Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шыындар теориясы

.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
26.53 Кб
Скачать

Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,

құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде К. Маркс. К. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.

Маркс шығындардың мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы көрсетті — капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі.

Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді — пайданың орташа нормасын қалыптастырды.

Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.

Осылайша, өндіріс шығындары — аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.

Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру және т.б.

Аталған шығындар тауар құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.

Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары бұл дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.

Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:

- капитал салымлары;

- негізгі және айналым қорлары;

- табиғи байлықтар.

Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан философиялық-теориялық анықтау толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз. Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

- шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;

- қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;

- шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.

Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

- өнім бағасы;

- өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.

Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар — өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.

Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:

- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;

- табиғи шикізаттарды қолдану;

- өндірісті дайындау және үйрену;

- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);

- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;

- өндірістік процеске қызмет ету;

- өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқа да еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;

- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;

- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты

қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б;

- кадрларды дайындау және қайта дайындау;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн — кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік құн — өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құны саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнның экономикалық міндеті — жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негізгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы — ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорында басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына

сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді — бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.

Өнеркәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.

Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға байланысты болады. Олар бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны — синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:

- өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі;

- өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды;

- өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:

- шығындардың алғашқы элементтері бойынша;

- пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

- еңбекке төлем шығындары;

- әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;

- мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;

- амортизация;

- басқа шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:

- шикізат және материалдар;

- жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;

- өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы;

- технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;

- әлеуметтік сақтандыруларға аударым;

- цехтық шығындар;

- жалпы шаруашылық шығындар;

- коммерциялық шығындар;

- жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы — оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция — өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау. Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Қарастырылатын құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу.

Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні — бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

Нарықтық экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді. Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады.

Нақты шығындарға — кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады. Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды. Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады. Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады. Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.

Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады. Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы

операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

Шығындардың мұндай түрлері экономикалық тұрғыдағы басқару шешімдерін қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер мен бухгалтерлердің атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық анықталады. Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді. Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты талқылап, содан кейін экономикалық табыс табу жолдарын қарастырады. Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік) шығындарды және бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады. Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады. Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,

құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады. Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады. Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді. Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.

Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді. Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.

Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.

Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.

Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.

Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.

Шығындарды басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.

Мұндай жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соның әсеріне шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары және сфера шеңберінде, содан кейін калькуляция объектісі бойынша жинақталады. Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі қарастырылды, енді келесі бөлімшеде шығындарды басқару мен талдауды қарстырамыз.