Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.вариант.rtf
Скачиваний:
108
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
7.35 Mб
Скачать

13 Лекция Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы

  1. Аздаған мөлшерін қосу арқылы катализатордің активтігін арттыратын зат:

  1. ингибитор деп аталады;

  2. промотор деп аталады;

  3. акцептор деп аталады;

  4. актор деп аталады;

  5. индуктор деп аталады.

  1. Катализатор бетіндегі бастапқы заттың адсорбция процесі:

  1. экзотермиялық процесс;

  2. эндотермиялық процесс;

  3. изотермиялық процесс;

  4. түйіндес процесс;

  5. параллель процесс.

  1. Гетерогенді катализдік реакцияның жылу эффектісі:

  1. катализаторсыз өтетін реакцияның жылу эффектісінен төмен;

  2. катализаторсыз өтетін реакцияның жылу эффектісінен жоғары;

  3. катализаторсыз өтетін реакцияның жылу эффектісіне теœ;

  4. нольге тең;

  5. теріс мәндерді қабылдайды.

  1. Аррениус теңдеуі бойынша анықталатын байқалмалы активтену энергиясы (Екат) катализаторсыз өтетін процестің активтену энергиясынан (Е) (Qads- адсорбция жылуы):

  1. Qads шамасына төмен болады: Екат=Е-Qads;

  2. Qads шамасына жоғары болады: Екат=Е+Qads;

  3. бір-біріне тең болады: Екат=Е;

  4. бір-біріне және адсорбция жылуына тең болады: Екат=Е=Qads;

  5. айырымы Qads шамасына тең: Екат-Е=Qads.

  1. Катализдік активтік деп:

  1. катализатор әсерінен химиялық реакцияның жылдамдығының катализаторсыз химиялық реакция жылдамдығына қатынасын айтады;

  2. катализатор әсерінен химиялық реакцияның жылдамдығының өзгеруін айтады;

  3. катализатор әсерінен химиялық реакцияның жылдамдығы мен катализаторсыз химиялық реакция жылдамдығының қосындысын айтады;

  4. катализатор әсерінен химиялық реакцияның жылдамдығы мен катализаторсыз химиялық реакция жылдамдығының көбейтіндісін айтады;

  5. катализатор әсерінен химиялық реакцияның активтену энергиясын айтады.

  1. Гетерогенді катализдегі катализаторлардың меншікті катализдік активтік деп:

  1. қатты катализатордың көлем бірлігіне сәйкес активтікті айтады;

  2. қатты катализатордың массасы бірлігіне сәйкес активтікті айтады;

  3. қатты катализатордың беттік қабатының бірлігіне сәйкес активтікті айтады;

  4. қатты катализатордың бір моліне сәйкес активтікті айтады;

  5. қатты катализатор массасының сұйық фаза массасына қатынасын айтады.

  1. Гетерогенді-каталитикалық реакция:

  1. қарапайым не күрделі механизм бойынша өтуі мүмкін;

  2. қарапайым механизм бойынша өтеді;

  3. күрделі механизм бойынша өтеді;

  4. фотохимиялық реакциялар заңдылығымен өтеді;

  5. параллель реакциялар заңдылығымен өтеді.

  1. Лэнгмюрдың изотермасы бойынша газ фазадағы реагенттің қысымы жоғары болғанда мономолекулалы гетерогенді-каталитикалық реакция қандай реттілікпен жүреді?

  1. нөлінші;

  2. бірінші;

  3. екінші;

  4. үшінші;

  5. төртінші.

  1. Лэнгмюрдың изотермасы бойынша газ фазадағы реагенттің қысымы төмен болғанда мономолекулалы гетерогенді-каталитикалық реакция қандай реттілікпен жүреді?

  1. нөлінші;

  2. бірінші;

  3. екінші;

  4. үшінші;

  5. төртінші.

14 Лекция. Гетерогенді катализдің теориялары

  1. Баландинның мультиплеттік теориясындағы геометриялық сәйкестік принципі қалай тұжырымдалады?

  1. катализатордың кристалдық құрылысы және кристалл торының параметрлері мен әрекеттесуші молекулалардың құрылысы және атомарлық қашықтықтары арасында белгілі бір сәйкестік болғанда ғана реакцияның жылдамдығы максимал болады;

  2. катализатордың кристалдық құрылысы және кристалл торының параметрлері мен әрекеттесуші молекулалардың құрылысы және атомарлық қашықтықтары арасында ешқандай сәйкестік болмағанда реакцияның жылдамдығы максимал болады;

  3. катализатордың кристалдық құрылысы және кристалл торының параметрлері мен әрекеттесуші молекулалардың құрылысы және атомарлық қашықтықтары арасында белгігі бір сәйкестік болғанда ғана реакцияның жылдамдығы нольге тең болады;

  4. катализатордың кристалды ұрылысы және кристалл торының параметрлері мен әрекеттесуші молекулалардың құрылысы және атомарлық қашықтықтары арасында белгігі бір сәйкестік болғанда ғана реакцияның жылдамдығы минимал болады;

  5. катализатордың кристалл торының параметрлері әрекеттесуші молекулалардың атомарлық қашықтықтарынан екі есе жоғары болғанда ғана реакцияның жылдамдығы максимал болады.

  1. Баландинның энергетикалық сәйкестік принципі бойынша:

  1. әрекеттесуші атомдардың катализатормен байланыс энергиялары минимал болғанда реакцияның жылдамдығы максимал болады;

  2. әрекеттесуші атомдардың катализатормен байланыс энергиялары өскен сайын реакцияның жылдамдығы артады;

  3. әрекеттесуші атомдардың катализатормен байланыс энергиялары өскен сайын реакцияның жылдамдығы төмендейді;

  4. реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші атомдардың катализатормен байланыс энергиясына тәуелсіз;

  5. әрекеттесуші атомдардың катализатормен байланыс энергиялары белгілі бір оптимал шамаға тең болғанда реакцияның жылдамдығы максимал болады.

  1. Әр түрлі материалдардан (таскендір, силикагель) жасалған төсеніштердің бетіне өте жұқа етіп қондырылған катализатордың каталитикалық активтігін түсіндіретін теория:

  1. Баландинның мультиплеттік теориясы;

  2. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы;

  3. Боденштейннің стационарлы концентрациялар теориясы;

  4. активті комплекс теориясы;

  5. активті соқтығысулар теориясы.

  1. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы бойынша:

  1. катализатордың беттік қабатында орналасқан аморфты атомдар фазасы ғана активті болады;

  2. катализатор бетінің кристалдық фазасы ғана активті болады;

  3. катализатордың беттік қабатында орналасқан атомдар фазасының активтігі кристалдық фазасының активтігінен төмен болады;

  4. катализатордың беттік қабатында орналасқан атомдар фазасының активтігі кристалдық фазасының активтігінен жоғары болады;

  5. катализатордың беттік қабатында орналасқан атомдар фазасының активтігі кристалдық фазасының активтігіне тең болады.

  1. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы бойынша катализатордың меншікті активтігінің катализатор бетінің толу дәрежесіне тәуелділік қисығының максимум арқылы өтуі:

  1. атомдар тобының (ансамбльдердің) активті болатынын көрсетеді;

  2. жеке атомдардың активті болатынын көрсетеді;

  3. не жеке атомдар, не атомдар тобының активті болатынын көрсетеді;

  4. катализатор бетінің кристалдық фазасының активті болатынын көрсетеді;

  5. төсеніштің активті болатынын көрсетеді.

  1. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы бойынша катализатордың меншікті активтігінің катализатор бетінің толу дәрежесіне тәуелділік қисығында максимумның болмауы:

  1. атомдар тобының (ансамбльдердің) активті болатынын көрсетеді;

  2. жеке атомдардың активті болатынын көрсетеді;

  3. не жеке атомдар, не атомдар тобының активті болатынын көрсетеді;

  4. катализатор бетінің кристалдық фазасының активті болатынын көрсетеді;

  5. төсеніштің активті болатынын көрсетеді.

  1. Катализатор бетіндегі мультиплеттер:

  1. кристалдық фаза бетінде түзіледі;

  2. аморфты фаза бетінде түзіледі;

  3. төсеніш бетінде түзіледі;

  4. сұйық фазаның бетінде түзіледі;

  5. органикалық заттардың бетінде түзіледі.

  1. Гетерогенді катализдің электрондық теориясы бойынша катализатордың активтігі:

  1. оның бетіндегі валентті электрондармен байланысты;

  2. оның бетіндегі бос валенттіліктермен байланысты;

  3. оның бетіндегі қоздырылған электрондармен байланысты;

  4. оның бетіндегі төсенгішпен байланысты;

  5. оның бетіндегі ингибитормен байланысты.

  1. Катализатордың аз ғана мөлшерін төсеніш бетіне жағып қондырғанда жалпы катализдік активтіктің төсеніш бетінің толу дәрежесіне тәуелділік А=f(a) қандай қисыққа сәйкес:

1) 2) 3)

4) 5)

  1. бірінші;

  2. екінші;

  3. үшінші;

  4. бірінші және екінші;

  5. екінші және үшінші.

  1. Төсеніш бетіндегі жеке атомдар каталитикалық активті болған жағдайда меншікті активтіктің а беттің толу дәрежесіне t тәуелділігін a=f() қандай қисық сипаттайды?

  1. бірінші;

  2. екінші;

  3. үшінші;

  4. төртінші;

  5. бесінші.

43