Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.вариант.rtf
Скачиваний:
108
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
7.35 Mб
Скачать

10 Лекция. Тізбекті реакциялардың кинетикасы

  1. АВС реакция (А - бастапқы зат; В - аралық зат; С - реакция өнімі):

  1. тізбекті реакцияларға жатады;

  2. тізбектелген реакцияларға жатады;

  3. параллель реакцияларға жатады;

  4. қайтымды реакцияларға жатады;

  5. түйіндес реакцияларға жатады.

  1. Тізбекті реакцияны қандай белгі сипаттайды?

  1. активтену энергияның үлкен мәндері;

  2. кіші кванттық шығым;

  3. бөтен қоспалардың болуына кіші сезімталдығы;

  4. реакция жылдамдығының ыдыстың меншікті бетіне, көлеміне, формасына тәуелділігі;

  5. реакция жылдамдығы температуралық коэффициентінің жоғары болуы.

  1. Бастапқы заттардың соңғы реакция өнімдеріне айналуы бос валенттіліктері сақталатын радикалдар қатысуымен жүретін реакциялардың бірнеше рет қайталануы арқылы іске асатын процестерді:

  1. фотохимиялық реакция деп айтады:

  2. гомогенді реакция деп айтады;

  3. гетерогенді реакция деп айтады;

  4. каталитикалық реакция деп айтады;

  5. тізбекті реакция деп айтады.

  1. Тізбектің ұзындығы дегеніміз не?

  1. бір қалыпты уақыт барысында қайталанатын элементар реакциялардың саны;

  2. тізбектің басынан аяғына дейінгі буындар саны;

  3. уақыт бірлігінде валентті қаныққан бөлшектердің ауысуы;

  4. көлемнің бірлігінде тізбекті процесті бастайтын активті радикалдар саны;

  5. уақыт бірлігінде және де көлем бірлігінде радикалдардың белгілі бір жиынтығы.

  1. Тізбектің буыны дегеніміз не?

  1. тізбектің буыны деп активті атомдардың немесе радикалдардыңң белгілі бір тобын айтады;

  2. тізбектің буыны деп тізбекті процестерге себепті радикалдар тобын айтады;

  3. тізбектің буыны деп тізбекті процестің өтуіне себепті белгілі бір қайталана беретін сатылар жиынтығын айтады;

  4. тізбектің буыны деп тізбектің басталуына себепті атомдар тобын айтады;

  5. тізбектің буыны деп тізбектің басталуынан тізбектің үзілуіне дейін сатылар санын айтады.

  1. Тармақталған тізбекті реакцияға радикалдар концентрациясын қандай теңдеу бойынша есептеуге болады? (f - тізбек тармақталуының тиімді жылдамдық константасы; g-тізбектің сызықты үзілуінің тиімді жылдамдық константасы; wб – тізбектің басталу жылдамдығы).

  1. n= (ef(t_e-gt) ;

  2. n= (A-e-(f-g)t) ;

  3. n=(eft-e-gt) ;

  4. n= (e-ft - e-gt) ;

  5. n= (1-e-(f-g)t) .

  1. n=теңдеу бойынша (f-тізбек тармақталуының тиімді жылдамдық константасы; g - тізбектің сызықты үзілуінің тиімді жылдамдық константасы; wб - тізбектің басталу жылдамдығы):

  1. фотохимиялық реакцияға қатысатын зат концентрациясын анықтайды;

  2. гетерогенді реакцияға қатысатын зат концентрациясын анықтайды;

  3. тармақталған тізбекті реакцияға қатысатын активті радикалдар концентрациясын анықтайды;

  4. тармақталмаған тізбекті реакцияға қатысатын активті радикалдар концентрациясын анықтайды;

  5. гомогенді реакцияға қатысатын зат концентрациясын анықтайды.

  1. Тізбектің сызықты үзілетін жағдайында тармақталған тізбекті реакцияның бос радикалдар бойынша алынған кинетикалық теңдеу (f-тізбек тармақталуының тиімді жылдамдық константасы; g-тізбектің сызықты үзілуінің тиімді жылдамдық константасы; wб-тізбектің басталу жылдамдығы):

  1. n=(1- е-(f-g) t) ;

  2. =wб-f(g(n;

  3. =wб+(f-g)n;

  4. =wб+f((g+n);

  5. =wб+f+g+n.

  1. Тармақталған тізбекті реакцияларға жоғарғы тұтану шегінің пайда болу себебі неде?

  1. ингибиторлар болуында;

  2. ыдыс қабырғасында қос соқтығысуында (екі бөлшек соқтығысуында);

  3. ыдыс қабырғасындағы адсорбцияда;

  4. ыдыс көлемінде үш бөлшек соқтығысу нәтижесінде радикалдардың жойылуында;

  5. температураның және қысымның күшті әсерінде.

  1. Тармақталған тізбекті реакцияларға төменгі тұтану шегінің пайда болу себебі неде?

  1. ингибиторлар болуында;

  2. ыдыс көлемінде үш бөлшек соқтығысу нәтижесінде радикалдардың жойылуында;

  3. ыдыс қабырғасында радикалдардың қармалуы;

  4. ыдыс көлемінде радикалдардың түзілуінде;

  5. ингибиторлармен соқтығысу нәтижесінде радикалдардыңң жойылуында.

  1. Радикалдардың ыдыстың көлемінде үшмолекулалы соқтығысулар арқылы жойылуы:

  1. тұтанудың төменгі шегінің болуына себепті;

  2. тұтанудың жоғары шегінің болуына себепті;

  3. тізбекті реакцияның стационарлы өтуіне себепті;

  4. тізбектелген реакцияның стационарлы өтуіне себепті;

  5. тізбекті реакцияның тармақталуына себепті.

  1. Реакция жылдамдығының ыдыс бетінің меншікті ауданына және оның көлемі мен формасына тәуелділігі:

  1. гомогенді реакцияны сипаттайды;

  2. гетерогенді реакцияны сипаттайды;

  3. газ фазадағы реакцияларды сипаттайды;

  4. тізбекті реакцияларды сипаттайды;

  5. барлық жауаптар дұрыс емес.

  1. Тізбектің басынан аяғына дейінгі буындар саны:

  1. тізбектің түзілуі деп аталады;

  2. тізбектің үзілуі деп аталады;

  3. тізбектің ұзындығы деп аталады;

  4. тізбектің тығыздығы деп аталады;

  5. тізбектің жалғасуы деп аталады.

  1. Суретте тізбектің тиімді (эффективті) ұзындығының W/W0 уақытқа тәуелділігі келтірілген. Радикалдардың жойылу жылдамдығы тізбектің тармақталу жылдамдығынан төмен болу жағдайына сәйкес қисығы қандай (k1<k2)?

W/W0

3

2

1

t

  1. бірінші;

  2. екінші;

  3. үшінші;

  4. бірінші және екінші;

  5. екінші және үшінші.

  1. Суретте тізбектің тиімді (эффективті) ұзындығының W/W0 уақытқа тәуелділігі келтірілген. Радикалдардың жойылу жылдамдығы тізбектің тармақталу жылдамдығынан жоғары болу жағдайына сәйкес қисығы қандай (k1>k2)?

W/W0

3

2

1

  1. бірінші; t

  2. екінші;

  3. үшінші;

  4. бірінші және екінші;

  5. екінші және үшінші.

  1. Суретте тізбектің тиімді (эффективті) ұзындығының W/W0 уақытқа тәуелділігі келтірілген. Радикалдардың жойылу жылдамдығы тізбектің тармақталу жылдамдығына тең болу жағдайына сәйкес қисығы қандай? (k1=k2)

W/W0

3

2

1

t

  1. бірінші;

  2. екінші;

  3. үшінші;

  4. бірінші және екінші;

  5. екінші және үшінші.