Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мыбатырова апай

.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
64.13 Кб
Скачать

7 – сабақ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІ

1-тапсырма. Келесі сөзер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

алдын-ала, кезеңдер, сатылар, бұқаралық ақпарат құралы, жасалған соң, қылмыстық іс қозғалды, жеткілікті, тінту, кінәсін мойындау, тергеуші, сұхбат, айыптаушы, толық, жан-жақты, өткізеді, сот мәжілісі, қызмет, мәні зор, жеңілдету, үкім шығару, анық, түсінікті, нақты, атқарушы органдар, жазалау орны, жіберіледі.

Аудармасы.Заранее, стадии, ступени, средство массовой информации, после свершения, уголовное дело возбуждено, достаточно, обыск, признание вины, следователь, репортаж, обвинитель, полный, разносторонный, проводить, мажилис суда, работа, облегчение, вынести приговор, точно, испольнительные органы, место наказания, допускается.

2- тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Қылмыс жасалған соң, ол туралы қылмыстық іс қозғалады. Қылмыстық іс жүргізудің кезеңдері: 1) сотқа дейінгі; 2) сотта өтетін кезеңдер деп ажыратылады.

Қылмыстық іс жүргізудің сатылары:

  1. қылмыстық іс қозғау;

  2. алдын-ала тергеу;

  3. бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;

  4. кассациялық сатыда іс жүргізу;

  5. үкімді орындау.

Қылмыстық іс қозғау сатысы. Әрбір қылмыс бойынша іс

жүргізу осы сатыдан басталады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім болса ғана, одан әрі қылмыстық іс жүргізіледі.

Қылмыстық іс қозғаудың себептері мынандай:

  1. азаматтардың арызы

  2. мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламасы

  3. бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар

  4. кінәсін мойындап келу т.б.

Қылмыстың белгілерін көрсететін деректер жеткілікті болса, онда қылмыстық іс қозғалуға тиісті. Заңға сәйкес қылмыстарға алдын-ала тергеу жүргізіледі. Қылмыстық іс бойынша тергеуші тергеу әрекеттерін жүргізеді. Тергеу әрекетеріне оқиға болған жерді қарау, жауап алу, тінту т.б. әрекеттер жатады. Тергеуші айыпкермен немесе сезіктілермен, куәгерлермен жеке-жеке сұхбат жүргізеді. Тергеу аяқталған соң, іс айыптаушыға беріледі. Ол іспен толық әрі жан-жақты танысып болғаннан кейін, сотқа өткізеді.

Сот мәжілісінде іске қатысты адамдарға кезек-кезек сөз беріледі. Сот процесінде қорғаушы қызметінің мәні зор. Ол айыпкер жазасын жеңілдетуге көмектеседі. Мәжіліс соңында сот үкім шығарады. Үкімде жаза түрі анық, түсінікті, нақты көрсетіледі. Бұдан кейін іс атқарушы органдарға жіберіледі. Ал қылмыскер жазасын өтеу орындарына жіберіледі.

Аудармасы.Производство по делу, его "движение" проходит определенные этапы (части), именуемые стадиями уголовного процесса. Закон устанавливает такой порядок прохождения (движения) производства по уголовному делу до суда и в судебных стадиях, который должен содержать оптимальные условия для реализации задач этой деятельности.

Стадии - это взаимосвязанные, но относительно самостоятельные части процесса, отделенные друг от друга итоговым процессуальным решением и характеризующиеся непосредственными задачами (вытекающими из назначения уголовного судопроизводства), органами и лицами, участвующими в производстве по делу, порядком (формой) процессуальной деятельности (процессуальной процедурой) и характером уголовно-процессуальных отношений.

Каждой стадии процесса свойственны: 1) непосредственные задачи, вытекающие из назначения судопроизводства; 2) определенный круг участвующих в ней органов и лиц; 3) порядок (процессуальная форма) деятельности; 4) специфический характер уголовно-процессуальных отношений, возникающих между субъектами в процессе производства по делу; 5) итоговый процессуальный акт (решение), завершающий цикл процессуальных действий и отношений и влекущий переход дела на следующую ступень (если не прекращается уголовное дело или уголовное преследование).

Совокупность стадий, связанных между собой общим назначением и принципами судопроизводства, образует систему уголовного процесса.

Стадии уголовного процесса чередуются, сменяют одна другую в строгой последовательности, при которой в каждой последующей стадии проверяются результаты предыдущей или решаются присущие только этой стадии вопросы (например, стадия исполнения приговора).

В структуре УПК выделены "Досудебное производство" (часть вторая) и "Судебное производство" (часть третья).

Досудебное производство включает стадии "возбуждение уголовного дела" и "предварительное расследование".

Возбуждение уголовного дела - первоначальная стадия процесса, в которой полномочные органы государства и должностные лица при наличии к тому повода (заявление, явка с повинной) устанавливают наличие или отсутствие оснований для начала производства по делу. Решение о возбуждении уголовного дела приводит процедуру уголовного процесса в движение, образует правовую основу для выполнения процессуальных действий в последующих стадиях и служит точкой отсчета сроков предварительного расследования. Возбуждение уголовного дела - стадия обязательная для дел публичного, частно-публичного и частного обвинения, но для каждого из видов обвинения она имеет свои особенности.

Предварительное расследование производится по возбужденному делу и проходит в форме следствия или дознания, где собираются, закрепляются, проверяются и оцениваются доказательства, чтобы установить наличие или отсутствие события преступления, лиц, виновных в его совершении, характер и размер ущерба, причиненного преступлением, и иные обстоятельства, имеющие значение для дела. Предварительное расследование - часть досудебного производства, и его выводы по всем обстоятельствам дела носят для суда предварительный характер. Они являются версией обвинения, выраженной в обвинительном заключении, которую суд должен проверить в условиях непосредственного исследования доказательств, на основе равноправия сторон и состязательности.

Предварительное расследование производится по подавляющему большинству уголовных дел. Лишь в случаях, точно указанных в законе, не требуется производства предварительного расследования (например, по делам частного обвинения).

Стадия предварительного расследования может заканчиваться прекращением уголовного дела и (или) уголовного преследования, направлением уголовного дела в суд с обвинительным заключением или обвинительным актом, направлением дела в суд для производства о применении принудительных мер медицинского характера.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қылмыстық іс жүргізудің кезеңдерін атаңыз?

2. Қылмыстық іс жүргізудің қандай сатылары бар?

3. Қылмыстық іс қозғау деген не?

4. Қылмыстық іс қозғаудың себептерін атаңыз.

5. Қылмыстық іс қашан қозғалады?

6. Тергеу әрекеттерінің негізгі түрлері қандай?

7. Тергеу органдарының міндеті неде?

Жауап.

1.Қылмыстық процестің кезеңдері (қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу, сот талқылауы).

2.Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:

1) қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс); 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі ста-диялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.

3.Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу заңында 2-түрлі мағынада қаралады.

Біріншіден, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің алғашқы сатысы болып табылады, мұнда қылмыстық ізге түсу органы қылмыс жөніндегі арыздарды (хабарларды) қарайды, қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешімді қабылдайды, оны ары қарайғы өндіріс үшін жібереді немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартады.

Екіншіден, қылмыстық істі қозғау – көрсетілген сатының қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша өндірістің бастауы жөніндегі қылмыстық ізге түсу органының шешімі.

4.Қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:

1) азаматтардың арыздары; [ҚІЖК 178-бап]

2) кінәсін мойындап келу; [ҚІЖК 179-бап]

3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару қызметін атқарып отырған адамның хабарламасы; [ҚІЖК 180-бап]

4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; [ҚІЖК 181-бап]

5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген

органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтау.

5. Мазмұны

1. Криминалистикалық тактика.

2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

3. Тергеулік қарау және куәләндіру.

4. Тінту және алу.

5. Жауап алу және беттестіру.

6. Тану үшін ұсыну.

7. Тергеулік эксперимент.

7. Тергеу органдарының міндеті:

1.Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау

2.Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау

3.Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың өтініштерін қарау заңдылығын қадағалау

4.Арнайы прокурорлармен жүргізілетін тергеу заңдылығын қадағалау

5.Жекелеген қылмыстардың түрлері бойынша  тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау

4- тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

  1. алдын ала тергеу 1. исполнить приговор

  2. заңға сәйкес 2. в результате

  3. нәтижесінде 3. инстанция

  4. тінту 4. жалобы граждан

  5. саты 5. предварительное расследование

  6. белгі 6. в соответствии с законом

  7. кінәсін мойындау 7. обыск

  8. азаматтардың арызы 8. признак

  9. үкімді орындау 9. признание

  10. сот шешімі 10. решение суда

  11. Ұзарту 11. проводится

  12. Толық 12. приравненный к ним

  13. Бірыңғай қаулы 13. обвинительное заключение

  14. Кешіктірмей 14. срок следствия

  15. Жүргізіледі 15. полный

  16. Тергеу мерзімі 16. исключительный случай

  17. Айырықша жағдай 17. продлить

  18. Күрделі 18. не позднее, без задержки

  19. Оған теңестірілген 19 единое постановление

  20. Айыптау қорытындысы 20. Сложный

5- тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.

  1. Жібереді, сағаттан, қаулылардың, жиырма төрт, прокурорға, көшірмелерін, , кешіктірмей, осы.

  2. Алдын ала, екі ай, тиіс, мерзімнен аяқталуға, тергеу, қозғалған, кешіктірілмей, қылмыстық, бастап, іс, күннен.

  3. Алдын ала, прокуроры, тергеу, бас, республикасының, мерзімін, айырықша, Қазақстан, жағдайда, ұзартады, тек.

Жауап.

1.Осы қаулылардың көшірмелерін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.

2.Қылмыстық іс қозғалған күннен бастап алдын ала тергеу екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

3.Алдын ала тергеу мерзімін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тек айрықша жағдайда ұзартады.

6- тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз.

  1. Әр қылмыстық (дела) жүргізу (в суде) қаралады.

  2. Қылмыстық іс (вести) негізгі (инстанции) бірнеше түрге (делится).

  3. (Преступления) белгілері (определяется), шешім (выносится).

  4. Тергеу әрекеттеріне (осмотр места проишествие), (допрос), (обыск), (изьятия) және тағы басқа әрекеттер (относятся).

  5. Алдын ала тергеу (где совершено преступление) ауданда (производится).

  6. (По уголовным делам) алдын ала тергеу (со дня возбуждения уголовного дела) екі ай мерзімнен (не позднее) аяқталуы тиіс.

  7. Алдын ала тергеудің (дальнейшее продление срока)тек (в исключительныхслучаях), істің (сложности) байланысты болуы (возможно).

Жауап.

1.Әр қылмыстық іс жүргізу сотта қаралады.

2.Қылмыстық іс жүргізу негізгі сатылары бірнеше түрге бөлінеді.

3.Қылмыс белгілері анықталса, шешім шығарылады.

4.Тергеу әрекеттеріне оқиға болған жерді тергеу, жауап алу,тінту, алып қою және тағы басқа әрекеттер жатады.

5.Алдын ала тергеу оқиға болған ауданда жүргізіледі.

6.Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

7.Алдын ала тергеудің мерзімін ұзарту тек ереше жағдайларда, істің қиындығына байланысты болуы мүмкін.

7- тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Негізгі ойды білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

Қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз – қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы. Әрекетсіздік дегеніміз – азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, сонымен қатар заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы. Мысалы: полиция қызметкері жасалған қылмысты көре тұрып, оны тоқтату үшін шара қолданбаса...

Тағы бір мысал: Дәрігер еш себебі болмаса да, ауыр науқасқа көмек беруден бас тартса...

Жауап.Әрекетсіздік

8- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бүгінгі Қазақстандағы қылмыстық ахуал қандай?

2. Жасалған қылмыстар түгел толық ашыла ма? Ашылмаса, неге?

3. Сіз қалай ойлайсыз, ашылған қылмысқа қатысы бар адамдар түгел жазалана ма?

4. Сот процесіндегі қорғаушының және айыптаушының рөлдері қандай?

5. Сіз осы екеуінің қайсысын таңдар едіңіз? Не себепті?

6. Сіз қылмыстық құқықты жақсы білесіз бе?

7. Оқу бітірген соң, құқықтың қай саласын таңдамақсыз?

8. Мемлекеттің барлық азаматтары өз құқығын білуі міндетті ме? Ол үшін не істеу керек?

Жауап.

1. Қазіргі таңда қылмыстық ахуал өршіп тұр, солардың алдын алу керек.

2. Толық түгел ашылады деп айта алмаймын, ол материалдық-техникалық қажеттіліктердің жетіспеуінен шығар деп ойлаймын.

3. Жартысынан көбісі толық жазаланады, қалғандарының толық жазаланбайтын себебі қазіргі таңда жадайлар өршіп тұр, соны жою керек.

4. Қорғаушының міндеті қорғауындағы адамның мүддесін білдіріп оның қылмысқа еш қатысы жоқ екенін дәлелдеуге барын салады, ал айыптаушының міндеттері жауапкердің қылмысқа қатысы барлығын толық зерттеп, дәлелдемелер ұсынады соның нәтижесінде , жауапкерге қандай жаза тағайындау керек екенін ұсынады.

5. Мемлекеттік айыптаушы, себебі сот процесіндегі қызметі ұнайды.

6. Толық емес, бірақ толық білуге ұмтылудамын.

7. Прокуратура

8. міндетті деп ойлаймын, әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білмесе заң тұрғысынан қорғана алмай, зардап шегеді.

9- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

Тапсырманы уақытында орында… үшін оған риза болдық. Тыныштықты қорға… үшін жауынгер марапатталды. Қылмыскерді ұста… үшін полиция қызметкері алғыс алды.

Жауап.

Тапсырманы уақытында орындағаны үшін оған риза болдық. Тыныштықты қорғағаны үшін жауынгер марапатталды. Қылмыскерді ұстағаны үшін полиция қызметкері алғыс алды.

10- тапсырма. Схема бойынша бірнеше сөйлем құраңыз. Ойыңызды кеңейтіңіз.

Қылмыстық іс қозғалу себебі:

- азаматтардың арызы

- мемлекеттік орган (адам) хабарламасы

- БАҚ-тағы хабарлама

- кінәні мойындау

- заң орындарының тікелей анықтауы

Үлгі: Жекелеген азаматтардан келіп түскен арыздар негізінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін...

Жауап.

Қылмыстық іс қозғалу себебі:

-Құзырлы мемлекеттік органға жекелеген азаматтардың қылмыстық іс фактісін хабарлаулары негізінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

-Қылмыстық іс қозғалғаны туралы БАҚ телевидение, радио, басқа да ақпарат тарату құралдарынан хабарламалары негізінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

-Қылмыстық іске қатысы бар тұлғаның өз кінәсін сезініп кінәні мойындауы негізінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

-Мемлекеттік органдардың қылмыстық істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық іс фактісі бар екенін анықтаса негізінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

11-тапсырма. Төмендегі іс-әрекеттердің қылмыстық жауапкершілігін ашып көрсетіңіз.

        1. айып салу;

        2. ұру-соғу;

        3. денсаулығына зиян келтіру;

        4. бас бостандығын шектеу;

        5. жеке меншіктік мүлікті қирату;

        6. дәрігердің ауыр науқасқа көмектесуден бас тартуы;

        7. терроризм;

        8. қызметкердің пара алуы;

        9. қоршаған ортаға зиян келтіру;

        10. адамды қорқыту;

        11. адам ұрлау;

Жауап.

1. Айып салу (арабша нұқсан, жаза) — дәстүрлі құқықтық мәдениетте істеген қылмыстық іс-әрекетіне орай белгіленетін жаза түрі. Ол жан басымен тартатын және мал басымен тартатын жаза деп бөлінеді.

Айып салу малымен тартатын жаза түріне кіреді. Оған айып, тоғыз айып, ат-тон, құн төлеу, т. б. жатады. Әдетте, кінәлінің қылмысы анықталып, мойнына қойылғаннан кейін ғана айып салынған. Қылмыс түрлеріне орай айып салудың да мөлшері өзгеріп отырады. Мысалы, ұрлық істеген адамға ең ауыр жаза ретінде айыбына қолданылған. Айыбына жазасы белгіленген адам ұрланған мал-мүлікке қоса, үш тоғыз айып төленген. Тоғыз айыбының өзі түрлеріне қарай: “қасқа тоғыз ” немесе “түйе бастатқан тоғыз ” (3 түйе, 3 ат, 3 сиыр), “ат бастатқан тоғыз” (3 ат, 3 сиыр, 3 қой) немесе “өгіз бастатқан тоғыз ” (3 сиыр, 6 қой) және “тоқал тоғыз ” (бұл — 8 қой) болып бөлінген. Ел арасындағы кішігірім теріс қылықтарға, әсіресе, кедейлерге “азусыз ат, жиексіз тон” айыбын салған. Ол, әдетте, 1 қой және жәй мата мөлшерінде болған. Бұл халық арасында “айтуы бар, алуы жоқ” деп те аталады. Ал, өзара келісіп, бәтуаласқан даугерлердің бітімін “астарсыз шапан” деп жариялаған.

2.Тәртіп бұзу жағдайы (дөрекілік, бағдарларын жоғалту, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) сонымен бір мезгілде қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келеді немесе бала тағдырын бұзады.

3.Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жагдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің өзге құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сол сияқты жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральра жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтіретін жағдайда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірумен сипатталады. Бұл қылмыс жеңілдететін мән-жайларда адам денсаулығына қарсы жасалған қылмыстарға жатады.

4.Бас бостандығын шектеу (ағыл. restriction of freedom;нем. Freiheitsbeschriinkungf) - Соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттерді жүктеуі.

Бас бостандығын шектеу қоғамнан оқшауламай, бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтіледі.

Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша, сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердін күшін толық немесе ішінара жоя алады.

5. Меншікке қарсы қылмыстар туралы түсінік және оның түрлері

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

8.Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.

9. Табиғи ортаға келтірілген зиян нақты және болжамды түрде болуы мүмкін. Мұндай шығындар залалдың нысаны бойынша — нақты шығын, табиғи ортаның азаюы (орман алқаптарын жою, жануарлар әлемінің жойылуы, т.б.) және шығын түрінде — бұзылған табиғи ортаны қалпына келтіруге кеткен шығындар, алынбаған табыстар, экологиялық шығындар негізінде келтіріледі.

Қоршаған ортаға келтірілген зиян біздің өмір сүріп отырған қоршаған табиғи ортамыздағы сандық және сапалық шығындарды да біріктіреді. Олар қоршаған ортаның ластануынан, яғни халықтың денсаулығына қауіп төндіретін ауаның, судың, жердің физикалық-химиялық құрамының өзгеруінен, т. б. анықталынады. Келтірілген зиянға байланысты қоршаған ортаның сапасының өзгеруі — әлеуметік ортаға да: адамдардың денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да, қоршаған ортаға келтірілген зиянның жалпы ұғымына байланысты, зиянның 2 түрін — алғашқы және кейінгі түрлерін анықтауға болады.

Бірақ, табиғи ресурстарды ластаудан және ұтымды пайдаланбаудан мемлекетке зиян келтіру туралы ескі, дұрыс емес терминологиялық айналымдар да кездеседі.

Біріншіден, қоршаған орта — мемлекеттік емес, адамның өмір сүру кұралы, ал мемлекет үшін оның негізгі белгісі аумақ болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]