Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.81 Кб
Скачать

1.1 Қазақ және басқа тілдердегі сыпайылық категориялар

Сөйлеу әдебі сөйлеу әрекетіндегі сөйлеу ережелері мен әдеп нормаларынан тұратынын Н.Уәлиев өз еңбегінде толықтай айта кеткен [9, 67 б]. Сөйлеу әдебі сыпайылықты білдіретін қосымшалардан немесе тіркестен тұруы мүмкін. Әдетте сыпайылықты білдіретін тілдік формулалар стандартталып келіп, көбінесе қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш айту, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау т.б тілдік конструкцияларда жиі кездеседі. Сөйлеу әдебі кезінде қолданылатын бұл формулалар айтушы мен тыңдаушының жасы, жынысы, қоғамдағы орны, қызметіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады.

Сыпайы сөйлеудегі әр түрлі сөз орамдарын, әдептілікті көрсететін тұрақты сөз тіркестерін барлық тілдерде кездестіруге болады, алайда жапон тіліндегі этикет формалары лексикалық құрамының көптігімен қоса, грамматикалық қатар түзуімен ерекшеленеді. Жапон тілінде күрделі этикет фор­мулаларын қатесіз қолдану үшін бірнеше жыл, көп тәжірибе керек. Шетелдік азаматтар қате қолданып жатса жапондықтар оларға кешіріммен қарауы мүмкін, алайда өз араларында «әдептілік кодексін» сақтамаған адамға өте қатал. Жапон тілінде, әдетте, сыпайылылықтың екі грамматикалық категориясын бөледі. Бірі сөйлеушінің сұхбаттасушыға, екіншісі әңгіме болып отырған тұлғаларға қарым-қатынасын білдіреді. (семантикалық субъект және/немесе іс-әрекет объектісі). В.М.Алпатов оларды тиісінше адрессивті және гоноративті категориялар ретінде айқындайды [12, 35 б]. Гоноратив категориясында формалардың үш тобын бөлуге болады: гоноративті (сыйластық), депрециативті (биязы) және бейтарап. Гоноративті формалар сыйластық қарым-қатынастың мелиоративтік типіне жатқызылады, онда коммуникативті мән берілген лексема сыйластық қарым-қатынастың объектісін «асқақтатады». Депрециативті формалар сыйластық қарым-қатынастың пейоративті типін – сөйлеушінің өзін-өзі төмендетуін білдіреді. Бейтарап формалар гоноративті емес те, депрециативті емес те болып табылады - олар сөйлеушінің семантикалық субъектіге/сөйлеу объектісіне сыйластық қарым-қатынасы туралы ешқандай ақпаратты бермейді. Гоноративті және депрециативті формалар бір уақытта қатар келмейтіні байқалады.

Жапон тілінде адрессивті және гоноративті формалардың «жоғары-тең-төмен» және «өзім-өзге» деген мәнін сипаттайтын дифференциалды белгілерін бөледі. Олар сөйлеушінің сұхбаттасушыға (адрессив) немесе әңгіме болып отырған тұлғаға (гоноратив) қарым-қатынасын айқындайды. Әлеуметтік-тұлғалық қарым-қатынастар мәнге ие болады, бұл ретте аталған тұлғаны «өзім» немесе «өзге» ретінде бағалауға әңгімелесу жағдаятына басқа да тұлғалардың қатысуы едәуір ықпал етуі мүмкін.

Адрессивті формалар «жоғары бөтен» немесе «тең бөтен» ретінде қарастырылатын тұлғалармен әңгімеде міндетті түрде қолданылады. Адрессивті емес формалар, әдетте, сұхбаттасушыларға қатысты «тең өзіміз» немесе «төмен өзіміз» ретінде пайдаланылады. Адрессивті де, адрессивті емес те формалар сөйлеушіге қатысты «төмен бөтен» немесе «жоғары өзіміз» болып табылатын тұлғалармен әңгімелесуде кездеседі. Сыпайылық деңгейін таңдауды айқындайтын белгілер кейде өзара қарама- қайшылыққа ұшырайды да, жопандық, осылайша, сөйлеу тілінде үнемі олардың басымдығы туралы мәселені шешеді. Жапон ауызекі тілінде сөйлеуші бір ғана сұхбаттасушыға қатысты адрессивті және адрессивті емес мәндегі сөз формаларын қолданған кезде, сөйлеуде адрессивті және адрессивті емес формалар қолданылуының тұрақсыздығы адрессив категориясы формаларының ерекшелігі болып табылады. Гоноративті (сыпайылық) формалары сыйлы тұлғалардың (сөйлеушінің көзқарасы бойынша) іс-әрекеттерінің сипаттамасын беру үшін пайдаланылады. Демек, гоноративті формалар екінші немесе үшінші тұлға – іс-әрекеттің немесе жай-күйдің семантикалық субъектісі болмайтын сөйлемдерде қолданылмайды. Егер үшінші тұлға субъекті болып табылса, гоноративті және бейтарап формалар арасында таңдау болғанда, сөйлеушінің аталған субъектіге қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, соңғы мен сұхбаттасушы арасындағы қарым-қатынастар да ықпал етеді. Гоноративті формалар «тең өзіміз» ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде пайдаланылмайды (осылайша, аталған формаларды өзі туралы («тең өзіміз») сөйлеуде қолдану мүмкін емес). Гоноратив категориясы «жоғары өзіміз» ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде де, тіпті сұхбаттасушы іс-әрекет субъектісі болып табылғанда да үнемі көріне бермейді. «Бөтен» субъектінің іс-әрекеттерін сипаттау кезінде гоноративті формалар «жоғары» және «тең» белгілерге, бейтарап – «төмен» белгіге сәйкес келеді.

Жоғарыда атап өтілгендей, жапон тілінде сыпайы сөз формаларын пайдалана отырып әңгімелесу үшін, басты қиындық аталған жағдаят үшін сыпайылық деңгейін таңдау болып табылады. Сөйлеуші жапон қоғамындағы этикеттік қарым-қатынастардың ерекшеліктері туралы білуі тиіс. Көптеген зерттеушілер сыпайылық формаларын таңдау кезінде міндетті түрде ескерілетін факторлардың түпкілікті жинағын көрсетуге тырысады. Алайда, жалпы ережелермен қатар, жеке-субъективті фактор үлкен рөл атқарады және сыпайы сөз формаларын өзекті таңдау мәселелері бойынша, әдетте, ақпарат берушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жұмыс беруші мен қызметші, сатушы мен сатып алушы, мұғалім мен студент, бастық пен қызметкер және т.б. арасындағы қарым-қатынастарда, әдетте, кімнің дәрежесі жоғары, сол өзі сөйлеген кезде бейтарап не сыпайы форманы пайдаланады; сұхбаттасушы тек қана сыпайы орамдарды пайдалануы тиіс. Сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу жапондықтармен ішкі түйсігінде әлеуметтік драмалық іс-әрекет ретінде түсініледі, онда біріншісі мырзаның, екіншісі қызметшінің рөлін атқарады, бұл сатып алушы сатушы тарапынан сыпайылыққа толы қарата айтылған сөзге мүлде назар аудармаған жағдаятта вербалды мәнге ие болады. Бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгімелесуінде көп жағдайда сыпайы сөйлеу пайдаланылады. Сыпайы орнықты сөйлеу танысу кезінде, сондай-ақ жапон қоғамында әлеуметтік жағдайы жоғары бағаланатын адамдарға қатысты қарым-қатыныста қолданылады.

Келесі жапон тіліндегі сыпайылық категорияларының жасалу жолдарына тоқталсақ:

Гоноратив (Ұлықтау) категориясының жасалу жолдары:

Кейбір етістіктер гоноратив категориясында түбірімен өзгереді. Мысалы, suru(әрекет ету, істеу) nasaru, hanasu(сөйлесу) oshyaru деп өзгерсе, кейбір етістіктерге бір ғана формада қолданылады. Мысалы, iku(бару), kuru(келу), iru(бар болу) тек бір сөбен irashyaru болып, ал taberu(ас ішу), nomu(су ішу) meshiagaru болып өзгереді [13, 207 б].

Алайда барлық етістіктер гоноратив формасында түбірімен өзгере бермейді. Басқа етістіктер негізгі етістікке «о» префиксі және «нару» қосымшасының жалғануы немесе етістікке «рареру» қосымшасының жалғануы арқылы жасалады.

Тұрақты грамматикалық конструкциялар «te+ itadaku» жиі кездесетін конструкция, yoku setsumeishite+ itadakimashita «бізге барлығын жақсылап түсіндіріп берді» [13, 106 б].

Арнайы префикстер мен жұрнақтардың зат есімге жалғануы арқылы гоноратив жасалады. Мысалы, seenseino otaku «мұғалімнің үйі» - сыпайылықты білдіретін префикс, kiten «сіздің дүкеніңіз», сонымен қатар адам есіміне қосылатын san' sama жұрнақтары арқылы жасалады.

Зат есімдерде ерекше сыпайылықты білдіретін сөздермен ауысады. Мысалы, жапон тіліндегі «hito-адам» бейтарап формадағы сөз гоноратив формасында «kata » деп өзгереді.

Депрециативтік форманың жасалу жолдары:

Кішіпейілділік таныту мақсатында өзін-өзі төмендету формасы kenjougo депрециативтік деп ата­лады. Сыпайы сөйлеуде қолданылатын сөздер мен тұрақты грамматикалық конструкциялардың жа­салуы

Етістіктің түбірімен өзгеруі.

Негізгі етістікке «о» префиксі мен «itsasu» немесе «suru» көмекші сөзінің жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, oshirase itashimasu «хабарын беремін», «... жайында хабарлаймын» деп аударамыз.

«To» «ki» қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, «kisya» [13, 201-205 бб].

Зат есімнің басқа зат есіммен ауысуы арқылы жүзеге асады. Мысалы, hito- mono. teineigo бейтарап форманың жасалуы:

Сөздік формадағы етістіктің «ru» әрпі өзгеріп, орнына «desu», «masu» көмекші сөзінің жалғануы арқылы және «о» префиксі арқылы жасалады.

Тағы бір жапон тіліндегі сыпайылық формасының қосымша тармағы - сөзді әсерлеу категориясы. Жапонша bikago немесе танка жинақтарында gago деген атқа ие. Сөйлемде әдемі дыбысталумен қатар, сыпайылықтың бір түрі ретінде саналады.

Зат есімге «о» префиксінің жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, cha (шай), senbei (күріштің ұнтағы) сияқты зат есімдердің алдына «о» префиксі қойылып «ocha», «senbei» деп айтылады.

Ochani osenbei yokuaimasune

Otakusamakaraitadaita okashiha oishyuu gozimashita

Егер зат есімдегі сөз жапондық «кун» оқылуымен жазылса, онда сөздің алдына «о» префиксін жалғау арқылы гоноратив формасын жасай аламыз. Мысалы, okane ал егер сөз «он» қытай оқылуымен берілсе, «го» префиксі қойылады. Мысалы, gohan.

Мәдениаралық коммуникация шеңберінде зерттеудің бірнеше бағыттары айқындалды. Оның бірі белгілі бір топ аумағы мен тыс жерде қолданылатын әртүрлі коммуникативтік стильдерді зерттеумен байланысты. Екінші бағыт өкілдері әртүрлі мәдениеттердегі дискурстық мінез-құлық ерекшеліктерін қарастырады. Кросс-мәдени прагматика шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер ішінде ағылшын зерттеушілері П.Браун, С.Левинсон еңбектерінде сыпайылық қағидасына көп көңіл бөлінген. Олар сыпайылықтың екі негізгі типін бөліп қарайды: оң және теріс сыпайылық. Оң сыпайылық байланысқа түскен серіктеспен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас. Теріс сыпайылықта сөйлеуші мен тыңдаушы арасында дистанция ұсталады. Бұл жіктеудің негізінде қарым-қатынас кезінде қауіп төнетін «әрбір адамның әлеуметтік бет-бейнені сақтау» страгегиясы туралы ой бары анық. Бұл стратегия қазіргі жапон тіл білімінде FTA (face threating act) деген терминмен белгілі. Де­мек, сыпайы мінез-құлық дегеніміз – тиімді байланыс нәтижелеріне жетуге бағытталған стратегия­лар жиынтығы, алайда әңгімелесуші «тұлғасына» әрбір байланыс жағдаятында қауіп төне бермейді. Теріс сыпайылық иерахиялық қоғамда орын алады. Онда жасы немесе қызметтік дәрежесіне қарай этикеттік бірліктер мен сыпайылықты дұрыс қолдануына қатты мән беріледі. Дәрежесі жоғарының өзінен төмен тұрғанға қатысты немесе бағыныштыларына ешқандай сыпайы форманы қолданбайды. Сонымен қатар, қоғамда жынысына қарай да тілдік бірліктердің қолданысы өзгеруі мүмкін. Мысалы, жапон тілінде кездесетін тек әйел адам қолданатын бірліктер немесе әйел адамның ер адамға қатысты қолданатын есімдіктер осының айғағы [14, 188 б].

Жапон халқының сөйлеу әдебіндегі ерекшеліктерге келсек, жапондықтардың қарым-қатынас кезінде бірнеше сөйлеу стратегиялары байқалады. Жапон тілінің маманы зерттеуші Такемацу Кукико жапондықтардың қарым-қатынас кезіндегі келесі стратегияларды атап көрсетеді.

  • Сөзді жанама жеткізу. Жапон тұлғааралық байланысында әртүрлі жағдайларда байқалатын жанама қарым-қатынас стилі қолданылады. Мысалы, « kirai- жек көру» орнына «amari suki janai қатты жақсы көрмейді», «heta қолынан түк келмейді» орнына «amari jo:zu janai қатты іскер емес», «warui жаман адам» орнына «amari yokunai жақсы адам емес» және т.б. Бұл стратегия әдетте ақпарат іздеуде, ойларды білдіруде, өтініш білдіру, шақыру т.б. жиі кездеседі.

Жапондықтар өтініш білдіруде тік сөйлеуден қашады, «~te (kudasai) Өтініш, мынаны істей салыңызшы». Кең қолданыстағы формалары (ең төменгіден жоғарғы сыпайылық деңгейіне дейін) «tekurenai Істейсің бе?», «temoraenai Істей салмайсын ба?» «temoraemasenka Істей аласыз ба?» «tekudasaimasenka Сіз істей аламаспа екенсіз?» «teitadakemasenka Сіз істеуге мүмкіндігіңіз бар ма?» деп келеді.

  • Сөйлеу кезінде «кедергілер құру» құрып сөйлеу стратегиясы. Кедергілер ойдың тура бол­мауына тосқауыл жасап, жұмсарту құралы болады. Аталмыш стратегия алғашқы стратегиямен тікелей байланысты, өйткені бұл стратегия кезінде де сұрақ қою жиі кездеседі. Сұрақ қою тікелей ойды жанамаға ауыстырады. Сұраулы сөйлемдер жиі қозғаушы сөйлеу актілерінде кездеседі. Жапон тілінде келесідей жұмсарту құралдары бар: мәселен, «сандық» кедергі, «Kono kopi: aruteido shichatte moraemasuka? тура аударғанда Көшірмелерді қаншалықты мүмкін бітіре аласыз? » немесе U-n, chotto muzukashi: desunee. Тура аудармасы. Иа, біраз қиындау болады… » және т.б. Келесі – кедергі «сапалық». Мәселен «Moshikashite honto:no koto o itta ho:ga iikana, to omoundesuga. Менің ойымша, мүмкін, Сізге шындықты айтқан дұрыс болар». «Қарым-қатынас» кедергісі, мәселен, «Bachigaina koto kamoshiremasenga…[~] nokoto wa kangaete imasuka? Бәлкім, бұл жерде айтылатын сөз емес, алайда Сіз оны ойламадыңыз [~]?» [14, 233-237 б].

  • Құрмет пен ізет көрсету. Сыпайы сөйлеңіз.

  • Өтініш кезінде адресаттың өтінішті орындайды деген түйін жасаудан әрі оны сөз арасында білдіруден аулақ болыңыз (істің орындалуына күдікпен қарау). Яғни, істің жүзеге асырылу мүмкіндігіне күдіктеніңіз, бұл оған әсер ету деңгейін азайтады. Мысалы, «Dekinakattara kamawanaindesuga, [~]shite itadakemasenka? тура ауд. Қолдан келмей жатса ештеңе етпейді, сонда да Сіз істей алар мекенсіз [~]?» [14, 233-237 б].

Сөйлеуші мен тыңдаушыны жалқылықтан босату. Бұл стратегияның мақсаты «мен», «сен (сіз)» есімдіктерін қолданбай, жанама жеткізу.

Кешірім сұрау. Браун және Левинсон жапон халқы қарым-қатынас кезінде әдетте теріс сыпайылық стратегиясын ұстанады делінеді. Адамдардың жанжал немесе қажетсіз қақтығыстың туындауынан қашып, өзін-өзі шектеп ұстауынан туындайды. Теріс сыпайылық иерархиясы жоғары қалыптасқан, адамдар арасындағы алшақ дистанцияны ұстауды қалайтын қоғамда көрінеді (Баун және Левинсон). Сөйлеуші өз іс-әрекетінің тәуелсіз адресатқа қауіп төндіру арқылы соған баруға себеп болады деп ойласа, көп жағдайда кешірім сұрайды. Мысалы, «Ojama shite mo:shi wakenaindesuga… дәл ауд. Сізге келтірген қолайсыздыққа айтар сылтауым жоқ, бірақ …»

  • Көрсеткен қызметі үшін алғыс білдіруді. Moshi [~]shite itadaketara issho: on ni kimasu. Егер сіз маған жасай алсаңыз [~], өмірі сізге рахметімді айтамын»

  • Әдетте жапон қоғамында сыйлық беру кезінде қолданылатын стандартталған этикет формуласы. «Honto:ni tsumaranai mono nandesuga, yoroshikattara ohitotsu do:zo. тура ауд. Шындығында, бұл түкке тұрмайтын нәрсе».

  • Тегі мен атағын қолдану. Жапон қоғамында адамның есіміне қызметіндегі лауазымын тіркей қолдану сыпайылық болып табылады, мәселен «Tanaka shacho: Танако компания президенті», сонымен қатар, тегіне жалғау қосу арқылы «san (sama) мырза, ханым» [14, 237 б].

Жалпы алғанда, жоғарыда айтып өткен оң және теріс сыпайылық, ол негізгі коммуникативтік актінің нәтижесі. Коммуникативтік акт дегеніміз – белгілі бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, демек, хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Лингвистикалық атаулардың сөздігінде хабар берушіні трансмиссор, ал хабар қабылдаушыны – рецепиент, сол сияқты хабарды жіберушіні – адресант, экспериент, сөйлеуші және қабылдаушыны – адресат, тыңдаушы деп те айтады. Қарым-қатынас процесінің кем дегенде төрт құрамды бөлігі болуы шарт, олар – сөйлеуші, тыңдаушы, тіл және талқылау тақырыбы. Кез келген сөйлеу әрекетінің құрамында мынандай бірліктер болады: мақсат, орны, қатынас әдісі, қатынас түрі (ауызша-жазбаша), қарым-қатынастың өту жағдайы (ресми- бейресми), сөйлеуші мен оның әлеуметтік рольдері, адресат пен оның әлеуметтік сипаттары. Демек, коммуникативтік актінің негізге субъектілері адресат пен адресант, олар қарым-қатынас барысында белгілі бір әлеуметтік рөлдер жүйесіне сай бір-бірімен араласады [14, 184 б].

Қарым-қатынас барысында адамдар мәртебелік, позициялық және ситуациялық рөлдер атқарады. Коммуниканттардың жынысы, мамандығы, ұлты, білімділігі, нәсілі, азаматтығы т.б көп жағдайда тұрақты болып, тек жасы бір жаққа қарай баяу ауысып отырады. Ал күнделікті тұрмыста орын алатын жолаушы, сатып алушы, тұтынушы т.с.с. рөлдері қарым-қатынасың өту орны.

Бұл ситуациялар әлеуметтік критерий бойынша «жоғары–тең–кіші», ал жас мөлшеріне байланысты «жасы үлкен – қатарлас – кіші» деп анықталады. Егер әңгімелесушінің екі не одан да көп сипаттары бір деңгейде болса, онда коммуникация симметриялы деп аталады. Ал егер олар елеулі белгілер бойынша ерекшеленетін болса, қарым-қатынас асимметриялы болады. Бұл жағдайда әңгімелесушілердің бір - біріне бейімделу процесі басталады, осы кезде сөйлеу этикеті ерекше қызмет атқарады.

Жапон тіліндегі коммуникация мәселесін зерттеуші А.А.Холодович: «қатынастардың асиммиляциясы төртеу, ал симметриясы екеу» - деп анықтай келе мынандай үлгі береді.

1. Асимметриялық қатынастар

– Жас мөлшері: X, Y–тен жасы үлкен

– Жыныстық иерархия X– ер адам, Y –әйел адам

– Қызмет орны: X – бастық, Y –қармағындағы қызметкері

– Қызмет көрсету саласы: X– клиент, Y –қызмет көрсететін тұлға

2. Симметриялы қатынастар

– Туыстық қарым-қатынас: X пен Y туысқан немесе туысқан емес

– Достық қарым-қатынас: X пен Y бір-бірімен таныс немес мүлде таныс емес [14, 177 б].

Жапон қоғамындағы қарым-қатынасты түсіндіру кезінде өзім және өзге оппозицияларын назарға алу керек.

Өзім және өзге оппозициялары. Ұлттық тілде «Өзім-өзге» қарама-қарсылығы мәдениет пен тілдік сананың құбылысы ретінде көрініс табады. «Өзім» жалпы тәуелділікке тән, басқалардан ерекшелігіде осында болады. «Өзімдікі» жекелік, «өзгенікі» ұжымдық. Осы концептің негізгі ерекшелік белгілеріне оның «басқа», «бөтен» концептісімен байланысына жатады. Бұл концептіге басқаша айтқанда «мен» де байланысты. Соңғы тілде есімдік, өздік идеясын көрсететін сөздер немесе әр түрлі тілдік құралдармен берілуі мүмкін. Белгілі қоғамның қалыптастырған және қолданған жеке есімдер ерекше рөлге, таңбалық қызметке ие болады. Концептуалды талдаудың негізінде кейбір концептің көріну зонасы «мен» сыртқы кеңістікті және ішкі концептуалды зоналарын көрсету мүмкін болады. Олар:

1) субъективті игерілген кеңістік;

2) сыртқы келбет және беттің бөліктері;

3) адамның жекелік заттары.

Субъектілік «менің» ішкі аймақтарына рационалды, эмоционалды «мен» кіреді.

Ал «өзім-өзге» туралы түсініктерге келер болсақ, олар ерте кезде архаикалық сананың ерекшеліктерін және әлемде өмір сүретін объекті қарама- қарсылықтарды көрсету үшін қалыптасқан. Сананың мұндай ерекшелігін ұжымдық ұғымдармен байланыстырады. Ұжымдық ұғымдардың құрылымдық концепци­ясын В.Б.Иорданский ұсынған. Ол ежелгі адамдардың санасында және ұжымдық түсініктерінде дәлме- дәл танылған элементтер және мифологиялық ақиқат бейнелер бар. Бөтен адамға тән белгінің бірі мінездің оғаштығы, томаға тұйықтығы, ерекше түрі, көзінің, тұр-әлпетінің ерекшелігі, киім киюінің, сөз қолданысының ерекшелігі. Қалалық немесе жат жерлік болуы да мүмкін. Қалалық немесе жат жерлік көйлек «басқа» басқа ретінде ғана түсінілмейді, таза емес күштің белгісі, дәстүрлі киім-кешек деп аталатын жалба-жұлба немесе ақырет ретінде түсініледі. «Өзім-өзге» қарама- қарсылығының мазмұнын ашу жеке адамды этномәдени бірлік ретінде түсінуді тұспалдайды. Мұндай қатынаста жеке адамдар туралы айтпайды, керісінше этностардың, этникалық топтардың өзара әрекеті туралы айтқанда, объективті және субъективті мазмұны зор этникалық сана сезімге негізгі рөл беріледі. Бұл дегеніміз жеке адам жалпы белгілердің күшімен мұра ретінде түсінілетін қасиеттің негізінде өзін белгілі қауымның этно-мәдени қауымдастығының мүшесі ретінде сезінеді.

Қазақ тілінде «өзім» концептісі өздік есімдіктерімен беріледі. Өздік есімдігіне жалғыз ғана «өз» сөзі жатады. Қазақ тілінде бұл есімдік көбінесе «өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз» деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Қазақ тілінде тәуелдік есімдіктерін сәйкес есімдіктер жоқ болғандықтан, олар тәуелдік жалғаулары мен тәуелдік мағына беретін жұрнақтар және өздік есімдіктері арқылы беріледі. Бұл кімнің үйі? - Менің үйім. Өз үйім - өлең төсегім. Қазақ тілінде өзім концептісінің аясы кең, өзге концептісінің аясы тар. Өзімнің жатқа айналуы сирек жағдай. Өзгенің өзіме айналуы жиі кездеседі. Жапондарда өзімнің өзгеге ауысуы, өзгенің өзіме айналуына қарағанда жиірек деп айтуға болады.

Жапон тілінде формаларды қолданған кезде «өзім мен өзге» ұғымдарына аса мән беріледі. Мысалы, басқа бір компания қызметкерімен гоноратив формасында емес, дипрецивтік формада сөйлеу керек. Яғни, егер өзге компания өкілімен өз бастығыңыз жайлы айтатын болсаңыз бастығыңызды өзім деп қабылдап биязы (дипрециативті) форманы қолдану керек. Өзге және өзім ұғымдарының отбасында және жұмыстағы қолданысын кесте жүзінде салыстырып өтсек:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]