Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лекциялар (1)

.pdf
Скачиваний:
175
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
812.36 Кб
Скачать

арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:

-мектептің материалдық - техникалық базасына;

-ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;

-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

-оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу -

тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен

өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми

білім беруде сабақ барысында

интерактивті құралдары қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзіinter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Сурет 4.1 - Интерактивті тақта

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard (Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Сурет 4.2 - Активті қалам

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

Сурет 4.3 - ACTIV panelpro (Активпанель)

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

Сурет 4.4 - ACTIVslate панель құрылғысы

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

Сурет 4.5 - ACTIVtablet планшет

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

Сурет 4.6 - ACTIVote тестілеу жүйесі

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген

мүмкіндіктері бар.

 

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.

Бұл

аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

«Активті экран» - кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Webтүйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

-Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

-Алған білімді жүйелеу ;

-Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

-Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек

беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал, жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін, мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін.

Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған

тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет.

Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Сурет 4.7 - Прожектор және Шторка құралдары

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », «білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?

Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде, білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде

жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалықпсихологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты.

Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөль атқарады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: 1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын,

ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға

болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7.Сабақтың өнімділігі артады.

8.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз[24]. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін

бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін сапалы ақпараттық сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқыту процесінің мақсатымен, студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен, оқытылатын пәндермен, білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен анықталады. Қазақстан Республикасы Білім жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес бізде біртұтас ақпараттық білім ортасы құрылуы тиіс, ол жаңа ақпараттық, азаматтарымыздың әртүрлі деңгейде білім алуы үшін оларды бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге және еліміздің ақпараттық кеңістігін бүкіләлемдік білім кеңістігімен байланыстыруға жол ашады.

Ақпараттық білім беру ортасының “ оқыту процесі” компоненті білім беру ісін ақпараттандыруға бағытталған, электрондық кітапханамен біріктірілген прграммалықәдістемелік кешен болып табылады. Оның құрамына кіретін жасақталған оқу құралдарына қол жеткізу ісін атқаратын ішкі жүйеде оқу прцесінде пайдаланылатын барлық

электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, анықтамалар және лабораториялық практикумдар, анықтамалар және де басқа электрондық құралдар тізімі бар.

Ақпараттық білім беру ортасының “ оқыту процесі ” компонентінің оқу жүесіне тікелей пайдаланылатын факультет, кафедралар және мамандықтар жайлы барлық керекті мәліметтері бар блок енгізіледі. Әрбір мамандықтар жайлы ақпаратта соларға сәйкес мемлекеттік стандарт, оқу жоспарлары және стандарттағы пәндердің жұмыс порграммалар бар. Оқу компонентінің мазмұн жағынан толықтырылуы мен оны таңдау жұмысы нақты оқу процесіне сәйкес жүргізіледі.

Оқу компонентінің осылай құрылуына байланысты жасалған жұмыс программасы ұжымдық және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, ол әрі ақпараттық ортаның электрондық қорларын жасау мен құрастырудың өзекті материалы рөлін атқарады.

Осындай жолмен керекті тақырыптарға, лекциялық, практикалық және лабораториялық жұмыстарға гиперсілтеме жасай отырып, компьютер экранында қажетті әдістемелік материал жинап алуға болады. Оны оқып шыққаннан кейін сол тақырыптарды қалай игергендігін анықтайтын өзіндік білім тексеру режиміне кіруге болады.

5. Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану. Мультимедиалық технологиялар туралы жалпы түсінік. Мультимедиа элементтерін физика сабағында

қолдану.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра

отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді[39]. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстарына негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ – ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді.

Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар бөлінеді. Шыныменде соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видио бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құрылымдарды мультимедиа құралдарына жатқызылады.

Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыз. Ақпаратты классификациялауға болатын критерийлердің бірнешесі бар. Бірінші критерий түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Оқыту электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйренудің көз қарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш группаға бөледі:

1.Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа текст, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультифильмдер, видеофильмдер жатады.

2.Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа у – шулар, әуендер, сөз жатады.

3. Сенсорлық немесе тактильдың ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.

Ақпараттың аталған түрлерін басқа критерийлері бойынша да жіктеуге болады. Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге болады.

Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте текстік немесе сөздік суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда тесті оқу немесе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Текстті оқу немесе сөзді тыңдаудың барлық оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі болып тура ақпаратты беру және өңдеу мүмкіндігі табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып – үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.

Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеужәне ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, білім алу эффективтілігіне әсер ететін электрондық баспалар және ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын тигізеді.

Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көз қарасы бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды.

“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі бірден бірнеше әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа – бұл.

Әртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану және функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;

Әртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі және өңдеу технологиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;

Әртүрлі типтегі ақпараттың берілуі және функциялануы өңдеумен байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;

Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;

Әртүрлі типтегі (сөз, әуен, видео бейне, анимация және т.б) динамикалық және дәстүрлі статистикалық және визуальды (текс, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың ерекше жалпылаушы түрі.

Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың спектрін білдіреді.

Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряд бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустрияны қосылады.

Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығының көптеген облыстарында революция жасады. Мультимедиа технологиясын қолданудың кең облыстарының бірі білім беру сферасы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық баспалар және ресурстар оқытудың тиімділігін неғұрлым артттырады. Материалды ауызша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осылай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген.

Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді. Мультимедиа – технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы басылымнан шыққан мультимедиа және СD –