Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Р ылмысты іс жргізу кодексі

.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
590.35 Кб
Скачать

      455-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi                 шешудiң тәртiбi

      1. Осы Кодекстiң 453-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жазаны өтеуден босату кезiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды үш судья құрамындағы сот шешедi. Жазаны орындаумен байланысты барлық басқа мәселелердi сот отырысында судья жеке дара шешедi.       2. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi жазаны орындайтын органның ұсынуы (өтініші) бойынша бiр айлық мерзiмде сот қарайды, не кәмелетке толмаған адамның түзелуiн қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша сот шешедi. Сот отырысына өздерінің ұсынуы (өтініші) бойынша iс қаралатын органдар мен ұйымдардың өкiлдерi шақырылады.       3. Осы Кодекстiң 452-бабында, 453-бабының 3, 4, 6, 7, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда, соттың мәселенi қарауына сотталушының өтiнiшi негiз болуы мүмкiн.       4. Осы Кодекстiң 453-бабының 1), 2), 3), 3-1), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақтарында көзделген жағдайларда сот отырысына өзiне қатысты iс қаралатын сотталғанның қатысуы мiндеттi. Осы Кодекстің 453-бабының 1) тармағында көзделген жағдайда сотталғанның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасырынып жатқандығына жеткілікті негіздеме болған кезде сотталғанның сот отырысына қатысуы міндетті емес. Сотталған сотқа ұсынылған материалдармен танысуға, оларды қарауға қатысуға, өтiнiшiн және қарсылық білдіруін мәлiмдеуге, түсiнiктер беруге, дәлелдемелер ұсынуға құқылы.       5. Сотталушы өзiнiң құқықтарын қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады. Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерiнiң құқығын қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айыратын дене және психикалық кемiстiктерден зардап шегушiлерге, сонымен бiрге iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамдарға да үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi сот қараған кезде қорғаушының қатысуы мiндеттi. Сотталған адамдарға адвокаттар заң көмегін соттың қаулысы негізінде көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүргізіледі.       6. Науқастануына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлер комиссиясы өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.       6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы мәселенi қарау кезiнде жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң пiкiрi ескерiледi.       Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбiрленушiнi не оның өкiлiн почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етедi. Жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң сотқа жеке өздерiнiң қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар қаралуы мүмкiн. Жәбiрленушi не оның өкiлi тиiсiнше хабардар етiлген және оның тарапынан қандай да бiр жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделерiне залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушiнiң немесе мемлекеттiң құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша мiндеттi түрде прокурордың қорытындысы талап етiледi.       7. Егер мәселе үкiмдi орындаудың азаматтық талап бөлiгiне қатысты болса, сот отырысына сондай-ақ азаматтық талапкер немесе оның өкiлi шақырылады. Аталған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.       8. Сот мәжiлiсiне прокурор қатысып отырады.       9. Iстi қарау ұсынуы (өтініші) бойынша iс қаралып отырған органның өкiлiнiң баяндамасымен не өтiнiш иесiнiң түсiнiк беруiмен басталады. Бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, бұдан соң судья қаулы шығарады.       Ескерту. 455-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      456-бап. Соттылықты алып тастау туралы өтiнiштi қарау

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабына сәйкес соттылығын алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшi бойынша тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.       2. Сот отырысына өзiне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтiнiшi қаралатын адамның қатысуы мiндеттi.       3. Қарау өтiнiш бiлдiрген адамның түсiнiгiн тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi және шақырылған адамдардың сөзi тыңдалады.       4. Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда бұл туралы сот алдында қайталап өтiнiш беру бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр жылдан ерте қозғалмайды.

      457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық                келтіру

      Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 46, 47 және 48-1-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.       Ескерту. 457-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бөлім. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу

      50-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы                 Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы

      Ескерту. 50-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы                тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері

      Ескерту. 458-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Заңды күшіне енгеннен кейін:       1) бірінші, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары олар кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана;       2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасында қайта қаралуы мүмкін.       2. Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды шешу жөнінде шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.       3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының қаулылары түпкілікті болып табылады. Олар қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.       4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, Бас прокурор бірінші сатыдағы соттың апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіруі мүмкін.       Ескерту. 458-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын                 сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау негіздері

      1. Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының:       1) кінәсізді соттауға;       2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз тоқтатуға;       3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;       4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;       5) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеуге;       6) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға негіз болып табылады.       2. Заңды күшіне енген сот актілері де, егер:       1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса;       2) үкіммен адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталса;       3) осы Кодекстің 446-21-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным бар болса, сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралады.       3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.       Ескерту. 459-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен                қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау                туралы өтініш жасауға, соттардың заңды күшіне                енген үкімдері мен қаулыларына наразылық                келтіруге құқығы бар тұлғалар

      Ескерту. 460-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы жүгінулер өтініш жасау деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.       2. Бас прокурор заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.       Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алуы мүмкін.       2-1. Прокурордың істі талап ету туралы сауалын сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей орындайды. Сауалдар байланыс арналары пайдаланылып жіберілуі мүмкін.       Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын енгізу туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарауы тиіс.       3. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       3-1. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.30 N 111 Заңымен.       4. Өтінішті, наразылықты iс қадағалау сатысында қаралғанға дейiн оны берген адам керi қайтарып алуы мүмкiн.       5. Осы Кодекстiң 463-465-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады.       Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстiң 459-бабында көзделген қадағалау тәртiбiмен iстi қайта қарау негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде қадағалау алқасы iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.       Ескерту. 460-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),  2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы                тәртібімен шағымдану мерзімдері

      1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасау, наразылық беру мерзіммен шектелмейді.       2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкелетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.       3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтінішті, наразылықты, егер іс бойынша қосымша тергеу жүргізілмесе немесе оны сот қабылдамаса, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау туралы өтiнiш жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар сот қаулысын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде беруі мүмкін.       Ескерту. 461-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      462-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта                 қарау туралы өтінішті, наразылықты беру тәртібі

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде беріледі. Өтініште, наразылықта осы Кодекстің 407-бабында тізбеленген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңды қандай бұзушылықтарға жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 459-бабында атап тізбеленген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс.       2. Өтінішке, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтініш, наразылық дәйектерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркелуге тиіс.       3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтініштер Жоғарғы Соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.       4. Осы Кодекстің 466-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.       Ескерту. 462-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қарамай қайтару

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық мынадай негiздер бойынша:       1) өтініш, наразылық осы Кодекстiң 462-бабының талаптарына сай келмесе;       2) заңды күшiне енген осы сот актiсiне өтінішті, наразылықты осы Кодекстiң 460-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;       3) өтініш, наразылық осы Кодекстiң 461-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;       4) өтініш, наразылық оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;       5) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6) өтініш, наразылық осы Кодекстің 458-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиiс.       2. Өтінішті, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін.       Ескерту. Кодекс 462-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау                 туралы өтінішті алдын ала қарау

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейді және қарайды. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс талап етіліп алынуы мүмкін.       Егер істі талап етіп алу кезінде сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін істі талап етіп алуға болмайды.       2. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс талап етіліп алынған жағдайда – іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.       3. Өтініштің алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінішті берген тұлғаға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.       Ескерту. 463-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      464-бап. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi                 бойынша қабылданатын қаулылар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сот өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша:       1) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және өтінішті қылмыстық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;       2) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;       3) өтінішті қайтару туралы қаулы шығарады.       2. Соттың өтінішті алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:       1) қаулының шығарылған күнi мен орны;       2) өтінішті қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;       3) дау туғызған сот актiсiн көрсете отырып қаулы шығарылған iс;       4) өтінішті берген адам;       5) өтініште келтiрiлген дәлелдер;       6) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінішті оларды берген адамдарға қайтарудың негiздерi;       7) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрi көрсетiлуге тиiс.       3. Өтініштің алдын ала қаралу нәтижелері жөнінде оны берген тұлғаға хабарланады.       Ескерту. 464-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау

      1. Қадағалау сатысы шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейiн тараптарға заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің көшiрмесiн, сот отырысын өткiзу күнiн, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жiбередi.       2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге iс қадағалау сатысына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.       Ескерту. 465-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      466-бап. Сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын тоқтата                 тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.       Ескерту. 466-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.08.09 N 346  Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      467-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі,                 қадағалау сатысы сотының шешімдері

      1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтініш (наразылық) берген тұлғаның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.       2. Мәлімделген бас тартулар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтініш (наразылық) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.       3. Өтінішті (наразылықты) берген тұлға, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәлелдері мен дәйектерін айтып береді. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.       4. Егер өтінішті қорғау тарабы берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.       5. Егер өтінішті (наразылықты) айыптау тарабы берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.       6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 370-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:       1) соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;       2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертеді;       3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі қысқартады;       4) үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, сондай-ақ егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;       5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.       Егер сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот  талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылдана алмайды.       7. Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады.       8. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылған болса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін заңды елеулі түрде бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.       9. Егер істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.       10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес, сондай-ақ сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.       11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайда сот: айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.       12. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтініште (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздері жөнінде өтініш (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталған адамдардың жағдайы нашарламайтын болса, өзі жөнінде өтініш берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтініште көрсетілген сотталған адамдарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқылы емес.       Ескерту. 467-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      467-1-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа                   міндетті түрде қатысуының негіздері

      Егер сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының) өтініші, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда, адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 72-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.       Ескерту. Кодекс 467-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      468-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

      Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.       Ескерту. 468-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.

      469-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшiн жойған                 соң қарау

      1. Заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Төмен тұрған сатыдағы сот істі қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.       2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге iстi жаңадан талқылау кезiнде жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық келтірілуi мүмкiн.       Ескерту. 469-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.