Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DDDD.docx
Скачиваний:
468
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
7.76 Mб
Скачать

26. Фильтрлер. Олардың түрлері мен аналогтық схемалары.

Электрондық фильтр – бұл қандай да бір диапазонда сигналды жіберуге арналған жиілікті-таңдаушы құрылғы. Фильтрлер байланыс жүйелерінде, электронды жүйелерді шуылдан сақтандыруда өте кең қолданылады.

Фильтрлер классификациясы:

Амплитуда-жиіліктік сипаттамасының түріне байланысты: төменгі жиілікті фильтрлер, жоғарғы жиілікті фильтрлер болып бөлінеді. Элемент типтері бойынша: пассивті фильтрлер, активті фильтрлер және т.б.

Фильтрлердің мынадай түрлері бар: жоғары жиіліктік фильтр (ЖЖФ), төменгі жиілікті фильтр (ТЖФ), жолақтық фильтр, режектрлік фильтр. Олардың амплитуда-жиіліктік сипаттамалары мынадай болады.

Пассивті фильтр – тек пассивті элементтерден тұратын фильтр. Пассивті фильтрлерге жұмыс жасау үшін энергия көзі қажет емес. Активті фильтрлерден айырмашылығы пассивті фильтрлерде сигналдың қуат бойынша күшеюі жүреді.

Активті фильтр – ең болмағанда бір активті элемент (транзистор немесе операциялық күшейткіш) болатын операциялық күшейткіш. Активті фильтрлерге интегратор мен дифференциаторды жатқызуға болады. Интегратор – төменгі жиіліктегі фильтр болса, дифференциатор – жоғарғы жиіліктегі фильтр болады.

30. Шалаөткізгіштердегі өткізгіштіктік түрлері. Меншікті және қоспалы өткізгіштік.

Шала өткізгіштер дегеніміз токты өткізетін материалдар мен диэлектриктердің арасындағы тек қандай да бір жағдайда ток өткізетін материалдар. Олардың 2 түрі бар : Табиғи шалаөткізгіш және қоспалы шалаөткізгіш. Табиғи шалаөткізгіш ретінде Si қарастыра аламыз.

Таза күйінде Si және Ge диэлектриктік қасиеттерге иеленеді, бірақ олардың өткізгіштігі аз мөлшерде (шамада) қоспаларды енгізсе түпкілікті өзгереді.

Суретте Ge-дің (кристалл торының) моделі, оның бір атомын As (күшән) атомымен орынбастырылған. Міне осы As-атомды қоспа дейді. Күшәннің (As-тің) сыртқы орбитасында 5 электрон, сондықтан Ge-кристалына “тұрғанда” оның бір электроны еркін болып қалады. Бұл артық электрон өте қозғалғыш, сондықтан потенциалдар айырымы пайда болғанда ток тасымалдаушы бола алады. Еркін электрондар санын (мөлшерін) шалаөткізгіш ішіне енгізілетін қоспа атомдар санын өзгертіп бақылауға (тексеруге) болады. Қоспаларды шалаөткізгіштерге енгізгенде еркін электрондар пайда болса – бұл шалаөткізгіш енгізілген қоспа донор деп аталады, ал шалаөткізгішінің өзі қоспалы шалаөткізгіш деп аталады.

Донор қоспасы бар шалаөткізгіштерде өткізгіштік еркін электрондармен сипатталады да, бұндай шалаөткізгіштерді n-типті (negative) деп атайды.

Егер шалөткізгіш–кристалл торы ішіне сыртқы қабаттарыда үш электрон болатын, мысалы Бор, Индий атомдарын енгізетін болсақ, электронның жоқтығы кристалл ішінде кемтіктің пайда болуына келтіреді. Сырттан түсірілген кернеу бұндай шалаөткізгіштерде электрондардың оң таңбалы түйіспеге , ал кемтіктердің теріс таңбалы түйіспе жағына қозғалысына келтіріледі. Кемтіктердің қозғалысын да ток ретінде қарастыруға болады. Шалаөткізгіштерді р-типті (positive) деп, ал қоспаларды акцепторлар деп атауға келіскен.

Жоғарыда қарастырылған негізгі заряд тасушылармен қатар (бұлар шалаөткізгіш ішіне қоспаларды қосқанда пайда болады дедік) кәдімгі қыздыру әрекетінен пайда болатын еркін электрондар (оларды негізгі емес заряд тасушылар деп атайды) да токқа үлесін қосады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]