Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
83.78 Кб
Скачать

Казну им. аль-фараби

Диплом

«Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктер

Егизбаева Асель



Мазмұны

Кіріспе 1 «Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» шығармаларындағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер 1.1 Көркем образ жасаудағы кейіпкерлер тілі туралы 1.2 Кірме сөздердің қолданысы, стильдік қызметі 1.3 Көнерген сөздердің қолданылуы 1.4 Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылуы 1.5 Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері 1.6 Антонимдік және синонимдік қатарлардың стильдік қолданысы 2 Шәкәрім Құдайбердіұлы және Уильям Шекспир шығармаларындағы көркемдеуіш құралдардың қолданылу сипаты 2.1 Қаламгер қарымын танытатын көріктеу амалдары 2.2 Теңеудің стильдік көрінісі 2.3 Эпитеттердің қолданылу ерекшеліктері 2.4 Жазушы тіліндегі символдар жүйесі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» шығармаларында махаббат жеңеді. Махаббат қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына .үнемі қарсы. Біздің кейіпкерлер ескіліккке қарсы тұрып, келер ұрпаққа жаңа өмірдің үлгісін көрсетіп кетті. Оларды өшпенділік, рушылдық бөле алмады, махаббат оларды мәңгі қосты. Бұл шығармаларда маххабат өшпенділікпен қоршалған ғажап сезім. Еңлік-Кебек пен Ромео және Джульетта махаббат бақытын азғантай ғана сезініп дем бітеді. Оларға өз жарынан басқа ешкім керек емес. Махаббат қайталанбайды, махаббатсыз өмірдің мәні не? Өмірмен қош айтысқан бұл шығармалардың кейіпкерлері әділетсіздік жайлаған замандағы адамгершіліксіздікке қатаң үкім шығарды. Бұл жастардың жалынды жүректегі көтерілісі мен еркіндікке деген талпынысы игі сезімдердің көрінісі адамдардың жүрегін мәңгілік толғандырады. Осындай махаббат өмірдің сұлулығына массатану, адамның ұлылығына сену және өмірдің қызығын сол адаммен бөліскенде ғана өмірге келеді. «Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» трагедияның басты кейіпкерлер біздің санамызда мәңгілік таза, сұлу әрі трагедиялық махаббаттың бейнесі болып қалды.

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосқады. 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. Ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Нысан абыз бейнесі кездесетін «Еңлік-Кебек» оқиғасы он сегізінші ғасырдың үшінші ширегінде, дәлірек топшылағанда 1770-1780 жылдардың аралығында Шыңғыс тауының алқабындағы Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен. Ол оқиғада мынадай тарихи шындық ізі жатыр: Қазақ басына ауыр күн туған заманда жоңғар шапқыншылығынан ығысқан қазақ елінің дені Сыр бойын сағалайды. Сарыарқа иен қалады. Тобықты ол кезде Қаратауды мекен еткен екен. Жоңғарлықтарды өкшелей қуған жұрт өзіне жол-жөнекей ұнаған жерлерге қоныстанған. Тобықты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елімен Ертісті өрлеп барып, жоғары ағысына мекен етуді көздейді. Алайда олардан бұрын келген қалың найман мен керей Ертісті қапталдай жайғасады. Сондықтан да олар Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен матайлардың арасына сыналай тұрақ тебеді. Жер дауы, жесір дауы өршиді. Мұның соңы тобықты Бақай батыр мен сыбан Маян батырдың жекпе-жегіне ұласады. Екеуі де қаза табады. Осы оқиғадан соң тобықты мен матай арасындағы қызыл жаулыққа әкеледі. Міне, осы кезде Еңлік-Кебек оқиғасы бұрқ ете түседі. М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді [1; 242]. Еңлік – Кебек оқиғасына байланысты жазылған туындылардағы әлеуметтік тартыс, трагедиялық дау-дамайдың түп тамырында сонау ел басына күн туып, есіл жұрт үдере көшіп, қоныс іздеген тарихи кезеңнің зардаптары жатыр Шығармаларда найман көптігінен тобықтының сескенетіні айтылғандығы болмаса, бұл тікелей сөз болмайды. Дегенмен, Еңлік пен Кебектің махаббат сапарында қайғылы қазаға ұшырауын тарихи оқиғалар аясындағы қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді. Еңлік пен Кебек оқиғасының драматизмін "ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан" кейінгі қайғылы ел тарихының ауыр жағдайы, ру мен ру арасындағы тартыс, рубасылардың арасындағы бітіспес кикілжің, қазақтың баласын бесікте айттырып қоятын, қыз баланы малға қалыңмалға сататын ескілік салты - бәрі-бәрі қосылып матастырып, қояландырып жібереді Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды.Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты.Мағауия Абайұлы да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған. Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді. XVI ғ. аяғында театр ағылшын халқының сүйікті өнері болды. Ол кезде Лондонда онға жуық театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы көрген театрды төңіректейді: әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан актер, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланысты болды. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылды. Сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болды. 1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды. 1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді. Шекспир ескі, феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының – сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр. «Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық», – деп үндейді ақын. Шекспир адамның ұлылығын терең түсінді. Шекспирдің ұлы трагедиясының кейіпкері Гамлет: «Адам қандай тамаша жаралған! Оның ақыл-ойы қандай ізгі. Іс-әрекеті қандай дәл, қандай тамаша. Әлемнің сұлуы», – дейді. Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» және басқа трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге қабілеті жетпейді. «Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» - рушылдық, биліктің ескілігі, озбырлық жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы.

Көркем әдебиет өзінің айтайын деген ойын образ арқылы береді. Оның негізгі құралы көркем сөз, сол арқылы адам бейнесін жасап, өмірдің, өмір құбылысының қилы қырын жан-жақты алып суреттейді. Көркем әдебиеттің басты құралы сөз болғандықтан да әрбір жазушы ұлттық тілдің сөздік қорын жете пайдаланып, оны шебер келістіріп қолдануға талпынады, соның нәтижесінде ғана көркем суреттеулер жасай алады. Көркем шығарма болу үшін, бірінші шарт – суреттілік, образдылық, яғни күндегі көріп жүрген адамдарымыздай өзіндік қимылы бар, ой парасаты, киім киісі, жүріс-тұрысы бар жанды адамдар болуы керек; екіншіден, сол образ типтік образ болуы тиіс, яғни қоғамдық тәрбие бере алатындай бір топ адамдардың басындағы жақсы не жаман қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, оны нанымды етіп беру қажет; үшіншіден, шындық пен суреттілік бір-бірімен ұласып жатуы, яғни жазушының суреттеп отырған образы сол кездің шындығына сыйымды болуы керек; төртіншіден, ол шығарманың туу тарихы, өмірге келу себебі, яғни жазушы туындысының жазылу мақсаты болсын; бесіншіден, халықтық сипатта жазылған болуы керек; алтыншыдан, көркем әдебиеттің оқырманына тәлім-тәрбие бере алатындай дәрежеде, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа қарай жетелей алатындай қасиеті – қоғамдық мәні болуы шарт т.б. міне, осы тұрғыдан алғанда, осы шығармаларда – адамдар образы арқылы оқырманының эстетикалық сезіміне әсер ететін, әдемілікті түсінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектесетін, адамдар арасындағы әр түрлі қайшылықтарды көрсетіп, шындықтың бетін айқындайтын құрал. Мен диплом жұмысында Шәкәрім мен Шекспир шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін қарастыруды жөн көрдім. Осы жазущылардың туындылары – өзінің тақырыптық, стильдік, құрылымдық жағынан ерекше дүние.

Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді.

Махаббат тақырыбын жырлаған екі поэмадағы тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элементтері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.

«Еңлік-Кебек» мен «Ромео және Джульетта» шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгерлердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз шығармаларын салыстыра талдағаным да көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды.

Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады.

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Адам танымын зерделей отырып, жазушы шығармаларына танымдық тұрғыдан баға беруде, ұлттық танымдық болмысы мен тілдік табиғатына, яғни шығармаларының тілдік ерекшеліктеріне талдау жасауды жөн санадым. Себебі шығармалардағы тілдік бірліктердің қолданыс даралығын танымдық үлгі (модель) қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар ретінде қарастырамыз. Көркем әдебиеттердегі кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен, белгілі бір кезеңге тән шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін біріктіре отырып, оны антропоцентристік аспектіде, ұлт психологиясына сай адам танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада көп қарастырыла қоймаған. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, Шәкәрім мен Шекспир шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы танымдық (когнитивтік) құрылым тұрғысынан ғылыми талдау жасау өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының нысаны «Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» шығармаларын талдауға түсті.

Диплом жұмысының дереккөздері ретінде әр жылдары жарық көрген шығармалар жинағы, сөздіктер, тарихи шығармалар, жазушылардың өмірбаяны, энциклопедиялық кітаптар алынды.

Диплом жұмысының негізгі әдістері мен тәсілдері. Диплом жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – поэмадағы кейіпкерлердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концептілік құрылым ретінде тұжырымдау, сондай-ақ диплом жұмысында жазушы шығармаларындағы кейіпкер қолданысындағы фразеологизмдер, тілдік көріктеуіш тәсілдері, ұлт психологиясының когнитивтік құрылымы анықталады. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:

- қаламгер кейіпкерлерінің тілдік құралдарды – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, синоним сөздер мен антонимдік қатарлардың қолданылу ерекшеліктерін анықтау;

- сан қилы көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;

- Шәкәрім мен Шекспир шығармаларының қазақ әдеби тіліне тигізген әсерін анықтап, көркемдік ерекшелігін талдау;

- қаламгер тілін стильдік-семантикалық тұрғыдан саралау, яғни жазушының сөйлеу тілін көркем шығармада қалай пайдаланғанын байқап, ол қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдерін талдау;

- жазушы шығармаларының сөз (лексикалық) байлығын бағдарлап, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктерін бағамдау;

- кейіпкер санасындағы ұлттық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;

- жазушы шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;

- ұлттық дүниетанымның ерекшелігін айқындап, мәнін ашу.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар, нәтижелер қазақ тіл біліміндегі лингвокогнитивтік, психолингвистикалық зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері мен ұстанымдарын нақтылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлес қосады.Шәкәрім мен Шекспир шығармаларының концепт құрылымдарын анықтау арқылы лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық білім негіздерін тереңдетуге ықпал етеді. Сондай-ақ диплом жұмысы нәтижелерін этнолингвистика, стилистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндеріне қосымша ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының жаңалығы мен нәтижелері:

- диплом жұмысында Шекспир мен Шәкәрім шығармаларындағы кейіпкер тілінің ерекшелігі мен тілдік тұлғасы анықталып, олардың семантика-стилистикалық жақтары көрсетілді.

- қаламгер шығармаларындағы кейіпкер тілінде қолданылатын тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді.

- адам санасындағы қалыптасатын символдық белгілердің лингвомәдени мазмұны сипатталды.

- ұлттың дүниетанымдық ерекшелігін анықтау мақсатында кейіпкердің тіліне психолингвистикалық тұрғыда талдау жасалды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 «Еңлік-Кебек» пен «Ромео және Джульетта» шығармаларындағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер

1.1 Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы

Шығарма тілі туралы В.Белинский былай дейді: «Көркем әдебиеттің бояуы да, үні де, ... бәрі де – тіл. Ал тілге ең қажет қасиет – суреттілік». Көрркем шығарма тілі оқырманның көкейіне қонымды, жалпыға түсінікті, бояуы қанық та шынайы болса құнды болатыны және ұзақ жасайтыны белгілі. Шығармалардың құндылығы оның тілінде, жазылу мәнерінде екені түсінікті. Ал қаламгердің өзіндік мәнерін, қолтаңбасын танытатын бірден-бір құрал – сөз, сөз қолданысы екені мәлім.

«Жазушының шығармашалық өзгешелігі дегенде бір-бірімен тығыз байланысты екі жайға назар аудармасқа болмайды. Оның бірі – жазушының лексикасы мен грамматикасы, демек, жазушы тіл байлығы және оны пайдалану мүмкіндігі мен өнегесі; екіншісі – стилистикасы, былайша айтқанда, автордың лексикасындағы сөздердің жеке күйінде сондай-ақ сөйлем түрінде, текст ішінде қолданылу ерекшелігі, әдеттегі қолданыстан айырмашылығы, мұндай тәсілден ұтып тұрған жайлары» [19, 5].

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Өйткені «көркем әдебиет оқушының эстетикалық талғамын жетілдіріп қана қоймай, сөзді стильдік өрісіне сай, талғап жұмсауға үйретеді».

Көркем әдебиет стилі дегеніміз – проза, поэзия, драматургия салаларында жызылған көркем шығармалардың стилі (тілі).

Көркем шығарма тілі мен әдеби тіл арасында принципті ерекшеліктер болады. Бұл олардың әрқайсысының атқаратын қызметінен туындайды. Әдеби тіл адамдардың күнделікті қарым-қатынас жасауының құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқарады, ал көркем шығарманың құрылымында басқаша қырынан танылады. Тілдік құралдар арқылы оқырманына әсер ете отырып, эстетикалық және көркемдік мақсатта қолданылады. Осыған орай, әдеби тіл нормасы мен көркем әдебиет тілі арасында да ерекшелік болады. Әдеби тілде нормаға жатпайтын тілдік дерек әр қаламгердің алдына қойған мақсатына сәйкес келіп, эстетикалық қызмет атқарады.

Көркем әдебиет стилінің жанрларының біріне жататын прозалық шығармаларда автор атқаратын қызметіне сай жалпыхалықтық тілде кездесетін фактілердің барлығын да керегінше қолдана беруден бас тартпайды. Сондықтан көркем әдебиет шығармаларында әдеби нормамен қатар ауызекі тіл элементтері де, диалектизмдер мен архаизмдер де, жаңа қолданыстар мен варваризмдер де кездесуі заңды.

Көркем әдебиетте қандай да бір әлеуметтік топтың қоғамдағы орнын, қарым-қатынасын даралап көрсетуде солардың тілдік қолданысына тән тілдік құралдар көркем шығармада кейіпкердің тұтастай алғанда белгілі бір топтың әлеуметтік ерекшелігінен хабар беретін стильдік көрсеткіштер саналады. Көркем образ жасауда қажетті көптеген амал-тәсілдер қатарында үлкен маңызға ие нәрсе – кейіпкер тілі. Кейіпкер тілі арқылы өзінің болмыс-бітімі мен қабілетінен хабардар етіп, өз орнын айқындайды. Сол кейіпкер бейнесі артында тұрған әлеуметтік топтың келбетін танытады. Бұдан кейіпкер бейнесін сомдауда тілдік құралдардың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ тіл мен әдебиет арасындағы байланысты айқын аңғарамыз.

Қай шығармасын жазса да, жазушы қазақ тілінің ұлттық бояуын ұлттық болмыстан туындатады. «Болмыс» сөзінің беретін бірінші мағынасы санадан тыс объективті дүниенің, материяның өмірін қамтитын философиялық ұғым дегенді білдірсе, ал екіншісі – жалпы дүниені білдіретін кең мағынадағы философиялық ұғым [2, 29].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]