Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.81 Кб
Скачать

2.2 Сөйлеу этикетінің ұлттық мәдени ерекшеліктері

Күнделікті өмірімізде қолданып жүрген сөйлеу этикеті белгілі-бір заңдылық пен ережелерге сай қызмет етеді. «Этикет – жүйесі болып табылады, «ритуалдық түрде адамдардың қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстау ережелері мен қабілетін білдіреді...» [26, 90 б], - деп С.Мағжан бейвербалды амалдарды айта келе оның өзін сөз этикетінің құрам бөлігі ретінде қарастырады.

Ал мұндай сөздер осы қоғамға тән әлеуметтік және биологиялық және критерийлерін анықтап, белгілі-бір тәсілдерін талап етеді. Демек, биологиялық және әлеуметтік критерийлер коммуникация процесінде аса маңызды рөл атқарады. Атап айтсақ, олар коммуникаттардың жас мөлшері, жынысы, қызметі, қай әлеуметтік топтың өкілі екендігі, т.б. белгілер болады.

Жас мөлшері бойынша әңгімелесушілер бірнеше топқа бөлінеді – балалар, жастар, орта буын өкілдері мен үлкен кісілер. Әр топтың мүшелері қарым-қатынас барысында сөйлеу этикетінің әр формасын сөйлеу ерекшеліктері мен қоғамда қалыптасқан талаптарға сай қолданады. Қатынас процесінде тұлғалардың ер немесе әйел жынысына жатуы үлкен рөл атқарады, себебі, биологиялық арнайы ер адамдар немесе әйелдердің сөйлеу мәнінің туындауына түрткі болады. Әйелдердің сөйлеу әрекетінде еркелету және сый-құрмет көрсету, ізет білдіру және тілек мәнді сөздер жиі кездеседі. Сол сияқты бұл топтағы коммуниканттар баға беру және жылулық таныту нышанын білдіру үшін экспрессивті әрі эмоционалды лексиканы көп қолданады. Сонымен қатар, тілдің құрылысында дауыс ырғағының әйел немесе ер адамдарға тән сипаттар мен ерекшеліктер жүйесі болады. Сөйлесу актісінде «Сен» немесе «Сіз» есімдерінің бірін таңдап алу бірқатар жағдайларға байланысты. Олар – коммуниканттардың аз уақыт таныс не мүлдем таныс болмауы; қарым-қатынастың ресми немесе бейресми жағдайда өтуі; сыпайылық пен әдептілік ұғымдарына сай болу; әңгімелесушілердің рөлдік көзқарастарының бірдей не тең емес болуы. Осы шарттардың орындауына байланысты туындайтын қағида-қазақ тілінде таныс емес адамдарға және үлкен дерге балалар «Сіз» деп сөйледі. Мысалы:

«- Сәния апай, сізбен бірге барайын деп едім». (Б.Мұқай)

Мұндай форма қазақ халқының сөйлеу әдебиетінің негізгі ережесі және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің бірі. Осы құбылыс жөнінде американдық зерттеуші И. Циртаутас пікірін былай білдіреді: «жас адамдар әдетте «Сіз» есімдігін жиі қолданатынын айту жөн. Ата-аналарына «Сіз»», - дейді.

«Сен» есімдігіне келетін болсақ – оның бойында «Сізге» қарағанда аз да болса еркіндік, өзімсіну, терезені тең ұстау, тіктік сипаттары бар. Сондықтан «сен» деп тұрып, «Сізге» лайық әдептілік таныту қиын. Ал халқымыздың игі қасиеттерінің бірі - ата-ананы сыйлау, оларды қадір тұту, ізет пен инабат көрсете білу болып табылады. Оларға «Сіз» деп тіл қату да сол сый-құрмет танытудың бір көрінісі [26, 64 б].

Сөйлеу этикетінің элементтері ретінде сәлемдесу, қаратпа, қоштасу, көңіл айту, рұқсат сұрау, мақтау, т.б. формалар бола алады. Тілдің байланыс орнату қызметіне лайық коммуникативтік актіде сәлемдесу және қаратпа сөз кез-келген тілде жиі қолданылалы.

Сәлемдесудің өмірде мәні зор. Себебі, танысу, әңгімелесу, жылы кейіп пен жақсы көңіл білдіру мен жағымды сөз айту аман-саулықтан басталады. Сәлемдесу рәсімі нақты жағдай мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне тәуелді, мысалы, әңгімелесушілердің жасы, жынысы, қоғамдағы орны, қызметі, лауазымы, коммуникацияның өту уақыты, ресми, бейресмилілігі, т.с.с. осыған байланысты қазақ тілінде амандық сұрасу формаларының бірнеше синонимі болады.

Ата салтымыз бен сөйлесу этикетінің заңдылықтары бойынша қазақ тілінде амандық сұрасудан соң шақыру, ниет білдіру сияқты конуструкциялары тән. Халқымыздың тұрмыс-салтына байланысты келген адамды шақыртуда «төр» ұғымы маңызды мағыналық және этнолингвистикалық рөд атқарады. Мәселен:

«...Төрлетіңдер! Күтуші күң бе, қызметші құл ма деп ойлаған едім. Қайдан келесіңдер?» (Д.Досжанов)

«Сөйлеу этикетінің келесі бір лексика-семантикалық тобы қаратпалар болып табылады. Тіл білімінің ономостика бөлімінде олар екі топқа бөлінеді: антропонимдер мен апелятивтер. Антропонимдерге келетін болсақ, қазақ тілінде олардың ерекше формасы ретінде сый-құрмет мағынасында қолданатын, адам атына –ақа, -еке, -қа, -ке, -а, -е қосымшаларды жалғау арқылы туған қаратпалар болып табылады» [27, 56 б], - дейді Г.Сәрсеке өз еңбегінде.

Бұл жоғарыда айтылған векативтер жасалу барысында кісі есімі едәуір қысқартылады, демек, атаудың басты әрпіне басты буыны негізге алынады. Қазақ дәстүрінде сыйлы адамды тікелей өз атымен атау ерсі саналады, мысалы:

«- Жүсеке, жүріңіз, ауыл сыртына шығып серуендеп қайтайық». (І.Есенберлин)

Қаратпалардың екінші тобы – апелятивтер, оларды біз мағынасы мен қызметіне қарай бірнеше сыныпқа бөлдік: туыстық атаулар, сый-құрмет білдіру вокативтері, араб тілінен енгендер, таныс емес адамдарға айтылған, тарихи коммуниканттарға жасы, жынысы, қызмет бабы бойынша дифференциацияланатын атаулар.

Қазақ тілінде вокативтердің ішінде туыстық атаулар ерекше топты құрайды. Себебі, олар орыс тіліне қарағанда мағыналық ерекшеліктеріне са өзгеше, сондықтан сан жағынан да көп. Ғалымдар оларды белгілі-бір критерийлерге байланысты бірнеше сыныпқа бөлінді. Дәлірек айтқанда, А.Қобланова төмендегідей сатыларды көрсетсе:

  • әке жағынан;

  • шеше жағынан;

  • некелік қарым-қатынас;

  • құдандалыққа байланысты; [7, 16 б].

Ал, Б. Тамаева оның мынадай түрлерін атап өтеді:

  • қандас туыстық атаулар – ерлер және әйелдер қатынасы;

  • құдандылық неке қиюға қатысты атаулар.

Биологиялық немесе әлеуметтік критерийлерге байланысты іріктелуіне келетін болсақ, қазақ тілінде адресаттың жасы жағынан үлкен не кіші болуынан «кіші іні»-«іні» немесе «бауыр» деп аталды. Мұнда сонымен қатар, биологиялық белгі де үстеме мағына береді. Сол сияқты осы өлшемге байланысты «қарындас не сіңлі» деп аталады.

Сонымен қатар, А.Сейсенова «аға» вокативінің туыстық жүйе ішінде жіктелетінін айтады:

  • жасы үлкен өз ағасы;

  • әкесінің ағасы;

  • әкесінің інісі;

  • немере (шөбере) ағасы;

  • аталас адам;

  • жасы үлкен еркектер болуы мүмкін. Осы тізбектен туындайтын ой – бір ғана «аға» атауы қазақ тілінде ерекше сипатқа ие. Әрі тіліміздің ұлттық-мәдени ерекшелігін айқындата түседі [6, 67 б].

Тіліміздің туыстық атаулар жүйесінде тағы да бір өзгешелігі – олардың әкек немесе анаға байланысты бөлінуі. Демек, көптеген атауларға «нағашы» сөзі жалғанып келеді, мысалы, нағашы ата, нағашы апа, нағашы аға, нағашы қарындас, т.б. Ал, екінші жақтағылар жиен қарындас, жиен іні, жиеншар, бөле, т.б. болып кете береді.

Қазақта қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін келген жеріне «келін» атанары белгілі. Орыс тілінде оның «сноха» немесе «невестка» болады. Ал жасы мен жолы кішілерге ол «жеңге» атанады. Бұл атау орыс тілінде сол «сноха» вокативі арқылы беріледі.

Сондай-ақ, қазақ тілінде некеге байланысты, соның ішінде қайын жұртқа қатысты туыстық атаулар өте көп. Демек, жүйе құрайды, мысалы, қайын ата, қайын ене, қайын іні мен қайын сіңлі, балдыз, бажа мен абысын, құда мен құдағи, құдаша мен құда бала, ілік пен жегжат болып кете береді.

Халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің қазақ тілінді тағы бірі – адамға құрмет пен ізеттілік, кішіпейілділік пен сыпайылық танытуды ат теруге немесе жанама ат қою. Ұлтымыздың қалыптасқан дәстүрі бойынша келін түскен ауылының үлкен-кішісінің атын атамайды, оларға лайық ат қойған. Бұл атауларды табу сөздер деп атайды және олардың бойында эмоционалдық-экспрессивтік мән үстем болады. Сонымен қатар, мұсылмандарға тән отбасындағы игі дәсдүр – күйеулерінің атын атамайды, «отағасы», «біздің үйдің кісісі», «пәленнің көкесі не әкесі», «әлгі кісі», т.б. формаларды қолданады.

Тілімізде апемиятивтердің ерекше бір тобы – балаларға қатысты айтылған, еркелету мағынасы бар экспресивті-эмоционалды вокатитер. Олар жөнінде Американдық ғалым И.Циртатус мынандай пікір айтады: «Қазақ тілі еркелету, ізет мағынасын білдіретін амал-тәсілдерге өзге түрік тілдеоіне қарағанда әлдеқайда бай»

Олар көбінесе жұрнақ, одағайлардың көмегімен туады және тәуелдік форманың I жағында болады: құлыншағым, ботақаным, құлыным, боташым, балақаным, қошақаным, жарқыным, көкетай, шырағым, т.с.с. Бұл вокативтердің кейбірінің орыс тілінде баламалары болмауы да мүмкін, өйткені, олар тіліміздегі сөйлеу этикетінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің айғағы болып табылады. Осы ерекшелік жөнінде жоғарыда сөз болғандай зерттеуші А.Сейсенова: «Олар еркелету, ізет мағынасындағы сөздерді пайдалануға ұлттық мінез-құлықтың ең бір маңызды, басты ерекшелігі деп біледі. Сол себептен мұндай тілдік құбылыстарды зерттеу, қазақ мәдениетін білуге басқыш кіріспе бола алады», - дейді.

Соңғы жылдары тілдің коммуникативтік аспектісі, функционалдық жүйесі, әр ұлт өкілдерінің қарым-қатынас барысындағы жүріс-тұрыс ерекшеліктері, сөйлеу әрекетінің негізгі қағидалары мен қызметі т.б. мәселелерге көп көңіл бөлінуде. Адамзаттың өткені мен мәдениетінің қайнар көзіне зер салып, ойланатын болсақ, тілдің адам өміріндегі маңызы мен мәніне назар аударамыз. Кез келген этностың өткені мен бүгіні, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыбы жөнінде мағлұматты тілдік жүйе арқылы аламыз. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениетті қолданудың бірден-бір шарты. Белгілі ғалым Э.Бенвенистің тіл, мәдениет және жеке адам үштігі негізінде басқа бір лингвистика тууы мүмкін, деген ұшқыр ойы ХХ-ғасырдың соңы онжылдығында қалыптаса бастаған, жеке әрі дербес лингвистика мәдениеттану пәнінің пайда болуына болжал болған сияқты.

Тіл мәдениеттің ұлттық ерекшеліктері, этнопсихолгоиялық болмысы, қарым-қатынастың әр лингвомәдени қауымдастықтағы өзгешеліктері мен коммуникациядағы бейвербалды компоненттердің қызметі және т.б.мәселелер көптеген монографиялар мен мақалаларда қарастырылған.

Сөйлеу этикеті қарым-қатынас процесінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындау процесінде маңызды, себебі коммуникативтік мүмкіндіктер мен әрекеттер этнос мәдениетінің спецификациясына байланысты.

Қаратпалар – cөйлеу этикетінің күрделі әрі көпжақты бірліктерінің бірі, қатынас орнату және жалғастыру қызметтерінде қолданылады. Кез келген этностың тілінде қаратпа сөздердің белгілі бір жүйесі бар, оған кіретін әр элемент өзіне тән сементикалык ерекшелігі мен функционалдық сипаттарына байланысты өзге компоненттерден ерекшеленеді. Зерттеуіміздің жүйелі болуы үшін біз қаратпаларды антропонимдер және апеллятивтер деп екі топқа бөліп қарастырдық.

Сөйлеу әрекетін орнату және жалғастыру кезеңдерңнде ең көп кездесетін қаратпа түрі - адамның азан шақырып қойған аты. Антропонимдер кез келген тілде өтетін қарым-қатынас процесінің негізгі компонентті ретінде қызмет етеді. Әр адамға өзінің есімі ерекше ыстық және құлаққа жағымды естіледі, қарым-қатынас пен шешендік өнердің белгірі

Д.Карнеги « Помните, что имя человека – это самый сладостный и самый важный для него звук на каждом языке,» - деген болатын.

Орыс тілінде жалқы есімдердің толық және қысқа формалары болғандықтан, сөйлеу әрекетінде олардың біреуін қолдағанда сөйлеушінің адресатқа деген көңілі мен қатынастың түрі (ресми-бейресми) анық байқалады. Демек, кісі есімінің толық формасы ресми ситуацияда, онша жақын емес адамдардың арасында, бейтарап қалып ретінде қолданылады. Ал орыс тіліндегі кісі атының қысқа түрі жақын таныс немесе туыс адамдар мен дос- жарандардың арасында, бейресми жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, орыс тілінде қысқартылған кісі есімдеріне арнайы экспрессивті баға беріледі. Мәселен, -очка, -енька, -ик, -ок аффикстері еркелету мағынасын берсе, -к қосымшасы кішірейту мағынасында қолданылады (Лидочка, Наташенька, Марик, Димок, Юрик).

Барлық түркі тілдес халықтардың болмыс-тіршілігі және мәдени өмірінде жалқы есімдер ерекше орын алады. Бұл , әрине, мұсылман халықтарында кісі есімінің спецификалық мағынасы мен астарының болуы, жалпы, мотивациялануына байланысты туған ерекшелік. Бұндай этномәдени сипат қазақ антропонимдеріне де тән. Кісі есімдері халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі және ырым-жоралғыларына байланысты қойылады. Бұған дәлел ретінде Ботагөз, Наурызбай, Айтбек, Ұлтұған, Шалабай, Құдайберген т.б. емімдер бола алады.

Қазақ тілінде өтетін қарым-қатынас процесінде өзге тілдердегіде антропонимдер дара түрде жақсы және әлеуметтік жағдайы тең коммуниканттардың арасында қолданылады.

Мысалы:

« - Ғалия мен сені жолдан алып кетейін.

Бекен, мен шығайын деп жатырмын» ( Өмір сүргің келсе Р.С.,12). Сонымен қатар, орыс тілінен енген, демек, әкесінің атын өз есімімен қоса айтатын қаратпа формалары ресми жағдайда немесе таныс емес коммунианттардың арасында жиі кездеседі. Қазақ тіліндегі сөйлеу әрекетәнде кісі есіміне – тай,-жан қосымшаларының жалғануы арғылы пайда болатын вокативтер экспрессивті-эмоционалдығ реңкпен ерекшеленеді;

« - Нарқызжан, Сізге айтпақ сөзім бар» (« Ақ боз үй», С.Е., 142):

« - Сабыртай, естімеген шығарсың . . .» («Алтын құс», С.Е 318) .

Бұндай қаратпалар жағсы таныс немесе туыс, әлеуметтік белгілері бірдей адамдардың арасында және еркелету мағынасында қолданылады.

Халқымыздың үлкендері сыйлап, сыпайылық танытып, сыйлы адамдарды құрметтеу дңстүрлі белгілі бір вокатив формаларын қолдану арқылы байқалады. Ұлттық мңдени сипаты бар бұндай этикет формалары жалқы есімге -еке, -ақа, -ке, -қа, -е, -а қосымшаларының жалғанып және олардың жалғанып және олардың түрленуі нәтижесинде пайда болады;

« - Жүсеке, жүріңіз, ауыл сыртына шығып азырақ серуендеп қайтайық» («Көшпенділер», І.Е.,190 ).

Көркем шығармаларда белгілі бір этностың мәдениеті мен салт-дәстүріндегі ерекшеліктер кейіпкерлердің сөйлеу әрететәнде көрсетәледі. Әдеби туындыларды аудару барысында тәржімәшілар сипатталып отырған тарихи-оқиға немесе кезең, халықтың өміріндегі өзгерістер, кейіпкерлердің психологиялық күйі мен ішкі жан дүниесі т.б. жағдайларда ерекше тілдік бірліктер мен сөйлеу этикеті формалары арқылы беріледі;

« - Пееке в командировке, -весело сообщила Орик» («Золотый кони просыпаются» И.Е.,407).

Қазақ және орыс тілдерінде коммуникативтік акт барысында кісі есіміне туыстық атауларды қосу арқылы пайда болған қаратпа формалары жиі кездеседі;

« - Иә, Ақметқали аға» ( Аманат, І.У., 374);

« - Балжам - қызым қой» («Ақ боз үй»І.Е., 239).

Орыс тілінде мәтәндерде түпнұсқадағы қаратпа түрі кейбірде еш өзгеріссіз беріледі;

« - Аман –ага , да бросьте себя мучить!» (« Опасная переправа», И.Е., 11)

Кешегі күнге дейін советтік дәуірдәі айғағы саналған «жолдас»., «азамат/ша» және « товарищ», гражданин(ка) атаулары кісі есімі немесе фамилиясымен өосарланып қаратпа формаларын құрған . Мысалы:

« - Бүкіт Кунтуаров жолдас, енді Сіз боссыз» («Қатерлі өткел», І.Е.,86)

Тарихи романдарда кісі есімімен өоса кейіпкердің лауазымы мен дәрежесі, атақ даңқы мен өоғамдағы орны т.б. сипаттарын атайтын сөздерді қаратпа формалары ретінде өолданылады, мысалы:

« - Жау келе жатыр, Абылай сұлтан» (« Жанталас» І.Е.,18)

Сонымен қатар, халқымыздың тарихы мен өткенін бейнелейтін шығармаларда кісі есіміне «батыр» сөзінің тіркесуі арқылы пайда болған вокативтер кеңінен қолданылады.

Қазақ этносының сқйлеу мәнерінде әңгімелесушінің ел- жұрты, шығу тегі, яғни руының атын негізгі есімімен өолдану салты бар. Бұндай конструкциялар халқымыздың салт – дәстүрі мен болмыс – тіршілігінің белгісі ретінде қарым- қатынас процесінде қаратпа рөлінде қызмет етеді. Аудармаларда олар сол күйінде қолданылады:

“ - Говори Джалайр Борибай!”

“ - Мы все сказали тебе, Каракипчек Кобыланды!”

Қос тілде де антропонимдер қарым-қатынасты орнату, жалғастыру функцияларын орнату кезінде тілдесуге ұлттық сипат беріп отырады. Олардың еркелету немесе сый-құрмет таныту формалары ұлттық тілдің сөзжасам қорын анық байқатады. Сөйлеу этикетінің осы белгілі лингвомәдени қауымдастықтың тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мен өзара әсері процесінде ерекше рөл атқарады.

Күнделікті қарым-қатынас кезінде біз таныс немесе бейтаныс, туыс немесе мүлдем жақын емес адамдармен, өзіміздің әріптестеріміз және замандастарымызбен тілдесеміз. Сөйлеу әрекеті барысында адресаттың көңілін аударту үшін белгілі бір вокативтерді қолданудың арқасында қатынас үндестік жағдайда өтеді. Бұндай жылы және жағымды қарым-қатынастың орнауына қаратпалардың екінші түрі – апеллятивтер қызмет етеді.

Вокативтердің бұл тобы адресаттың әлеуметтік статусы, жасы мен жынысы, мамандығы мен қызмет дәрежесі, білімділігі мен тұрақты жері т.б. критерийлерге тәуелді. Оларды туыстық атаулар, әңгімелесушінің қызметі, лауазымы, мамандығы, мінез-құлығы, жасы т.б. белгілерді анықтайтын және белгілейтін вокативтер деп топтастыруға болады. Апеллятивтер кез келген тілдің ұлттық мәдени ерекшеліктерін анықтап отырады. Олар үлкен жүйе құрайды, кең тараған және көп қолданылатын вокативтерді қамтиды. Апеллятивтердің ішіндегі ең үлкен топ туыстық атаулар, олардың мағынасы мен қолданылу аясы, адамдардың туыстық дәрежесі т.б. өлшемдер жіктеуге мол мүмкіндік береді. Мәселен, орыс тіліндег туыстық атаулар тіке туыстық, жақын туыс емес адамдарды анықтайтын атаулар, ресми некелік қатынастарға байланысты терминдер, үрім бұтақ және ұрпақтарды атайтын сөздер деп бөлуге болады.

Қазақ тіліндегі ағайын туыстың арасындағы қолданылатын атаулар 70-тен асады, олардың әрқайсысы туыстық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекетінде іріктеліп, пайдаланылады. Тіліміздегі туыстық атауларға лингвистикалық мәдениеттану пәнінін тұрғысынан талдау жасауда, біз ең алдымен, олардың қандас туыстықты белгілейтін формаларын биологиялық критерий бойынша сұрыпталатын түрлерін қарастырдық, сонымен, ер адамдарға қатысты “баба, ата, әке, көке, іні, бауыр, ұл” т.б. терминдер қолданылады. Ал әйел кісілерге “әже,апа, шеше, тәтей, апай, қарындас, сіңлі, қызым ”формалары айтылады. Жоғарыда аталған және осы туыстық терминдері халқымыздың дәстүрлі қарым-қатынас құралы ретінде туыс емес немесе мүлдем таныс емес адамға да қатысты айтыла береді.

Балаларға қатысты қазақ және орыс тілдерінде туыстық атаулардың ішінде “бала, қыз, ұл- ребенок, дитя, дети, дочь, сын, доченка, сыночек” т.б. вокативтер қолданылады. Сонымен қатар, қазақ халқының өкілдері балараға қатысты “тұңғыш, ортаншы, кенже бала” деген апеллятивтерді де айтады. Ұлдың немесе қыздың баласы, ұрпағы болуына байланысты жіктеп көрсететін және халқымыздың ұлттық мәдени ерекшеліктерінің бір көрінісі болып есептелетін туыстық атаулардың тағы бір тобы- “немере, шөбере, жиен, жиеншар” вокативтері.

Ұлттық тұлғаның екінші жұрты – нағашыларға байланысты туыстық атаулардың үлкен бір тобы бар. Анасының туысқандарын арнайы атау қазақ этносының ежелден келе жатқан және халықтың салт-дәстүрімен байлаысты ұлттық мәдени ерекшеліктердің бірі. Шешесінің еліндегі туыстарын атауда “нағашы” сөзі тіркесіп келеді, мысалы, “нағашы ата, нағашы апа, нағашы аға, нағашы іні” т.б. нағашы жұртына қыздың баласы жиен болғандықтан, жоғарыда аталған “жиен, жиеншар” атаулары қолданылады.

Қазақ тіліндегі туыстық атауларды қандас туыстық пен некеге байланысты терминдер деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Құдандалық пен некеге байланысты қолданылатын туыстық атаулар қазақ тілінде балама ерекше және ауқымды топ құрайды, олардың орыс тілінде кейбіріне балама жоқ болғандықтан, адекватты аударма жасау қиынға түседі. Халқымыздың салт-дәстүріне сай қызмет атқаратын осы туыстық атаулар үлкен жүйе болып, бірнеше топқа бөлінеді. Олар ерлі-зайыптылардың өз араларындағы, келін мен келген жер, келіннің түскен жері, күйеуі мен қайын жұрт, апалы-сіңлілердің күйеулері мен ағалы-інілердің әйелдерінің арасындағы қатынасты анықтайды.

Орыс тіліндегі туыстық атаулардың бұл тобын зерттеуші В.В. Воробьев “термины свойства” деп белгілеп, некеге байланысты туған атауларға ерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты вокативтер, зайыбының туысқандары мен құдалардың арасында қолданылатын апеллятивтерді жатқызады. Мысалы, “муж, жена, свекровь, свекор, тесть, теща,зять, сноха, деверь, золовка, свояченица, сват, сватья” терминдерінің барлығы енеді.

Қазақ тіліндегі неке туыстық терминдерге тоқталатын болсақ, ең алдымен некеде тұрған екі адамның арасында қолданылатын терминдер, демек “әйел/күйеу/, ер/келіншек/” және эвфемизмдер ретінде қолданылтын “зайып, жолдас, жұбай” т.б. атау жөн. Тұлғалардың атастырған немеес үйленген уақыты мен ерекшелігіне қарай “қалыңдық, күйеу бала, қатын, бәйбіше, тоқал, ер, әйел, ерлі-байлы, жар, зайып, жұбай, ерлі-зайыпты, қосақ, жолдас, нақсүйер, қыздай алған, жеңге алған” атаулары бар. Қазақ отбасындағы халқфмыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан осы туыстық атаулардың көпшілігі күнделікті қарым-қатынас барысында және талданған шығармаларда жиі кездеседі. Жігіттің үшінші жұрты- әйелінің туыстары, яғни қайын-жұрты. Халқымызда “Пайғамбар да күйеуін сыйлаған” деген мақал бар, сондықтан да болар, қазақ күйеуді құрмететтеп отырады. Қарым-қатынас барысында жігіттің жолы мен жасына байланысты “күйеу, күйеу бала, жезде” вокативтер қолданылады.

Халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан дәстүріне сай қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін келген жеріне “келін” атанады. Орыс тіліндегі бұл атаудың баламасы ретінде “сноха” немесе “невестка” терминдері қолданылады. С.Елубаевтың шығармасындағы осы атау аударма мәтінінде еш өзгеріссіз берілген. Жасы мен жолы үлкендерге келіншек “келін” болса, ал кішілерге “жеңге” атанады. Бұл атау қазақ тілінде әр түрлі түрленеді, мәселен – жан, - тай аффикстерінің жалғануы арқылы, тәуелдік формада және фонетикалық өзгерістерге түсіп (жеңеше, жеңгетай, жеңгемқайыр) т.б. формада болады.

Қазақ тілінде некеге байланысты, соның ішінде қайын жұртқа қатысты атаулар өте көп. Олар белгілі бір жүйе құрайды және мағынасы мен қолданылу аясына қарай топтастырылады. Мәселен, келін келген жеріндегі ерінің туысқандарын “қайната, қайынене, қайнаға, қайынсіңлі, қайынбике” деп атайды. Қазақ халқының дәстүріндегі бір ерекшелік- адамдарға құрмет пен ізеттілік, кішіпейілділік пен сыпайылылық танытуды көздеген кезде әдет- ғұрыптардың ішінде ат тергеу немесе жанама ат қою салты. Ұлтымыздың қалыптасқан дәстүрі бойынша келін түскен ауылының үлкен-кішісінің атын атамай, оларға лайық ат таңдаған. Ат тергеуде келіндер ерекше тапқырлық танытып қайын жұрт еліндегі адамдардың түрі мен мінезі, кәсібі мен белгіленген жолына қарай ат таңдаған. Олардың арасында (мырзаға, молда жігіт, сынықшы ата, аңшы қайным, сал бала, қара бала, көзі ашық, үкілі жан, тетелес) т.б. бар.

Ат тергеу барыснда пайда болған апеллятивтерде эмоционалдық экспрессивтік реңк үстем болады. Әсіресе, қайындары мен қайын сіңлілеріне арнап қойған аттарда жақсы көру, сұлулыққа және сүйкімділікке баулу мағынасындағы ішкі сезімдер астасып жатады.

Ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің бір көрініс ретінде қазақ тілінде апеллятивтердің балаларға қатысты айтылатын, еркелету мағынасы бар экспрессивті- эмоционалды қаратпа формаларын атауға болады. Мысалы, “құлыншағым, ботақаным, қарашығым, көкем, қарағым, қалқашым, балақай, шырағым, жалғызым, жарқыным” т.б. Балаларға деген ыстық ықылас пен әкелік сезім және аналық махаббат осы лексикалық топтағы бірліктер арқылы беріліп отырады.

Қорыта келгенде, қаратпалардың антропоним және апеллятив түрлері кез-келген тілде ұлттық мәдени ерекшеліктер ие, сол себептен этностың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпының сипаттары мен айқындалып отырады. Қаратпалардың барлық түрі коммуникативтік актінің негізгі элементі болғандықтан, тіл мен мәдениеттің өзара байланысын анықтауда өте маңызды. Олардың белгілі бір формасын қолдануда қарым-қатынас барысында сыпайылық пен әдептілік, ізеттілік пен мәдениеттілік категорияларының орны ерекше.

Сөйлеу актілеріне әсер етуші тілден тыс факторларды да зерттеушілерімізге сүйене отырып айта өткенді жөн көрдік. Соңғы жылдары негізгі зерттеулер прагматика аясында, яғни сөйлеуші және жазушы субъектілердің, олардың түрлі «менінің» төңірегінде, адресант пен адресаттың, сөйлеуші мен тыңдаушының, жазушы мен оқырманның арасындағы қарым-қатынас, сөзбен әсер ету, иландыру т.б. түрінде жүргізілуде.

Сөйлеу актілерінің теориясын зерттейтін прагматика ғылымында сөйлеуші айтылымды бұған дейінгі айтылыммен, тыңдаушының ақпараттық деңгейімен, өзінің және тыңдаушының психологиялық күйімен тығыз байланыста қарайды. Әрине, айтылым мазмұнының пропозициясы оның нақты семантикасы болып табылады. Себебі шынайы өмір тілдің семантикасында бейнеленеді де, таным процесі, ұғымның қалыптасуы да семантикада жүзеге асады. Ал айтылымның өзіндегі ақпарат субъекті, оның пікірі, айтылғанды қабылдауы туралы болып келеді. Сөйлем-айтылымның барынша байқалатын тұсы – нақты номинативтік мағынасы мен коммуникативтік қызметінің үйлеспейтін кезі. Ғылымдағы қазіргі ұстанымға сүйенсек, сөйлеу актісініндегі сөйлеуші мен тыңдаушының қатысуынсыз әрі коммуникативтік жағдаяттан хабардар болмай, айтылым семантикасына толық сипаттама беру негізсіз болып шығады. А.А.Леонтьевтің айтуы бойынша: «Адам сөйлеуші мен тыңдаушы ретінде тілдік ортамен де, қоршаған ортамен де тығыз байланыста болады. Яғни, белгілі бір дәрежеде ол тілдің ішінде өмір сүріп, әрекет етеді» [1, 21б].

«Прагматиканың негізі тілдің субъективтілігінде. Ол мына төңіректе қарастырылады:

1) күнделікті қарапайым сөйлеуде – сөйлеушінің нені және қалай айтуға көзқарасы: ақиқат, объективтілік, сөйлеушінің болжамы, оның шынайы-жалғандығы, әлеуметтік ортаға және тыңдаушының әлеуметтік жағдайына бейімділігі;

2) сөйлеуге тыңдаушының бағасы – қаншалықты ақиқат, объективтілігі, шынайылығы немесе жалғандығы, күмәнділігі, адасуға апарып соғуы;

3) көркем тілде – жазушының шындық болмысқа, нені және қалай бейнелеуге көзқарасы, оқырманның мәтінге және көркем шығармаға түгелдей көзқарасы. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, бұл сұрақтардың тоғысар тұсы – субъектілік категориясы, тағы бір топ ғалымдардың пікірінше – әлеуметтік жағдаят пен адресат факторы»[2, 174 б]. Прагматика тілдік таңба мен сөйлеушінің, тыңдаушының арасындағы қатынасты анықтайды, не үшін сөйлеп тұр, сөйлеуші бұны нендей оймен айтты деген тәрізді сұрақтарға жауап береді.

Сөйлеудегі сипатына қарай шарт бірыңғай шарт түрінде келе бермейді. Қарым-қатынас барысындағы сөйлеушінің мақсатын басты бағдарға алғанда, тілдік тұрғыдағы сөйлем предикатының морфологиялық тұлғасы негізгі мақсат болмайды. Өйткені сөйлеу жағдаяты шешуші болады. Шартты рай формасымен жұмсалған сөйлеу актілері ықпал етуші күштердің әсеріне қарай, тыңдаушы мен сөйлеушінің ниет етуі, қалауы, өтініші, ұсынысы, ескертуі, наразылығы, таңдануы т.б. білдіреді. Сөйлеу актілерінің бұндай мүмкіндігін прагматикалық және коммуникативтік контексінің типтерін анықтау арқылы ғана білуге болады. Айтылымда бұл модальділік арқылы байқалады. Біз мақаламызда бұрықты сөйлемдегі сөйлеу актілеріне тоқталамыз.

Бұйрықты сөйлемдерде тілдік емес (экстралингвистикалық) факторлар да маңызды болып келеді. Атап айтқанда, айтылым жағдаяты, айтылымға қатысушылар, коммуниканттардың рөлдік қарым-қатынастары, жас ерекшеліктері, әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтары.

Бұйрықты сөйлемдегі ой тура сөйлеу актісі, яғни бұйыру түрінде айтылатын болғандықтан, біз бұл тұста айтылым жағдаятын оған қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен байланыстырып талдауды ұсынамыз. Бұйрықты сөйлемдегі коммуникативтік контекстердің типтерін Е.И. Беляеваға сүйеніп, ондағы ара қашықтық пен рөлдік қатынастарды жіктедік [3, 26 б].

Симметриялық коммуникативтік контекст:

А. Жақын әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы өзара тең қатынастағы айтылым. Мысалы: - Сонда маған қандай ағалық ақыл айтасың? – деді Едіге. – Саған ақыл бере алатын болсам, мен бүйтіп жүрмес едім ғой. – Халел Едігені бір қолымен қаусыра құшақтап, арқасынан қақты. – Ал қыз жайына келсек ... орыстар айтады ғой, әркім өзінше ақылынан алжасады деп, көңілің қалай қаласа, солай толқы, солай сүй ... мүмкін соның өзі дұрыс шығар .. Біз қайдан білейік (М.Мағауин). Бұл – айтылымға қатысушыларды ешбір міндетке мәжбүрлемейтін орында өтіп жатқан жағдаят. Дәлірек айтсақ, сауық кешіндегі, аға мен інідей жақын болып кеткен достарға тән айтылым.

Ә. Алыс әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы өзара тең қатынастағы айтылым. Мысалы: - Қойшы-ей, мынау дөй ғой, ей, - деп Есікбай сілекейін Аянға тағы жақты. – Жүр ал, Есікбай көкеңнің жұдырығын иіскегің кеп тұрса(С.Мұратбеков). Айтылым пресуппозициялары:

- ойынға жаңадан бір бала қосылды;

- сөйлеушінің сол ортадағы өзге балаларға ықпалы басым;

- тыңдаушы ол тәртіпке бағынғысы келмейді.

Айтылымға қатысушылар – жастары тете ауыл балалары; айтылым жағдаятының өту орны – ауыл көшесі. Сөйлеушінің айналасына ықпалды екенін Есікбай көкеңнің жұдырығын иіскегің кеп тұрса синтаксемасы дәлелдейді.

Ассиметриялық коммуникативтік контекст:

А. Жақын әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы үлкен-кіші арасындағы айтылым.

Қит етсе төркініне қашу деген не ол? Көп ұзамай ағаң келеді. Берер ақылым – ол келмей тұрғанда көзіңді құрт.

Келсе келсін. Бәрін айтам. Қарындас намысы қымбат болмаса, өзі білсін(Д.Исабеков). Айтылымға қатысушылар – жеңгесі мен қайын сіңлісі; айтылым жағдаятының өту орны – ағасының үйі. Пресуппозициялары:

- қайын сіңлісі күйеуіне өкпелеп, ағасының үйіне келіп отыр;

- сөйлеуші (жеңгесі) тыңдаушының «қайтып келгенін» қаламайды;

- тыңдаушы ашулы. Сөйлеушінің сөзінен «Қыз - қонақ», «Қыз – жат жұрттық», «Барған жерге тастай батып, судай сің» деген қыз тәрбиесіне қатысты ұлттық дәстүрдің ерекшеліктері аңғарылады.

Ә. Алыс әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы кіші-үлкен арасындағы айтылым. – Әй, кім де болсаң иттерді босатып жіберем де сорыңды сорпадай қайнатам. Кәне, шық бері!.. Әсет қолындағы таяқты қыса түсіп, демін ішіне тартып тым-тырыс қатып қалған. Бала тағы біраз тұрды да ақыры: - Жарайды, бір жолға иттерді босатпаймын, ал енді терезені қағатын болсаң аяйды екен деме! – деп ескертті де үйге кіріп кетті. Әсет кейін қайтты. «Шықпаса қойсын. Қояйыншы осыны ...» - деп түйді (С.Мұратбеков). Айтылым пресуппозициялары:

- қараңғыда жігіт қыз үйін торуылдап жүр;

- сөйлеуші (қыздың інісі) бейтаныс адамға сес көрсетіп тұр;

- тыңдаушының әрекеті нәтижесіз болып тұр. Айтылымның өту орны – ауылдағы қыз үйінің маңы; айтылымға қатысушылар – қыздың інісі мен қараңғыда көрінбей тұрған жігіт.

Б. Жақын әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы үлкен-кіші арасындағы айтылым.– Қарағым, жолың болсын, - деді жыламсырап. – Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң, тауып келерсің әлі ...(С.Мұратбеков). Айтылым пресуппозициялары:

- үлкен кісі ұл баламен қоштасып тұр;

- сөйлеуші оның алыс ағайыны, әйел адам;

- тыңдаушының әкесі соғыста қазақ тапқан.

В. Алыс әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы кіші-үлкен арасындағы айтылым.– Біріншіден, маған неге ұрыспайсыз? Мен жұмысты тастап кеттім ғой. Бархан күлді.

- Ұрысуға адам әрқашан үлгіреді. Одан бұрын ұғысуды ойлау керек. Бірінші сұрағыңызға «қанағаттанарлық» жауап алдым деп ойласаңыз, екінші сұрағыңызға көшіңіз (Ә.Нұршайықов). Айтылым жағдаятының өту орны – кеңсе; қатысушылар – бастық пен оның қабылдауына келген қызметкер. Айтылым пресуппозициялары:

- еңбек тәртібі бұзылған;

- сөйлеуші таңданыс білдіруде;

- тыңдаушы сөйлеушінің әрекетін іштей құптап отыр.

- Кругом! – дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықша айналып кейін бұрылып, есікке қарап тұрады. – Сен еркек болсаң, онда шашыңды еркекше алдырып кел. Марш!

Айтылым жағдаятының өту орны –Баукеңнің үйі; айтылымға қытысушылар – Баукең мен журналист жігіт.

... Бастық ашуланады. – Ол материал программада тұр. Шашың тұрғай басыңды алдыртсаң да бүгін материал осында болсын! – деп бұйырады ол жігітке (Ә.Нұршайықов). Айтылым жағдаятының өту орны – редакция; коммуниканттар – бөлім бастығы мен журналист жігіт. Айтылымның пресуппозициялары:

- газеттің кезекті нөміріне Б.Момышұлы туралы материал шығуы керек;

- сөйлеуші тыңдаушыдан шашын қысқартуын талап етеді;

- тыңдаушы сән үлгісіне еліктегенді ұнатады.

Сонымен, бұйрықты сөйлемдерде негізгі мақсат бұйыру болғанмен, тілдік емес (экстралингвистикалық) факторлар да маңызды болып келеді екен. Атап айтқанда, айтылым жағдаяты, айтылымға қатысушылар, коммуниканттардың рөлдік қарым-қатынастары, жас ерекшеліктері, әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтары.

Негізгі мақсат – бұйырудан басқа, ескерту, қарсылық білдіру, тыйым салу, тыңдаушыны әрекетке бағыттау, кеңес беру, өтініш, тілек мақсаттары бұйрықты сөйлемдердің прагматикалық сипатын ашады.

Бұйрықты сөйлемдер қарсылықты мақсатта жұмсалып, тыңдаушының наразылығын білдіреді. Мысалы:

- Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан.

- Өз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын.

- Жоқ, шық ұзын жолдан.

- Шықпаймын.

- Ойнамаймын сенімен, - деп Жанар ұртын бұртитып, дойбыны жинап алды.

- Ойнамасаң қой, - дедім мен де есемді жібергім келмей (Б.Соқпақбаев).

Бұйрықты сөйлемдердегі сөйлеушінің тыңдаушыға ескерту мақсаты әлдебір әрекеттің шартымен семантикалық байланыста болады. Алайда айтылымда ескерту мақсаты болғанда шарт мән сақталады деу дұрыс дей алмаймыз. Оның себебі: шар жалпы ақиқат шындыққа қатысты болса, ескерту айтылым жағдаятына, тыңдаушыға тікелей бағытталады. Мысалы: - Ал бұдан былай бүйтіп жүгіре беретін болсаңдар, екі бөлмені қайтып алып, бір бөлмелі пәтерге жібереміз (С.Шаймерденов).

Кейде ескерту инверсиялық қолданыс түрінде жұмсалады: - Көлденең сөз тыңдап отырар уақытым жоқ, көрдің ғой қабылдау бөлмеде анталап күтіп отырған жұртты, тоқ етерін айтсаң...(С.Шаймерденов).

З.Ерназарова бұйрықты сөйлемдердегі жанама түрде жұмсалатын бұйрық-кеңес беру, бұйрық-әрекетке итеру, бұйрық-тыйым салу түрлерін қатар қарастырады. Зерттеуші бұл мақсаттарды бір-бірімен байланыста қарастыру арқылы оларға толық сипаттама береді. Кеңес беруді мақсат ететін айтылым әрекетті бағалаумен қоса беріледі. Мысалы: - Үйде болсаң, әлгі қызыл бұзауды тауып әкеп, қораға кіргізіп қойшы. Мына ыстықта енді ол жайылар деймісің(Б.Соқпақбаев). Сөйлеуші бір әрекетті бағалау арқылы (мына ыстықта жайылар деймісің) тыңдаушыға екінші әрекетті орындау жөнінде кеңес береді (бұзауды қораға кіргізіп қой).

Бұйрық-әрекетке итеруші айтылымдардың кеңес беруші түрінен айырмашылығын З.Ерназарова нақты сөйлеу жағдаяты алғашқысында болып, соңғысында толық қамтылуында деп ажыратады. Мысалы: Махмет. Болды, болды, жігітім. Сендей мамандардың біз үшін құны бес-ақ тиын. Кетсең жолың әні (С.Шаймерденов). Сөйлеу жағдаяты бөлім бастығы мен жас маманға қатысты болып тұр.

Иосиф Татаевич. Қадірін білген адамға тамадалық та осал қызмет емес. Гүлжан. Қызықсаң, қидым саған. Иосиф Татаевич. Ойбай, о не дегенің, төреңізге құлдық, бас шұлғимыз да отырамыз (Қ.Мұхамеджанов). Айтылым жағдаяты бас қосуға жиналған жастары қатар достарға қатысты. Бұйрық-әрекетке итеру – «Сен тамада бол».

Махмет. Бибі, сөз тыңда. Бибінің даусы. Ал, тыңдадым. Махмет. Тыңдасаң, былай: «Ержігітті іздеп жүрміз», - деп дабырламаңдар ешкімге. Тістеріңнен шықпасын. Білдің бе?Білсең сол(С.Шаймерденов). Жағдаят телефонмен сөйлесіп жатқан сөйлеушінің тыңдаушы үшін ықпалды екенінен хабар береді (бұйрық-тыйым салу).

Бұйрық-тыйым салу кейде тыңдаушыға тура айтылады. Ержігіт. Сенің де қулығың белгілі болды. Сақалды басыңмен өзің қуып бармақсың ғой. Махмет. Сақалға тиіспе, шырақ. Ерте қызмет істегенім болмаса, мен сенен төрт-ақ жас үлкенмін (С. Шаймерденов) (бұйрық-тыйым салу).

Иосиф Татаевич. Егер ғылыми советте біреу дәл сен сияқты киліксе, «жалтырат табаныңды» деп қуып шығар едім (Қ.Мұхамеджанов) (бұйрық-тыйым салу). Байқап отырғанымыздай, тыйым салу ұнамсыз сыпайылыққа негізделген. Тыйым салудың өзі сыпайылық мәнерді бұзу болып табылады. Ал тыйым салуды жанама түрде жеткізу жасырын берілетіндіктен, онда ұнамды сыпайылық басты орын алады. Жантуар. Білмеймін, Шәкеңнің ұнатқаны «Космос», ал мен болсам...Дәулет. Иә, ал сен болсаң? Жантуар. Мен болсам, ана чех мебелі дұрыс па деп ...Шәмшігүл. Қазіргі жұрт аузында жүргені осы «Космос». Соны аламыз. Біздің Жантуар білмесе де айта береді (С.Шаймерденов). «Біздің Жантуар білмесе де айта береді» айтылымы Жантуарға бағытталып тұр: «Жантуар, білмесең, араласпа».

Бұйрықты сөйлемдер өтінішті білдіру мақсатында тыңдаушыға тікелей бағытталып, тура сөйлеу актісімен айтылады. Бұнда да шартты рай формасы шарт семантикалық компонентін жоғалтып, тыңдаушыға айтылған өтініш түрінде жұмсалады. Бұйрық мән көмескіленіп, сөйлеушінің қалауына көбірек жақындайды. Мысалы: - Сіз маған шәкірт шағыңыздан комбат болғанға дейінгі өміріңізді, Бекке айтқандай етіп баяндап берсеңіз. Мен содан очерк жазсам.Әңгімеңіздің ара-арасында мен сізге қысқа-қысқа сұрақтар және қойып отырсам деймін (Ә.Нұршайықов). Бұл мәртебесі тең алыс әлеуметтік-психологиялық ара қашықтықтағы коммуниканттарға қатысты өтініш; бірі – әскери адам, екіншісі – журналист.

Дәлірек келгенде, қарым-қатынас барысындағы сөйлеушінің мақсатын басты бағдарға алғанда, тілдік тұрғыдағы сөйлем предикатының морфологиялық тұлғасы негізгі мақсат болмайды. Өйткені сөйлеу жағдаяты шешуші болады. Шартты рай формасымен жұмсалған сөйлеу актілері ықпал етуші күштердің әсеріне қарай, тыңдаушы мен сөйлеушінің ниет етуі, қалауы, өтініші, ұсынысы, ескертуі, наразылығы, таңдануы т.б. білдіреді. Сөйлеу актілерінің бұндай мүмкіндігін прагматикалық және коммуникативтік контексінің типтерін анықтау арқылы ғана білуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]