Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.81 Кб
Скачать

Қорытынды

Сыпайылық – ізеттілік пен тәрбиенің, жылы лебіздің нышаны. Сондай-ақ, тілде адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын және олардың шынайылық деңгейін анықтайтын, әдепсіздік пен дөрекілікті шектейтін адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, кішіпейілділік, қарапайымдылықтың, т.б. жиынтығы ретіндегі философиялық, этикалық ұғым боп саналады. Көбінесе жұртшылықтың біразы дерлік, сыпайылық дегенді «коммуниканттың мәдениетті сөйлеуі» деп қабылдайды. Сыпайылықтың барысында адамдар арасындағы байланыс үзілмейді.

Сыпайылық әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қарым-қатынастық вербалды, бейвербалды амалдары бар. Жоғарыда біз осы амалдардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен хабар бере алатынын ғалым, зерттеушілерімізге сүйене отырып айттық.

Дипломдық жұмыс барысында мұндай қарым-қатынас амалдары ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екендігі дәлелденді. Мұндай амалдар қарым-қатынас кезінде тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлеуді жеңілдетеді. Омының барысында бейвербалды амалдардың мынадай үш түрлі атқаратын қызметі айқындалды:

  1. Қарым-қатынас кезінде бейвербалды амалдар вербалды компоненттерді қайталай отырады;

  2. Бейвербалды амалдар кейбір вербалды компоненттерді жартылай алмастырады;

  3. Бейвербалды амалдар вербалды компоненттерді жартылай алмастыра алады.

Вербалды және бейвербалды қарым-қатынас амалдарын көрсету негізінде сәлемдесу және қоштасу амалдары қарым-қатынастың екеуіне де тән амалдар екені айқындала түсті.

Вербалды тілдер ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратылатындығы сияқты бейвербалды амалдар да ұлттық-мәдени айырмашылықтарына байланысты бір-бірінен ажыратылып отырады. Мұндай амалдар барлық халыққа тән болғанымен, әр ұлттың амалдар жүйесі әртүрлі болып келеді. Бұл айырмашылық сол елдің дүниетанамының, тұрмысының, халықтың таным-түсінігінің басқалығымен сипатталып отырады. Мұндай амалдар әр халықтың ұлттық-ментальдық ерекшеліктерінің белгісі болып табылады.

Дипломдық жұмыс барысында бұл амалдардың салт-дәстүрлік сипаты айқындалды. Әр ұлттың ерекшелігі этностың салт-санасынан, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалатындығы анықталды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып әр түрлі амалдар арқылы орындалады, толығады. Мұндай амалдар халқымыздың ұлттық ерекшелігінен хабар береді.

Сыпайылық – тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі болғандықтан жоғарыда айтылған амал, қарым-қатынастың бәрі сөйлеу этикеті арқылы жүзеге асырылып отырады. Демек, вербалды және бейвербалды қарым-қатынас амалдары сөйлеу этикетінің құрамдас бір бөлігі болап табылады.

Сөйлеу этикеті – адамдар арасында байланыс орнату үшін жұмсалатын, сол байланысты жалғастыра беру мақсатында қолданылатын ұлттық ерекшелігі бар стеоретипке айналған сөздер мен тұрақты сөз орамдары болып табылады.

Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктің бірі - кез-келген тілдегі этикет тілдік бірліктердің белгілі-бір дәрежеде стандартталуы. Кез келген тілде амандасу, қоштасу, рахмет айтудың қалыптасқан стандарт түрлері бар. Олардың жас, жыныс т.б. ерекшелігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен әр адам, я автор амандасу, қоштасу, рахмет айту формаларын өздері таппайды.

Сөз этикетінің өзіне тән арнаулы қызметтері болады. Олар негізінен, зерттеушіліердің көрсеткеніндей, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнату, қарым-қатынасты реттеп отыру, сыпайылықты білдіру, көңіл күй көтеру қызметтерінде жұмсалады. Осы жұмыс барысында ең негізгісі – байланыс орнату екендігін айқындай түстік.

Сөз этикеті бірліктерінің, жалпы этикеттік таңбалардың негізгі ерекшеліктернің бірі – әлеуметтік сипатының, басқаша айтқанда әлеуметтік-маркирлі болуы.

Жалпы адамзатқа тән этикет нормалары кез-келген халықтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен ұштасып жатады. Дегенмен, әр халықтың өзіндік ерекшелігі, ең алдымен, ол елде нормаға айналған этикет формаларынан бірден байқалады.

Қорыта келгенде, сыпайылық қарым-қатынас амалдарының бәрі сөз этикеті барысында көрініс табады. Сыпайылық – адамдардың қарым-қатынасы аясында жұмсалатын этикалық ұғым боп табылады. Ал сөз этикеті дегеніміз, адамдар арасындағы қарым-қатынас кезінде қолданылатын сөз жұмсаудың ұлттық сипатқа ие мәдениеті мен қарым-қатынас жағдаятына қарай жұмсалатын арнайы тілдік бірліктердің сипаты да түрліше болады. Бірақ сөз этикетін үлкен бір құрылым ретінде алып қараған кезде, аталған сипаттарының түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған біртектес жүйе ретінде танылады.

Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Қапелімде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да оңай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде, күнделікті қатынаста жүрген этикет сөздердің қолдануында қаншама қыр-сыр жатыр. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұсқап, ізеттілікке бастайтын жақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағы ынтымаққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершілікке баулып, коллективизм рухында тәрбиелеуге септігі тиеді деп ойлаймыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Леонтьев А.А. Речевая деятельность // Основы теории речевой деятельности. – М.: Наука, 1974. – 307 с.

  2. Основы теории коммуникации. – М.: Гардарики, 2007. – 615 с.

  3. Беляева Е.И. Модальность и прагматические аспекты директивных речевых актов в современном английском языке: автореф. докт. диссерт. – М., 1988. – 33с.

  4. Ошанова О. Ж. Сөйлеу мәдениетінің негіздері: оқу құралы. – Өңд., толықт. 2-басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 186 б.

  5. Бейсенова С.Б. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке.- Алматы, 2002. –26с.

  6. Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салғастырмалы талдау. Филол. ғыл. канд. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 1998, - 121 б.

  7. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. – Алматы, 1993. – 178 б.

  8. Дуанбекова М. А. Ауызша іскери қатынас тілінің мәдениеті. – Алматы, 1999, - 154 б.

  9. Уәлиев Н.Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. - 107 б.

  10. Әлкебаева Д. А. Сөз мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.

  11. Сәрсеке Г.Ә. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. - 114 б.

  12. Алпатов В.М. Категории вежливости в современном японском языке.- Москва: Наука, 1973.-190 с.

  13. Takiura Masao. Nihon no keigo. Poraitonesu riron karano saikento. -Tokyo, 2005. - 315 с.

  14. Оно Масаки, Ямаока Масаки, Макихара Цутому. Коммуникация және этикет формулалары. -Токио: -Мейдзи, 2010. -248 б.

  15. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. -Астана, 1999. – 187 б.

  16. Пиз А. Язык теледвижении (как читать мысли других людей по жестам). Новгород, 1992. – 262 с.

  17. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда, 2001.- 230 б.

  18. Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы: Ғылым, 1976. - 168 б.

  19. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-том. Тіл қүралы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: Алаш, 2005. - 352 б.

  20. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.

  21. «Тіл білімі сөздігі» // Жалпы ред. басқ. проф. Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 541б.

  22. Момынова Б.Қ., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б.

  23. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Мəдениет жəне өнер: 34 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 248 б.

  24. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік – Алматы: Қазына, 1999. – 491 б.

  25. Қазақ тілінің 4 томдық түсіндірме сөздігі 380-381 б.

  26. Мағжан С. Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы. филол. ғыл. канд. – Алматы, 2007.

  27. Сәрсеке Г.Ә. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. - 114 б..

  28. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б

  29. Аманжолов С., Сауранбаев Н. – Қазақ тілінің II синтаксис. – Алматы, 1939. – 113б.

  30. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану. 2002. –288б.

  31. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Т.1.- М.: Издательство АНСССР, 1963.-384с.

51

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]