері поездарды қабылдау алдында маршруттарды дайындаудың келесі тәртібін сақтайды:       1) поездарды қабылдау үшін басқа бос жолы бола отырып, станция бойынша кезекші қабылдау маршрутына енетін барлық бағыттама постыларының аға кезекшілерін шақырады (немесе бағыттама постыларының кезекшілерін, егер аға кезекшілердің кезекшісі белгіленбесе), оларға маршрутты дайындау туралы өкім береді.       Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама посттары кезекшілерінің бірі телефонмен қалғандарына осы өкімді қайталайды, ал олар қабылдағанда «Дұрыс» деген сөзбен растайды. Өкім барлығына дұрыс түсінікті екеніне көз жеткізіп, станция бойынша кезекші оны «Орындаңдар» деген сөзбен растайды;       2) маршрутты дайындау туралы өкімді алып, бағыттама постылардың аға кезекшілері өз ауданының бағыттама постыларының кезекшілері орындау үшін береді және соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізеді.       Бұдан соң маршрутты дайындауға қатысатын қызметкерлердің барлығы берілген өкімді орындауға кіріседі.       296. Егер маршрутты дайындауға қатысатын посты ауданында поездарды келесі қабылдау бағыттамалары және жолдарға шығатын маневрлік жұмыс жүргізілсе, онда ол дереу тоқтатылуы тиіс, маневр құрамы жол шегінде белгіленген, оның болуы қабылданатын поездың жүруіне кедергі жасамайды, станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 281 және 282-тармақтарына сәйкес көз жеткізеді.       297. Станцияның қарама қарсы жағында маневрді жүргізу кезінде тиісті бағыттама постының кезекшісі қабылдау жолында маневр құрамының шығу мүмкіндігін жоққа шығаратын немесе оларды қабылдайтын жағдайға қояды және оларды бекітеді.       Маршрутты дайындай отырып, бағыттама посттарының кезекшілері станцияда белгіленген қабылдау жолдарының бос екенін тексереді, бағыттаманы талап етілген жағдайға бұрады, түйісу жағдайын тексереді, маршрутқа енетін әрбір бағыттамадағы рамалы рельске үшкірлердің жату тығыздығын тексереді және оларды салмаға бекітеді және бақылау бағыттамасының құлпына бекітеді.       298. Бағыттама посттарының аға кезекшілері жұмысты басқаратын аудандарда соңғысы жеке:       1) өз ауданының бағыттама посттарының кезекшілерімен маршрутты дайындау дұрыстығын тексереді, жолдардың бос болуының тексерілгеніне көз жеткізеді және бекітілген бағыттамалардан кілтті алады;       2) маршрутты дайындаумен байланысты барлық операциялар аяқталған соң олардың орындалу дұрыстығына мұқият көз жеткізгеннен кейін маршрутты дайындау туралы тапсырма алған бағыттама постысының әрбір аға кезекшісі (немесе бағыттама постының) маршруттың дайындығы және жолдардың бостығы туралы баяндау үшін станция бойынша кезекшіні шақырады.       Маршруттың дайындығы туралы хабарламаны станция бойынша кезекші телефонмен барлық бағыттама посттарының кезекшілерінен бір уақытта қабылдайды, ең соңғысына маршрутты дайындауға тапсырма беріледі. Соңғылары кезек кезекпен маршруттың дайын екені туралы баяндайды.       299. Берілген маршрутта бағыттама жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін басқару аппараты бар станцияларда станция бойынша кезекші:       1) маршрутты дайындау туралы өкімдердің орындалуының дұрыстығына аспаптардың көрсеткіштері бойынша да көз жеткізеді;       2) маршруттың дұрыс дайындалғанына көз жеткізе отырып жол бос, ал маневрлер осы Нұсқаулықтың 281 және 282-тармақтарына сәйкес тоқтатылғанына көз жеткізіп, станция бойынша кезекші кіру бағдаршамын ашады немесе бағыттама посттарының кезекшісіне егер сигналмен басқару осы постыда болса оны ашу туралы өкім береді;       3) бағыттама посттарының кезекшілері дайын маршрутты күзетеді және аралас жолдар бойынша өтпелердің болуын мұқият тексереді. Бағыттама посттарының кезекшілері белгіленген сигналдармен станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген жерлерде поездарды қарсы алады;       4) поезд жүрген кезде бағыттама посттарының кезекшілері вагондардың жағдайына, ашық жылжымалы құрамдағы жүктер жағдайының дұрыстығына, көзделген сигналдардың габаритінің болуына назар аударады. Барлық ескертулер туралы бағыттама посттының аға кезекшісіне немесе станция бойынша кезекшіге хабарлайды, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда поезды тоқтату шараларын қабылдайды.       300. Қабылдау жолын шектейтін бағыттама енетін бағыттама постының кезекшісі поездың толық құрамда келгеніне артқы сигналының болуы бойынша көз жеткізеді, оның шекті бағандар шекарасында орналасуын тексереді және бұл туралы станция бойынша кезекшіге баяндайды.       Поезд келгеннен кейін (жүріп өткен соң) бағыттама постының кезекшісі ерекше өкімді күтпей-ақ, бағыттамаларды вагондарды жылжымалы құрам тұрған бос емес жолға кетіп қалу жағдайынан сақтайды, ал жол бос болмаған жағдайда – бос жол бағытына бұрады.       Поездарды қабылдау үшін маршруттарды дайындау, сонымен қатар бағыттама постының бір кезекшісі екі постыға қызмет көрсететін станцияға келуші поездарды қабылдау станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.       301. Егер кіру бағдаршамы ашық болса, станция бойынша кезекші қабылдау маршрутының өзгергені туралы нұсқау бермейді.       Ерекше жағдайда маршрут өзгерісі қажет болған кезде басқа бос жолға поездарды қабылдау үшін станция бойынша кезекші кіру бағдаршамын жабады, машинисті ескертеді, берілген маршрутты ауыстырады және тек содан кейін ғана маршрутты дайындауға жаңа тапсырма береді.       302. Егер станцияға бірнеше поездарды бірізділікті қабылдау қажет болса, станция бойынша кезекші маршруттың дайын екені туралы хабарлама алғаннан кейін олардың ішіндегі біреуі үшін бағыттама постыларының кезекшілеріне келесі поезд үшін маршрутты келесі дайындау туралы нұсқаулық береді. Бұл жағдайда бірінші поезд толық құрамда келгеннен кейін және кіру бағдаршамын жапқаннан кейін екінші поезды қабылдау маршруты дайындалады. Бірінші поезд маршрутына енбейтін бағыттамалар орнатылуы және алдын ала бекітілуі мүмкін. Станция бойынша кезекшіге екінші поезд маршрутының дайын екені туралы станция бойынша кезекшіге хабарлама бірінші поездың келгені туралы хабарламамен бір уақытта беріледі.       303. Поездарды қабылдау алдында жолдардың бос екендігін тексеру станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді. Тексеру тәсілдері мынадай болуы мүмкін:       1) қабылдау-жөнелту жолдары электрлік оқшаулаумен жабдықталған станцияларда басқару аппаратының бақылау аспаптары бойынша;       2) жолдардың белгілі бір бөлігінің бос екендігін тексеру станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген қызметкерінің (бір немесе екі, аудандағы олардың жұмысына байланысты) жолдарды тексеру жақсы көрінетін жерлерге дейін көрсетілген өтпе жолға баруымен жүргізіледі;       3) тәуліктің қараңғы уақытында және күндіз нашар көрінген кезде – қабылдау жолының бойында станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген ашық өтпе бойынша;       4) станцияға тоқтамай өтетін поездардың артқы сигналдары бойынша (барлық жолдар жақсы көрінген кезінде).       304. Қажет жағдайларда станция бойынша кезекшінің өкімі бойынша бір немесе бірнеше қабылдау жолдарының бос екендігін тексеру поездарды қабылдау үшін дайындаудан кейін алынатын екі жақтан тасымалданатын қызыл сигналдары бар әрбір тексерілген жолды дер кезінде қоршаумен жүргізілуі мүмкін.       Техникалық құрылғылардың, жұмыс жағдайына және жолдардың орналасуына байланысты тексерудің басқа да тәсілдері де болуы мүмкін, бірақ бұл ретте бос емес жолда поезды қабылдау мүмкіндігін жоққа шығарады.       305. Егер станцияға қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шекарасында орнатылмайтын поезд келетін болса, онда станция бойынша кезекші радио байланысы арқылы осы поездың машинисіне сөнген қызыл жарық кезінде осы бағдаршамның бағанында ай-ақ жарық бойымен қабылдау жолының шығу (маршруттық) бағдаршамынан тоқтаусыз жүруіне (тоқтау сигналын немесе командасын алғанға дейін) рұқсат етеді.       Мұндай рұқсат алмаған кезде келген поездың машинисі шығу (маршруттық) бағдаршамының ай-ақ жарығы болған кезде қабылдау жолында шығу (маршруттық) бағдаршамынан өтіп кетпей тоқтайды.       Мұндай поезды шегіндіру қажеттілігі кезінде оны шығу бағдаршамының рұқсат етілген көрсеткіші бойынша сигнал бойынша немесе шегіндіру үшін маршрутты алдын-ала дайындаудан кейін станция бойынша кезекшінің көрсеткіші бойынша радиобайланысы арқылы машинистке хабарланады.       306. 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар және габаритті емес жүктері бар поезд станциясының техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген жолдарда қабылдануы тиіс.       1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар және габаритті емес жүктері бар поезды қабылдау және жөнелту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары Темір жолдар бойымен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында, Темір жолдарда габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта, осы Нұсқаулықтың 16-тарауында белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]